Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:30, курсовая работа
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Қарыз капиталы кұрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, иесие-қаржы мекемелерінін ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалғаи сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв корына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ коғамдық ұйымдардын жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта атйқанда, карыз капиталы (коры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал - несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін - несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін бөліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан, өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі карыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда. (Германияда ол көрсеткіш 70 процент шамасында). Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20 процент Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп болігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ақша жинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты белу және несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау ол барлық салымдардың 90 процентке жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салы-мы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын камтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие меке-лемерінің НАУ-шоттарында салымдары болған. [8,92].
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканың дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байкалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинактағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру ке-зінде ақша айналыстан шығып, жинақкд айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған
ақша ел экономикасын инвестициялан-дырып
капиталға айналады. Ақшаның капиталға
айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие.
1.3
Шетелдік тәжірибиедегі
Қазіргі
кезде экономикасы дамыған
Біріншіден, банк капнталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердін үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудық ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердін күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспондентгік катынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспондеитгік катынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты бір-бірінің тапсырмасы бойьгаша төлемдер мен есеп айырысуды ясүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: "лоро" - олардікі, "ностро" - біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сома жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық коммерциялык банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа банктердің ресурстарының сомасынан шапшаң өсуімен көзге түсуде. 1960-1970 жж.-да 50 ірі коммерциялық банктердің депозиттік сомасы 88,8 млрд-тан 230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердің депозитгік сомасы 141,7 млрд -тан 255,1 млрд. долларға жетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 ж. осы 50 ірі банктер 13705 барлық коммерциялық банк-тердің депозитгік сомасының 47%-ін биледі. [22;492.]
Ірі коммерциялық банктерден азғана алып банктер -"Бэнк оф Америка", "Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк" және осындай бірнешеуі бөлініп шығып, олар өнеркәсіп-қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты роль атқарады. Олар - ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының көрінісі. [10,78].
Екіншіден, әр түрлі шесте текемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесіңде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдай-ларына (яғни пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен процентгік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге банк қызметінің крсымша түрлері көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлі сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с).
Бәсекенің келесі түрі — әр түрлі несие-қаржы институттары арасында туынданды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинак мекемелерінің арасында жинақты өздеріне тарту үшін; коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халықка тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі ұшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-жинақ банктерінің бәсекесі.
Қазіргі кезде банктер арасындагы бәсеке халықаралық дәрежеге көтерілуде. Өңдірістік мемлекетралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы сауданың дамуы. еуровалюта нарығының өсуі банк ісінің интернационалдануына және банк операцияларының көп бөлігінің мемлекет шекарасынан шығуына әкеп соқтырды. XX ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР, Франция және басқа да бірсыпыра мемлекеттердің ірі банктері халықаралық қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдерінде көптеген несиелік, есеп айырысу, инвестициялық операциялар жүргізеді. Көптеген банктердің халықаралық операциялардан түсіретін табысы жиынтық пайданың 40-70 % құрайды.
Халықаралық банктер - ұлтаралық және көп ұлттық банктер болып бөлінеді. Ұлтаралық банктер - ол әмбебап үлгідегі ірі несие-қаржы кешендері. Олар, әдетте, қолында шетелдік кәсіпорындардың кең желісі және мемлекеттің қолдауымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын бақылайтын жүйесі бар қарыз капиталының козғалысындағы басты делдалдар. Ұлтаралық банктердің шетелдерде көптеген филиалдары, бөлімшелері қызмет жасайды. Мысалы, 80-жылдардың басында дүниежүзінде 84 ұлтаралық банктер болса, оның 22-сі АҚШ-та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында - 10-ны, 7-і Францияда, ал Германия мен Канаданың әрқайсысында 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер - ол бірсыпыра елдердің ірі банктерінің үлестік жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық банктер топтамасы. Олар әлемдік нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асырумен, сыртқы сауданы несиелеумен, еуровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын кұруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей түрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; агымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие-қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерцшялық банктердің үлесі төмендеді. Мысалы, XX ғ. басышда АҚШ-та несие мекемелерінің 7 түрі болса, 80-жылдары олардың түрі 20-дан асты. 1900 ж. активтердің 2/3-ін коммерщиялық банктер, ал 1/3-ін сақтандыру және жинақ мекемелері жүргізді. Ал 1987 ж. коммерциялық банктердің бұл көрсеткіштегі үлесі шамамен 40% болса, жинақ мекемелерін:ің, инвестициялық, ипотекалық, сақтандыру компанияларіының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай өзгерістер басқа өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие жүйесінде байқалады [20; 78.].
Капиталын иемденуіне карай банктер және несие-қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ак почта-жинақ жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т.б.) ірі коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы институтары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта кұру және Даму банкі, аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Дегенмен,
экономикаға несие-қаржылық, ақша-есеп
және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен
жеке несие мекемелері. Қазіргі несие
жүйесі күрделі, әрі көпбуынды құрылым.
Егер несие мекемелерінің клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда
несие жүйесі үш элементтен құрылады:
орталық банк; коммерниялық банктер және
маманданған несие-қаржы институттары.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
НЕСИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
БОЛАШАҒЫ