Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
2.1
Несие формалары және функциялары
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарықка тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың ондірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие. Банктік иесие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-біршен бірсыпыра айырмашылықтары бар. Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да окшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы -кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені колдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарынын уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес. Коммерциялық несиенін көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін отеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер - әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол толемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі ондіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, (мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе) берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элемен-ттерін орташа немесе ұзақ мёрзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындагы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие кызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық
несиенің басқа несиелерден
Сонғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы, күрделі механизмдер, станоктар және ендірісте қолданылатын техникалар несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді - жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотёкалық несиенің ақшалы қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының облигация сату аркылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар, несие алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал ұзак мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен Қатар, бұл несие негізінен шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с өндірістік емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша косымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол төлемдерді өтеу'үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар Мөлшерін көтереді. Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикальіқ қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын айтады. Халықаралық несие ХІV-ХVғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып, одан әрі Еуропадан Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардық интернационалдануына, халықаралық еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей жіктеледі:
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк I кызметкерлері) беріледі. Достық несие де - ақысыз несие түрі.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа катетегоиялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды [24; 96].
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу - несинің алғашкы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалдық кұндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) эр түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді: кайта бөлінетін заттың кұны.