Лекция по "Макроэкономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:22, лекция

Описание

Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Содержание

1.Макроэкономика пәні.Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар
2.Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сырткы) және эндогеНді (iшкi) айнымалылар
3. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат

Работа состоит из  1 файл

макро экон и мжжб.docx

— 386.58 Кб (Скачать документ)

S-I

NX(E)

NX

E

Нақты айырбас бағамы мен таза экспорт арасындағы қатынас

 

Ел ішіндегі бюджет-салық  саясаты. Егер мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда жинақ азаяды, яғни капитал қозғалысы шоты артады да, ағымдағы операциялар шотының тапшылығы пайда болады.

Шетелдегі бюджет-салық  саясаты. Егер шет елдері мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда әлемдік жинақтардың азаюы басталады. Бұл әлемдік пайызды жоғарлатады. Ал бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының оң сальдосын қалыптастырады.

Инвестициялық сұраныстың өзгеруі. Егер инвестициялық сұраныстың көбеюі байқалса, онда инвестиция артады. Ал бұл ағымдағы операциялар шотын кемітеді де, тапшылықты туғызады.

 

S2-I


S1-I

NX2

NX1

E2

E1

NX(E)

Ішкі бюджет-салық  саясатының ықпалы

S-I(r*)

S-I(r*2)

NX1

NX2

E1

E2

NX(E)

Сыртқы бюджет-салық  саясатының ықпалы

Сыртқы сауда  саясатының әсері. Егер мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетел бәсекелестерінен қорғау мақсатында протекционисткі саясатты қолданған жағдайда не болатындығын көрейік.

Егер мемлекет импортқа шек қойса, таза экспорт өсу керек, Суретте көрсетілгендей. Нақты айырбас бағамының жаңа тепе-теңдігі қалыптасады. Нақты айырбас бағамы жоғарлайды, ал таза экспорт көлемі өзгермейді.

Протекционистік саясат ағымдағы операциялар шотына әсер етпейді, қайта нақты айырбас бағамын жоғарлатады.

S-I


NX(E)2

NX(E)1

NX1=NX2

E1

E2

Сыртқы сауда  саясатының ықпалы

Сатып алу қабілетінің  тепе-теңдігі (СҚТ) негізінде бірыңғай баға заңы жатады, ол бойынша кез келген тауар жалпыға бірдей нарықта бірыңғай баға бойынша сатылады. Егер тауар ішкі нарықта Р  бағасымен, ал сыртқы нарықта – Р* бағасы бойынша сатылса, онда келесі теңдік орындалуы тиіс:

P = E .P*

Сатып алу қабілетінің  тепе-теңдігін бұзбау, Р – ел ішіндегі, ал Р* - шетелдегі бағалар деңгейі деп есептегенде, бұл теңдіктің тауарлар қоржынына таралуын білдіреді. Шынында сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі сақталмайды, себебі экспортқа шығарылмайтын тауарлар мен қызметтер, көлік шығындары бар, және әрбір елде әр түрлі игіліктер қоржыны бар. Бірақ кейде теориялық талдау жасағанда СҚТ түсінігі орынды болып табылады.

Бекітілетін сұрақтар

1.Төлем балансы

2. Шағын ашық  экономика

3. Айырбас бағамы.Сатып алу қабілетінің паритеті

4.Фискалдық экспансия  мен ақша саясатының өндіріс  пен айырбас бағамына ықпалы

5.Ашық экономикадағы  жиынтық сұраныс

     Ұсынылған  әдебиет

1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012

2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;

3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;

4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;

5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;

 

8-Тақырып. Экономикалық өсу

Дәріс жоспары

1. Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар

2.Солоудың ұзак мерзімді өсу үлгісі.

3.Экономикалық  өсу үлгінің графиктік талдауы. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар

1. Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар

Ол белгілі уақыт аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюын  білдіреді. Елдің экономикалық потенциалының  өзгерісін бағалау үшін белгілі  кезең аралығында ЖҰӨ немесе ЖІӨ  өсу қарқыны қолданылады. 8.1 суретте 1990-2002 жылдар аралығындағы Қазақстан  экономикасының ЖІӨ өсу қарқындарының  графигі берілген.

Экономикалық өсу –  ұзақ мерзімді құбылыс. ЖІӨ-ң жоғарылауы мен құлдырауы ЖІӨ-ң ұзақ мерзімді трендінің шамасында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Халықтың әл-ауқаты деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері  қолданылады.  

Жалпы түрде ел тұрғындарының  әл-ауқатын халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші толық шамада көрсетпейтініне  экономистердің барлығы келіседі. Себебі бұл көрсеткіш қоршаған ортаның  ластануын, бос уақыттың болуын, өмірдің  ұзақтығын, әлеуметтік қамсыздандыру  деңгейін ескермейді.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-ң жоғары деңгейі қалыптасқан  бай елде де кедейшіліктің жоғары деңгейі болуы мүмкін. Кедейшілік – бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ сонда да экономикалық өсу  халықтың тұрмыс жағдайын жоғарлататын шарт болып қабылданады.   

Экономикалық өсудің көздері:

  • пайдаланатын ресурстар (еңбек, капитал, жер, шикізат) көлемін арттыру,
  • жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.

2.Солоудың ұзак  мерзімді өсу үлгісі

Өндіріс көлемі Y, капитал  қоры К, еңбек мөлшері L және қолданылатын технологиямен анықталады:

Y  =  F(K, L)

Басында еңбек мөлшері  тұрақты деп есептейміз. Тұрақты ауқым нәтижесі орын алды деген жорамалда бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға көшуге ыңғайлы болады:

y  =  Y / L  -   бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,

k  =  K / L  -  капиталмен жарақтандырылғандық.

Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция былайша жазылады:

y  =  f(k) ,  где     f(k)  =  F(k, 1)

Капиталдың шектік өнімі MPk өндірістік функцияның f(k) туындысына тең, яғни оның графигіне жанасқан қисықтың көлбеуіне тең (8.2 сурет).

Барлық өндірілген өнім y тұтыну c және инвестицияларға i бөлінеді. s=i/y қатынасы қорлану нормасы деп аталады. Оның мәні 0 мен 1 шегінде орналасқан. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар i=sf(k), ал тұтыну c=(1–s)·f(k), d – амортизация нормасы болсын, ол – тозу нәтижесінде жыл сайын шығарылатын капитал үлесі.

 

k


y

f(k)


 

 

 

 

 

 

Өндірістік функциясының графигі

 

 

 

Сонда Солоу моделінің негізгі теңдеуі былайша жазылады:

 

k  =  sf(k)  -  d.

 

y


     k0                             k

f(k)

d . k

 Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты бір жыл аралығында  капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгерісін анықтайды. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стационарлық тәртіп

Егер уақыт аралығында  капиталмен жарақтандырылғандық k өзгермесе, онда экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты қалпыда) деп саналады. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым y, инвестициялар i, тұтыну c да өзгермейді. Онда негізгі теңдеуден стационарлық тәртіптің шарты шығарылады:

sf(k)  =  d. k

Диаграммада капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі sf(k) және d. k функциялар графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады (8.3 сурет). 

3.Экономикалық  өсу үлгінің графиктік талдауы.  Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар

Неғұрлым қорлану нормасы s көп болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k0, және де шығарылым f(k) мен инвестициялар sf(k) да үлкен болады. Бірақ, бұл жағдайда бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c қалай өзгеретіні белгісіз.  

Қоғам адамдардың әл-ауқатын  жоғарылатуға талпынады. Сондықтан бір жұмысшыға шаққандағы тұтынуды максималды ететін капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k* мына шарттан анықталады:

f’(k)  =  d,    немесе,   MPk  =  d.

Бұл шарт қорланудың Алтын ережесі деп аталады. Қорланудың оңтайлы деңгейінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну барынша көп болады да, уақыт аралығында өзгермейді.

Бұны былайша көрсетуге болады:

k* - капиталмен жарақтандырылғандықтың алтын деңгейі, мұнда тұтыну максималды;

k** болған кезде оңтайлы тұтыну мен капитал қорын табамыз;

ү = с + і;

с = ү - і.

Тұтыну – бұл өндірістен алынған инвестиция. Тұтыну көлемінің тұрақтылығын анықтау үшін ү және і олардың капитал қорлануының тұрақты деңгейінің көлеміне ауыстырамыз.

Шығарылымның нормасы  – шығарылымның себебінен бір бірлікке шаққандағы капиталдың артуы болып табылады. Қосымша капитал бірлігінің таза әсері МРК-1 болады, яғни ол капиталдың шектік өнімін алу-шығару нормасына тең. Егер капитал қорының қосымша жағдайы алтын ережеден кем болса,. Онда капитал тұтынуды көбейтеді, өйткені капиталдың шектік өнімі шығару нормасынан көбірек болып табылады.

Ал егер де капитал қорының  тұрақтылығы алтын ереже деңгейінен үлкенірек болса, онда капиталдың шектік өнімі тұтынуды азайтады, өйткені капиталдың шектік өнімі шығару нормасынан азырақ. Сондықтан алтын ереженің шарты келесіні қарастырады:

МРК  ═ δ → алтын ереженің шарты, капиталдың шектік өнімі шығу нормасына тең.

  Сонымен бірге халықтың өсу қарқыны мен ҒТП әсерін ескеру арқылы дәл осындай талдау жасауға болады.

Бекітілетін сұрақтар

1. Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар

2. Масштаб қайтымы

3. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар

Ұсынылған әдебиет

1. Догалов А.Н., Досмагамбетов Н.С. Макроэкономика. Алматы.:ЖШС РПБК» «Дәуір», 2012

2. Мамыров Н., Есенгалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы.: Экономика, 2003;

3. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. Макроэкономика. Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 2008. – 250 б.;

4. Макроэкономика [текст] учебник. МГУ им. М.В. Ломоносова, КазЭУ им. Т. Рыскулова, 2007. – 666с.;

5. Агапова Т.А. Макроэкономика. [текст] уч-к Т.А. Агапова; рук. А.В. Сидоровича, 2007. – 496 с.;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Лекция по "Макроэкономике"