Лекция по "Макроэкономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция

Описание

Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Содержание

1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат

Работа состоит из  1 файл

макро экон и мжжб.docx

— 386.58 Кб (Скачать документ)

2. Шағын ашық  экономика. Нақты айырбас бағамы. Сатып алу қабілетілігі паритеті

3. Айырбас бағамы.Сатып алу қабілетінің паритеті.Ашық экономика үшін IS-LМ үлгісі

4.Фискалдық экспансия  мен ақша саясатының өндіріс  пен айырбас бағамына ықпалы

5.Ашық экономикадағы  жиынтық сұраныс. Экспорт пен  импорт тәуелділіктері

1.Төлем балансы. Ағымдағы шот, капитал козғалысы шоты, ресми резервтер

Ашық экономикада жабық  экономикадағыдай қаржы нарықтары  игіліктер нарығымен тығыз байланыста болады.Бұл байланысты көру үшін ЖҰӨ есептеу формуласын жинақтар мен инвестиция арқылы түрлендіреміз, яғни:

Y = C + I + G + NX,

Y - C - G = I + NX,

Sұ = I + NX.

Көрсеткіштерді сол жаққа көшіреміз, сонда:

(I-S) + NX = 0.

Төлем балансында әдетте бір жыл аралығындағы сыртқы әлем мен ел арасындағы барлық экономикалық мәмілелер тіркеледі. Ондағы әрбір операция екі рет жазылады: бір рет мәміле бойынша қаражат түскенде, екінші рет – қаражат көздері көрсетілгенде. Оның үстіне ақшаның түсуі мен шетелдіктер алдындағы міндеттемелерді өсіру жөніндегі операциялар «плюс» белгісімен жазылады, ал ақшаны төлеу мен шетелдіктер алдындағы міндеттемелерді азайтумен байланысты операциялар «минус» белгісімен жазылады. Төлем балансының құрамы:

1. Ағымдағы операциялар шоты (NX).

2. Капитал қозғалысының шоты (I-S).

3. Ресми резервтердің өзгеруі.

Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шотының сальдоларының қосындысы ресми резервтердің өзгеруіне тең. 

Капитал қозғалысының шоты ел ішіндегі инвестициялардың жинақтардан көп екенін білдіреді. Осыдан, капитал қозғалыс шоты ел ішіндегі шетелден қаржыландырылған капитал мөлшеріне тең.

Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты- бұл елдің сыртқа шығарылған таза экспортынан түсетін сомасы.

Егер (I-S) оң болса, ал NX теріс болған жағдайда,яғни  капитал қозғалыс шотының сальдосы оң болып, ағымдағы операциялар шотының сальдосы теріс болса, онда мемлекетте тапшылық пайда болады. Осы тапшылықты жабу үшін жетіспеген қаражатты халықаралық қаржы нарықтарынан несие алып, тауарларды импорттау арқылы толтырамыз.

Егер (I-S) теріс болып, NX оң болса, онда капитал қозғалыс шотының тапшылығы пайда болады. Осы жағдайда халықаралық қаржы нарықтарында несие беруші ретінде және тауарларымызды экспорттауға мүмкіндік туады.

Елдің экономикасы, егер ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне r* әсер ете алмаса, шағын болып есептеледі, яғни r=r*. Егер елде капиталдың толық мобилділігі болса, онда тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі капиталдың еркін ағып келуі мен кетуі арқасында  әлемдік пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде қалыптасады (6.1 сурет).

Кіші ашық экономикада үш жағдайды ескеру қажет:

  • өнімді өндіру өндіріс факторларымен анықталады
  • табыс өскен сайын тұтыну да өседі
  • пайыз мөлшері жоғарлаған сайын инвестиция төмендейді

Жоғарыдағы үш жағдайды ескере отырып, алдағы төлем балансындағы формуланы түрлендіруге болады.

Капитал қозғалыс шотнының және ағымдағы операциялар шотының  сальдосы- бұл әлемдік пайыз жағдайындағы ішкі жинақ пен инвестициялардың арасындағы айырма ретінде анықталады. 

Ішкі тепе-теңдік пайыз  мөлшерлемесі, жалпы айтқанда, әлемдік  пайыз мөлшерлемесімен бірдей болмауы  мүмкін, себебі жинақтармен инвестициялардағы  өзгерістер төлем балансының ағымдағы шотының қалпына әсер етіп тұрады.   

2. Шағын ашық экономика. Нақты айырбас бағамы. Сатып алу қабілетілігі паритеті

Экономикадағы тауарлар мен  қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды қарастырып өтейік. Жабық экономика  кезінде сату және сатып алу процестері мемлекет шегінен шықпайтын және барлық шығыстар үшке бөлінетін: тұтыну, инвестиция және мемлекет шығындары. Ал ашық экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі мемлекеттің ішінде сатылатын болса, екінші бөлігі экспортқа шет елге сату үшін шығарылады. Осыны ескере отырып, ашық экономикада өндірілген тауарға кеткен шығындарды төрт компонентке бөліп қарастыруға болады:

  • отандық тауар мен қызметті тұтыну – Cd
  • отандық тауар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар – Id
  • отандық тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – Gd
  • отандық тауар мен қызметтердің экспорты – EX.

Яғни,  есептеу келесі формула арқылы беріледі:

Y = Cd + Id + Gd + EX.

Осы формуланы ашып көрсетейік. Тұтыну шығындары (C)- бұл шетел (Cf) және отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен тұтыну шығындарының (Cd) сомасы.

Ал инвестицияның жалпы мөлшері (I)- бұл отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар (Id) мен шетел тауарлары және қызметтеріне кеткен инвестициялық шығындар (If) сомасын білдіреді.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері (G) - бұл отандық  тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік  сатып алуы (Gd) мен шетел тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуының (Gf) сомасын білдіреді. Яғни:

C = Cf + Cd

I = Id + If

G = Gd + Gf.

Жоғарыдағы ЖҰӨ есептеу формуласына қойсақ, онда:

Y = (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) + EX.

Түрлендірілгеннен кейін, мына теңдікті аламыз:

Y = C + I + G + EX - (Cf + If + Gf).

(Cf+If+Gf)- бұл шетел тауарлары мен қызметтерге кеткен шығын, яғни импорт (IM) болып табылады.

Экспорт пен импорттың  айырымы таза экспортты береді

NX = EX - IM, сонда

Y = C + I + G + NX (ЖҰӨ есептеу).

Бұл теңдеу отандық өнімге кеткен шығындар, ішкі шығындар және таза экспорттың байланысын көрсетеді:

NX = Y - (C + I + G).

Егер өндірілген өнім ішкі шығындардан асса, онда еліміз айырманы экспорттайды (+NX). Ал егер өндірілген өнім ішкі шығындарды жаппайтын болса, онда еліміз айырманы импорттайды (–NX).

3. Айырбас бағамы.Сатып алу қабілетінің паритеті.Ашық экономика үшін IS-LМ үлгісі

Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағытөлем құжаттарын сату сатып алу жөніндегі әлеуметтік экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.       

       Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Қаржы нарығы бір біріне байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

      Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.

      Валюта нарығы Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы коммерцияялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Өз жұмысы барысында олар шет ел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты тәуекелге ұшырай бастайды.

       Құнды  қағаз иесінің осындай құжаттар  шығарған ұйымдраға қатысты мүліктік  құқығын айғақтайтын ақша құжаттары.  Құнды қағаздар жеке құжаттар  немесе есепшоттардағы жазбалар  түрінде жүреді.

       Құнды  қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік борыш  міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер.

       Акциялар атаулы және талапкерлік болып шығарылады. Атаулы акциялар сатылған кезде міндетті түрде тіркеледі.

       Облигацияның  акциядан айырмашылығы, олар кесімді  пайыз мөлшерлемесі

белгіленген мерзімде төленетін  міндеттеме, яғни облигация, несие беруші мен осы құжатты шығарушы мекеме арасындағы қатынасты куәландырады.

       Облигацияның  мындай түрлері бар:

       Ішкі  мемлететтік және жергілікті зайымдар облигациялары;

       Кәсіпорындар  облигациялары.            

       Вексель дегеніміз, вексель берушінің вексель иесіне вексель ұстаушыға мерзімі жеткен кезде белгілі бір соманы сөзсіз төлейтін ақша міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаз. Жай вексель және аударма вексель қолданылады.

       Жай  вексель екі адамның өзара  келісімі. Ал аударма вексельде  ақша үшінші жаққа төленеді.Вексельдің  иесі оны есеп айырысуға пайдаланады  немесе оның қайырма бетінде  басқа адамға беретінін жаза алады.

       Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер халық арасында ерікті негізде орналастыратын мемлекеттік құнды қағаз түрі, ол осы қағазды ұстаушылардың бюджетке қаражат аударған және құнды қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивидент түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды.

       Ұзақ мерзімді қазыналық бондар үкіметтің шешім бойынша, әдеттегідей ұсынушыға арнапбес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге шығарылады.

     Құнды қағаздар шығару және олардың айналысы. Құнды қағаздар шығару эмиссия бұл құнды қағаздарды оның бастапқы иелеріне инвесторларға, яғни заңды мекемелер мен жеке адамдарға сату.            

      Қор биржасы бұл құнды қағаздардың қалыпты айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.

     Қор биржасы  құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырады. Биржадан тыс нарықта көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада керсінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдары, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.

      Делдалдар (брокер) мәміле жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істейді.

     Дилер құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері

     Форвардтық  мәміле. Бұл нарықта банктер шарт негізінде телефон және телекс арқылы биржадан тыс мерзімдік операциялар жасады. Төлемдер мәміле жасасқан кезде тіркелген бағам бойынша белгіленген мерзімде беріледі.

     Валюталық фьючерс. Фьючерс шарты, форвардтық сияқты болақшақта қарызды төлеу мерзімін ұзартуды бегілейді.       

4.Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы

Ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын басқа  елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасымен салыстыру үшін, оларды бір валюта арқылы көрсету керек. Экономистер екі түрлі айырбас  бағамды ажыратады: атаулы айырбас бағамы және нақты айырбас бағамы.

Еуропалық жүйеде атаулы айырбас бағамы E шетел валютасының бір бірлігіне төлейтін отандық ақшалай бірліктерінің мөлшері ретінде анықталады.

Е айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді, өйткені шетел валютасының бір бірлігіне көбірек отандық ақшалай бірліктерін беру қажет. Айырбас бағамының төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауымен пара-пар. 

Айырбас бағамының негізгі  екі тәртібі бар: тіркелген және құбылмалы немесе икемді айырбас бағамдары.

Тіркелген айырбас бағамы – бұл Ұлттық Банк немесе резерв жүйесі тіркелген бағамы болып табылады. Яғни, тіркелген айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамын өзгеріссіз ұстап қалу мақсатында шетел валютасын тұрақты ара қатынаста сатуға және сатып алуға міндетті. Бірақ экономикада қалыптасқан жағдайға байланысты Орталық банк басқа айырбас бағамы деңгейіне ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда Е жоғарлауы ұлттық валютаның девальвациясы, ал Е төмендеуі ұлттық валютаның ревальвациясы деп аталады. 

Құбылмалы немесе икемді айырбас бағамының тәртібі бойынша Орталық банк айырбас бағамын белгілеу процесіне араласпайды. Айырбас бағамы валютаға сұраныс пен ұсынысы арасындағы ара қатынастың негізінде реттеледі. Бірақ Орталық банк ұлттық валютаны мүлдем «еркін сапар шегуге» жібермейді, ол валютаны кейде сатып немесе сатып алып, айырбас бағамының кенет өзгерістерін тежеп отырады.

Тіркелген және құбылмалы  айырбас бағамы тәртіптерінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.  

5.Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері

Нақты айырбас бағамы –  бұл екі елде өндірілетін тауардың салыстырмалы бағасы. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады:

E = e.(P/P*)

мұндағы: E- нақты айырбас бағамы,

e- атаулы айрбас бағамы,

(P/P*)- екі елдің бағалар қатынасы.

Егер нақты айырбас бағамы жоғары болса, шетел тауарлары арзан болады да, отандық тауарлар қымбат болады, және керісінше.

Нақты айырбас  бағамы және таза экспорт.Нақты айырбас бағамы және таза экспорт арасындағы қатынасты келесідей жазуға болады: NX = NX(E) Нақты айырбас бағамын анықтайтын екі фактор бар. Олар:

  • нақты айырбас бағамының ағымдағы операциялар шотымен байланысы;
  • ағымдағы операциялар шоты капитал қозғалысы шотымен теңестіріледі, яғни ағымдағы операциялар шотының сальдосы жинақтар мен инвестициялардың арасындағы айырмаға тең.

Информация о работе Лекция по "Макроэкономике"