Лекция по "Макроэкономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция

Описание

Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Содержание

1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат

Работа состоит из  1 файл

макро экон и мжжб.docx

— 386.58 Кб (Скачать документ)

 «МАКРОЭКОНОМИКА»

ЛЕКЦИЯЛЫҚ   КЕШЕН

1Тақырып. Макроэкономикаға кіріспе

Дәріс жоспары

1.Макроэкономика  пәні.Макроэкономика теориясының  негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар

2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар

3. Экономикадағы лектер (ағындар)  мен қорлар. Статистикалық ақпарат

 

1.Макроэкономика  пәні.Макроэкономика теориясының  негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар

   Макроэкономика ғылым  ретінде экономикалық құбылыстар  мен үрдістерді экономикалық  теориялар мен үлгілер түрінде  жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда  экономика біртұтас жүйе ретінде  қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі  мен қызмет көрсетудің жалпы  көлемін және оның өсуін, инфляция  қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары  мен төлем балансының жағдайын  зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика  өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы  тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі  өзгерістерімен қатар, экономикалық  айнымалылардың қысқа мерзімді  тербелістерін зерттейді.

Макроэкономика Ұлы депрессия  кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ол ағылшын экономисі Джон М.Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабымен байланысты. Сондай-ақ, Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.

Әдетте экономика өзара  әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқы сектор.

Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұранысты білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-ауқатын жақсартуға тырысады.

Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тудырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.

Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол мысалыға қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құрып жүзеге асырады.

Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектілердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капитал және ұлттық валюталарды өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.

Макроэкономикада экономиканы  біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын  агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.

Макроэкономикалық деңгейде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі экономикалық мақсаттары анықталады:

  • Тұрақты экономикалық өсу;
  • Ресурстардың толық жұмыстылығы;
  • Инфляция деңгейін барынша төмендету;
  • Төлем балансының тепе-теңдікке жетуі.

   Экономикалық өсу  мақсатына жету үшін макроэкономикалық  саясаттың негізгі 2 құралы қолданылады:

  • Бюджет салық саясаты немесе фискалдық саясат. Ол мемлекет тарапынан жүзеге асырылады;
  • Ақша-несие саясаты немесе монетарлық саясат. Оны орталық банк жүзеге асырады.

Фискалдық саясатты көбінесе кейнсиандық мектеп қолдайды. Ал монетарлық саясатты классикалық немесе неоклассикалық мектеп колдайды.

Инфляция - ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуі. Сол инфляция көлемін төмендету елдің экономикалық өсуін тудырады.

Ресурстардың толық жұмыстылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адами және т.б. Ресуртар толығымен  қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы потенциалды деп аталады. Әрбір ел осы потенциалдыққа ұмтылады.

Төлем балансының негізгі 2 шоты бар:

1-шісі. Капитал қозғалысының шоты – ел ішіндегі инвестициялар мен жинақтардың ағымдары.

2-шісі. Ағымдағы операциялар шоты арқылы елдегі экспорт пен импорт қадағаланады.

Макроэкономикада агрегатталған  әдісі қолданылады. Яғни, барлық көрсеткіштер жинақталған көрсеткіштер болып  табылады. Мысалы: ЖҰӨ, жалпы бағалар  деңгейі, жалпы капитал қоры, жалпы  инвестициялар көлемі және т.б.

2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеді (iшкi) айнымалылар

Көбінесе экономикалық теориялар  моделдер түрінде түсіндіріледі. Макроэкономикалық  модель дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен процесстердің жеңілдетілген  абстрактылы көрінісі, ол экономикалық айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар  мен арақатынастарды анықтайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрде құрылуы мүмкін. Макроэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар ажыратылады.

Экзогенді айнымалылар –  модельден тыс анықталады. Олар алдын-ала белгіленген статистикалық деректер. Мысалы: ЖҰӨ, мемлекеттік шығыстар, салық мөлшері және т.б. Ал, эндогенді айнымалылар – модельдің ішінде құрылатын, яғни модельдің нәтижесі болып табылатын айнымалылар. Мысалы: тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б. 



                     Макроэкономикалық модель үлгісі

Эндогенді


Модель


Экзогенді


3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат


    Макроэкономикада экономикалық айнымалылардың тағы 2 түрі ажыратылады:

  • Қор айнымалысы
  • Ағын айнымалысы

Қор айнымалысы (белгілі  уақыт мезетінде) кез-келген мөлшерді уақыттың берілген мезетінде анықтайды. Мысалы: капитал көлемі, мемлекеттік қарыз, ұлттық байлық және т.б.

Ағын айнымалысы уақыт  бірлігіне тиісті мөлшерді анықтайды. Мысалы: ЖҰӨ, тәуліктік жалақы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, 1 ай аралығында жұмыстан босатылған адамдардың саны.

 Экономикада уақыт  аралығында бағалар өзгеріп тұрады. Бірақ бұл лезде орын алмайды. Себебі бағалар мен жалақы қатаң болады. Макроэкономикада қысқа мерзімді және ұзақ мерімді уақыт кезеңі ажыратылады. Экономистердің айтуынша, бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді және қысқа мерзімді кезеңде икемсіздеу болады.

Қарапайым сызықтық модельдерді  келесі түрде жазуға болады:

y = kx + b,                                         (1.1)

  y


x

k

1

b

мұндағы - x,y - айнымалылар, ал қалған шамалар – модельдің тіркелген параметрлері.


 

 

 

 

 

 

                               Түзу сызық

 

k шамасы – (1.1) теңдеуімен берілетін сызықтың бұрыштық коэффициенті, b – бұл сызықтың тік осінен кесетін кесіндінің шамасы.

k бұрыштық коэффициентін экономистер сызықтың көлбеуі деп атайды. Ол х айнымалысын 1 бірлікке арттырғандағы у тәуелді айнымалысы қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. Егер k>0 болса, сызықтың көлбеуі оң болады (оңға-жоғары), ал егер k<0 – сызықтың көлбеуі теріс (оңға-төмен).

(1.1) теңдеуінің параметрлерінің  өзгеруі сызықты жылжытады, оның  көлбеуін өзгертеді. k коэффициентінің абсолютті шамасы артқанда сызық тіктеу, ал азайғанда – жатықтау болады. Егер b мәнін өсірсек, сызық өзінен параллель түрінде жоғары жылжиды, егер де кемітсек – төмен жылжиды.

Бекітілетін сұрақтар

1. Макроэкономика  теориясының негізгі мәселелері 

2. Экзогенді (сырткы) және эндогеді (iшкi) айнымалылар

3. Экономикадағы лектер (ағындар)  мен қорлар 

Ұсынылған әдебиет

1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012

2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;

3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;

4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;

5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;

 

2 Тақырып. Макроэкономикалық өлшемдер

Дәріс жоспары

1.Жалпы iшкі   өнімді  қосылған құн бойынша,  шығыстар бойынша және кірістep бойынша есептеу

2.Жалпы ұлттык; өнім. Номинал және нақты айнымалылар

3.Дефляторлар  және баға индекстері ұлттык  есеп жүйесінің басқа көрсетіштері таза ұлттык өнім, ұлттык табыс, жеке табыс, қолда бар табыс

 

1.Жалпы  iшкі  өнімді  қосылған құн  бойынша, шығыстар бойынша және  кірістep бойынша есептеу

Жалпы ішкі өнімді өлшеудің үш тәсілі белгілі:

1) Шығыстар бойынша; 

2) Кірістер бойынша;

3) Қосылған құн тәсілі.

Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады:

ЖІӨ  =  С  +  I  +  G  +  NX,

мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары,

I – жалпы инвестициялар,

G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу,

NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

Бұл теңдік сонымен қатар  негізгі макроэкономикалық теңдестік  деп аталады.

ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.

ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация

Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:

  • Еңбек ақы(жалақы, сыйақы);
  • Меншік иелерінің табыстары(шағын фирмалар, дүкендер);
  • Рента (қозғалмайтын мүліктен  түсетін табыс);
  • Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалғаны);
  • Таза пайыздар.

Корпорациялардың пайдасы  үш бөлікке бөлінеді: корпорацялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда.

ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.

Қосылған құн  тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңінде қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.

Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табыс дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған кәсіпорындардың алатын табысы. Оны келесідей есептеуге болады:

Жеке табыс (PI) = Ұлттық табыс (NI) – Корпорациялардың пайдасы,

+ Дивидендтер,

– Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар,

+ Трансфертік  төлемдер,

– Таза пайыздар, 

+ Пайыз түрінде жеке табыс.

Жеке табыстың негізінде  басқа маңызды көрсеткіш анықталады.

Қолдағы жеке табыс (DI) = Жеке табыс (PI) – Жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.

Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс.

     Жеке  қолдағы табыс (DI) = Тұтыну + Жинақтар, Мұндағы жинақтар 3 топқа бөлінеді:

  1. жеке жинақ;
  2. мемлекеттік жинақ;
  3. ұлттық жинақ.

2.Жалпы  ұлттык; өнім. Номинал және нақты  айнымалылар

          Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.

Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін  көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі  уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.

Ұлттық шоттар жүйесі беретін  ақпарат экономикалық қызмет етуді  жақсартуға бағытталған мемлекеттік  саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып  жалпы ұлттық өнім табылады. Яғни ел ішіндегі барлық субьекттердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерінін  өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері  қолданылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз  белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны.

Информация о работе Лекция по "Макроэкономике"