Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа
Экономикадағы түбегейлі өзгеріс - адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрінісі — жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту - жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу-халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.
КІРІСПЕ
3
1.НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
5
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
9
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
12
2. “РАХАТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ
17
2.1 “Рахат” Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
17
2.2 “Рахат” Акционерлік қоғамының еңбек ақы жүйесін талдау
23
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шетел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру
25
3.2 “Рахат” Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
30
ҚОРЫТЫНДЫ
34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР
36
3.2 «Рахат» Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
Курстық жұмысым «Рахат» АҚ мысалында жазылды. Кәсіпорынның қызметі кондитерлік өнімдерді өндіру.
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарт бойынша реттеледі. Бұл келісім-шарт қорытындысы жалдамалы жұмысшы үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Кәсіпорын еңбек ақы төлеуде мерзімдік жүйені қолданады. Яғни, әр жұмысшының жұмыс істеу уақыты белгіленіп, соған сай еңбек ақысы төленеді.
Жалпы кәсіпорында еңбек ақыны төлеу жақсы ұйымдастырылған. Еңбек ақыны төлеуді жұмысшының білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Кәсіпорын жас мамандарды жұмысқа алғанда, оларға жеңілдіктер беріледі. Яғни, 10-күн ішінде олар оқыту мерзімін өтеді.
Еңбекті жетілдіріп ынталандырады деп тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесі ұсынылып отыр.
Тарифсіз еңбек ақыны төлеу жүйесі бойынша жұмыскердің еңбек ақысы толықтай оның істеген жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Бұл жүйені келесі жағдайларда қолдануға ұсыныс беріледі:
Осы жағдайларға карай отырып «Баян Сұлу» зауытында бұл тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесін қолдануға жақсы жағдай бар екенін көруге болады.
Ұсынылып отырған еңбек ақыны тарифсіз жүйе бойынша төлеудің келесідей жүйелері бар:
Жоғарыда айтылғандай әр жұмыскердің еңбек ақысы (Зпi) оның түгел ұжымының тапқан еңбек ақы қорындағы пайын көрсетеді және келесі формула арқылы табылады:
= (4)
Мұнда - жұмыскерлер арасында бөлінетін еңбек ақы қоры;
- әр жұмыскерге еңбек ақы төлеу уақытында берілген жұмысқа қатынасу коэффиценті (балл есебінде немесе басқа қабылданған шартты бірлік бойынша);
- әр жұмыскерге еңбек ақы төлеу уақытында берілген жұмысқа қатынасу коэффиценті (балл есебінде немесе басқа қабылданған шартты бірлік бойынша);
- жұмыскердің жұмыс істеген күш саны;
- еңбек ақы қоры бөлінетін жұмыскер саны.
Жұмыстың әртүрлі еңбек ақы төлеудегі қатынас ставкасын кұру, тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесінің негізі бола тұра ең маңызды жұмыс болып табылады.
Жаңа жүйені кіргізудің тиімділігі, оның жұмыс нәтижесінің сапасы санына байланыстылығы, жоғары екпінмен жұмыс істеуге ынтықтыру, өзінің ақыл парасат, күш потенциалын толық қолдану бәрі осы қатынас сеткасының дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Бұл сетканың жоғарғы дәрежелігі мен нақтылы негіздігі еңбек ақы төлеудегі әлеуметтік сақталуының, әлеуметтік қорғанышын нарық экономикасы кезіндегі негізгі себебі болып табылады.
Сетканы ұйымдастыру кезінде келесі мәселелерді шешу қажет:
Бұл мәселелерді шешуде кәсіпорынның ерекшелігі мен өзгешелігін есепке алған дұрыс. Бұрынғы еңбек ақы төлеу жүйесіндегі тариф жүйесін қызметтік айлық жүйесін, т.б. нормативтік кұжаттарды қолдануға болады.
Жұмыскердің еңбек ақысының көлемінің кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижесімен арасындағы тығыз байланысы болу үшін жергілікті зауыт ішінде пайда нормативін ұйымдастырған жөн. Бұл нормативке байланысты ұжымның бір айлық еңбек ақы төлеу қоры құрылады. Егер кәсіпорында бірнеше бөлімдер болса, онда жалпы зауыттың еңбек ақы төлеу қаржысын бірнеше жеке еңбек ақы төлеу қаржысына бөлуге тура келеді.
Жұмыскердің еңбек ақысы мына формула арқылы табылады:
Мұнда: , , - еңбек ақының 1,3...j бөлімдердегі мөлшері;
, , - коэффицентінің 1,2...j бөлімдердегі жұмысшылар үшн мәні;
, , - 1,2...j бөлімдегі жұмысшылар саны;
, , - 1,2...j бөлімдердің еңбек ақы төлеу қоры;
- жұмысшының жұмыс істеген сағаты.
Жалпы еңбек ақы төлеу қоры барлық бөлімдердің қаржы қорының қосындысына тең болу керек:
= + +...+ = (6)
Мұнда: m- кәсіпорынның бөлімдерінің саны;
Кәсіпорынның жеке бөлімдерінің еңбек ақы төлеу қорының құрылу механизімін ұйымдастыру қиын. Мұнда бірнеше варианттар болуы мүмкін:
- Бұрын қалыптасқан сайма сайлықты (прапорцияны) қолдануға болады.
- Жеке бөлімдердің кәсіпорынның шығарған өнімдегі пайы. Бұл вариантты көбінесе қолдануға болмайды, өйткені көптеген ірі кәсіпорын структурасында- тікелей өнім шығаруға қатынаспайтын бөлімдер бар. Және оларсыз өнім шығару процесі дұрыс жұмыс істемейді (транспорт цехы, электро цех, тепло цех, т.б.);
- Нақтылы бөлімнің Кі коэффициентінің жалпы мәнінің кәсіпорын бойынша Кі мәніндегі пай мөлшері. Бұл вариантты қатынас сеткасын дұрыс ұйымдастырғанда, сенім болғанда ғана пайдаланған тиімді.
Бекітілген еңбек ақыны төлеудің қатынас вилкасы арқылы таратылатын жалпы кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорын ұйымдастыру кезінде 1- 2 нақтылы бөлімшелер үшін жеке еңбек ақы қорын қарастыруға болады. Мысалы: тамақ дайындау комбинаты үшін. Бұл қорды нақтылы тұрақты түрде белгіленген мөлшерде тағайындалған дұрыс.
«Рахат» АҚ даму жолында өнім өндіру мен жалақы саясатын жетілдіру мақсатында бірқатар бағыттарды анықтау қажет:
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда көрсетілген курстық жұмысымда еңбек ақының мәнің қарастырып, келесідей қорытындыға келуге болады: Еңбек ақы әр адамның ұтымының және елдің әлеуметтік экономикалық өміріндегі негізгі фактор болып саналады. Еңбек ақыны үйымдастыру аркылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.
Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін жетілдіруінің негізгі бағыты еңбек ұжымының қызметінің соңғы қортындысына тікелей байланысты болуында. Бұл міндетті атқаруда еңбек ақыны төлеу нысаны мен түрлерін дұрыс қолдану көп ықпал етеді.
Еліміздегі қолданып жүрген еңбекті нормалау, ұйымдастыру түрлері және де еңбек ақы төлеудің түрлерін қарастырып, оларға сипаттама бердім. Мысал ретінде «Рахат» зауытындағы еңбекті ұйымдастыру мен еңбек ақы төлеу жүйесінің қолдануы көрсетіледі. Бұдан басқа алдыңғы қатарлы дамыған елдерде қолданылатын еңбек ақы төлеу жүйелеріне талдау жасалды.
Сонымен қатар қазіргі заманға сай прогрессивті тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесі қаралып өтті. Бұл жүйе қолданылатын «Рахат» зауытының мысалында еңбек ақының қалыптасып оны ұйымдастыру жағдайлары көрсетілді.
Бұл ұжымда еңбектің бөлінуі мен кооперациясы ұжымның әлеуметтік құрамын анықтайды. Зауытта еңбектің ұйымдастыру және басқару функциялары зауыттың бекітілген уставы негізінде және де қызмет нұсқамасы негізінде іске асырылады.
«Рахат» зауытында еңбекті нормалау, жаңа еңбек ақы төлеу жүйелерін қолдану жолында көп жұмыстар істеліп жатыр.
Курстық жұмысты жазу барысында мен өзімнің мамандығым бойынша көп нәрселерді біліп, таныстым. Мен еңбек ақыны қалай төлеуді ұйымдастыру керек екендігін, өзекті мәселелерді қалай шешу керек екендігін білдім деп ойлаймын. Қазіргі нарықтың даму кезінде бұл мәселелерге көп көңіл бөлініп келе жатыр. Біздің мемлекет тарапынан, президент тарапынан да көңіл көп бөлінуде.
Минималды жалақыны жыл сайын көтеруге тырысып қана қоймай, біздің елде жұмыссыздықты жоюмен айналысатын органдар тағайындалып, оларды қаражаттандыруда.
Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру Швеция мен Жапония мысалында қарастырылды. Әр елдің жүйесінде өздерінің ерекше белгілері бар: Швеция біріңғай еңбек ақы, Жапонияда стаж бен оңтайлық үшін қосымша төлемдер қарастырылған.
Еңбек ақыны төлеу кезінде шет елдердің тәжірибесін ескеріп, жаңадан пайда болған технологияларды қолдана отырып, заманға сәйкес соңғы өзгерістерді ескеру керек деп ойлаймын.
Қазақстанда соңғы жылдары технология дамып келуде. Республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып, экономикалық мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау — халықтың игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Біз оларды дұрыс қолдана отырып, еңбек ақы төлеу жүйесіне дұрыс енгізе білуіміз керек. Ол үшін тиісті мамандандырылған жұмыскерлерді жұмыс процесіне тарта білу керек. Сонда ғана кәсіпорынның еңбек ақы төлеу жүйесі дұрыс қалыпына келеді деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери