Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.
Президенттің "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: "Жүр-гізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы мини-стрлігіне қосымша несиелер береді. Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет
әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық
мөлшерлемелері бар тапсырылатын бағалы
қағаздар шығарады.
Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі
алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді
Қазақстан Республикасы Парламент
жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.
3.2 Қазақстандағы
несиелік қатынастарды
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 2008 жылы Қазақстанныѕ халықаралық бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ел азаматтарының өмiр сүру сапасын арттыру үшiн қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға, экономиканың өсуiнiң жоәары қарқынын және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған келiсiлген саясат жүргiзетiн болады.
Алға қойылған мақсаттарды негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күш-жiгерi мыналарға бағытталатын болады:
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
республика халқының јл-ауқатын арттыру;
экономиканы одан јрi жаңғырту және әртараптандыру;
мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiкті дамыту;
әлемдiк экономикаға тиiмдi кiру.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары тарапынан ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көтерме (коммуналдық) нарықтарын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алудың тиiмдi жүйесiн одан әрi дамыту жөнiндегi; терiс пиғылды бәсекелестiктi, баға жөнiнде сөз байласуды, нарық субъектiлерiнiң өздерiнiң үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi; белгiлi бiр тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң баға белгiлеуiн бақылау жөнiндегi, өнiм өндiрушiлер мен түпкi тұтынушылар арасындағы делдалдардың санын азайту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының операцияларын жетiлдiретiн болады, бұл оның негізгi ставкаларының реттеушi рөлiн одан әрi арттыруға ықпал ететiн болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейiне байланысты жүргiзiлетiн болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi мүмкiндiктерiн күшейтуi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасындағы оның деңгейiн тоқсан сайын қарау практикасы жалғасады.
Сыйақының нарықтық ставкаларына қысқа мерзiмдi ставкалардың реттеушi рөлiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi депозиттер тарту (төменгi шекара) және қарыздар беру (жоғарғы шекара) бойынша ставкалармен анықталатын операциялар, көрсетiлген дәлiздiң шекараларын жақындату және қайта қаржыландыру ставкасымен депозиттiк ставкалардың өзара байланысы жөнiндегi ставкалар дәлiзiн ықшамдауға бағытталған саясатты жалғастыруды ниет етiп отыр. Бұл кезеңде дәлiздiң төменгi шекарасы жоғарғы шекараның (қайта қаржыландыру ставкасының) жартысын құрайтын болады.
Банк
жүйесiнiң шамадан тыс
Халықаралық
практикаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының
Yкiметiмен және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттiгiмен (бұдан әрi
- ҚҚА) бiрлесiп, 2007 жылы Қаржылық тұрақтылық
жөнiндегi меморандумды әзiрлейдi және
оған қол қояды. Қазақстанның қаржы жүйесiне
сенiмдi күшейту мақсатында қаржы тұрақтылығы
жөнiндегi есеп шеңберiнде тұрақты негiзде
қалың жұртшылық үшiн талдамалық жұмыстардың
нәтижелерiне қолжетiмділік қамтамасыз
етiлетiн болады.
Қаржы секторын дамыту, сондай-ақ оның
жекелеген секторларын мемлекеттiк реттеудiң
бағыттары мен әдiстерi Қазақстан Республикасының
қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасының негiзгi басымдықтарына
сәйкес болады. Бұл бағытта экономиканың
нақты секторының қаржы ресурстарына
қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және
еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттарының
сапалы қызметтер ұсынатын қаржы жүйесiнiң
жұмыс iстеу жағдайын қалыптастыру арқылы
Қазақстанның қаржы ұйымдары мен қаржы
секторының бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру
жөнiндегi жұмыс жүргізiлетiн болады. [15,45].
ҚОРЫТЫНДЫ
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді.
Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан иесие акылы кұн категориясы.
Халықаралық
практикаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының
Yкiметiмен және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттiгiмен (бұдан әрі
- ҚҚА) бiрлесiп, 2007 жылы Қаржылық тұрақтылық
жөнiндегi меморандумды әзiрлейдi және
оған қол қояды. Қазақстанның қаржы жүйесiне
сенiмдi күшейту мақсатында қаржы тұрақтылығы
жөнiндегi есеп шеңберiнде тұрақты негiзде
қалың жұртшылық үшiн талдамалық жұмыстардың
нәтижелерiне қолжетiмділік қамтамасыз
етiлетiн болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
А
Несие түрі | 2004 | 2005 | 2006 | |||
Қысқа мерзімді несие | 370 | 100% | 499,5 | +35,1% | 2982,4 | 597% |
Ұзақ мерзімді несие | 608,51 | 100% | 928,6 | +52,6% | 2133,5 | 230% |
Кесте
1. 2004 – 2006 жылдардағы қысқа және ұзақ
мерзімді несиелердің динамикасы (млдр.тнг)
Несиедің ставкалары | 2004 | 2005 | 2006 |
Ұлттық валютада жеке тұлғалар үшін | 20,3 | 20,6 | 16 |
Ұлттық валютада заңды тұлғалар үшін | 14,9 | 14,5 | 12,5 |
Кесте
2. 2004 – 2006 жылдардағы орташа несие ставкаларының
динамикасы (млдр.тнг)
ҚОСЫМША
Ә
Сурет
1. 2004 – 2006 жылдардағы қысқа және ұзақ мерзімді
несиелердің динамикасы (млдр.тнг) Диаграммалық
көрсеткіші
ҚОСЫМША
Б