Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.
1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып AD-AS графиктік моделін шығаруға болады. Мұндағы қалыптасатын үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.
AS
P0
Y0
AD
Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл қиылысу нүктесі әрқашанда нарықтағы тепе – теңдік бағаны көрсетеді.
3.Икемді еңбекақы.Жиынтық ұсыныс қисығын құру
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады
4.Жиынтык ұсыныска кейнсиандық көзкарас. Икемсіз жалакы
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады
AS
P0
Y0
AD
Кейнстің қалыпты жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейін өзгертпейді, өйткені бағалар өте икемсіз, ал шығарылым деңгейін арттырады. Нәтижесінде қысқа мерзім аралығында тұрақты бағалар шартында экономикада өндірістің өсуі байқалады.
Бекітілетін сұрақтар:
Бекітілетін сұрақтар:
1.Жиынтық сұраныс
және оның анықтауыш
2.Ақшаның сандық теориясының теңдеуі
3.Икемді еңбекақы
4.Икемсіз жалакы
Ұсынылған әдебиет
1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012
2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;
3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;
4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;
5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;
6-Тақырып. Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.IS-LM үлгісі
Дәріс жоспары
1.Жоспарланған және нақты шығындар
2.Кейнсиандық крест.Табыстың тепе-теңдік деңгейі
3.Кейнстің мемлекеттік шығындар мультипликаторы мен салық мультипликаторы
4.Акшаның аткаратын кызметтері Ақша агрегаттары
5.Сандық ақша теориясы.Ақша айналысының жылдамдығы
1.Жоспарланған және нақты шығындар
Игілік нарығы түсінігінде
қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары
нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар
санаттары арасында кейбір ерекшеліктер
бар, дегенмен олар өзара сұраныспен
ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну
мен инвестицияланған тауарларға деген
сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы
шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына
сұраныс негізінен табысқа
2.Кейнсиандық
крест.Табыстың тепе-теңдік
IS–LM үлгісі (инвестиция –
қор жинағы, ұнамды өтімділік
- ақша) – жиынтық сұраныс функциясын
анықтау үшін қажетті,
IS – тауар нарығындағы
тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша
нарығындағы тепе-теңдіктің
IS-LМ үлгісіндегі тепе-теңдік
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g m¢, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз. Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.
(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде
екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.
Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.
І Инвестициялар немесе G мемлекеттік шығыстардың артуы (азаюы), сонымен қатар Т салықтардың азаюы (артуы) жоспарланатын шығыстар сызығын жоғары (төмен) параллель түрінде жылжытады.
Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы . Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
G↑→E↑→Y↑
Салықтық мультипликатор , Т салықтарды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.
∆T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑
B
A
E2=Y2
E1=Y1
E=C+I+G
∆G
Y=E
Y
450
E
E1=Y1
E2=Y2
∆Y
∆Y
Кейнс кресі моделінде мемлекеттік шығыстардың өсуі
4.Акшаның аткаратын кызметтері. Ақша агрегаттары
Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.
Бірте-бірте тауарлық ақшаны қағаз ақшасы ығыстырып жіберді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «алтын стандартқа» көшті. Ақша алтынға бекітілген тепе-теңдік бағамы бойынша айырбасталатын болды. Алтын стандарт І Дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылды.
1944 жылы дамыған елдер
Бреттон-Вуд келісіміне келді,
ол бойынша жетекші валюталар
АҚШ долларына байланатын
Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер
Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер
Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар
Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.
5.Сандық ақша теориясы.Ақша айналысының жылдамдығы
Егер M - ақша ұсынысы, P – бағалар деңгейі болса, онда M/P – ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы M және бағалар деңгейі P тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни
Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс
Ү шығарылым көлемінен тікелей, ал r пайыз мөлшерлемесінен кері тәуелді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады:
Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Ү-і диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық құру тәсілі суретте келтірілген.
r1
r2
r
r2
r2
L(r,Ү1)
L(r,Ү2)
M/P
Y2
(Ү1,r1)
(Ү2,r2)
Y1
r
LM қисығын құру
Ақша несие саясаты: а) мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағазды сатты дейік. Бұл жағдайда ақша массасы азаяды да, нақты ақша массасы да азяды, нәтижесінде LM қисығы солға– жоғары жылжиды. Бұл суретте көрсетілген; ә) егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса, онда керісінше жағдай болады.
r1
r2
LM’
LM
L(r,Y)
Y
M1/P
M2/P
M/P
Y
r
r
r2
r1
LM’
LM
L(r,Y)
Y
M1/P
M2/P
M/P
Y
r
r
Ақша-несие саясатының LM қисығына әсері
Бекітілетін сұрақтар
1.Ақша нарығы.Ақшаға деген сұраныстың классикалық және кейнсиандық теориалары
2.Нақты және атаулы пайыз мөлшемелері.Фишер теңдеуі
3.Тауар жэне ақша нарығындағы тепе-тендік
4.IS-LМ үлгісінің моделі. Жиынтық сұраныс қисығын корытып шығару
5. IS--LМ үлгісі және Кейнс мультипликаторы. Тауарлар нарығы және IS қисық сызығы
6.Актив нарығы және LM қисық сызығы
Ұсынылған әдебиет
1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012
2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;
3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;
4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;
5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;
7- Тақырып. Ашық экономика. Айырбас бағамы
Дәріс жоспары
1.Төлем балансы.
Ағымдағы шот, капитал