Оңтүстік Қазақстан облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк заттардың 88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ормандар мен жайылымдардан, 2%-н теңiз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану сондықтанда ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Оңтүстiк Қазақстан облысы туралы жалпы түсінік.........................................5
2.Оңтүстік Қазақстан облысының экономика жағдайы...................................8
3.Оңтүстік Қазақстан облысының бюджет жүйесі...........................................17
Қорытынды.............................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер........

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.docx

— 97.63 Кб (Скачать документ)
 

 Саяжайлар мен Туризм

       Шымкент көне кездерден бері ғалымдар мен саяхатшылардын басты назрында. Ол Оңтүстік Қазақстан Облысының облыстық орталығы болып табылады, барлық туристік маршруттары сол аймақтың территориясынан басталады. Туристік қызмет көрсетуді қалада 20 – дан астам арнайы орындар мен фирмалар айналысады.

Маршруттар  мынрадай бағыттар бойынша қызмет етеді, ол: тарихи орындарға саяхат, экзотикалық  аудандарға саяхат, аңшылық және балық  аулау, тау туризмі болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда зиярат етуге  арналған қасиетті киелі орындар  мен архитектуралы құрылымдар орналасқан. 

      Тарихи  және киелі орындарға саяхат ету  үшін Түркістан қаласында – ЮНЕСКО-ның  тізіміне ілінген түрік халықтарының рухани орталығы, бұрыңғы заман цивилизациясының көріністері ретінде әлемге әйгілі тас ескерткіштері, көне Сайрамның  ескерткіштері, Шымкент қаласының  құрылуына үлкен үлес қосқан Ұлы  Жібек жолы бойындағы сауда саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесені мен  Арыстанбаб мавзолейлері орналасқан.

      Оңтүстік  Қазақстан мен Тянь-Шань таулары  арасындағы территориясында орналасқан Қызылқұм бір күн ішінде ыстық  құмнан мұз қапталған тауға жетуге мүмкіншілік береді. Осыдан келіп  бір облыстағы түрлі табиғи-климаттық  ерекшеліктер: таулы, жазықтық далалы, құмды алқаптар өздеріне тін жануарлар  мен өсімдіктер дүниесіне толы. Әдлемде 100.000 квадрат километрде қар барысы, аю, дала түлкісі, тау ешкісін, жартылай құмды алқап тұрғыны жайран, борсық, гималайлық Ұлар мен Дрофаны кездестіре алмайсы.

      Орталық Азияның  қайталанбас маржаны  болып, Оңтүстік Қазақстандағы батыс  Тянь-Шань тауларындағы теңізден 1000 нан 4280 метр бикітікте орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Оның жалпы  көлемі 75043 га құрайды. Қорықтың ландшафтысы  әдемі, ғылым мен өнерде өз бағасы бар. Мұнда флора және фаунаның  көптеген жануарлар мен өсімдіктер түрлері бұрыңғы қалпында сақталған.

    Туристер мен ғалымдарды Қасқабұлақ тауындағы  көне адамдармен тастағы жазылған суреттер үлкен қызығушылық тудыруда.  Экзотикалық орындар қатарында аймақтағы  жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай Қаратау бойында орналасқан Қызыл-көл көлі, турбазадағы «Қырық-Қыз» бадам шатқалы, батыс Тянь-Шянь алқабындағы Ақмешіт және Бургулюк демалыс орындары, Сайрам-су шатқалындағы «Альтекс» спот комплексі, Машат шатқалындағы өзен, Шардара су қоймасы, Сарыағаш минералды су көздері орналасқан курорттық аймағы және т.б.

   Дем алуға келген туристерге арналған мәдени орталықтар, бильярд клубтары, боулинг орталықтары, жоғары  класстық қонақ үй сервистері, қазіргі замандық кафелер, ресотарандар, қалалық дем алыс аймағы, тұрғылықты халықтың қонақжайлылығы.

                      

                 3.Ақтау облысының бюджет жүйесі

                              Ағымдағы модель

    2005 жылдан бастап бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бірыңғай қағидаттары мен ережелерімен бірге бюджеттік қатынастар жүйесінің тұтастығын орнатуды, бюджет саласы шекараларын жете анықтауды, бюджет үдерісі және олардың өкілеттігін анықтауды, бюджет құрылымын және бюджет үдерісін жүйеге келтіруді, бюджет заңнамасының бұзылуына жауапкершілік нормаларын енгізуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі енгізілді.

Бюджеттік бағдарлама жасау мынадай үш қағидаттарға негізделеді:

бағдарламалық даму стратегияларын анықтау;

бюджет  ресурстарын анықтау;

бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.

     Бағдарламалық даму стратегияларын анықтау стратегиялық жоспарларда, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларында және салалық, аймақтық бағдарламаларда іске асырылады.

    Бағдарламалар негізгі экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысқан ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық шаралар кешенін анықтайды, олар жіті анықталған мақсаттарға негізделеді және Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 кезеңге дейінгі даму стратегиясы анықтаған экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып іс-шаралардың мерзімдерін, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.

   Қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламалардың тізбесі Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының құрамында бекітіледі. Барлық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларда қаржылық қаражаттар көлемі жылдар және қаржыландыру көздері бөлінісінде анықталды.

    Бюджет ресурстарын анықтау орта мерзімді макроэкономикалық сценарийлер негізінде, бюджеттік бағдарламалар - бірінші екі элементтер негізінде жүзеге асырылады.

    Облыста тұрақты негізде жұмыс істейтін бюджеттік комиссия жұмыс жасайды, оның мақсаты тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыс бюджетін нақтылау және оның орындалуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  2009-2011 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері

  Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері

Орта  мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың  басты мақсаты тұрақты экономикалық дамуды және барлық өңірлердегі азаматтардың әл-ауқатының өсуін айқындайтын  аумақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Орта  мерзімді кезеңде осы мақсаттарға  қол жеткізуге келесі негізгі  міндеттерді шешу ықпал етеді:

- орта  мерзімді және бюджеттік жоспарлауды  үйлестіру; 

- бюджеттік  бағдарламалар жоспарлаудың сапасын  жақсарту арқылы мемлекеттік  шығындардың нәтижелілігін және  тиімділігін арттыру; 

- жүргізіліп  отырған әлеуметтік реформалар, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл  шаруашылығы салаларын және қоғамдық  инфрақұрылымды дамытуды және  басқа да басымды сала қызметін  қаржылай қамтамасыз ету; 

- экономикада  салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін  белгілей отырып, көлеңкелі экономиканың  үлесін азайту;

- мемлекеттік  қызметтерге барлық әкімшілік-аумақтық  бірліктегі халықтың тең қол  жеткізілімін қамтамасыз ете  отырып, бюджетаралық қатынастардың  ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз  ету; 

- бюджетті  жоспарлау және атқару үдерісінің  ашықтығын қамтамасыз ету; 

- бюджет  қаражаттарын аймақтың орта мерзімді (бағдарламалық) құжаттарымен өзара  байланыста басым сектораларға  бағыттай отырып экономика салаларын  әртараптандыру;

- мемлекеттік  ұйымдардың қызметінің тиімділігін  арттыру үшін жеткілікті стимулдар  құра отырып, көрсететін мемлекет  қызметтердің сапасын арттыру. 

Қысқа мерзімді перспективадағы негізгі  мақсаттар: экономиканың қарқынды өсімін сақтау үшін жағдайлар жасау, бағаның  тұрақтылығын қамтамасыз ету, «экономиканың  қызып кетпеуіне» жол бермеу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру, осы негізде макроэкономиканың  тұрақтылығын сақтау басты міндет болып  табылады.

         Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары

   Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша:

стратегиялық, орта мерзімді, өңірлік, бюджеттік бағдарламаларды  әзірлеу мен тиімділігін бағалау, осы бағдарламалардың санын және іске асырылу тиімділігін оңтайландыру мақсатында жаңа тәсілдер енгізу;

салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық салынатын базаны кеңейту;

шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың  толық көлемде тиімді орындалуын және екінші жағынан, макроэкономикалық  тұрақтылыққа жәрдемдесуді қамтамасыз ететін деңгейді ұстау;

мемлекеттік шығыстардың нәтижелілігі мен тиімділігін, соның ішінде бюджет үдерісінің барлық деңгейлерінде бюджеттік бағдарламалау  әдістерін одан әрі енгізу жолымен  арттыру;

дамуға  бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды  дайындау, қарау, іріктеу үдерісін реттеу;

бюджетаралық  қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің  түрлі деңгейлері арасында кіріс  және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату;

бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың құнын анықтау үшін бюджеттік  бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың, сандық көрсеткіштердің құнын анықтау  нормалар мен нормативтерді енгізу;

    Қысқа мерзімді перспективада Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған іс-шаралардың іске асырылу қажеттігіне бағдар ұстай отырып және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында, мемлекеттік шығындардың шектілігіне, қатаң бюджеттік тәртіпті қадағалауға, экономика әртараптандыруды ынталандыруға, бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіруге арналған таразыланған фискалдық саясат жүргізу керек.

    Атап айтқанда, мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануын арттыру, жоспарлау жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясы әзірленетін болады, ол:

бюджет  жүйесінің барлық денгейлерінде  нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік  жоспарлау және бюджеттеу жүйесін  енгізуге;

үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізуге;

мемлекеттік органдардың қызметі мен олардың  бюджет қаражаттарын пайдалану ашықтығын  және қоғамның бақылауында болуын орнату;

бюджет  қаражаттарын игеруден нақты нәтижелерге  қол жеткізуге мемлекеттік органдардың  қызметін қайта бағдарлау жүзеге асырылатын

болады.

        Фискалдық саясатты іске асыру тетіктері

   Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері

   2009-2011 жылдарға арналған негізгі стратегиялық міндеттер:

өңдеу өнеркәсібін, аграрлық сектор, шағын  кәсіпкерліктің дамыту арқылы тұрақты  экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

жаңа  ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдегіш  технологиялар, инновациялық шешімдер негізінде өндірілетін өнім сапасын  көтеру;

кәсіпорындарда  әлемдік стандартты енгізу бойынша  жұмыс жүргізу;

әлеуметтік  бағдарланған тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету және тұрғын-үй шаруашылығын дамыту жеке сектор мен мемлекет арасында өзара іс-қимыл орнату;

ұсынылатын  білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және денсаулық  сақтау саласындағы қызметтің тиімділігін  жақсарту үшін кешенді шараларды  іске асыру;

макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  және елді мекендерді газдандыру;

жұмыспен  қамтуға ықпал ететін белсенді шараларды  әрі қарай дамыту және жетілдіру.

2006-2008 жылдары  Оңтүстік Қазақстан облысында  алдыңғы жылдардағыдай экономиканың  тұрақты өсімін қамтамасыз етуге  бағытталған жүйелі және мақсатты  экономикалық өзгеріс жүзеге  асырылды.

   Бұл өсімнің негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнімнің өсімі. Егер 2006 жылы облыстың ЖАӨ-і - 423,5 млрд.теңгені құраса, 2007 жылы - 501,4 млрд.теңгені (алдын ала деректер), 2008 жыл бағалауы бойынша - 536,5 млрд.теңгені құрады.

2006-2008 жылдары  облыстың экономикалық дамуының  тұрақты үрдісінің қарқыны сақталуда. 

Құрылыс, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі есебінен облыстағы  тауар өндірісі артты.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысы