Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк заттардың 88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ормандар мен жайылымдардан, 2%-н теңiз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану сондықтанда ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Оңтүстiк Қазақстан облысы туралы жалпы түсінік.........................................5
2.Оңтүстік Қазақстан облысының экономика жағдайы...................................8
3.Оңтүстік Қазақстан облысының бюджет жүйесі...........................................17
Қорытынды.............................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер........
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Халқы
Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 14,5%-ы тұрады (2004). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.
Шаруашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық
салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті
аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы
барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді.
Елімізде шығарылатын трансформаторлардың
98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың
70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы,
мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты
қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің
19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта
майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан
облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты,
жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің
ірі өндірушісі болып табылады.
2.Оңтүстік Қазақстан облысының экономика жағдайы
Оңтүстік
Қазақстан облысы - республикасының мақта
өсіретін негізгі аймағы. Қазіргі кезде
осы дақылмен облыстың Төлеби және Созақ
аудандарынан басқа аудандары айналысады.
Соңғы он бес жылда ОҚО-нда мақта алқабының
ауданы екі есеге өсті, бірақ мақтаның
өнімділігі екі есе төмендеді. Бұл көрсеткіштер
серпінін облыс бойынша жалпы емес, шаруашылықтың
жекелеген категориясы - ауыл шаруашылық
кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен
үй шаруашылығында Сонымен қатар, қозаның
өзіндік құны күрт өсті: соңғы бес жылда
ол тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге
көтерілді."Онтүстік Қазақстанның мақта
өсіру шаруашылығы мен мақта тазалау салаларының
талдауы өнімділік пен тиімділіктің төмендеуінің
негізгі себептері оңтүстікке тән негізгі
жағдайлардың салалық ерекшеліктері екендігін
көрсетілді. Қазіргі таңда мақта өндірумен
облысымызда 45 мың шаруа қожалықтары айналысады.
Олардың 80 % астамы жер иелері 5-10 гектарға
шейін.
Элиталық тұқым шаруашылығының болмауы
және элиталық тұқымдарды қолайлы бағада
жаппай шығару мәселесі. Облыста тұқымды
бес элиталық тұқым шаруашылығы шығарады.
Бірақ, олар негізінен ОҚО-нда бірнеше
ондаған жылдар бұрын бейімделген және
өзінің құнды қасиетін жоғалтып үлгерген
"С47-27" сортын өсірумен келеді. Тәжірибе
станцияларынан алылған элиталық тұқымдар
мақта зауыттарында бір буртқа салынады
және басқа тұқымдармен араласып кетеді,
ал ол ғалымдардың еңбегін “жоққа” шығарады.
Мақта себетін аудандарда жақсы элиталық
және жаппай тұқым шаруашылығы болмауынан
сорттар қоспасы пайда болуда. Элиталық
тұқымды жаппай өндіру мәселелерін шешу
үшін мемлекет жақын болашақта мына тәжірибе
станциясында құрылатын элиталық шығаратын
кіші зауыт салуға 35 миллион есе болып
отыр.
Мамандардың айтуы бойынша қажеттілікті
қанағаттандыру үшін облыста 6,5 мың тонна
тұқым керек. Қазіргі таңда 14 элиталық
шарауашылықтардың бесеуі ғана жұмыс
істейді. Сонымен қатар ұлттық өнім 50-55
теңге тұрады, ал импорттық баға 2 есе төмен.
Тұқымның бағасы жоғары болса қарапайым
шаруа қожалықтары базардан контрабандалық
жолмен әкелінген сапасыз сертификатсыз
төмен бағалы тұқымды алуларына тура келеді.
Мақтаның бағасы сұранысқа және Ливерпульдық
биржаның ұсынысына айланысты қойылады.
Әрине әлемдік бағаның өсуі немесе төмендеуі
қазақстандағы мақтаның бағасына әсер
етеді. 2003 жылы Мақтааралда 1 сорттық мақтаның
бағасы тоннасына 90000 теңге болды. Соның
арқасында келесі жылы 220 мың теңге гектарына
егілді, бірақ 2004 жылы шаруа қожалықтарындағы
мақтаның өзіндік құны тоннасына 42-45 мың
арасында болды. 2006 жылы 10 тамызда мақтаның
бағасы Ливерпульдық биржада 1324 $ құрады.
Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
Ауыл шаруашылығы
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.
Көлік және коммуникация
2007 жылы сала бойынша бюджеттің атқарылуы - 8 104,6 млн.теңге құрады немесе 89,1 %,оның ішінде облыстық бюджет бойынша 4 046,9 млн. теңгеге игерілді. «Көлiк және коммуникациялар» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2009-2011 жылдары бюджеттің жалпы көлемінің 6,1-3,7 %-ы деңгейінде болжанып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы қолданыстағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының көліктік- пайдалану көрсеткіштерін көтеру үшін 2008-2010 жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамытудың өңірлік бағдарламасы дайындалды.
2009-2011 жылдар аралығында 2 582,6 млн. теңгеге 2 көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылыстары жоспарланған, оның ішінде: 2009 жылға - 860,1 млн. теңге, 2010 жылы - 1362,8 млн. теңге, 2011 жылға - 359,7 млн. теңге. Жоспарлануда:
- Бәйдібек
ауданында құрылысы 2008 жылы басталған
«Қошқарата-Кенсай-Жамбыл
- «КХ-56
Тараз-Акколь-Шолаккорган—
2009-2011 жылдары облыстық бюджеттен 3866,6 млн. теңгеге 18 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстары қарастырылуда, оның ішінде, 2009 жылға - 826,7 млн. теңгеге 6 нысанның, 2010 жылға - 1 615,2 млн. теңгеге 11 нысанның, 2011 жылға - 1 424,7 млн. теңгеге 4 нысанның.
Көлік-коммуникациялық кешенді дамытудың негізгі мақсаты экономика және халық тарапынан көлік қызметтерін көрсетуге сұраныстар өзгерген кезде оның тұрақты ұтқырлық дамуы және жедел реттеуді қамтамасыз ету және толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
Оған қол жеткізу үшін мына міндеттерді іске асыру қажет:
көлік
үдерістерінің тиімділігіне барынша
қол жеткізу және ішкі, транзиттік
және экспорттық-импорттық
бірыңғай
экономикалық кеңістікті нығайту және
аймақаралық байланыстарды
көлік әлеуетін (потенциалын) дамыту және тиімді пайдалану;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.
Бағдарламаның іске асырылуы:
облыстағы қазіргі қолданыстағы автожолдар желісін техникалық қалыпты күйде сақтауға;
жолдардағы жасанды құрылыстарды белгіленген нормативтерге сәйкестендіруге;
қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға;
жол бойындағы автосервистердің деңгейін көтеруге;
автокөліктің пайдаланатын шығынын едәуір төмендетуге;
көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді, оның әлеуметтік-экономикалық зор маңызы бар.
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстардың 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары мыналар:
жергілікті маңызы бар автожолдардың қолданысын қамтамасыз ету;
көлік инфрақұрылымын дамыту;
облыстың автомобиль жолдарын сақтау және қалпына келтіру
қайта жаңарту және күрделі жөндеуден кейінгі автомобиль жолдарының учаскелерінде жөндеу аралық мерзімдерін сақтау;
- қатты
жамылғысы бар жолдар
- облыстық
барлық елді мекендерге
- әлеуметтік
маңызы бар ішкі-қатынас
Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.