Несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа

Описание

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

несиие.doc

— 295.50 Кб (Скачать документ)

     Қорыта  айтқанда, қарыз процентінің барлық формаларын қолдану механизмі төмендегідей:

     Біріншідещ  қарыз процентінің деңгейін макроэкономикалық факторлар айқындайды, яғни қаржыға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, қаржы нарығының басқа сегменттеріндегі табыстылық дәрежесі, Орталық банктің проценттік саясаты, сондай-ақ қаржыны тарту және орналастыру мәмілесі жасалған кездегі нақты жағдайлар.

     Екіншіден, процентті есептеу және төлеу екі жақты шартта көрсетіледі. Әдетте, процент немесе ай сайын немесе тоқсан сайын есептеледі.

     Үшіншіден процентті төлеу көзі операция сипатына байланысты өзгереді. Мысалы, қысқа мерзімді несие үшін төлем өнімнің өзіндік құнына қосылады, ал ұзақ мерзімді және уақыты өткен несиелер бойынша шығындар кәсіпорыннын салық төлегеннен қалған пайдасынан алынады. 
 
 

    2.3 2004 – 2006 жылдардағы Қазақстандағы несиелік қатынастарды талдау 

     2004 жылы банкаралық ақша нарығында ұлттық валютадағы өтімді қаражат орналастыру бойынша банктер белсенділігінің жоғарылағаны байқапды.

     2004 жылы орналастырылған банкаралық тенге депозиттерінің жалпы көлемі 27,0%-ға 577,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал орналастырылған банкаралық теңге депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 2,78%-дан 2,10%-ға дейін төмендеді.

     Кредит  нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып қалып отыр. 2004жылғы 11 айда экономикаға банктердің кредиттері 46,0%-ға өсіп, 1428,1 млрд. теңгеге жетті.

     Кредиттер құрылымында валютаның түрлері бойынша да, мерзімдері бойынша да оң өзгерістер болды. Ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда басып озу сипатына ие болды. Ұлттық валютадағы кредиттер 49,0%-ға өсіп, 648,9 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы кредиттер 43,6%-ға өсіп, 779,1 млрд. Теңгеге жетті. Нәтижесінде теңгелік кредиттердің үлес салмағы 44,5%-дан 45,4% -ға дейін өсті.

     2004жылғы  11 айда ұзақ мерзімді кредиттер 52,6%-ға өсіп, 928,6 млрд. теңгеге, ал қысқа мерзімді кредиттер 35,1%-ға өсіп, 499,5 млрд. теңгеге жетті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 62,2%-дан 65,0%-ға дейін көбейді.

     Кредиттер бойынша ставкалардың динамикасы әр түрлі бағыттағы сипатқа ие болды. Мәселен, 2004жылғы 11 айда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы кредиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 20,3%-дан 20,6%-ға дейін өсті, ал заңды тұлғалардың кредиттері бойынша 14,9%-дан 14,5%-ға дейін төмендеді.

     Тамызда банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 4,3%-ға (жыл басынан бері -31,5%-ға) өсті және 1286,6 млрд. теңгені (9 млрд. АҚШ долларынан астам) құрады.

     Ұлттық  валютадағы кредиттер 4,2%-ға өсті және 594,5 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы кредиттер 692,1 млрд. теңгені (5,1 млрд. АҚШ доллары) құрап, 4,4%-ға өсті. Теңгелік кредиттердің үлес салмағы шілдемен салыстырғанда шамалы ғана өзгерді және 46,2% болды.

     Ұзақ  мерзімді кредиттер бір айда 859,9 млрд. теңгені құрап, 5,3%-ға, ал қысқа мерзімді кредиттер 426,6 млрд. теңгені құрап, 2,4%-ға өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы шілдемен салыстырғанда 66,2%-дан 66,8%-ға дейін ұлғайды.

     Тамызда банктердің кредиттер бойынша пайыздық ставкасы шілдемен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ. Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 14,1%-ды, ал жеке тұлғаларға - 21,9%- ды құрады ( шілдеде - 21,5%).[5,65.]. 

     2005 жылдың қаңтар-қазан аралығында  Қазақстанның экономикасы жоғары  қарқынмен дамыды.  Экономика өсуінің жоғары даму қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік берген факторлар: қолайлы инвестициялық ахуал;  құрылыстағы жоғарғы қарқын; жылжымайтын мүлік рыногындағы сұраныстың артуы, оның ішінде тұрғын үй рыногында; тұтыну рыногындағы сұраныстың сақталуы; әлемдік рыноктағы мұнайға және металдарға қалыптасқан жоғары бағалар; кредиттік рыноктың қарқынды дамуы.

     Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің бағалауы бойынша, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы жалпы ішкі өнім өндірісі 9,4%-ға өсті.

      Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымдары, 2005 жылғы 1 желтоқсанда 2326,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 62,9%-ға өсті. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлеміндегі  ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі қысқа мерзімді кредиттердің үлесінен асып түсіп, 31,3%-дың орнына 68,7%-ды құрады (тиісінше 727,4 млрд. теңге және 1598,8 млрд. теңге).

     Кредиттердің  жалпы көлеміндегі қомақты үлесі  саудада – 24,8%-ды, өнеркәсіпте – 16,8%-ды, құрылыста – 11,8%-ды, ауыл шаруашылығында – 6,4%-ды құрады.

     Екінші  деңгейдегі банктердің шағын кәіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері жалпы кредиттік салымдар сомасының 19,6%-ын (455,2 млрд. теңге) құрады. [6,77.].

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бағалауы бойынша 2005 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2006 жылғы қаңтар-мамырда жалпы ішкі өнім өндірісі      8,5 %-ға ұлғайды. 2006 жылғы қаңтар-мамырда  37278 теңгені құрады.

      2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша  депозиттердің жалпы көлемінің  35 %-ын немесе 703,5 млрд. теңгені халық салымдары құрады, 2005 жылғы 1  маусымдағы жағдаймен салыстырғанда ұлгаю  43,4 %-ды (490,7 млрд.теңге) құрады.

      Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымдары 2006 жылғы 1 маусым жағдай бойынша 2982,4 млрд. теңге құрап, 2005 жылғы 1 маусымдағы жағдаймен салыстырғанда 67,4 %-ға өсті. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлеміндегі ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі қысқа мерзімді кредиттердің үлесінен асып түсіп, 28,5%-дың орнына 71,5%-ды құрады (тиісінше 848,9 млрд. теңге және 2133,5 млрд. теңге).

     Кредиттердің  жалпы көлеміндегі қомақты үлесі  саудада – 24 %-ды, өнеркәсіпте –14 %-ды, құрылыста – 13,6 %-ды, ауыл шаруашылығында – 5,5 %-ды құрады.

     Екінші  деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне беретін кредиттері жалпы кредиттік салымдар сомасының 18 %-ын (537,7 млрд. теңге) құрады. [7,89.]. 
 

          3 ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

      3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны 

     Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу кезінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында,  оның  нарықтық  қатынастарға  өту  кезеңінде олардың былайша тұжырымдауға болады:  елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

     Банк  ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

     Нарықтық  экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

     Банк  ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл йесиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең аукымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясы жүзеге асыруыда   байланысты орталық коммерциялық  банктердің,   яғни   екінші  деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер  несиелік  саясат  жүргізуде  және  өз  клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

     Нарықтық  экономикада арнайы банктік емес институт құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

     Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығық қамтамасыз ету үшін ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикадағы интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

     Несие жүйесін құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

     Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен  30 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.

     Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде  жинақталуы несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдік халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

     Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларын қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазакстстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".

     "Валюталық  реттеу" түсінігіне нормативті  актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сакталУь' бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар колдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

     Бұл принцип - ел тәуелсіздіпн сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ыкпалынан сенімді қорғау жолы.

     Орталық банктің автономиясы егемен елдер  заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты щешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

     Ұлттық  банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.

     Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтін кысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

     Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

     Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.

     Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға бағынады.

     АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - Сенатгың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметіңен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо ад. дында есеп беріп отырады.

Информация о работе Несие