Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
I. ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ............................................................................................5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .....................5
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі
іс-әрекеті ..........................................................................................................6
II. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ШЕШІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ОРНЫ ............................10
2.1 Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары ...................................10
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі ................................................................15
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау......................................................................................................................18
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ......................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................33
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ..............................
I. ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ..............................
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .....................5
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі
іс-әрекеті ..............................
II. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ШЕШІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ОРНЫ ............................10
2.1 Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары ..............................
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі ..............................
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау........................
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..............................
КІРІСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Шығындар және оның құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - кешенді талдау негізінде кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару тиімділігін жоғарылату және өнімнің өзіндік құнын талдаудың әдістерін қарастыра келе, ондағы нормаьтивтік талдау әдісін жан-жақты талдау және шараларды жүзеге асыруға ұсыну.
Курстық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- «Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтері мен есеп саясатының сипаттамасына, маңыздылығына тоқталу;
- Кәсіпорынның есеп саясатының жүргізілу барысын және ондағы шығындарды есепке алу жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;
- Өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістерін талдап, ондағы калькуляциялаудың нормативтік әдісін жан-жақты талдау;
- «Гермес» ЖШС-нің шығындарын және өзіндік құнын анықтау бойынша шараларын, ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін бағалау және талдау;
- Өндірістегі шығындардың өзіндік құнын калькуляциялауды басқаруды жетілдіру жолдары мен дамыту бағыттарын талдау;
Зерттеу пәні - кәсіпорынның өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін талдау.
I ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.
Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К. Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі іс-әрекеті
Экономикалық құрылымда шығындарды негізінен тұрақты және айнымалы шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б. Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.
C
TC
FC
A
Q көлем
Сурет-1 - Өндірістік шығындар
Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаюя занының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды ( А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FC-тің жылжуы болып табылады.