Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа

Описание

Экономикадағы түбегейлі өзгеріс - адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрінісі — жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту - жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу-халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1.НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
5
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
9
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
12
2. “РАХАТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ
17
2.1 “Рахат” Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
17
2.2 “Рахат” Акционерлік қоғамының еңбек ақы жүйесін талдау
23
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Шетел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру
25
3.2 “Рахат” Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
30

ҚОРЫТЫНДЫ
34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР
36

Работа состоит из  1 файл

нарык жагдайындагы енбекакы.docx

— 438.00 Кб (Скачать документ)

     8.6 Қоғамды тарату туралы негіздер бойынша, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүдделігі бар тұлғалар Қоғамды тарату туралы талап- арыздарын сотқа табыс етеді;

     8.7 Соттың Қоғамды тарату туралы шешімімен немесе осы баптың екінші тармағында көрсетілген негіздер бойынша Акционерлердің жалпы жиналысының Қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комисиясы (таратушы) тағайындалып оған Қоғамды тарату рәсімін жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктеледі. Аталған құқықтар Қоғамға, Қоғам тағайындаған уәкілге немесе сот тағайындаған өзге органға (тұлғаға) жүктелуі мүмкін;

     8.8 Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдармен реттеледі.

 

     «Рахат» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдауына тоқталайық.

     2-кестеге келетін болсақ, бұл кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін көрсетеді. Өзіміз көріп отырғанымыздай, бірінші көрсеткіш бойынша әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның соңғы қадамы. Бұл өнімді өткізудің жұмысының эффектісі, оның цехтарының, түскен табыстың талдауының және басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады. Бізде өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 302070,0 мың теңгеге өсті, ол 17,0% құрайды.

     Екінші көрсеткіш өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайды. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмыстарының кеңдігін, шаруашылық субъекті деңгейін көтеруге болады. Бізде ол 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 434461,0 мың теңгеге өсіп, 31,3% құрап отыр. Өнімнің өзіндік құнының жоғарлауы ескі технологияларды пайдаланумен, электрэнергияның және ресурстардың бағасының жоғарлауынан әсер етуі мүмкін.

     Үшінші көрсеткіш бойынша жалпы табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 132391,0 мың теңгеге төмендеп отыр, ол 65,7% құрайды. Оның себебі, өнімнің өзіндік құнының артуы және негізгі қызметтен түскен табыстың төмендеуінен болады.

     Төртінші көрсеткіштен  көріп отырғанымыздай кезең шығындары өсуде, яғни 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 19758,0 мың теңгеге өсіп отыр, 7,5% құрайды. Ол әкімшілік  шығындар  және  пайыздар  бойынша  шығындардың  өсуінен болуы мүмкін.

 

 

 

2- кесте «Рахат» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау.

 

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2004

2005

ауытқулар

+-

%

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың. теңге

1772528,0

2074598,0

302070,0

117,0

2

өткізілген өнімнің  өзіндік құны.

мың. теңге

1387091,0

1821552,0

434461,0

131,3

3

Жалпы табыс

мың. теңге

385437,0

253046,0

-132391,0

65,7

4

Кезең шығындары

мың. теңге

262701,0

282459,0

19758,0

107,5

5

негізгі қызметтен түскен табыс

мың. теңге

122736,0

-29413,0

-152149,0

-

6

негізгі емес қызметтен  түскен табыс

мың. теңге

1277,0

155140,0

153863,0

12148,8

7

салық салғанға дейінгі  табыс

мың. теңге

134013,0

125726,0

-8287,0

93,8

8

таза табыс

мың. теңге

85229,0

74626,0

-10603,0

87,6

9

1 тг-ге шаққандағы шығын

 теңге

0,93

1,01

0,1

109,0

10

өнім рентабелділігі

%

5,2

3,5

-1,6

-

11

сату рентабелділігі

%

4,8

3,6

-1,2

-

12

Жұмыскерлер саны

адам

602,0

687,0

85,0

114,1

13

Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың. теңге

2944,4

3019,8

75,4

102,6

15

Жұмыскерлердің еңбек  ақы қоры

мың. теңге

223065,0

230032,0

6967,0

103,1

16

бір жұмыскердің орт. айлық еңбек ақысы

теңге

30878,3

27903,0

-2975,4

90,4

17

негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

мың. теңге

1808383,0

1832029,0

23646,0

101,3

18

қор қайтарымдылығы

 теңге

1,0

1,1

0,2

115,5

19

қор сыиымдылығы

 теңге

1,02

0,88

-0,1

86,6

20

қормен қарулану

мың. теңге

3004,0

2666,7

-337,2

88,8


 

     Бесінші көрсеткіш мәліметтері негізгі қызметтен түскен табыстардың 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 152149,0 мың теңгеге төмендеп отыр.

     Алтыншы көрсеткіш -  негізгі емес қызметтен түсетін табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 153863,0 мың теңгеге өсіп, ол 14 есе артып отыр.

     Жетінші көрсеткішке. Салық салғанға дейінгі табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 8287,0 мың тенгеге төмендеп, (-6,2%) құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

     Сегізінші көрсеткіш таза табыс 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 10603,0мың теңгеге төмендеп, -12,4% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

     Тоғызыншы көрсеткіш бір теңгеден түскен табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 0,1-ге өсіп, 9% құрайды.

     Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

     Оныншы көрсеткіште қарастырып отырған кәсіпрынның өнім рентабелділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда - 1,6%-ға төмендеп отыр. Оның себебі жалпы табыстың төмендеуі және өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

     Он бірінші көрсеткіш сату рентабельділігі 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда – 1,2%-ға  төмендеп отыр.  Оның  себебі  өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

     Он екінші көрсеткіш жұмыскерлер саны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 85 адамға көбейді, ол 14,1% құрайды. Оның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі.

     Он үшінші көрсеткіші жұмысшының еңбек өнімділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 75,4 мың теңгеге өсті және ол 2,6% құрайды. Оның  себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

     Он төртінші көрсеткіш жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 6967,0 мың теңгеге өсіп, 3,1% құрайды. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

     Он бесенші көрсеткіш бір жұмысекрдің орташа айлық еңбек ақысы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 2975,4 теңгеге өсіп, 9,6% құрайды. Ол жұмысшылар санының өсуіне байланысты болуы мүмкін.

     Он алтыншы негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 23646,0 мың теңгеге өсіп, 1,3% құрайды. Ол қор қайтарымдылығының өсуімен байланысты.

     Негізгі капиталдық пайдалану деңгейі бір жағынағн фондтар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорының прогресивти технологиялық саясат болса, екінші жағынан өнімді шығару барысында өндірісті ұйымдастыру мен технология. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың  арасындағы ең негізгі көрсеткіштер болып қор қайтарымдылығы,қор сыйымдылығы саналады.

     Он жетінші көрсеткіш қор қайтарымдылығы  2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 0,2 теңгеге өсіп, 15,5% құрайды. Оның себебі технология мен өндірісті ұйымдастыру болып табылады.

     Он сегізінші көрсеткіш қор сыймдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 0,1 теңгеге төмендеп, (-13,4)% құрайды. Оған  әсер  еткен 2005 жылы  жалпы табыстың төмендеуі және өнім мен сату рентабельділігінің азаюы әсер етуі мүмкін.

     Он тоғызыншы көрсеткіш қормен қарулану 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 337,2 мың теңгеге өсіп, (11,2)% құрайды.   

 

2.2 «Рахат»  акционерлік қоғамының еңбек  ақы жүйесін талдау

     «Рахат» зауытында басты орын қызметкерлеріне мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі және қызметақы төлеу әдісі қолданылады. Ал өндіріс орнындағы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеуде жаңа әдіс тарифсіз төлеу жүйесі қолданылады.

 

3- кесте. Зауыттағы сату және еңбек ақы мөлшері

 

Ай

Сату мөлшері млн.тг

Еңбек ақы қоры млн.тг

Қаңтар

14,56

4,16

Ақпан

16,73

4,83

Наурыз

18,23

5,6

Сәуір

14,28

4,08

Мамыр

14,01

3,96

Маусым

13,45

3,84

Шілде

15,16

4,25

Тамыз

16,08

4,76

Қыркүйек

18,46

5,67

Қазан

20,03

6,10

Қараша

19,24

5,95

Желтоқсан

17,6

5,41


  

     Егерде бұлар тура байланысты болса, онда олардың қатынасының тығыздығы корреляция коэфициентін келесі формула арқылы табады:

 

 

                (3)

 

     Есептеуді 4-кестесіне түсіреміз

 

4-кесте Корреляция  коэфициентің есептеу

 

Ай

Млн.тг сату мөлшері

Еңбек ақы қоры млн.тг уi

Yi*Xi

Xi2

Yi2

Қаңтар

14,56

4,16

60,57

211,99

17,30

Ақпан

16,73

4,83

80,80

279,89

23,32

Наурыз

18,23

5,6

102,08

332,3

31,36

Сәуір

14,28

4,08

58,26

203,91

16,65

Мамыр

14,01

3,96

55,48

196,28

15,68

Маусым

13,45

3,84

51,65

180,90

14,74

Шілде

15,16

4,25

64,43

229,83

18,06

Тамыз

16,08

4,76

76,54

258,56

22,65

Қыркүйек

18,46

5,67

104,66

340,77

32,15

Қазан

20,03

6,10

122,79

405,77

37,21

Қараша

19,24

5,95

114,48

370,17

35,40

Желтоқсан

17,6

5,41

92,83

294,46

29,27

Барлығы

197,49

58,62

984,57

3304,28

293,79


 

      (3)

 

    Бұл коэфиценттің шамасы сату мөлшерінің шамасы мен еңбек ақы арасындағы байланыстың мәні аздау екенін көрсетеді.

    Сонымен «Рахат» зауытындағы өндіріс цехінің жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу амалы мен оның мөлшерін анықтауды қарап өттік. Зауытта негізгі жұмыскерлерге оларға тағайындалған разряд бойынша орта есеппен бір айда 40000 мың теңгеден жоғары еңбек ақы төленеді.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ

3.1 Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру

     Шет елдерде кіріске қатысу, яғни еңбек өнімділігінің өсуі немесе сапасының көтерілуі нәтижесінде алынған қосымша пайданы қызметкерлер мен компания арасында бөлу сияқты материалдық көтермелеу түрі жеткілікті түрде кең қолданылады.

     Скэнлонның, Ракердің және Ипрошеардың пайдаға қатысу жүйелері ең белгілі болып табылады.

     Скэнлон жүйесінде жүзеге асырылған өнім көлемінің кұнындағы еңбек ақы үлесінің төмендеуі есебінен пайда болатын экономия бөлінеді. Ол үшін нақты жүзеге асыру көлемі базалық кезеңдегі іске асқан өнімнің кұнындағы еңбек ақы үлесіне көбейтіледі. Алынған сомадан еңбек ақының нақты шығынын алып тастайды. Экономия жағдайында (еңбек ақы бойынша іске асыру долларының шығынының төмендеуі) ол қызметкер мен компания арасында 3:1 қатынасында бөлінеді. Сыйақыға бағытталғын соманың 1/5 бөлігі еңбекті төлеуге арналған резервтік корға кетеді, ал қалған бөлігі еңбек салымы бойынша бөлінеді. Бұл жүйе өзіндік құнындағы еңбек ақы төлемі шығынының үлесі жоғары және өнімінің еңбексыйымдылығы жоғары болып келетін өндіріс орындарында қолдануға ұсынылады.

     Капитал сыйымды салалар үшін шартты таза өнімде (бұл несие мен банк төлемдерінің проценттерін, пайдаланылған шикізат пен материалдардың құнын, тауарлық запастардың өзгеруін, өзге ұйымдарға арналған басқа да төлемдерді алып тастағанда шығатын сату көлемі ретінде анықталады) еңбек ақы үлесінің төмендеуі экономия көзі болып табылатын Ракер жүйесі ұсынылады. Экономияны есептеу үшін «Ракер стандарты» - жылдар қатарының орташа мөлшері ретіндегі ТӨҚ (таза өнімге қатынасу) еңбек ақы үлесі арқылы анықталады. ТӨҚ нақты мөлшерін Ракер стандартына көбейтеді және алынған сомадан еңбек ақыға кететін нақты шығынды шегереді. Осылайша кірісінің бөлігі жыл сайын қызметкерлердің сыйақысына бағытталатын экономия сомасы анықталады. Капиталсыйымды салаларда осы жүйені колданудың мақсатқа сайлығы ТӨҚ долларына еңбек ақы шығынының төмендеуі еңбексыйымдылықтың төмендеуіне (еңбек төлемі қорының азаюы), сондай-ақ өнімнің материалсыйымдылығына жету мүмкіндігімен шартталған.

Информация о работе Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери