Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.
1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді.
Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді.
ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар
Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әрі қарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.
3.Дефляторлар және баға индекстері ұлттык есеп жүйесінің басқа көрсеткіштері таза ұлттык өнім, ұлттык табыс, жеке табыс, қолда бар табыс
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар. Ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу формуласы:
мұндағы, - фғымдағы жылдың өндіріс көлемі,
- базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді.
Тұтыну бағасының индексі
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар. Ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу формуласы:
мұндағы, - фғымдағы жылдың өндіріс көлемі,
- базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді.
Бекітілетін сұрақтар
1.Жалпы iшкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістep бойынша есептеу
2.Жалпы ұлттык; өнім
3.Дефляторлар және баға индекстері ,таза ұлттык өнім, ұлттык табыс, жеке табыс, қолда бар табыс
Ұсынылған әдебиет
1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012
2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;
3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;
4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;
5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;
3 Тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық.Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары.Инфляция
Дәріс жоспары
1.Экономикалық
циклдар,негізгі
2.Инфляция және ұсыныс шоктары. Бағалар динамикасы
3.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы
4.Накты жалақы және жұмыссыздық деңгейі
1.Экономикалық
циклдар,негізгі
Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Экономикалық циклдің фазалары:
1. Шың. Ол мыналармен сипатталады:
2. Құлдырау – экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады:
3. Депрессия – құлдыраудың ең төменгі нүктесі мыналармен сипатталады:
4. Көтерілу фазасы келесімен сипатталады:
2.Инфляция және ұсыныс шоктары. Бағалар динамикасы Инфляция – жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
мұнда: π – инфляция деңгейі,
P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі,
P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.
Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:
1. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің дәрежесіне
Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.
Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.
2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:
Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.
Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция.
Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.
3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:
Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.
4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.
Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы себептері бар.
Инфляцияның ішкі себептері:
Инфляцияның сыртқы себептері:
Инфляцияға қарсы саясат – бағалардың жалпы деңгейін тұрақтандыруға бағытталған макроэкономикалық саясат.
Инфляцияға қарсы саясат 2 блоктан тұрады:
1) жиынтық сұранысты реттеу;
2) жиынтық ұсынысты реттеу.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн:
- Кейнсиандық бағыт. Ол белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып,төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал етеді.
- Монетарлық бағыт. Ол экономиканы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес Орталық банк арқылы жүргізілуі тиіс. Ол айналымдағы ақша массасын және несие пайызын өзгерту арқылы инфляцияны тежейді.
3.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы
Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Толық жұмыстылық немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R – экономикалық белсенді халық;
q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі
в) еңбек одақтарының әрекеттері.
4.Накты жалақы және жұмыссыздық деңгейі
Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу
Оукен заңы. Ол нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлеуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:
мұнда: Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі,
Y –ұлттық өндірістің нақты көлемі,
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,
y – Оукен коэффициенті.
U
Y
Оукен қисығы
Оукен қисығы келесі екі жағдай орын алғанда қозғалады: