Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
I. ФИРМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ............................................................................................5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .....................5
1.2 Фирма шығындардың түрлері және олардың қысқа мерзімдегі
іс-әрекеті ..........................................................................................................6
II. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ШЕШІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ОРНЫ ............................10
2.1 Фирманың жалпы, орташа және шекті шығындары ...................................10
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі ................................................................15
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау......................................................................................................................18
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ......................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................33
Шығындар
АС2
АС1 Орташа жиынтық
Q2 Q1 Өнiм көлемi
Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. Кәсіпорынның тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.
Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындар мен ғана емес, шекті шығындармен де есептесу қажет.
Шекті шығындар (МС) – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындарды көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
MC = ∆TC / ∆Q
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – доға тәрізді формада болады. Бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты – еселеп өсіп отыратын қосымша күн шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады.
Бастапқы шекті шыығндар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың әсерімен байланысты. Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:
MC = ∆VC / ∆Q
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шыығндар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем алуымызға болады.
МС, АС және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Келесі графикте бұл ереже МС қисық сызығының АС және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни МС = min AC.
Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қиысық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.
Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарыынң қисықтарын график түрінде көрсетейік.
С
МС
Р
АС
AVC
Р min
Qmin Q опт Q
Сурет-5 – Орташа және шекті шығындардың қисығы
МС, AVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі. Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және AVC қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені AFC бұл кезде азаяды.
Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін таңдаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін ескеріп отырады.
2.2 Шығындар және еңбек өнімділігі
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде - өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін, оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі айқындалады.
Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің ( еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділікьің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлемі / Тірі еңбек шығындары
Басқа да көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің тар және кең мағынасы болады. Оның тар мағынасында өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестің тиімділігін сипататйтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары көрсетілмейді.
Кәсіпорындардың мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекетінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі, сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады, яғни өнімділікті кеең мағынада түсінуге.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:
Біріншіге, өнімділіктің статикалық коэффиценттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге, өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффицентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффиценті. көрсеткіштері
Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Оны келесі суреттен көре аламыз:
Осы уақыт мерзімінде
пайдаланалған ресурстар
көлемін көрсетеді
Сурет-5 - Өнімділікке байланысты шығындар
Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.
Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны.
Басқа салаларда шығындардың айырмашылығы дүниеге әкелетін жағдайлар – жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құру, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен мамандану дәрежесі. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрінің басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.
Бүгінгі заманда салалар масштаьында шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:
Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;
Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;
НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.
Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.
Қазіргі заманда ілгері дамыған елдерде көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны соншама, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып табылады. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатты болып табылады.
Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындардың шығындарының өзгерістері, автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты. Автоматтандыру тұрақты шығындардың және инвестициялардың өсуіне және өзгермелі шығындардың төмендеуіне әкеліп соғады. Өндіріс шығындары құрылымындағы осындай өзгерістер өндіріс қуаттарын толық пайдалануға ынталандырады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.
Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 8-шi суреттен көре аламыз.
Суреттен көрiп отырғанымыздай монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.
Баға
Орта жиынтық шығындар
Реттелген Шектi шығындар
баға деңгейi
Сұраныс
Өнiм көлемi
Бiздiң мемлекетiмiзде табиғи монополияларды реутеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын мұнай және газ саласына, элекетр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.
2.3 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау
ЖШС «Гермес» 1998 жылы сатушы кәсіпорын негізінде құрылған. Қазіргі таңда ЖШС «Гермес» сусын өнімдері (СОСО-СОЛА, ПЕПСИ) нан, макарон, кондитер, пряник, печенье, балмұздақ, сүт өнімдерін таратудан ірі кәсіпорындар қатарында.
Қазіргі таңда кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 90 адам, соның ішінде негізгі өндіріс жұмысшылары 60 адамды құрайды.
Кәсіпорын құрамыны келесідей сату бөлімдері кіреді:
1. Тоқаш - нан
2. Сусын, напиток
3. Макарон өнімдері
4. Печенье және пряник
5. Торт
6. Кондитерлік
7. Балмұздақ
8. Сүт өнімдері
9. Ет және шұжық өнімдер /12/
ЖШС «Гермес» кәсіпорын шет елден және отандық жоғары сапалы технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын құрылған күннен бастап онда өнімнің сапасын бақылап отыратын ішкі фирмалық жүйе (лаборатория) жұмыс істейді.
Кәсіпорын стратегиясы:
- тұтынушыларға өнімдерді жеткізу, толық қызмет көрсету, ассортиментті кеңейту;
- тұтынушы нарығын зерттеу, өнім бәсекелестігін жоғарылату, жеке тапсырыстарды орындау;
- сауда жүйесінің жұмысын бақылау.
Фирма саясаты тауар айналымын және өндіріс шығындарын азайту, бұл нарықтың көп бөлігін жаулап алуға көмектеседі.
Осы стратегияны жүзеге асыратын, барлық бөлімшелердің қызметін байланыстыратын маркетинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім фирманың жарнама саясатымен айналысады және кәсіпорынның жұмысында жаңа бағыттарды анықтау үшін нарықты зерттейді.