Пайда нысаныдары және олардың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 06:14, курсовая работа

Описание

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5

1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................

Работа состоит из  1 файл

пайда.docx

— 54.72 Кб (Скачать документ)

 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.  

2.2 Пайда нысандары  және олардың жолдары  

 Шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арасында ең соңында тұтынылған игіліктерінің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда өлшенген шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді. Тұтыну тепе-теңдігінің шартын былай бейнелеуге болады:  
 
 

 Бұл жерде MU - жеке тауарлардың пайдалылығы, ал P - олардың бағасы.

 Маржиналистік  теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деген нені есептеу керек, яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма? Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.

 КАРДИНАЛИСТЕР  шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен шұғылданады (У. Джевонс, А. Маршалл, Д. Робертсон). Алайда олардың бұл ізденістері нәтижесіз болды да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты ақшалай бағалау қолданды.

 ОРДИНАЛИСТЕР  жалпы мұндай әмбебап өлшем бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол ұсынды (В. Парето, Дж. Хикс, тағы басқалары). Мысалы, В. Парето шекті пайдалылықтың абсолютті өлшеуішінің орнына салыстырмалы талдауға көшкен жемісті болар еді деген идея айтты, яғни сатып алушылардың (сатушылардың) тауарларды бір қисындасуын басқа қисындасуынан таңдап алу себебін анықтау. Мұндай талдаудың құралы (тетігі) ретінде экономикалық процестерді зерттеуде неоклассикалық мектеп кеңінен талғаусыздық қисық сызығы дегенді қолданады.

 Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (1, а - сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр. Рыноктың бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.  

 Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа қанша тауарлар шығарса да, бәрібір ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.

 Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (1, б - сурет) ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса, P, яғни бағаны қысқарту 1, б - суретінде көрсеткенімдей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығаратын қорытынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді. Шекті табыс n бірлікті сатудан алынған жалпы табыс пен n-1 бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар 100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы табыс 10000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін бағаны 99,5 доллар төмендету керек, онда жалпы табыс 99,54 * 101 = 10044,5 доллар аламыз. Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті табыс деген қосымша тауарды сатудан алынған қосымша табыс. Мына 2-кесте арқылы осыны көрсетемін.  

3-бағаның мәні соған сәйкес 1-бағаның мәнін 2-бағаның мәніне көбейту арқылы алынады. 4-бағананы 3-бағанадан аламыз, жалпы табыстың әрбір кейінгі мәнінен оның алдындағы мәнді алу арқылы: Мысалы, 78 - 41 = 37; 111 - 78 = 33; 140 - 111 = 29, тағы басқалары.

 Тағы да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға тұрақты әрі белгіленген болады. Бірақ ондай шекті табыс қандай болады? Санды мысалмен түсіндірейін. Егер жетілген бәсекелес болса, онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан, шекті табыс 10100 долл. - 10000 долл. = 100 долл. болады. Осымен мынадай қорытынды жасауға болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар бағасына тең.

 Жетілмеген бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті табыс пен сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілігін графикалық түрде бейнелейік (ординат тігінде - шекті табыс пен баға, абсцисс тігінде өнімнің саны).

 Графиктен MR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда тезірек төмендейтіні көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан аз. Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл төмендету оған қайсыбір ұғыс береді. (2-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны көрінеді), бірақ бір мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар. Мысалы, өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын төмендетті (41-ден, 39-дан, 37 долл.). Сондықтан барлық сатып алушылар 41 және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді. Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан алынып тасталады, сонда 33 доллар тең шекті табыс қалады.

 Қайтадан фирма шығындарына оралайық. Өнімнің орта шығындарында (AC) алдымен, өнімнің саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы болады. Алайда, белгілі бір өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілігі график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И - бейнелі қисық сызық болады. Абстрактілі санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Бірақ алдымен мынадай белгілеулерді кіргіземіз:

Информация о работе Пайда нысаныдары және олардың жолдары