Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа
Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.
Алтыншы: Технологияны пайдалану (ТП) кезеңі – алынған ғылыми нәтижелерді тиісті құжаттық безендіру арқылы басқа да өндірушілерге ноу – хау түрінде сатумен сипатталады.
Соңғы инновациялардың ескіруіне байланысты кезең инновациялардың экономикалық айналымнан шығуымен байланысты. Бұл кезең инновацияларды жалғастырудың қажеттілігін қамтамасыз етсе де, кейбір инновациялардың жойылуына алып келеді. Инновациялардың жойылуы олардың мүлдем тоқталуы емес, олардың қарапайым өнімдер қатарына ауысуын көрсетеді. Аталған инновациялық процестің өмірлік циклі шартты, обстрактілі схема болғанымен, оның практикалық интерплитациясы және созылу уақыты жүзеге асырылатын инновациялық процестерінің жеке ерекшіліктеріне қатысты болады. Бірақ та инновациялық процестің өмірлік цикліне байланысты қаржылық шығындар ара – қатынасы белгілі бір заңдылыққа тәуелді. Шығындардың көлемі кезеңнен кезеңге өткен сайын келесі тәуелділік бойынша өзгереді (1):
ІЗ – ҚЗ – ТКЖ – ТЕ – ТП
100 – 101 – 102 – 103 – 104 – (1)
Іргелі және қолданбалы зерттеулер инновациялардың қайнар көздері болып табылады. Осыған байланысты ғылыми зерттеулерді кеңінен қарастыру арқылы олардың ішіне ізденістік ғылыми зерттеулерді кіргізуге болады. Аталған ғылыми зерттеу жұмыстарының ішінде іргелі және ізденістік зерттеулер инновациялық процестің өмірлік циклна тұтастай кірмейді. Бірақ, оларда алынған ғылыми нәтижелер нақты ғылыми нәтижелер нақты қолданбалы зерттеу жұмыстарының жүзеге асырылуына қажет жаңа идея көзі ретінде пайдаланылады.
Осыған орай инновациялық процесс үшін қажетті тек қолданбалы зерттеулерді ғана қаржыландыруға болар еді. Бірақ, іргелі және ізденістік зерттеулердің инновациялық процесс үшін мәні өте жоғары.
Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері 2 кестеде берілген.
Кесте 1
Ғылыми зерттеудің негізгі түрлері мен нәтижелері
Ғылыми зерттеу түрлері | Зерттеу нәтижелерінің сипаты |
1. Іргелі зерттеулер | Теориялық білімдерді кеңейту; Процестер, құбылыстар, заңдылықтар жөнінде; зерттеу аумағында жаңа ғылыми деректер алу; Зерттеулерді жүргізудің ғылыми негіздері, әдістерін, принциптерін айқындау |
2 кестенің жалғасы | |
2. Ізденістік зерттеулер | Ізденістік объектісі бойынша терең ұғыну үшін қажет білімдердің көлемін көбейту; Ғылым мен техниканың даму болжамдарын жасау; Жаңа құбылыстар мен заңдылықтарды қолдану жолдарын ашу. |
3. Қолданбалы зерттеулер | Жаңа өнімдерді жасау үшін нақты ғылыми мәселелерді шешу; Ұсыныстар, инструкциялар, есептік техникалық деректер мен әдістемелерді алу; Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік конструкциялық зерттеулерін жүргізу мүмкіндігін анықтау |
Біріншіден, олар базистік инновациялардың қайнар көзі. Өйткені, Ғылым мен техникада жаңа бағыттарды ашу, жаңа материалдар мен жаңа құбылыстарды көбінесе пайдалануы күтілмеген, қолдану аймақтарын айқындау ғылыми техникалық революцияның іргесін қалайды.
Екіншіден, іргелі ғылыми зерттеулер жаңа білімдер арқылы ғылыми зерттеу процесін де жетілдіреді. Яғни, жаңа әдістемелер, жаңа бағыттар, ғылыми зерттеу процесс тиімділігін арттыруға алып келеді.
Қолданбалы зерттеулер инновациялық процестің кезеңдеріне толық кіреді және онда жасалатын жұмыстардың сатылары мен сипаттары ғылыми зерттеу ерекшеліктері анықталады. Қолданбалы зерттеулердің келесі негізгі сатылары бар:
Ғылыми зерттеулердің техникалық тапсырмасын жасау;
Зерттеу бағыттарын таңдау;
Теориялық және эксперименталды зерттеулер;
Зерттеу нәтижелерін жалпылау және бағалау.
Қолданбалы зерттеулердің негізгі сатылары мен ондағы жасалатын жұмыстардың тізімдері келесі 3-кестеде берілген.
Кесте 2
Қолданбалы зерттеулер сатылары мен жасалатын жұмыстар
Қолданбалы зерттеулер сатылары
| Жасалатын жұмыстардың тізімі |
1. Ғылыми зерттеулердің техникалық тапсырмасын жасау | Ғылыми болжау; Осыған дейін жасалған іргелі және ізденістік зерттеулердің нәтижелерін талдау; Потенттік құжаттамамен танысу; Тапсырушылардың тадаптарын ескеру. |
2. Зерттеу бағытын таңдау | Зерттеу мәселелері бойынша ғылыми техникалық ақпаратты жинау және оқып танысу; Аналитикалық есеп жасау; Патенттік есеп жүргізу; Ғылыми зерттеудің техникалық тапсырмасында қойылған міндеттерді шешу бағыттарын айқындау және оларды салыстырмалы талдау. Қабылданған зерттеу бағытымен міндеттерді шешу әдістерін негіздеу; Ғылыми зерттеу нәтижесінде пайда болатын жаңа өнімнің күтілетін көрсеткіштерін қолда бар аналог өнімдерін көрсеткіштермен салыстыру; Жаңа өнімнің ықтималды экономикалық тиімділігін бағалау; Зерттеуді жүргізудің жалпы әдістемесін жасау; Аралық есеп жасау.
|
3. Теориялық және эксперименталды зерттеулер | Жұмыс гипотизасын жасау, зерттеу объектісінің үлгілерін құрастыру және жіберілімдерді негіздеу; Теориялық зерттеулердің жеке тұжырымдарын нақтылау үшін немесе есептеулерді жүргізу үшін қажет параметрлердің нақты шамаларын алу үшін эксперименттер жүргізу қажеттілігін негіздеу; Эксперименталдық зерттеулердің әдістемесін жасау, макеттер эксперименталды үлгілерді дайындау және сынақ құрал – жабдықтарын дайындау; Эесперименттерді өткізу және алынған нәтижелерді өңдеу; Эксперимент нәтижелерін теориялық зерттеулермен салыстыру; |
2 кестенің жалғасы | |
| Объектінің теориялық үлгілерін түзету; Қажет болған жағдайда қосымша эксперименттер жүргізу; Техникалық – экономикалық зерттеулерді жүргізу; |
4. Зерттеулер нәтижелерін жалпылау және бағалау | Жүргізілген жұмыстардың алдыңғы кезеңнің нәтижелерін жалпылау; Қойылған міндеттердің шешілу толықтығын бағалау; Зерттеулерді әрі қарай жалғастыру және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға ұштастыру бойынша ұсыныстар жасау; Тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың техникалық тапсырмасының жобасын жасау; Қорытынды есепті жасау; Ғылыми зерттеу жұмыстарын коммисияға тапсыру
|
Инновациялық процеске қатысушылар құрамын нақтылау инновациялық процестің кезеңдерімен және жүйелі тұрғыдан қарастыруымен байланысты. Осыған орай инновациялық процеске қатысушыларды белгілі бір жүйеге жинақтауға болады және ондай жүйе ұлттық инновациялық жүйе деп аталады. Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйені дамытуға байланысты қабылданған арнайы бағдарламаға байланысты инновациялық жүйеге келесі ірі құрылымдық элементтер кіреді.
Ғылыми потенциал;
Инновациялық кәсіпкерлік;
Инновациялық инфрақұрылым;
Қаржылық инфрақұрылым;
Мемлекеттік қолдау органдары.
1. Ғылыми потенциал – негізінен іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізумен айналасады. Оның ішінде іргелі зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы олардың негізінде қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғылыми сиымдылықты технологияларды алуға бағытталған. Оған:
1) Мемлекеттік ғылыми ұйымдар. Яғни, ұлттық ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және жобалау институттары кіреді.
2) Ұлттық компаниялар және ірі корпорациялар, жанындағы ғылыми ұйымдар мен лабороториялар;
3) Жеке ғылыми зерттеу және жобалау институттары;
4) Ғылыми зерттеумен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлер.
2. Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық іс - әрекетті жүзеге асыру үшін белгілі бір кешенге жинақталған өндірістік кеңес берушілік, ағартушылық және ақпараттық құрылымдар. Оның құрамына келесі элементтер кіреді:
1) Ұлттық технологиялық парктер;
2) Аймақтық технологиялық парктер;
3) Техникалық бизнес инкубатор;
4) Ғылыми парктер.
3) Қаржылық инфрақұрылым –инновациялық технологиялық дамудың ғылыми өндірстік және ағартушылық процестерін әртүрлі тікелей және жанама механизмдерді ұштастыру арқылы кешенді қаржыландырумен айналысады. Оның құрамына келесі элементтер кіреді: Мемлекеттік даму институттары – орнықты даму қоры “Қазына”, венчурлық қорлар, жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер, әртүрлі деңгейдегі инновациялық қорлар.
4. Инновациялық процесті мемлекеттік қолдау органдары елдегі инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған мемлекеттің шараларын басқару мен координациялаумен айналысатын өкілетті мемлекеттік органдар жатады. Қазақстанда оларға:
1) Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА);
2) Білім және ғылым министірлігі, оның ішінде ғылым комитеті; 3)Индустрия және сауда министірлігі;
4) Жоғары ғылыми техникалық коммисия және басқа да өкілетті органдар.
5. Инновациялық кәсіпкерлік – ғылыми техникалық және өндірістік аумақтар арасында инновациялық іс- әрекеттерді дамыту үшін белгілі бір делдалдық қарым – қатынасты дамытуға бағытталған. Инновациялық кәсіпкерліктің мақсаты – нарықтың конъюнктуралық жағдайына оперативті бейімделіп жаңа жоғары деңгейдегі бәсеке қабілетті ғылыми сиымдылықты өнімді сериялық өндіру мүмкіндігі бар кәсіпорындарды дамыту. Инновациялық кәсіпкерлікке келесілер кіреді:
Инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындар;
Бизнес періштелер;
Инновациялық менеджерлер.
Инновациялық кәсіпкерліктің негізін инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындар құрайды. Оның инновациялық жүйедегі кәсіпкерлік іс - әрекетті келесілерге негізделген:
Жаңа ғылыми идеяларды жасау немесе іздеу және оларды бағалау;
Қаржылық инвестициялық ресурстарды іздестіру;
Жобаны немесе кәсіпорынды тиімді басқару үлгісін жасау;
Инновациялық іс - әрекеттен ақшалай табыс табу.
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық іс - әрекетке қызмет көрсету және оны қамсыздандыру бағытындағы өндірістік, ақпараттық, ұйымдағы көп деңгейлі кешенін білдіреді. Инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің атқаратын негізгі функциялары келесідей:
Инновациялық іс - әрекет субектісінің ұйымдық, құқықтық қалыптасу процесіне қолдау жөнінде қызмет;
Бизнес – консалтика кешені;
Ақпараттық – коммуникациялық қамсыздандыру;
Ортақ қолданыстағы лабараториялық, өндірістік құрал – жабдықтарға қол жеткізу;
Инновациялық менеджментпен іс - әрекетке байланысты білім кешенін беру;
Техникалық трансферті;
Әртүрлі әріптестік қатынастарды қалыптастыруға қолдау жасау.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы инфрақұрылымды мемлекеттік бюджеттің қатысуымен құрылған сервистік даму институттары құрайды. Бірақ, бұлар инновациялық жүйенің субъектілер арасындағы тиімді қарым – қатынасты қамтамасыз ете алмайды және инновациялық іс - әрекетке байланысты толық кешенді көрсете алмайды. Қазақстанда инновациялық белсенділікті арттыру және қажетті қамсыздандыру қызметімен толық кешенде көрсету үшін инновациялық инфрақұрылым келесі бағытта дамыту қажет:
Инновациялық инфрақұрылым инновациялық потенциялы жоғары аймақтарды шоғырлануы қажет;
Инновациялық инфрақұрылымның дамуы приоритетті салалар бойынша және аймақтар бойынша даму керек;
Инновациялық инфрақұрылымның объектілерінің көлемін қамтамасыз ету үшін аймақтардағы инновациялық белсенділікті арттыру;
Мемлекеттік бюджеттен жұмсалған қаражаттардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету және олардың бюджет мүмкіндіктеріне сай келу;
Инновациялық инфрақұрылым ұйымдары бір – бірінің функцияларын қайталанбауы керек;
Инновациялық инфрақұрылымның ақпараттық қалыптастыру және дамыту.
Қазіргі Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымның негізгі әртүрлі деңгейдегі: ұлттық және аймақтық – техникалық парктер құрайды. Технопарк инновациялық іс - әрекетті қолданудың бастапқы кезеңдеріне қамтамасыз етуге бағытталған. Дәлірек айтсақ, іргелі зерттеулердің нәтижелеріне негізделген қолданбалы зерттеулерді жүргізуге оның ішінде лабораториялық және эксперименталды қамсыздандыру, сонымен конструкторлық жұмыстарды бастапқы кезеңдерге қолдау жасауға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, технопарктің қолайлы ғимараты және арнайы жабдықталған лабораториялық және арнайы кешендеру болуы керек, сонымен бірге келіп түскен инновациялық жобаларды бағалау, жеткізу және басқаруға біліктілігі жеткілікті персоналы болу керек. Ғылыми парктер немесе ғылыми қалашықтар әлемдік тәжірибе бойынша ірі ғылыми зерттеу орталықтары немесе ғылыми потенциалы жоғары университеттердің жанында құралады. Сонда жинақталған ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру үшін ғылыми парктің жеңілдікті салық режимі қолдауымен қамсыздандыру инфрақұрылымы қалыптасады.
1.3 Индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмдері
Шаралар мен әрекеттер жинағы ретінде индустриалды саясат өнеркәсіптің шынайы жағдайы мен оның даму мәселелерін шешіп, сұрақтарына жауап беруі керек, сонымен қатар, толықтай өнеркәсіптік дамудың аса қиын мәселелерін қарастыруы керек. Мұның барлығы экономиканың шикізаттық емес даму әлеуетін және ұлттық бәсекелік басымдылықтарды жүзеге асыруға бағытталған индустриалды саясатты, белсенді экномикалық шараны мемлекетпен жүзеге асыру қажеттілігін негіздейді.
Индустриалды саясатты жүргізу кезінде өзекті мәселелер болып елімізде жоғары қосымша құнды дайын өнім алуға дейін жобаны өткізу жөніндегі жұмыстар кешенін таңдау мен одан әрі шегіне жеткізу, жан‑жақты пікірталастары табылады. Қазіргі таңда қарастырылып жатқан кремний, алюминий, темір рудалары мен басқа жобалар Қазақстанда энергия сыйымды, экологиялық «лас» және білікті емес еңбек өндірісін тартуды талап ететін құрылысты қарастырады, ал соңғы шығару мен қайта өңдеу: күн элементтері, металдық алюминий, түсті және қара прокатты шетелде өндіруді жоспарлайды. Қазақстан енді өз ресурстарын тек жоғары қосымша құнмен ғылыми сыйымды өнімін өндіру ісіне айырбастауға міндетті!