Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:28, автореферат
Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас секторлары бойынша едәуір өзгеше.
Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды да, ШКС-ның 20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән.
АҚШ-та
шағын бизнестің құрылымы басқаша
қызмет саласының шынайы көрінісі 58%,
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 20%-дан
астамы құрылыс пен сауда саласындағы
қызметтерді жүзеге асырады.
1-кесте. Дамыған елдер мен Қазақстанның шағын кәсіпкерліктегі макрокөрсеткіштерін салыстыру
Мемлекеттер |
Елдің жалпы ішкі көрсеткішіндегі ШК/ШОК-тің үлесі, % | Жалпы жұмыспен қамтылудағы ШК/ШОК-тің үлесі, % | Шаруашылық секторындағы ШК/ШОК-тің үлесі, % |
АҚШ | 97,60 | 54 | 52 |
Канада | 99,80 | 47 | 43 |
Жапония | 99,20 | 75 | 52 |
Ұлыбритания | 99,10 | 56 | 52 |
Франция | 97,60 | 57 | 50 |
Германия | 99,30 | 69 | 57 |
Италия | 99,20 | 73 | 55 |
Қазақстан | 92 | 23 | 15 |
Ескерту: статистикалық мәліметтер бойынша автор құрастырған |
Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде әрекет ететін субъектілердің жалпы санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса, жекелеген аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың бірлік), Қызылорда – (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың бірлік) облыстарының еншісінде (7-сурет).
Сонымен,
Қазақстандағы шағын
Жоғарыда жасалынған шолуға сәйкес шағын кәсіпкерлікті ретке келтіріп және сол шағын кәсіпкерліктегі кереғар үрдістерді қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес кұралдар арқылы жақсартып отыру үшін мемлекеттің тікелей араласуының онан әpi қажет екендігі көрінеді.
Қазіргі уақытта жинақталған тәжірибені ескере отырып, салиқалы диалог пен нақты әріптестікке негізделген өзара ықпалдасудың жаңа алгоритмі әзірленуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын бірде-бір нормативтік акт аккредитацияланған үкіметтік емес ұйымдардың тиісті сараптауынсыз қабылдануы мүмкін емес.
7-сурет. Аймақтар бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері
Ескерту:
Зерттеу негізінде автор
Ағымдағы жылдың басында Министрлікте жеке меншік кәсіпкерліктің мүддесін қорғайтын 62 нормативтік құқықтық акті сараптаудан өтті, басқа да мемлекеттік органдарда да іс осылай жалғасын табуда.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын ерекше атап өту қажет. Аталмыш бағдарламада өңірлерде кәсіпкерліктің жаңа тобын, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру мақсаты қойылған. Осы бағдарламаның қаражаты: кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау; шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттерді ішінара кепілдендіру; бизнес жүргізуді қызмет көрсетумен қолдау; кадрларды даярлау мен қайта даярлау, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты бағыттар бойынша пайдаланылады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлер үшін де, сонымен бірге банктер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет әкімдермен бірлесіп үш-жылдық бюджет ауқымында әрбір өңірдің экономикалық әлеуетін есептеуге негізделген, жылдарға бөлінген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуге тиіс. Осы қаражат өңірлерге беріледі, ал әкімдер бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын шағын кәсіпкерлік жобалары үшін толық жауап береді.
Отандық тауарлар – 2020 жоспарының ойдағыдай іске асырылуының айғағы болып табылады, ал біздің шикізат емес басқа өнім мен тауарларды экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың негізгі бағытына айналып, Қазақстанның өнеркәсібі экспорттық рыноктарда отандық бірегей өнім мен тауарларды бүкіл әлемге кеңінен танымал етуге тиіс. Осыған орай Үкімет негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру, экспортқа қызмет көрсетуді қолдау, экспорттаушыларға грант беру мен экспорттық сауданы қаржыландыру қарастырылған экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай жүйесін құру міндетін қойып отыр. Салық жүйесі ұзақ мерзім бойы қолданылатын құрал, сондықтан аталмыш жүйе экономиканың дамуының келешектегі үрдістерін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Жалпы салық жүйесі сияқты, оның жекелеген агрегаттары да өндірістік және іскерлік белсенділікті көтермелеуге, нарықтық реттеуіштерді барынша босатып, өнім өндірушілерге сол немесе басқа шаруашылық шешімін қабылдау мүмкіндігін беруге бетбұрыс жасауға тиіс.
Бәсекелестердің болуы нарықтық экономиканың ойдағыдай дамуының қажетті факторы болып табылады. Шағын кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оңтайландыру үшін нақты өнімді зерттеу процесінде оны алмастыратын экономикалық-математикалық модель қарастырамыз.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудегі мақсат – рынокты бәсекелес кәсіпорындардың өнімдері арасында бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келтіру.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу келесі бірнеше сатыда жүзеге асырылады:
1.
Жеке бәсекелік артықшылықтар
(баға, сапа, тұтынушылардың қалауы) модельденеді.
Мысалы, 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің
2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты
баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі
олардың бағасына кері тәуелді:
мұндағы – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі; –2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің бағасы; – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің бағасы.
Кәсіпорын
өнімінің бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес
кәсіпорын өнімінің сапасына тікелей
тәуелді:
мұндағы – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне таңдалған сапаның сан өлшемі бойынша бәсекеге қабілеттілігі; Кi1 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің сапа көрсеткішінің нақты деңгейі; Кj2 – 2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің сол деңгейі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің χ12…ξ12 деп белгіленетін басқа да жеке көрсеткіштерін (тұтынушылардың қалауын, ең маңызды сапа параметрлерін, пайдалану шығындары мен т.б.) осылай модельдеуге болады. Модельде пайдаланылатын көрсеткіштердің саны тұтынушылар үшін маңызды өнімнің бәсекеге қабілеттілік параметрлерінің санына байланысты.
2. Кәсіпорын өнімінің жеке бәсекелік
артықшылықтары бәсекелестік
(3)
мұндағы Ji1/j2 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.
Егер рынокта өнімнің түрі екіден көп болса, онда кез келген өнімнің сандық деңгейін салыстыру базасы ретінде қабылданып, қалған үлгілердің бәсекеге қабілеттілігі осы өнім түріне қатысты есептелетін болады.
Кәсіпорын өнімінің бәсекелік артықшылықтары мен сату коэффициенттерінің өзара байланысының нақты мағыналарын қолданбалы маркетингтік және статистикалық зерттеулер арқылы алуға болады.
Мұның іс жүзіндегі маңызы
кәсіпорын өнімінің бәсекеге
қабілеттілігіне
«Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық-қаржылық жағдайын зерттеу барысында тауарлық-материалдық қорларын құрайтын, көбінесе егін шаруашылығы бойынша өнімдерінің көптеп өткізілмей қалғандығын көреміз. Мұндай жағдайдың қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктің өнімді дұрыс өткізбеуіне байланысты. Яғни, өнімді өткізуді дұрыс ұйымдастырылмағандығынан, «Sunreis» серіктестігінде 2008 жылы тауарлық-материалдық қорлары активтердің 48%-ын, ал 2009 жылы 25,9%-ды құраған.
Осыған орай «Sunreis» серіктестігінің басқару құрылымына өнімді өткізу бойынша жаңа менеджер енгізілімі болса, онда ол келесі түрде трансформацияланады (8-сурет).
Басқару құрылымына осы жаңа енгізілімді кіргізу «Sunreis» серіктестігіндегі мәселелерді шешу үшін төмендегі шаралар мен функцияларды жүзеге асыру керек: қорларды басқару; өнімді өткізу каналдарын әртараптандыру; несиеге өткізілген тауарлар мен өнімдер бойынша қарызды өтеу бойынша жұмыс істеу және кешіктірілген өтеулер бойынша шараларды әзірлеу мен оларды іске асыру; өнімді өткізу бойынша кәсіпкерлік үрдістерді оңтайландыру.
|
8-сурет. «Sunreis» серіктестігінің модификацияланған басқару құрылымы
Ескерту:
Зерттеу негізінде автор
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансфор-мациялау мәселесін шешу қажет.
Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.
Информация о работе Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі