Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
I. ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ............................................................................................5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .....................5
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі
іс-әрекеті ..........................................................................................................6
II. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ШЕШІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ОРНЫ ............................10
2.1 Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары ...................................10
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі ................................................................15
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау......................................................................................................................18
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ......................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................33
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған Индустриялы-Инновация стратегия жасалды.
Бүгiнгi таңда елiмiздiң даму барысында көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:
демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;
бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;
өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;
ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;
елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы.
Осы орын алып отырған мәселелердi шешу үшiн келесiдей iс-шараларды атқаруымыз керек:
өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
сапаның әлемдiк стандартына көшу;
дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өндірістің және оның құрылымының дамуы үшін ең бастысы оған жұмсалатын шығындардың негізін, олардың құрылымын, шығындарды барынша азайту шараларын қадағалап, экономикалық максималды пайда табуды іске асыру керек.
Әлемдiк шаруашылықтың жаһандануына байланысты Қазақстан Республикасы алдағы жылдары Бүкiл Әлемдiк Сауда Ұйымына өтуге дайындалуыда. Ол үшiн елiмiздiң экономикасының қаржы секторының мығым болуымен қатар, экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Ендiгi елiмiз экономикасының тиiмдi дамуында маңызды мәселелердiң бiрi капитал нарығындағы өндiрiстiк капиталдардың негiзгi бөлiгiнiң 80%-ынан астамының тозуына байланысты, iшкi қаржы капиталдары және шетелдiк капиталдарды ұтымды пайдалану арқылы тозған өндiрiстiк капиталдарды әлемдiк бәсекеге қабiлетi жоғары және соңғы құрал-жабдықтармен өндiрiстi, әсiресе өңдеушi өнеркәсiп саласын қамтамасыз ету болып табылады.
Экономиканың қызмет көрсету және өндiрiс саласы деген екi үлкен тармағы бар. Осының iшiнде әсiресе өндiрiс саласында шектеулi ресурстар, оларды тиiмдi пайдалану деген ұғымдарды кездестiремiз. Ресурстарды тиiмдi пайдалану өндiрiстегi технологияларды дамыту, шығынды азайту, инновациялық жаңалықтар енгiзу болып табылады.
Жалпы шығындарды экономикада негізінен тұрақты және айнымалы шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы болып табылады. Сонымен қатар шығындар орташа және шекті шығындар болады, олар өндірістің тиімді көлемін анықтау үшін қажетті болып табылады.
Отандық экономикада бүгінде тұрақты шығындардың, яғни өндірістік құрал-жабдықтардың дерліктей тозуымен байланысты олар көп мөлшерде экономикалық шығындарға ұшырап отыр. Ал айнымалы шығындардың, яғни көптеген өндіріс материалдарының шетелдерден импортталуына байланысты олардың да шығындары жоғары деңгейде болуда. Осы аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы бүгінде экономикалық дамуды шикізаттық бағыттан жоғары технологиялы индустриялы-инновациялы экономикаға өтуді басты бағыт ретінде қолға алды.
Шығындар – бұл кәсіпорынның өзінің өндірілетін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
Өндіріс процессінде айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу – тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Ауыспалы шығындар – бұл осы кезеңдегі уақытқа өнім өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болматын шығындар.
Тұрақты шығындар, жалпы алғанда, өндірілген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлеміне өзгерту жолымен басқарылуы мүмкін. Шығындар бухгалтерлік және экономикалық болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін анықтайды. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық және ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті).
Сонымен, қорыта келгенде, өндірісте болатын шығындарды есепке алғанда, олардың шығу орнына байланысты калькуляциялау әдістерін пайдалану үлкен рөль атқарады. Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның атқаратын қызметіне байланысты, өнім өндіру циклінің ұзақтығына байланысты, шығындардың түрлеріне байланысты оларды есепке алу мен калькуляциялау әдістері қарастырылған. Міне, осындай себептерге байланысты өндірістік шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кәсіпорынның есеп саясатында маңызды орынға ие.
Өндірістік шығындар (негізгі еңбек, негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін.
Отандық экономикада бүгінде тұрақты шығындардың, яғни өндірістік құрал-жабдықтардың дерліктей тозуымен байланысты олар көп мөлшерде экономикалық шығындарға ұшырап отыр. Ал айнымалы шығындардың, яғни көптеген өндіріс материалдарының шетелдерден импортталуына байланысты олардың да шығындары жоғары деңгейде болуда. Осы аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы бүгінде экономикалық дамуды шикізаттық бағыттан жоғары технологиялы индустриялы-инновациялы экономикаға өтуді басты бағыт ретінде қолға алды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
2. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
3. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. –464 б.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
5. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
7. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
8. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
9. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
10. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. - с. 38-44.
11. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. - №6, 2000 г. – с. 3-6.
12. “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” Стратегия. – Алматы, 2003 ж.
13. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРАМ, 1995.
14. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992.
15. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2006 жыл.
16. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330б.
17. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
18. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
19. «Гермес» ЖШС-нің 2008 жылғы «Жылдық қорытынды есебі» - www. railways. kz сайты.
3