Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа
Экономикадағы түбегейлі өзгеріс - адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрінісі — жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту - жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу-халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.
КІРІСПЕ
3
1.НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
5
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
9
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
12
2. “РАХАТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ
17
2.1 “Рахат” Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
17
2.2 “Рахат” Акционерлік қоғамының еңбек ақы жүйесін талдау
23
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шетел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру
25
3.2 “Рахат” Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
30
ҚОРЫТЫНДЫ
34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР
36
Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд - қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады; біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
2- сурет Еңбек ақыны ұйымдастыру
1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.
Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбек ақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар сайын (21) және разрядтарға катысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбек ақысындағы арақатынастардың мәтінін көрсетеді.
1-кесте Еңбек ақыға арналған бірыңғай тарифтік тор
Еңбек ақы Төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффи- Циенттер |
Еңбек ақы төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффи-циенттер |
1 |
1,0 |
12 |
2,20 |
2 |
1,07 |
13 |
2,37 |
3 |
1,15 |
14 |
2,55 |
4 |
1,24 |
15 |
2,74 |
5 |
1,33 |
16 |
2,95 |
6 |
1,43 |
17 |
3,17 |
7 |
1,54 |
18 |
3,43 |
8 |
1,66 |
19 |
3,67 |
9 |
1,78 |
20 |
3,94 |
10 |
1,91 |
21 |
4,24 |
11 |
2,05 |
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапозон (ауқым) жатады.
Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбек ақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбек ақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбек ақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбек ақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ
2.1 «Рахат» Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
Соғыс жылдары Алматы қаласына көшiрiлген Москва және Харьков кондитер мекемелерi негiзiнде құрылған Алматы кондитер фабрикасы ең
алғашқы өнiмiн 1942 жылы шығарды. Қазiргi уақытта “РАХАТ” АҚ-нда техникалық мүмкiншiлiктерi бүгiнгi салалық ғылымдар мен техникалардың даму дәрежесiне сәйкес келетiн тәттi тағам өндiрiсiнiң барлық дәстүрлiк технологиялары бар. Кәсiпорында 2200 адам өнiмдi еңбек етуде. Өндiрiстiк күштердiң жыл сайын 65000 тонна кондитер өнiмдерiн шығаратын мүмкiндiгi бар. Қазiргi уақытта кәсiпорында: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир шығаратын 6 цех жұмыс iстеуде.
Фабриканың зертханасы шикiзаттың және
өндiрудiң барлық сатысында өнiмнiң сапасына
бақылау жасап отырады. Салқын тасымалдауыштарды
экологиялық қауiпсiз салқын тасымалдауыштарға
ауыстыру арқылы салқындату жүйесi жетiлдiрiлдi.
Өндiрiстi автоматандыру деңгейi де тұрақты
дамуда. Қолданыстағы механизмдердiң 100-ден
астамы күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Осының
бәрi цехтар бiр қалыпты жұмыс iстеуiн, технологиялық
процестердiң параметрлерiнің қатаң сақталуын,
цехтардың бар қуатын күшейтудi, қазiргi
заман технологияларын қолдануды қамтамасыз
етедi. Шоколад дайындайтын цехтың жыл
сайын 3,6 мың тонна какао бұршағын өңдеу
мүмкiндiгi бар. Нәтижесiнде жоғары сапалы
какао майы, ұнтақталған какао ұнтағы,
шоколад глазурi өнiмдерi дайындалады.
Бұдан басқа, фабриканың
кондитерлiк өнiмдер ассортиментiне төмендегiлер
кiредi: шоколад - вафелдi, пралине, помадалы
және желе, көп қабатты кәмпиттер; мұздақ,
жемiс-жидек толтырыл- ған, бұлғанған, помадалы
және қабатталған салмалары бар, глазурленген
карамельдер; сегiз түрлi ирис, желатиннен
жасалған мармелад, капол және қант қосылған
желелi мармелад пен глазурленген мармелад,
ақшыл-қызғылт зефир және глазурленген
зефир, дессертiк тақта шоколадтар, сүт
қосылған, ашшы, қоспалар қосылған және
салмалары бар шоколадтар, кеуектi шоколадтар;
негiзi желатиннен жасалған мармелад, жаңғақ
пен жүзiмнен жасалған драже; қлшеулi, бөлшектеп
өлшенген, глазурленген вафли; түрлi қаптамадағы
қантты және затяжное печеньелерi; диабетпен
ауыратындардың тұтынуына рұқсат етiлген
нәрлiлiгi төмендетiлген қант алмастырғыштарынан
жасалған “На здоровье” сан алуан түстi
брендiнiң құрамына кiретiн шоколад, кәмпит,
печенье, вафли, драже; шығыс тәттiлерiнiң
төрт түрi бар. Өнiмнiң сексеннен астам
түрi салмағы 20-500г полипропилендi, картонды,
флатты қаптамаға бөлшектеп салынып шығарылады.
“Рахат” АҚ өз әрiптестерiне
шығарылатын өнiмдi сатуда мейлiнше қолайлы
жағдай жасауды өзiнiң ең маңызды мақсаты
деп бiледi. Сондықтан көтерме саудагерлерiмен
бiрлесе жұмыс iстеу үшiн оларға ұтымды
экономикалық және ұйымдық ынталандыруларды
ұсынады.
Өндiрiстiк инфрақұрылымның құрамында
логистиканың тиiмдi сызбасы қолданылуда.
Ол экспорттық және импорттық операцияларды
үлкен мөлшерде iске асыруға, тұтынушыларға
өнiмдi жеткiзудi тиiмдi ұйымдастыруға, тұтынатын
кондитерлiк өнiмдерi қарбалас кезде жан-жақты
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қойма
орындары ауа тазартатын қондырғыларымен
қамтамасыз етiлген. Жүк таситын автокөлiк
жылу өткiзбейтiн қораптармен жабдықталған.
«Рахат» кондитер фабрикасы «Песни Абая» және «Сказки Пушкина» деген атаумен шоколад – вафли кәмпитерінің жаңа екі түрін шығарды. Бұндай ассортиментті кенейту екі мемлекеттің: Россиядағы "Абай Жылы" мен Қазақстандағы "Пушкин Жылы", мәдени өміріндегі қоғамдық маңызды уақиғаларға орайластырылған. Аталған кәмпиттерде жаңа рецепт жүзеге асырылған.
«Рахат» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасына тоқталып кететін болсақ:
3.1 Қоғамның мүлкі:
а) акцияларды орналастыру кезіндегі төлемнен;
б) қызметтен түскен табыстардан;
в) ҚР заңнамасы тыйым салмаған негіздер бойынша алынған өзге мүліктерден құралады.
5.1 Жоғары орган- Акционерлердің жалпы жиналысы;
5.2 Басқару органы- Директорлар кеңесі;
5.3 Атқарушы орган (алқалы)- Басқарма, оны Төраға басқарады да, Басқарманың Төрағасы (бұдан әрі «Қоғам Президенті») деп аталады;
5.4 Ішкі аудит қызметі.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы құзыретіне кіретін мәселелерге келесі мәселелер жатады:
6.1 Қоғам Жарғысына өзгертулер мен толықтырулыр енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту;
6.2 Қоғамды өз еркімен қайта құру немесе тарату;
6.3 Қоғамның жарияланған акциялар санын өзгерту туралы үкім шығару;
6.4 Есеп комиссиясының мүшелерінің сан құрамын, өкілеттілігінің мерзімін айқындау,коммисиясының мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
6.5 Директорлар кеңесінің мүшелерінің санын, өкілеттілігінің мерзімін айқындау, мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай- ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы шарты мен мөлшерін анықтау;
6.6 Қоғамда аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарды айқындау. Жылдық қаржы есебін бекіту;
6.7 Қоғамның жылдық қаржы есебінен түскен таза табысты бөлу тіртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау, жыл қорытындысы бойынша бір жай акцияға шаққандағы дивидед мөлшерін бекіту.
7. Атқарушы орган. Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады, ол алқалы атқарушы орган болып табылады Қоғамның атқарушы органы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының басқа заң акетілермен және осы Жарғымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызбаған Қоғамның қызметі барысындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Атқарушы орган Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің орындауға міндетті.
8. Қоғам қызметінің тоқтатылуы:
8.1 Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
8.2 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешімді кредиторлардың келісімдері бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілеп Акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды. Ірі акционерлер өздерінің өкілін Қоғамды тарату комисиясының мүшесі етуге құқылы;
8.3 Қоғамды мәжбүрлеп тарату үшін мына төмендегі банкрот болғаны туралы арызы болған жағдайда;
8.4 Қоғамды құрған кезде, жою мүмкінділігі жоқ, заң актілерінің бұзылуына байланысты Қоғамның тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда сот мәжбүрлеп тарату туралы үкім шығара алады;
8.5 Қоғамды тарату бойынша осы Жарғыда көзделмеген жағдайда заң актілері белгілеген өзге негіздер бойынша тарату мүмкін;
Информация о работе Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери