Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
I. ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ............................................................................................5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .....................5
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі
іс-әрекеті ..........................................................................................................6
II. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ШЕШІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ОРНЫ ............................10
2.1 Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары ...................................10
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі ................................................................15
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау......................................................................................................................18
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ......................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................33
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-1)
Кесте 1
Капитал шығыны, K | Еңбек шығыны, L | ||||
10 | 20 | 30 | 40 | 50 | |
5 | 8 | 16 | 22 | 26 | 30 |
10 | 16 | 24 | 30 | 34 | 36 |
15 | 22 | 30 | 36 | 40 | 42 |
20 | 26 | 34 | 40 | 44 | 46 |
25 | 30 | 36 | 42 | 46 | 48 |
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады.
Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы кете бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы жиынтық шығындарда өседi.
Кесте 2
Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар.
Жұмысшылар саны | Шығарылған бөлке саны | Еңбектiң шектi өнiмдiлiгi | Құрал – жабдықтарға кеткен шығындар | Жұмыс күшiн жалдау шығындары | Ресурстардың жиынтық шығыны |
0 1 2 3 4 5
| 0 50 90 120 140 150
| 0 50 40 30 20 10
| 30 30 30 30 30 30
| 0 10 20 30 40 50
| 30 40 50 60 70 80
|
Шығару көлемi
150 Өндiрiстiк
100
50
0 1 2 3 4 5 Жұмысшы саны
Сурет-2 – Нан заводының шығындарға байланысты өндiрiстiк функциясы.
Бұл график қолданылған ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ бұл функция шексiз өсе бермейдi, өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына байланысты бiр мезеттен кейiн кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса банкротқа алып баратын жағдай. Себебi жұмысшы көбейген сайын олар бiр-бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-жабдық қажет етедi. Графиктен өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге болады.
Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К) және еңбек (L).
Q = f (L K)
Бұл функцияны алдындағы мысалдың функциясы деп айтсақ болады. Әрбiр технологияға арналған осы тәрiздi өндiрiстiк функциялар әрқалай белгiленедi. Егер технология өзгерсе өндiрiс көлемiде өзгередi, сондықтан өндiрiстiк функцияларда қайтадан жасалады.
II КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
2.1 Жалпы, орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндіріс пен сату өзгергендегі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен мөлшерінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса 3-ші (а) сурет;
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны 3-ші (ә) сурет;
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі, өндірістің көлемінен артық болса 3-ші (б) сурет.
С С
(а) (ә)
VC
VC
Q
(б)
VC
Cурет-3 – Айнымалы шығындар динамикасы
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы болып табылады.
ТС = FC + VC
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Өндіріс көлемі жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа, негізгі және қосымша материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар.
Айнымалы шығындардың жауап ретіндегі коэффицентті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп аатйды. Шығындардың басқа түрлері өндіріс көлемдеріне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорынның әкімшілігінің және қорғанысқа кететін жалақы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығындар деп атайды.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мәні жағынан тұрақты және айнымалы деп бөлуден пайда жоқ. Бірақ барлық айнымалы шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар оған әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері де әр түрлі болып келеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі бір жағдайында өзгермелі көп, ал басқа жағдайларда тұрақты шыығндар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе айнымалыға жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан тәуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы ақпарат өте маңызды болып табылады.
Орташа шығындар ATC – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар. Өндірістің орташа жалпы шығындары өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығын келесі формуламен анықталады:
ATC = TC / Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Осыған сәйкес орташа жалпы шығындарды орташа тұрақты (AFC) және орташа айнымалы (AVC) шығындар деп бөледі. Олар келесідей анықталады:
AFC = FC / Q;
AVC = VC / Q;
Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс әсерімен дәлелденеді.
Ауқымның оң нәтижесі шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары кемігенде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрылады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік пайыздан алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің тікелей және үстеме шығындарын өсіреді.
Дағдарыс кезеңінде бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршендігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.
Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 4-шi суреттен көре аламыз / 6, 173 бет /.
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.