Лекция по "Макроэкономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция

Описание

Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Содержание

1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат

Работа состоит из  1 файл

макро экон и мжжб.docx

— 386.58 Кб (Скачать документ)

Бекітілетін сұрақтар

1. Негізгі   макроэкономикалық көрсеткіштер 

2.Инфляция және ұсыныс шоктары

3. Оукен заңы

4.Накты жалақы  және жұмыссыздық деңгейі

Ұсынылған әдебиет

1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012

2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;

3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;

4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;

5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;

 

 

 

4 -Тақырып. Ұлттық табыс өндіру,бөлісу. Тұтыну

Дәріс жоспары

1.Өндіріс факторлары. Өндіріс  функциясы.Өндірістік функцияның  қасиеттері

2.Өндіріс факторлары арасында  ұлттық табысты бөлу 

3.Еңбек және  капитал нарығы. Ұлттық табысты  тұтыну

4.Тұтыну және жинақ ақша функциясы. Тұтынуға және жинақ ақшаға деген орташа және шекті бейімділік

1.Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы.Өндірістік функцияның  қасиеттері

Нарықтық экономикада  өндіріс факторы нарығы ерекше орын алады. Өндіріс факторы нарығы еңбектің, табиғат ресурстарының, капиталдың, кәсіпкерлік қабілеттіліктің жалақы, рента, пайыздық табыс, пайда түрінде  бағалары қалыптасатын, нарықта сұраныс  пен ұсыныс жүзеге асатын экономика  сферасы. Өндіріс факторының әр түріне әр түрлі нарық сәйкес келеді: еңбек  нарығы, табиғи ресурстар нарығы (жер  нарығы), капитал нарығы.

Өндіріс факторы  нарығының тауарлар мен қызыметтер нарығынан ерекшеленеді:

- өндіріс факторы нарығына  сұраныс туынды сұраныс болып  табылады, яғни оның қажеттілігі  

    тұтынушылар үшін  тауар өндірісіне деген қажеттіліктен  туындайды;

- бұл нарықта фирма  сатып алушының, үй шаруашылығы  сатушының ролін атқарады;

- өндіріс факторлары өндірістік  мақсатта қолданылады;

- өндіріс факторлары өндірісте  кешенді түрде қолданылады. Олардың  құрамы өндіріс сипатына             

  байланысты;

- өндіріс факторы нарығы  фирмалар мен салалар арасындағы  шектеулі ресурстарды тиімді  бөледі.

Өндірістің көлемі мен  тиімділігіне өндіріс факторларының  бағасы арқылы анықталған шығындар әсер етеді. Бұл шығындардан дайын  өнімге деген баға мен фирма қызметінің нәтижелері тәуелді болады. Ресурстар  бағасының өзгеруіне, одан соң өндіріс  шығындарының өзгеруіне байланысты өндіріс факторлары бағасы экономикалық таңдауды, фирма шешімдерін анықтайды. Сонымен қоса  өндіріс факторына  баға белгілеу табысты бөлуге ықпал  етеді. Осылайша, өндіріс факторы  нарығындағы баға белгілеу өнімді өндірушілер  үшін де, ақырғы тауарлар үшін де маңызды  роль атқарады.

Өндіріс факторлары нарығында  сұраныс пен ұсыныс, сатып алушылар мен сатушылар үнемі әрекеттеседі. Осы іс - әрекеттің үйлестірушісі  баға болып табылады. Өндіріс факторларының  сұранысының бағасы – бір уақыт  бірлігінде фирма сатып алғысы келетін  ресурстың максимум бағасы. Өндіріс  факторлары ұсынысының бағасы - өндіріс  факторлары иесінің бір уақыт  бірлігінде сатқысы келетін ресурсының минимум бағасы.

2.Өндіріс факторлары  арасында ұлттық табысты бөлу 

C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы  табысқа байланысты. Сонымен қатар  жоспарланған инвестиция деңгейі  тұрақтандырылған ( = ), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , . Сонда: 

.

Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып  табылады.

E = Y.       

 

E


E


Y


 

 

MPC



1



 

 

 

 Жоспарланған  шығыстар табыс функциясы ретінде

Жоспарланған шығыстар табыс  көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. 3.1. суреттегі сызықтың иілуі  тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді.

Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар,

Y = E.

Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.

 Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең  (3.2 Сурет). 

E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының

3.Еңбек  және капитал нарығы. Ұлттық табысты  тұтыну

Өндіріс көлемі Y, капитал  қоры К, еңбек мөлшері L және қолданылатын технологиямен анықталады:

Y  =  F(K, L)

Басында еңбек мөлшері  тұрақты деп есептейміз. Тұрақты  ауқым нәтижесі орын алды деген жорамалда  бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға көшуге ыңғайлы  болады:

y  =  Y / L  -   бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,

 

k  =  K / L  -  капиталмен жарақтандырылғандық.

 

Онда бір жұмысшыға  шаққандағы өндірістік функция былайша  жазылады:

y  =  f(k) ,  где     f(k)  =  F(k, 1)

Капиталдың шектік өнімі MPk өндірістік функцияның f(k) туындысына тең, яғни оның графигіне жанасқан қисықтың көлбеуіне тең (8.2 сурет).

Барлық өндірілген өнім y тұтыну c және инвестицияларға i бөлінеді. s=i/y қатынасы қорлану нормасы деп аталады. Оның мәні 0 мен 1 шегінде орналасқан. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар i=sf(k), ал тұтыну c=(1–s)·f(k), d – амортизация нормасы болсын, ол – тозу нәтижесінде жыл сайын шығарылатын капитал үлесі.

 

k


y

f(k)


 

 

 

 

 

 

Өндірістік функциясының графигі

Сонда Солоу моделінің негізгі теңдеуі былайша жазылады:

 

k  =  sf(k)  -  d.

y


     k0                             k

f(k)

d . k

 Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты бір жыл аралығында  капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгерісін анықтайды. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стационарлық тәртіп

Егер уақыт аралығында  капиталмен жарақтандырылғандық k өзгермесе, онда экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты қалпыда) деп саналады. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым y, инвестициялар i, тұтыну c да өзгермейді. Онда негізгі теңдеуден стационарлық тәртіптің шарты шығарылады:

sf(k)  =  d. k

Диаграммада капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі sf(k) және d. k функциялар графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады (8.3 сурет). 

4.Тұтыну және жинақ ақша функциясы. Тұтынуға және жинақ ақшаға деген орташа және шекті бейімділік

Қандай жағдайда экономика  тепе-теңдікке қол жеткізеді? Көптеген фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде  қор басты орын алады.

E

  С +I+G

   E

С

Y

С+I


 

 

 

Жоспарланатын шығыстар сызығы

Егер фирма тауарды  тұтынушылар сұранысынан артық  өндірсе, онда олар өздерінің тауарлық-материалдық  қорын өсіреді. Яғни  сурет бойынша Y1>Y0 => E<Y => AD < AS – артықшылық, А – жоспарланбаған қорды көбейту. Егер керісінше, фирмалар тұтынушылар сұранысынан кем өндірсе, онда олар қордағы тауарларды сатып, қорды қысқартып отырады. Яғни  сурет бойынша Y2<Y0 => E>Y => AD > AS – тапшылық, В – жоспарланбаған қорды азайту процесі.  

Жалпы Кейнс кресі Y табыстың бюджет - салық саясаты мен жоспарланған шығындардың E белгілі бір көлемінде  қалай анықталатынын көрсетеді. Біз бұл модельді экзогенді элементтердің  біреуінің өзгеруінде табыстың қалай  өзгеретінін байқау үшін қолдана  аламыз. 

Шекті өнімділік теориясына сәйкес, фирма қолданатын ресурстар  саны оның өнімділігінен тәуелді  болады. Егер өндіріс факторының біреуін  қолдануды арттыра берсек, кемімелі шекті өнімділік заңы орын алады.

Шекті физикалық  өнім (МР) – қосымша ресурс бірлігін пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемінің өсуі. Өндіріске айнымалы ресурстың қосымша бірлігін енгізу есебінен шығындардың өсуі ресурстың шекті шығыны (MRC) деп аталады. Ресурстың қосымша бірлігін қолдану есебінен фирманың табысының өсуі ақшалай көлемде берілген шекті өнімнен түсетін табыс (MRC) деп аталады.

 

Бекітілетін сұрақтар

1.Өндіріс факторлары 

2.Өндіріс факторлары арасында  ұлттық табысты бөлу 

3. Ұлттық табысты  тұтыну

4. Тұтынуға және жинақ ақшаға деген орташа және шекті бейімділік

Ұсынылған әдебиет

1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012

2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;

3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;

4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;

5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;

5- Тақырып. Жиынтық  сұраныс және жиынтық ұсыныс.

AD-AS   үлгісі

Дәріс жоспары

1.Жиынтық сұраныс  және оның анықтауыш факторлары 

2.Ақшаның сандық  теориясының теңдеуі. Жиынтык  ұсыныстағы классикалық көзкарас

3.Икемді еңбекақы.Жиынтық  ұсыныс қисығын құру

4.Жиынтык ұсыныска  кейнсиандық көзкарас. Икемсіз жалакы

1.Жиынтық сұраныс және оның анықтауыш факторлары

Жиынтық сұраныс – бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі. Демек, сатып алушының сұранысы – өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Біз жиынтық сұранысты  ақшаның сандық теориясының базасында  қарапайым теңдеуді құра аламыз:

 

MV =PY,

 

мұндағы: М – ақша ұсынысы;

V – ақша айналымының  жылдамдығы;

P – баға деңгейі;

Y - өндірілген өнім және  көрсетілген қызмет саны.

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі  өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне  және өндірілген өнім санына тәуелді:  

           

М / Р = ( М / Р) = kY,

 

мұндағы k = 1/V. 

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы  М/Р=(М/Р) сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.

 P


        


 

 

 

АD2



 

 

АD


                                                             


АD1


                                                      



Y


 

Жиынтық сұраныс

Жиынтық сұраныс қисығы төмен  оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Жиынтық сұранысқа  бағалық және бағадан тыс фактор әсер етеді. Бағалық фактордың әсерінен Р баға деңгейі көтерілсе, Y өнім шығару көлемі қысқарады. Яғни Р және Y арасындағы кері тәуелділік механизмін көрсетеді. Мұнда өзгеріс тек АD қисығының бойымен ғана өзгереді. Яғни, AD-ға әсер ететін бағалық факторлардың нәтижелері келесі:

  1. пайыздық қойылымның  әсері:  P↑→ r↑→AD↓;
  2. байлықтың әсері:  P↑→  байлық↓→ AD↓;
  3. импорттың әсері:  P↑→ Xn ↓→ AD↓.

Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары.  Жиынтық сұранысқа бағадан тыс факторлар әсер еткенде AD қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды. Бағадан тыс факторларға келесілер жатады:

1. Тұтынушылардың шығындарының  өзгеруі:

а) тұтынушының әлеуметтік жағдайы; б) тұтынушының күтімі;

в) тұтынушының қарыздары; г) салықтық мөлшерлеме.

      2. Инвестициялық  шығындардың өзгеруі, ол мына  өзгерістерге тәуелді:

а) пайыздық мөлшерлемесіне;б) инвестиядан күтілетін пайда деңгейіне;

в) кәсіпорынның салықтық мөлшерлемесіне; г) технология;д) шығару қуаттылығына.

      3. Мемлекеттік  шығындардың өзгеруі.

      4. Нақты  экспорт көлем шығындарының өгеруінің  нәтижесінде:

а) шет елдегі ұлттық табыстың өзгеруі;  б) валюталық бағамның өзгеруі.

Осы бағалық емес факторлардың әсерінен жиынтық сұраныс не көбейеді, не азаяды. Яғни AD қисығы оңға жоғары немесе солға төмен қозғалады.Мұны біз 2.1-суреттен көре аламыз.  AD қисығының AD1-ге қозғалуы – бұл жиынтық сұраныстың төмендегенін, ал AD қисығынан AD2-ге қозғалуы – жиынтық сұраныстың көбейгенін көрсетеді.

2.Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Жиынтык ұсыныстағы классикалық көзкарас

Информация о работе Лекция по "Макроэкономике"