Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:28, автореферат

Описание

Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі.doc

— 970.50 Кб (Скачать документ)

       ӘОЖ 334.012.63                                                           Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚАНЫБЕКОВА  ӘЛИЯ ОРЫНХАНҚЫЗЫ 
 
 
 
 

     Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі 
 
 
 
 
 
 

     08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын  басқару 

                                         (қызмет салалары мен аялары бойынша) 
 
 
 
 
 

     Экономика ғылымдарының кандидаты

     ғылыми  дәрежесін алу үшін ұсынылған  диссертациясының 

     авторефераты  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстан Республикасы

     Алматы, 2010 

     Диссертациялық  жұмыс «Қайнар» университетінде орындалған 
 
 

     Ғылыми  жетекшісі:     экономика  ғылымдарының

                                           докторы, профессор Ә.Ж. Сапарбаев 
 

     Ресми оппоненттер:   экономика ғылымдарының

                                           докторы, профессор Б.Н. Исабеков 

                                           экономика ғылымдарының

                                          кандидаты, доцент Е. Әмірбекұлы 
 

     Жетекші ұйым:            М.Х. Дулати атындағы Тараз

                                          мемлекеттік университеті 
 
 
 

     Диссертация 2010 жылдың «28» желтоқсанында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы (кандидаты) дәрежесін алу үшін қорғайтын Д 14.63.07 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28, дәрісхана №31. 
 

     Диссертациямен  050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28 мекен жайындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. 
 
 

     Автореферат 2010 жылдың « 27 » қарашасында таратылды. 
 
 
 

     Диссертациялық  кеңестің

     ғалым хатшысы,

     э.ғ.д., профессор                                                           Ә.Н. Дәуренбекова 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет – еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады.  Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.

     Қазіргі кезде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлі де болса төмен деңгейде екендігі жасырын емес. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да қазіргі кезде кәсіпкерлікті, соның ішінде ШОК-ті дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы аталғандарды ескере отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту және оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, қызмет тиімділігін арттыру объективті қажеттілік болып отыр.

     ҚР  Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауында айтылғандай, біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою керек. Алайда, мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі шағын кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және  қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет.

     Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы  тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы  үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына  қатысты әр алуан  аспектілі қиындықтары мен проблемаларына  байланысты.

     Яғни, еліміздің экономикасының  әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, экономика саласын тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр.

     Сондықтан осы ғылыми жұмыстың  өзектілігі жоғарыда аталған әр түрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен  анықталады.

     Мәселенің зерттелу дәрежесі. Басқаруды дамыту, ШОК-ті жүргізудің экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіру мәселелері көптеген отандық ғалымдардың: Н.Қ. Мамыровтың, А.Қ. Қошановтың,  
К.Ә. Сағадиевтің, Қ.О. Оқаевтың, Қ.Қ. Құрманалиевтің, Б.З. Зиябековтың,  
Ә.Н. Дәуренбекованың, Р.Қ.Андарованың, Ө.Қ.Шеденовтың, А.Н.Саханованың, О.С. Сабденнің, Ә.Ж. Сапарбаевтың, Б. Исабековтың, А. Тоқсанованың,  
А.Д. Омаровтың, И. Даурановтың, Е. Әмірбекұлының, Н. Райханның және т.б. еңбектерінде жарық көрген.

     Шағын кәсіпкерлікті басқару саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық және экономикалық мәселелеріне шетел ғалымдарының:  
В. Блюменфельдтің, С.Н. Рагимовтың, М.Г. Лапустаның, М.И. Бакановтың, А.Ю. Чепуренконың, Джон Ф. Берджестің, Николас К. Сирополистің,  
Б.Я. Горфинкельдің, Э.М. Гайнутдиновтың, П. Ершовтың, А.Д. Иоффенің, Н.Довганьның, Т.А. Красеваның, С.Г. Светуньковтың,  Е.К. Смирницкийдің, А.А.Вороновтың  және т.б. жұмыстары арналған.

     Жоғарыда көрсетілген авторлардың ғылыми еңбектерінде экономикалық тиімділіктің мәні, мазмұны және ұстанымдары жүйеленген, нарықтық механизмінің құрылуының теориясы мен тәжірибесі қорытындыланған.

     Алайда, Қазақстан жағдайында нарықтық экономика талаптарын есепке ала отырып, шағын кәсіпкерлікті басқару мәселелері әлі де жеткілікті түрде зерттелмей отыр. Осыған орай, қазіргі кезде қалыптасқан еліміздегі кәсіпкерліктің жағдайын ескере отырып, алда зерттеулерді тереңдету қажеттілігі тұр.

     Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты шағын кәсіпкерліктің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын анықтау және оларды басқаруда тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін анықтай отырып, олардың тәжірибеде іске асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып табылады.

     Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:

  • нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, шағын кәсіпкерліктің басқару бағыттарын анықтау және оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
  • шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
  • экономиканың негізгі өзегі болып табылатын шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
  • шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін жасау.

     Зерттеу пәні шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі және жетілдіру шаралары болып табылады.

     Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның шағын кәсіпкерлік нысандары және «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін басқарудың тиімділігі мәселелері алынып отыр.

     Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін шағын кәсіпкерліктің қызметін басқару механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері, «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық есептері құрады. Диссертациялық жұмыста әр түрлі зерттеу әдістері: экономикалық-статистикалық, монографиялық, экономи-калық-математикалық модельдеу әдістері және т.б. қолданылды.

     Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру және шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін құрастыру.

     Қорғауға шығарылатын ғылыми жаңалығы бар зерттеу келесідей маңызды нәтижелерді қамтиды:

  • нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың теориялық-әдістемелік аспектілері ғылыми тұрғыдан зерттелінген;
  • шетелдік және отандық тәжірибесін зерттей отырып, шағын  кәсіпкерліктің қызметін басқарудың жүйелерін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, даму бағыттары мен мүмкіндіктері  бағаланған;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті басқарудың тұрақтылығы бағаланған және «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық жағдайына талдау жүргізілген;
  • шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үшін инновацияны топтау, жаңалық пен жаңа ережелердің дәрежесі, инновациялық нысандар, пайдалану аумақтары мен коммерциялық мүмкіндіктерінің критерийлері арқылы ұсынылған;    
  • шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің эконо-микалық-математикалық моделі  жасалған.

     Іс-тәжірибедегі маңызы. Диссертациялық еңбектен алынған маңызды нәтижелерді іс-тәжірибеде қолдануға болады.

Информация о работе Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі