Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................
Кестеден көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық құрылымы төмен III салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары - I саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.
Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың өндіріс бағасын тауар құнымен салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс бағасы құннан ауытқиды. Бірінші капиталдың органикалық құрылымы орта дәрежеден жоғары салада, өндіріс бағасы құннан жоғары, ал үшінші -капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден төмен, түптеп келгенде, бұл ауытқулар - өзара бір-бірімен теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады. Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен, ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық қүнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады. Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде ауытқып отырады. Рыноктық бағаның құрылуын реттеуші рөлді тауарлардың рыноктық құны атқарады, тек тікелей емес, өндіріс бағасы арқылы атқарады.
Нарықтық экономикада өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы капиталдың органикалық құрылымының өсуінен байқалады. Ол жоғары болған сайын пайда нормасы төмен болады. Капиталистік өндірістің дамуымен, капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының төмендеуіне әкеліп соғады. Дегенмен капиталдың органикалық құрылымының өсуімен, пайда нормасының төмендеуі абсолютті, міндетті заң емес, тек тенденция ғана. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеуіне қарсы әрекет ететін бірнеше факторлардың орын алатындығы. Оған ең алдымен жалдамалы еңбекті қанауды күшейту жатады. Қосымша қүнның нормасының артуы оның массасын ұлғайтады, ол кезегінде пайда нормасының төмендеуін тежейді. Екіншіден, жалақының жұмыс күші құннан төмен ауытқуы, капиталдың органикалық құрылымының өсуі өнеркәсіп резерв армиясының құрылуына әкеледі, ол болса кәсіпкерлерге жұмыс күшін оның құнынан төмен сатып алуға, жалақыны төмендету, жұмысшылардың қосымша еңбегінен басқа қажетті еңбегінің бір бөлігін иемдену мүмкіндігін береді. Үшіншіден, тұрақты капитал элементтерін арзандату капиталистерге қосымша құн массасын көп мөлшерде алу мүмкіндігін береді, сол қолдағы тұрақты капиталмен ірі өндірісті ұйымдастырып, көптеген жұмысшыларды қанап және пайда нормасын көтеруге болады. Сонымен капиталистік елдердің экономикалық дамуының басты қозғаушы күші - пайда нормасы. Ішкі қайшылық капиталдың шексіз өсу тенденциясына пайданың орта нормасының төмендеу тенденциясы қарсы әрекет етеді. Бұл заңдылық капиталдың түбірі экономикалық мүддесін қозғайды, яғни қоғамның өндіргіш күштері тез дамыған сайын, пайда нормасының төмендеу тенденциясы активті көрініс алады.
Сауда экономиканың шынайы
көзі
капиталистік өндіріс процесінде жалдамалы
жұмысшылар өндірілген қосымша құн болып
табылады. Өнеркәсіп
капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар
капиталын ақша капиталына айналдыру қызметі үшін
беруге мәжбүр болады.
Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір
бөлігі.
Сауда капиталы, қосымша құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге қатынасады. Былай деп ұйғарайық, жыл
бойғы
авансыланған өнеркәсіп
капиталы 900-ге тең, ол 720 және 180 тұрады. Қосымша құн нормасы 100% болғанда, оның массасы 180-ге тең болады, ал жылдық өнім құны (W) = 720с + 180V = 1080. Пайда
нормасы 20%, яғни
Тауарларды сату үшін
тағы
да қосымша
100 өлшем
тауар капиталы керек делік. Мұндай жағдайда қоғамдық капитал 1000 өлшемге тең болады, ал бүкіл қоғамдық капиталға орта пайда нормасы 18% болады.
Өнеркәсіп иесі өзінің 900 өлшем капиталына 162 өлшем өнеркәсіп
пайдасын, ал саудагерлер өзінің 100 өлшем капиталына -180 өлшем
сауда пайдасына ие болады:
Өнеркәсіп капиталистері саудагерлер тауарларын құнынан төмен бағамен сатады: 720с + 180V + 162р = 1062. Сауда капиталистері тауарлы өнімді құнына тең өндірістің қоғамдық бағасымен сатады.
720с + 180V + 162р + 18Һ = 1080 (р - өнеркәсіп пайдасы, һ - сауда пайдасы).
Бұдан шығар қорытынды, сауда капиталы қосымша құн өндірмейді, алайда оны бөлуге және орта пайдамен теңестіруде қатынасады. Нәтижесінде орта пайда 20-дан 18%-ке кемиді. Алайда бұл өнеркәсіпшілер мүддесіне қайшы келмейді. Егер, олар тауарларды сатумен тікелей айналысатын болса, айналыспен байланысты уақыт пен шығын анағұрлым көп кетер еді де, өнеркәсіп капиталының нормасы төмен болар еді. Сонымен сауда пайданың табиғаты өнеркәсіптік пайдасындай болғаны. Олар құнның бөліктері.
Қосымша құнды бөлуде қызмет істеуші өнеркәсіп және сауда капиталистерге ғана
емес, ақша қаражатының иесі қарыз
капиталистері де қатысады. Қарыз капиталды капиталдың ең бүркемеленген
түрі,
онда қосымша құн алудың көзі мүлдем
жасырын көріністе. Қарыз
капиталының А - А1 қозғалысында капиталдың өгейленуі
мен оған құн өсімін
алумен байланысты аралық фаза түсіп қалады. Мұнда құнның өсу көзі, шын мәнінде, жасырын қалып отыр. Мұнда капитал аралық қозғалыссыз
"ақша
түсімін"
күтіп
отырған
ақша
ретінде көрініс
алады. Бірақ, қосымша құн теориясы бойынша ақша,
шын мәнінде, өздігінен өспейді,
ол қызмет
етуші капиталистердің қолында жалдамалы еңбекті қанау
арқылы қосымша құн алуға пайдаланылатын
нақты
капиталға
айналады. Қарыз
капиталы шаруашылық қызметімен айналыспайды,
тек купондарды қиып отырумен шектеледі.
Сонымен қарыз
капиталы капитал-меншік иесі, өзіндік қозғалыс формасы бар ерекше
тауар, оның
иесіне өндіріс
саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір
бөлігін
процент түрінде
иемдену мүмкіндігін
береді. Қарыз
берушінің қолында қарызға берген
капиталы үшін
төлем қарыз
процент түрін қабылдайды. Қарыз
проценті - қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін
істеуші меншік иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне
алынған
соманың
белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оны кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз
капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: Капитал иесінің иемденетін
проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік
табыс. Қарыз
процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар.
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс
саласының, қарызға берген
капитал саласына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін
төлем
процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз
капиталынан алынған жылдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың долл.
деп ұйғарсақ, ал
осыдан жылдық табыс 6 мың долл. болады, онда процент
нормасы