Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 20:12, лекция
Кәсіпорын басқарудың нарықтық бағытталуының концепциясы ретінде өзгермелі нарық жағдайына кәсіпорынның тез әрекет етуімен шартталатындықтан, кәсіпорын стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу кәсіпорынтік іс-әрекеттің негізгі қадамдарының бірі болып табылады. Қазіргі кәсіпорындар істейтін ортаның неғұрлым белгісіз және агрессивті болуына қарай соғұрлым осы мәселенің маңыздылығы өсе түсуде. Кей уақытта тұрақсыздыққа байланысты стратегиялық жоспарлау мағынасыз іс-әрекетке айналады деген мін айтылады, себебі ұзақ мерзімді болашақ тұрмақ, бір жылдан кейін не болатыны анықтау қиын.
Жалпы алғанда, нарықтық экономикаға тән кәсіпорын кәсіпорынін ұйымдастыру қазіргі уақыт талабы. Әлемдік үдерістердің көшінен қалып қоймау үшін де, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін де, отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру үшін де нарықпен жүйелі қатынастың тиімді құралы – кәсіпорынті барынша кеңірек қолдану әрбір кәсіпорындағы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болғаны жөн.
Сонымен қатар, кәсіпорынтің тек өнімнің тартымдылығын арттырудағы міндетімен ғана шектеп қоймай, оны нарықтағы өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды факторларды кешенді түрде зерттейтін, олардың тиімділік деңгейін анықтайтын құрал ретінде пайдалануға болатынын пайымдаған дұрыс. Осы ретте, кәсіпорынтік жүйеге қойылатын талаптың артуы заңды құбылыс. Кәсіпорынтік шаралардың көп қаржыны талап ететінін ескере отырып, оның қайтарымы да елеулі табыстарға жеткізетінін назарға алу керек. Еліміздегі кәсіпорындар өндірісіндегі бүгінгі ахуал өндірушінің беделі мен оның ішкі және сыртқы нарықтарға танымалдылығын арттыруға, нарық қажеттіліктеріне шапшаң жауап қатуға, бәсекелестердің қалтарысында қалып қоймауға мүдделі. Сондықтан да, кәсіпорынға кәсіпорынтік жүйе құрылымы мен оның ұсынылған нақты бағыттары негізінде жұмыс жасау бәсекелі нарықта қарқынды да, нәтижелі болуына септігін тигізеді.
Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар
1. Қазақстан экономикасының қазіргі кездегі даму жағдайы.
2. Кәсіпкерлік түсінігі, экономикадағы рөлі.
3. Кәсіпкерліктің негізгі функциялары.
4. Кәсіпкерліктің жіктелуі және негізгі түрлері.
5. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.
6. Кәсіпкерліктің ұйымдық – экономикалық нысандары.
7. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қалыптасуы мен дамуы.
8. Кәсіпорындағы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру.
9. Жаңа кәсіпорынды құру және тарату тәртібі.
10. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдің мәні мен маңызы.
11. Тәуекелдің жіктелуі және түрлері.
12. Тәуекелді бағалау әдістері.
13. Тәуекелді басқару әдістері.
14. Кәсіпкерлік қызметтегі жоспарлау.
15. Бизнес жоспар және оның түрлері .
16. Келісім шарт және оның түрлері.
17. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару түрлері.
18. Кәсіпкерлік қызметтегі ресурстарды пайдалану .
19. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және бағалау.
20. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу жүйесі.
21. Кәсіпорынның еңбек ресурстары.
22. Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері.
23. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметін ұйымдастыру.
24. Инвестиция түсінігі және жіктелуі.
25. Инвестицияның тиімділігін бағалау.
26. Инвестициялық жобаларды бағалау.
27. Инновация түсінігі, мәні, маңызы.
28. Инновацияның түрлері және инновациялық кәсіпкерлік.
29. Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері.
30. Өнімнің өзіндік құны және оны есептеу әдістемесі.
31. Калкуляция және оны есептеу әдісі.
32. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері.
33. Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру.
34. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау.
35. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
36. Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері.
37. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылық көрсеткіштері.
38. Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштері.
39. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
40. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру көздері
Информация о работе «Кәсіпорын стратегиясы» пәні бойынша дәрістер тезистері