Несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа

Описание

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

несиие.doc

— 295.50 Кб (Скачать документ)

     Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды  бөлу қасиеті тән. Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтықаралық, салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймактыкаралық канта белу деп есептеледі. Егер салалық банктен несие алынса, ол несиені салалық кайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар-кәсіпорын басқа салада болса, онда несиені салалықаралық Қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық кайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде пайдаланғанда туындайды.

     Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құң. дылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы дең. гейінде несиенің қатысуымен жиынтык өнім, ұлттық табыс кайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиенің қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнның меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін кұн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, тек уақытша бөлініп шықкан кұнды қамтиды.

     Несиенің  қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырықша белгілері бар:

  • несиенің   қатысуымен   қоғамның   тек   бір   жылда өндірген  материалдық  игіліктерінің,   өндіріс  құрал-жабдықтары   мен   тұтыну   заттарының   құны,   яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар   мен   тұтыну   заттарының   құны   қайта бөлінеді;
  • несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
  • несиенің   қайта   бөлу  қызметінің   елеулі   белгісі  уақытша қолдануға уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;
  • несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

     Несиенің  келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жаксартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығандарын   азайтады.   Қазіргі   тауарлы   шаруашылықта қарызға берілген қүн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға тән "қызметін" атқарады (тауарлы-материалдық күндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және т.с.с. жұмсалады).

     Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала жасалған жағдайлар болуы шарт:

  • дамыған    банк    жүйесі    мен    төлем    айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;
  • экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы;
  • орталық  банктердің  несие  ақшаларын  эмиссиялауы (шығаруы).

     Несиенің  қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер онық бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.

     Несиенің  экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін кол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені колдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда манызы зор.

     Несиенің  маңызы, сонымен бірге оны қолдану  аясы елдің экономикалық жағдайына  байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарыктық экономикаға етуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.

     Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардын  акциялар шығаруы, бюджеттің әр түрлі  бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейтуі бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырды. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатан басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

     Несиенің  функцияларын қарастыру үшін келесідей  ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір "жұмыстың" көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді. Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.

     Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.

     Кредитор  мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл қүн өзінің алғашкы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің кайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы - материалдық құндылықтарды бере алса, басқа  жағдайда  ақшалай  қаражатгарды  береді,  бірақ екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның мазмұны біреу - құн қайта бөлінеді. Осылайша қайта бөлу функциясының кемегімен құн қайта бөлінеді.

     Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байлынысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, салааралық,  салаішілік  және  шаруашылықаралық.  Қайта  бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтін ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.

     Егер  несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі занды түлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлінуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып  табылатын  кредитордан,   басқа   саланың  кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенін көмегімен салааралық қайта бөлу орын алады. 

      2.2 Қарыз пайызының экономикалық  қатынастары 

     Қарыз  проценті -  ол  уақытша  қолдануға  берілген құнның  өзгеше  бағасы  болып  көрінетін  объективті   экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, апайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген    құнның    ақша    түрінде    көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.

     Қарыз проценті тауарлы өндірістің негізінде  кейінірек пайда болды. Оның пайда  болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік қатынастарына байланысты.

     Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз проценті пайда болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі ортасы. Қарыз процентінія мәні - ақша капиталын белгілі бір уақыттан кейін қайтарып беру міндетінен туындайтын экономикалық қатынастар. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері: несие беруші- ол қарыз процентін алушы; қарыздар - ол қарыз процентін беруші.

     Қарызға берілген құнды мына формуламен өрнектеуге

болады:

      А - А1, немесе А'-А= АА (1)  

бұнда   А -    қарызға берілген құн;

А1 -   борыштың өскен сомасы;

АА - қарызға процент түрінде қосылған өсім (несие ушін ақы).

     Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты  - пайда табу. Несие берушінің алатын пайдасы - процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде көрсетіледі. Ол көптеген факторларға әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық конъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауьп киды. Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.

     Проценттің  мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және өзгермелі, номиналды  және реалды, дис-контты болып бөлінуі  мүмкін.

     Нақты бекітілген (есепке алынған) процент мөлшерін, әдетте, ресми процент мөлшері деп те атайды. Оны Орталық банк баска банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен проценттің бұл мөлшерінің екінші атауы - есепке алынған деген содан шыққан. Орталық банк оның деңгейін өзгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбаттатып инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп: ресми проценттің мөлшері жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де клиенттеріне процент мөлшерін өсіреді.

     Несиені беру кезінде келісім-шартта бүкіл несиені пайдалану мерзімінде нақты бекітілген тұрақты немесе өзгермелі процент мөлшері көрсетіледі. Өзгермелі мөлшер проценттің базистік мөлшерінің өзгеруінен туындайды. Ал соңғысьша қарыз капиталы нарығындағы конъюнктура, қарыздың мөлшері мен қайтару мерзімі, қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы сияқты факторлар әсер етеді.

     Номиналды процент мөлшері негізінен екі фактордың: несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның қарқынына байланысты туындайды.

     Реалды  (іс жүзіндегі) процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның қарқыны алынып тасталады. Реалды процент мөлшері - несие берушінің алатын табысының көзі. Одан қарыз алу және инвестиция алу шығындарын өтейді. Реалды проценттік мөлшер: ағымдағы шығындардан (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілеті жоқ борышқорлардың шығыны) салықтан, тәуекел үшін төлемнен, пайдадан құрылады.

     Процент мелшері берілген несие мөлшерінің қарызға берілген құннан түскен табысқа қатынасымен анықталады. Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол ондық бөлшек түрінде, немесе процентпен шығарылады. Іс жүзінде 1995 жылы мамырдың он сегізіндегі Ұлттық банктің "Процент есептеудің тәртібі және Қазақстан Республикасындағы банк-тердің бухгалтерлік шоттарында оларды белгілеу туралы" Ережеге сәйкес базистік процент мөлшері шығарылады.

Қарыз проценті біраз белгілерге байланысты жіктеледі:

  • несиенің формасы   коммерциялық, банктік, тұтыну проценті; лизинг операциясы бойынша, мемлекеттік несие бойынша процент;
  • несие мекемелерінің орталық банктің есепке түрлеріне қарай: алған проценті;
  • ломбард операциялары бойынша процент; 
  • инвестиция түрлеріне қарай: банктік     несиені   айналым құралдарына тартумен берілген   берілген несие бойынша процент; негізгі құралдарға берілген несие бойынша процент; бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша процент;
  • несиенің мерзі - қысқа, орта, ұзақ мерзімді міне қарай:                                                                                                                                                                                                         несиелер бойынша процент;
  • несие мекемесінің  депозиттік, вексельдік, операция     түрлері   банктің есепке алған ріне қарай: проценттері; банкаралық
  • несие бойынша процент.

Информация о работе Несие