Пайда нысаныдары және олардың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа

Описание

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5

1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................

Работа состоит из  1 файл

пайда.docx

— 54.72 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ  
 

 КІРІСПЕ..................................................................................................................3  

1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ  

1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5  
 

1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7  

2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ  

2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12  

2.2 Пайда нысаныдары  және олардың жолдары ...............................................18  

 ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28  

 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................  

 КІРІСПЕ  

 Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Пайда экономикалық катеория ретінде. Пайда нысандары». Курстық жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең маңызды мәселе болып табылады.

 Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

 Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. “Пайда” сөзі түсіндірме сөздіктерде “көбею” деген мағынаны білдіреді екен. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп, бірақ олардың арасында көзге түсетіндер Карл Маркс, П. Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы басқа бірқатар атақты да ұлы экономисттер болып саналады. Экономикадағы пайданың мәні көбіне артық сөзсіз-ақ түсінікті, бірақ ол пайданы қалай табуға болатынын, қалай қолдану керектігін, қалай сақтап, пайдалануға болатындығын қазіргі өтпелі экономикалық кезеңдегі қазақстандықтардың көбі толығымен біліп қойған жоқ. Ал капиталмен айналысу үшін пайданы таба және қолдана білу - капиталистің басты мәселесі болып табылады. Осы заңдылықтарды білмеген адам капиталмен айналысатын болса, біраз уақыттан кейін банкротқа ұшырайтыны экономисттер үшін айқын. Осы себептен мен экономикадағы пайданың мәнін, қызметін зерттеп, курстық жұмысымды ұсынып отырмын.

 Пайданы зерттеуден  бұрын, оның мәнін білген дұрыс. Өйткені пайданың қайнар көзін, мәнін білмесек, оның теорияларына келгенде тоқтап қалуыңыз әбден мүмкін.

 Бұл тақырыптың өзектілігі – пайданы қолдану аясын кеңейту, қалай сақтап пайдалануға болатынын және оны мейлінше арттыру, жетілдіру жолдары өзекті мәселесі болып табылады.

 Мақсаты – пайданың мәнін неғұрлым толық зерттеу, пайданы максималды ету, сонымен қатар оған әсер етуші факторлардың алдын-алу шараларын қарастырады.

 Міндеті –  пайданы нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра отырып, оның теорияларын, мәнін, қызметін және экономикадағы пайданың нысандарын толықтай ашу.

 Курстық жұмыстың құрылымы:

 Кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 Бірінші бөлімде – пайданың мәні, мазмұны және пайда теориясы қарастырылады.

 Екінші бөлімде – пайда экономикалық катеория ретінде, пайда нысандары және оларды жетілдіру жолдары қарастырылады.  

1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1.1. Пайданың мәні мазмұны  

 Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В. Дальдіңүсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен пайда болады?

 Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:

 Меркантелистер  пайда айналыста пайда болады  және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.

 Карл Маркс  пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.

 Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады. оның ішінде негізгілері төмендегілер:

- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;

- пайда — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;

Информация о работе Пайда нысаныдары және олардың жолдары