Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................
TC = Q * AC, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;
MC = TCn - TCn - 1, яғни шекті шығындар n санындағы тауарлардың жалпы шығындарымен n-1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;
TP = Q + P, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;
MP = TPn - TPn - 1, яғни шекті табыс n сандары тауардың жалпы табысы мен n-1 сандағы тауардың жалпы табыстың айырмашылығына тең.
2, 3, 4-бағаналар (3-кесте) монополист фирманың өндіріс жағдайларын сипаттаса, 5, 6, 7 - сату жағдайларын сипаттайды.
Фирманың рационалды тәртібі оның ең жоғары пайда алуға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы
табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен өндіріс орнықтырады.
Жетілген бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік MC = p болғанда болады. P, яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыспен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: MC = MR = P фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:
1) шекті табыс шекті шығындарға тең болуы керек;
2) баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал бұның мәні:
MC = MR = P = AC
Монополист фирманың рыноктағы тәртібі
шекті табыстың (MR) және шекті шығындардың (MC) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені әрбір қосымша өнім жалпы табысқа және бір уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Фирма барлық уақытта
осы екі көлемді
салыстырып отыру керек. MR мен MC арасындағы айырмашылық жағымды
болғанға дейін
фирма өндірісті ұлғайта
береді. Мынадай ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр
тоғының қозғалысын қамтамасыз
етсе, MR мен MC арасындағы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ал MR = MC
болған
жағдайда
фирма тепе-теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген
бәсеке
кезінде қандай
баға
орнығады?
Мұндайда
орта шығындар
(AC) қандай
болады? MC = MR = P = AC формуласы сақтала ма?
3-кестеге көңіл аударайық. Монополист, әрине, өнімдер үшін жоғары баға белгілеуге ұмтылады. Алайда, егер ол 41 доллар баға қойса, онда ол 1 ғана тауар сатады және оның жалпы табысы 41 доллар, ал пайдасы (41 - 24) = 17 доллар.
Пайда дегеніміз
жалпы табыс пен жалпы шығындар
Сұраныс қисық сызығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 33 доллар бағада ол 5 тауар сатуы мүмкін. Бұл жағдайда бір тауарға тиісті таза пайда азайғанымен пайданың жалпы көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсекелес бағаны қандай шекке дейін төмендете алады? Айқыны, шекті табыс (MR) шекті шығындарға (MC) тең болғанда, бұл 9 тауарды сатқандағы жағдай. Нақ осындай таза пайданың көлемі ең жоғары болады, яғни (225 - 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны 25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда - 108 доллар пайда алған бағадан) 23 долларға дейін төмендесе, онда мынадай нәтиже болады: 10 тауар сатып алушы 5 доллар табыс ала алатын еді, ал шекті шығындар онда 10,5 доллар болар еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен сату сатушының таза пайдасын азайтады: (230 - 125,5) = 104,5 доллар.
Осы кестені қарағаннан қандай қорытынды
шығаруға болады.
Жетілмеген бәсеке негізінде фирма тепе-теңдігі,
яғни
шекті шығындар
мен шекті табыстың теңдігі немесе (MC = MR) орта шығындар өзінің ең төмен
деңгейіне
жетпейтін өндірістің көлемі кезінде болады. Баға бұл кезде
жеке өнімнің орта
шығындарынан
жоғары
болады. Жетілмеген бәсеке кезінде MC = MR = P = AC теңдігі
сақталады.
Жетілмеген бәсеке кезінде (MC = MR) < AC <
P график арқылы түсіндірейін. 2-суретте көрініп
тұрғандай,
фирма тепе-теңдік жағдайы E нүктесімен (MC және MR) қиылысу нүктесінде анықталады, одан ДД сұраныс қисық сызығына дейін тік сызық жүргіземіз.
Осылайша барынша көп таза пайда қамтамасыз ететін бағаны
білеміз. Бұл
баға
E1 деңгейінде
орнығады.
Торланған
тік бұрыш
монопольді пайданы көрсетеді.
Жетілген бәсеке жағдайында фирма сату бағасын төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. Өндіріс MC мен MR теңдігіне жеткен сәтке дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес те сол ережені басшылыққа алады. Өндірісті ұлғайту, тоқтату және қысқарту туралы шешім қабылдай отырып, ол қосымша табысты салыстырады, яғни өзінің MC және MR салыстырады. Ол өндіріс көлемі MC және MR теңдігіне дейін ұлғайтады. Бірақ өндіріс көлемі бұл кезде, жетілген бәсекеге қарағанда аз болады, яғни Q1 < Q2. Жетілген бәсекеге кезінде нақ E2 нүктесінде шекті шығындар (MC), орта шығындардың ең төменгі мәні (AC) және сату бағасының деңгейі (P) сәйкес келіп қалады. Егер (P2) бағасы E2 нүктесі деңгейінде орнықса, онда монопольді баға болмаған болар еді. Басқаша айтқанда жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда “қарапайым” пайданың деңгейінен асып түседі. Фирманың бағаны E2 нүктесі деңгейінде белгілеуі альтруизм деп қарауға болады. Бұл нүктеде MC = AC = P. Бірақ MC = MR. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер үшін өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.