Несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа

Описание

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

несиие.doc

— 295.50 Кб (Скачать документ)

Несие 

КІРІСПЕ 

    1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ  КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ НЕСИЕНІҢ МӘНІ 
         ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
     

      1.1 Қазақстанда несиенің мәні және  қажеттілігі

     1.2 Несиелік қатынастардың құрылымы 

    2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  НЕСИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ 
         БОЛАШАҒЫ
     

      2.1 Несие формалары және функциялары

      2.2 Қарыз пайызының экономикалық  қатынастары 

          3 ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

      3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны

3.2 Қазақстандағы  несиелік қатынастарды жетілдіру  жолдары 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 

КІРІСПЕ 

     Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

     Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

     Шаруашылық  буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады.

     Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші денгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.

     Коммерциялық  банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

     Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

     Коммерциялық  несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Банктік   иесие  -   ол   банкте   шоғырланған   қаражат қорынан  клиенттерге  кайтарым  мерзімін  белгілеп,   ақша түрінде берілетін несие.

     Несиенің  түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

     Несиенің  функцияларын қарастыру үшін келесідей  ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

     Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.

     Сонымен, несиелік қатынастарды несиенің формалары  рдағы несиенің формаларын түрлерін және функцияларына негжәне түрлері сипаттайды және оның функциялары оның қызметтерін реттейді, яғни несиенің формаларын және функцияларын қарастыру осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

     Курстық жұмыстың мақсаты – несиелік қатынастаізгі анықтамаларын беріп, оларды қарастыру.

     Жоғарыда  айтылған мақсатқа байланысты курстық жұмыстың төмендегідей міндеттері қойылады:

  • экономикалық категория ретінде несиенің мәнін және қажеттілігін анықтау;
  • несиенің формалары мен түрлерін қарастыру;
  • несиелік қатынастардың құрылымын анықтау;
  • несиенің функцияларын көрсету;
  • Қазақстан Республикасының неселік қатынастарының негізгі аспектілерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының несиелік қатынастарының проблемаларын көрсету.

      Курстық жұмысты жазған кезде банктік  ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері  мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ  КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ НЕСИЕНІҢ МӘНІ 
         ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
     

      1.1 Қазақстанда несиенің мәні және  қажеттілігі 

      Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

     Несиенің  пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

     Құнның  қозғалысы — бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

     Көбіне  несиені ақша ретінде түсінеді. Бір  жағынан қарағанда бұған негіз  де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

     Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт еткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жакты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатна ие.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

     Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға  өтуін қамтамасыз өте отырып, несие  берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және аңылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

     Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалың шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

     Экономикалық  категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие құрын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

     Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен  өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

     Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастын бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

     Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастын екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттадық. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа дегеи сұранысы бар тұлға.

     Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі — бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді. 

     1.2 Несиелік қатынастардың құрылымы 

     Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.

     Кәсіпорындардағы  еңбек құралдары мен еңбек  заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі  өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың кайталама айналымында уақытша бөлініп шықкан ақша қаражаты.

     Ақша  қорының уақытша бөлініп шығуының  себептері:

     Біріншіден негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түріңде жинақталып сақталады. Оны амортизациялык қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мын доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.

     Екіншіден дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен косалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.

     Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да уақытша бос ақша капиталы.

     Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жанадан құрал-жабдықтар, машиналар және т.б. сатып алу үшін жылмажыл пайданың бір бөлігін есепшотта жинап қою да уақытша бос ақша капиталы.

     Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.

     Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша коры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (калдығы); сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос қаражаты. үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т.б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халыктың табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 процент шамасында.

Информация о работе Несие