Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:28, автореферат
Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Стратегияны
іске асыру ЖІӨ құрылымында
Қазіргі
кезеңде Қазақстанда
Ескерту:
Зерттеу негізінде автор
Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада – 40%-ға дейін (Румыния – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).
Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік Алматы қаласы – 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%.
Егер
2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы
кәсіпорындар ара-сында өнім өндіруде
басты көлемі металлургия саласы болса
(ҚР бойынша барлық инновациялық өнім
өндірудің 84,4%), ал 2009 ж. мерзімінде өңдеу
өнер-кәсібі алда болды – 68,95% (2-кесте).
2-кесте. ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге
ҚР экономика салалары |
Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) | Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, % | Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі | Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) |
Барлығы | 1006169,6 | 100 | 170320,2 | 1493127,3 |
Ауыл шаруашылығы | 2664,6 | 0,26 | 399,3 | 3262,5 |
Тау-кен өнеркәсібі | 292194,5 | 29,04 | 60885,7 | 576784,5 |
Өңдеу өнеркәсібі | 693754,8 | 68,95 | 105306,9 | 897705,7 |
Құрылыс | 17555,7 | 1,75 | 3728,3 | 15374,5 |
Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автордың есептеуі. http://www.stat.kz |
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол солғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек.
Инновациялық
қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі
негізінде ғана дамытуға болады. Нарықтық
экономикада шағын
Ұсынылған
инновациялық-бағдарлы стратегияның негізі
– оның өндірістік-техникалық, ақпараттық-технологиялық
сияқты шағын иннова-циялық құрылымдарды
дамыту мен құруды алдын ала қарастыратын
болып табылады. Аталмыш стратегияның
аясында инновациялық құрылымды құру
үлгісі 10-суретте бейнеленген.
10-сурет. ШКС-дағы инновациялық құрылымның принципті үлгісі
Ескерту:
Зерттеу негізінде автор құрастырған
Қазақстанның ШКС-да көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін бірнеше шағын кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен анықталады.
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалары территориялық шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.
Дамыған
елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей,
кластердің аясын табысты кеңейту
мен тереңдетуде әлемдік
Кластерлердің артықшылықтары төмендегідей
бағыттар бойынша алынуы
Кластерлік
ұйымдастыру бір жағынан
Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың икемделуі келесі механизмдер ретінде болады (11-сурет):
11-сурет. Шағын кәсіпкерлікке кластерлік тұжырымдамасын икемдеу механизмдері
Ескерту:
Зерттеу негізінде автор
Кластерлік модельдер мен технологияларды енгізуде күтілетін нәтижелер: экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі; кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке құштарлықтарының артуы; аймақтарға инвестициялық климаттары мен тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік стратегиялық басымдық ретінде жариялаған болатын. Әpбip 2-3 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған қолдау көрсетудің арнайы мемлекеттік бағдарламалары қабылданып отырды. Оларды өткенге шолу ретінде шағын кәсіпкерліктің рөлінің экономика мен қоғамда артып келе жатқандығын жиынтық ретінде кұрастырып, дамыған елдерде сандық, құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер ретінде алға тартылып отырды.
Мұндай түпкілікті мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бaғыттарда қамтылып отырған міндеттер жоспарланды: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық pecypcтapғa қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар көрсету мақсатында арнайы мемелекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты арттыру.
Бұл бағытта мейлінше маңызды көп салалы жұмыстар жүзеге асырылды, оның басты нәтижесі ретінде кәсіпкерліктің бүкіл Қазақстан бойынша кең етек жайып отырғандығын айтуға болады.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың кең өpic алып отырған жағдайында Қазақстан Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуді дағдарысқа қарсы бағдарламаның нeгiзгi бағытына айналдыруда. Мұның өзі біздің елімізге дағдарыстың апаттарынан айналып өтудің факторларының біріне айналды.
Дегенмен, шағын кәсіпкерліктің құрылымдық және сапалық бағыттарда дамытудың мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттері бүгінгі күнге дейін толығымен орындала қойды деп айту қиын.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторлар: шағын кәсіпкерліктің қаржылық pecypcтapғa қол жеткізуінің жеткіліксіздігі; бәсекелестік ортаның әлсіздігі; кәсіпкерлікті жүргізудің мәдениетінің төмендігі, ол, ең алдымен ШОК-тің басым бөлігінің бүгінгі таңдағы ақпараттық-зерттеушілікпен қамтамасыз етушілікті көтере алмай отырғандығымен байланысты.
Қaзipгi кезде жоғарыда аталған мәселелерді
шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда
және салық туралы заңды, өмір сүрудің
басқа да нормативтік негіздерін, кәсіпкерлікті
реттеп және қолдау керсетудің объективті
куәсі ретінде ТМД-ның барлық елдерімен
салыстырғанда «Doing Business» халықаралық
рейтингісі бойынша Қазақстан жетекшілік
рөлге ие болып отырғандығы. Бұл жетістіктер
жайында тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына
арналған салтанатты жиналыста Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
айрықша атап өтті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шағын кәсіпкерлік қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру мәселелерін зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
Шағын кәсіпорындардың бәсекелестікте үйлесуін оңтайландыру есебін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық модельде тек шектеулі ресурстар мен объективті байланыстар ескерілген.
Информация о работе Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі