Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................
2. ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі
Нарықтық өндірістің жекелеген салаларына пайда нормасына ықпал ететін әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді. Өнеркәсіптердің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың органикалық құрылымы әр салада әр түрлі. Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға қосымша құн массасы, осыған сэйкес әр түрлі саладағы пайда нормасы өзгермелі капиталдың көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да ажыратылады. Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салада, қосымша құнның жылдық массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда пайда нормасы төмен болады.
Егер тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі капиталға әр түрлі пайда алар еді, ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ жағдайында бұлай болуы мүмкін емес, өйткені ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төмен пайда нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді. Егер оның капиталы басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі капиталға қарағанда аз пайда әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып пайданы көбірек әкелетін кәсіпорындарға жұмаған болар еді. Бірдей көлемді капитал бірдей дәрежедегі пайда әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы керек.
Салалық пайда нормасының жалпы, орта нормасына айналуы стихиялы, бэсеке күресінің нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі түрі бар: ішкі салалық және салааралық.
Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс арақатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың рыноктық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Рыноктық құнның ақшалай формасы рыноктық баға деп аталады.
Салааралық бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты әр қилы саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың пайда нормасы төменгі саладан, пайда нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады. Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың пайда нормасының төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын азайтады, баға өседі, осымен байланысты пайда нормасы да өседі. Капиталдың пайда нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген сұранысты ұлғайтады, бағаны, пайда нормасын төмендетеді. Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп келгенде пайда нормасы теңеледі де, орта пайда немесе барлық өндіріс саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы пайда нормасы құрылады.
Орта пайда нормасы жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы саладағы кэсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды. Ол жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де анықталады. Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей пайда массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы орта пайда деп атайды.
Пайданың орта пайдага айналуы тауарлардың құнымен емес, өндіріс бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы.
1-кесте.
Құнның өндіріс бағасына айналуы
Бұл мысалда (1-кестеде) барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір-біріне тең.