Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................
2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан элдеқайда артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор
компанияны жарты миллион
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны: W = с + V + т, мүнда (с + V) капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(С + V)+ Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р > m); егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р < m). Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.
Пайданың жалпы нормасы түрлі пайда нормаларының белгілі уақыт дәуіріне, айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі пайда нормалары үшін анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы пайда нормасын құрастырады.
Егер қосымша құн нормасы m = mv * 100% өзгермелі
капитал дәрежесінің ұлғаюын
көрсетсе,
пайда нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану
тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни
Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда). Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.
Пайда нормасы
капиталдың
айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал
айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал
жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда
пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда нормасы
капиталдың
айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына
ықпал
ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру
мүмкіндігін
береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын
анықтайды.
Осы көрсеткіштің өзгеру
тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен
акция курсының, процент ставкасының, басқа да
экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты.