Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:28, автореферат

Описание

Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі.doc

— 970.50 Кб (Скачать документ)

     Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған ғылыми пайымдаулар мен ұсыныстар шағын кәсіпкерлік мекемелерін басқару механизмін нарықтық қатынастар қағидаларына сәйкестендіруге; шағын бизнес ресурстарын тиімді пайдалануын арттыруға және шығындарды тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік береді.

     Жасалған экономикалық-математикалық модель мен ұсынылған әдіс-темелік тәсілдер «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда ұсыныстарды дайындауда қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ШКС-да табысты пайдаланылуы мүмкін.

     Диссертациялық материалдар әдіснамалық және әдістемелік құралдар дайындау мен экономика мамандықтарында «Кәсіпкерлік негіздері», «Менеджмент», «Кәсіпорын экономикасы» пәндерін оқыту процесінде пайдаланылып келеді.

     Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен мәселелері «Инновациялық экономика жағдайында Каспий өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалары» (Атырау, 2009), «ТМД мемлекеттерінің аграрлық нарығы: даму және қарым-қатынас мәселелері» (Алматы, 2010) және «Агроөнеркәсіп кешенінің индустриялы-инновациялық дамуы: қазіргі жағдайы және келешегі» (Алматы, 2010)  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндалып, талқыланды.

     Зерттеу нәтижелерін баспаларда жариялау: Диссертациялық жұмыс бойынша 8 ғылыми жұмыс, оның ішінде 4-і ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 4-і  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жарияланды, жалпы көлемі 2,1 б.т.

     Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайда-ланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.  

     НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

     Қазақстан Республикасының  шағын кәсіпкерлікті  басқарудың ғылыми-әдістемелік  негіздері. Қазіргі кезде қалыптасқан ұдайы өндіріс процесі тұрақсыздығымен сипатталады. Өтпелі экономика жағдайында экономикалық қатынастардың субъектісі және шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, сондықтан да шағын  кәсіпкерлікті басқару процестерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Шағын кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың және оны басқарудың ғылыми негіздерін құруда шетел және отандық ғалымдарының еңбектері едәуір ықпалын тигізді.

     «Шаруашылық механизмі» терминін көптеген экономистер эконо-миканың үздіксіз және келісілген функцияларын қамтамасыз ететін шаруашылық әдістері мен нысандарының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Шаруашылық механизм – бұл мекемелердің тұрақты қызметін қамтамасыз ететін экономикалық тұтқалар мен стимулдардың, шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымдары мен нысандарының жиынтығы. Оның құрамындағы келесі элементтерді құрылымдық түрде бөліп көрсетуге болады: өндірісті жоспарлау, экономикалық ынталандыру, баға белгілеу, қаржыландыру және несиелеу. Өндірісті жоспарлау және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару құралы ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – бұл шаруашылық механизмінің элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді.

     Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құры-лымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді.

     Басқару – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Шағын кәсіпкерлікті  басқарудың әдіснамалық мазмұны 1-суретте келтірілген. Шағын кәсіпкерлікті  басқарудың мақсаты – оны дамытуды жетілдіре отырып, еліміздің экономикасының өсуіне серпін беру.

     Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу.

     Кәсіпкерлікті  басқару жетекші қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Басқару қағидалары – бұл қызметті жүзеге асыратын басқару органдары мен адамдардың өз қызметінде жетекшілік ететін негізгі ережелері.

     Басқару, біздің ойымызша – бұл қоғамның экономикалық зандарының өзгеруі және іске асырылуын ұйымдастыратын, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік қатынастардың нысандары, халық шаруашылығы экономикасының және оның жеке салаларының даму пропорциялары анықталатын буын. Тиісті түрлендірулердің табыстылығы шешімдердің қаншалықты дұрыс жасалып қабылдануына және осы шешімдерді қабылдау кезінде қандай қағидалардың орнатылуына байланысты болады.

               
         

               
         
         
         
         
         
         
         
         
         

             

     1-сурет. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны

     Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 

     Шағын кәсіпкерлікте  басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан өндірісті жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды. Сонымен бірге, жобалау кезеңі кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, әрі міндетті болып табылады және әр кезеңде бірыңғай мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің өнімділігі мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау, жоғарылату міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің айқындылығын мойындай отырып, қазіргі уақытта басқарудың экономикалық әдістерін ұстанумен ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады.

     Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқарудың негізгі жағдайлары мен алғышарттарына мемлекет экономикасында өтіп жатқан үрдістермен тығыз байланысты жағдайларды  және алғышарттарды енгізуге болады (2-сурет). Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік  саясатын жүргізудің жүйелі бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.

     Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық кәсіпкерлік иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау.

     Мемлекеттік басқару – бұл әлеуметтік басқарудың ерекше түрі. Кез келген   деңгейдегі   әкімшілік-мемлекеттік   шешімдер  қандай да   бір   саяси

     

2-сурет. Шағын кәсіпкерлік секторының дамуын басқарудың  
алғышарттары мен жағдайлары

     Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 

шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және жүзеге асырылады. ШКС-ның тұрақты дамуын анықтайтын фактор – кәсіпкерлік саясаты (институционалдық аспект) болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі мемлекеттік тұрғыда қолдау жүйесімен, әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен, басқару органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады (3-сурет).

     Шағын кәсіпорын өндірісі тұтастай және кез келген жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта) ұтымды үйлесуін көрсетеді.

     Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, экономикалық қызметтің тіпті қоғам үшін қажетсіз түрлерін басуға немесе шектеуге, мысалы, есірткі, қару-жарақ өндіру және сату сияқты,  сонымен  қатар  кәсіпкерліктің кейбір түрлерін

(шағын  кәсіпкерліктің фермерлік шаруашылығын, қайырымдылық қызмет-терін) қолдауға  бағытталуы мүмкін. Экономиканы  мемлекеттік реттеу, соның 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3-сурет. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесі

     Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған

             

ішінде  кәсіпкерлік қызмет, жеке адамның  құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған  қабаттарын, мемлекеттің, қоғамның  мүддесін толығымен бақылауды басты мақсат етіп қояды.

     Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау. Дамыған индустриялы мемлекеттерде  шағын  кәсіпкерліктің  өзі ғана  жалпы ішкі  өнімнің 60%-дан астамын алады. Яғни, дамыған елдердің бәсекеге лайық және экономика құрудағы табысты тәжірибесі  шағын кәсіпкерліктің осы процесс барысында шешуші элементтердің бipi болып табылатындығының нақты көрiніci екендігінде сөз жоқ. ШКС-ның хал-ахуалы мен даму деңгейі елдің тұрақты түрдегі экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып, жұмыссыздық, кедейшілік, дамымаған бәсеке, материалдық және материалдық емес қорларды тиімсіз пайдалану, ішкі жиынтық сұраныстың импортқа тәуелділігі сияқты және т.б. бірсыпыра мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы көптеген елдерде аса маңызды категория болып есептелінеді де, мемлекеттік жоғары деңгейде қарастырылады.

     Белсенді  ШКС-ның саны анық 2009 жылда 95 мың бірлікке,  
2008 жылғы 621 мыңнан  2009 жылға дейін 716 мыңға жеткен. Тіркелген ШКС-ның, ішіндегі белсенді әрекет ететін ШКС-ның үлeci алдындағы  
4 жылдың барысында үздіксіз төмендеп отырған болса, 2009 жылы 67%-ғa өскен
(4-сурет).

       

     4-сурет. ШКС-ның шаруашылық әрекет үстіндегі субъектілердің жалпы санындағы үлесі

     Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 

     ШКС-ның белсенді құрылымында ұйымдастырушылық құқықтық тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлға түріндегі қызметті атқаратын субъектілер басым: жеке кәсіпкерлер (ЖК) (2009 жылы олардың саны 484 мың субъект болды немесе белсенді ШКС-ның жалпы санының 68%) және шаруа қожалықтары (ШҚ) (171 мың немесе 24%)  (5-сурет). Заңды тұлғалардың саны ШКС-ның 31 мың субъектілерін құрайды немесе 8%.

     Белсенді  ШКС-ның әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары соңғы төрт жыл барысындағы дамуы төмендегідей қарқынды байқатады:

  1. Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
  2. Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
  3. Жеке кәсіпкерлер санының өсуі 2007 жылдың соңына дейін орын алды. 2008 жылы белсенді ЖК-нің саны 2007 жылмен салыстырғанда 20 мыңнан астам субъектілерге қысқарды, бірақ 2009 жыл бойынша өсу жалғасып, 90 мыңнан астам субъектіні құрады (6-сурет).
 
 

     

     5-сурет. ШКС-ның ұйымдастырушылық құқықтық түрлері бойынша құрылымы

     Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 

     
  1. Шаруа (фермерлік) қожалықтары 2006 жылдан бастап олардың жалпы белсенді саны тұрақты түрде өсіп отырды.

     6-сурет. Белсенді ШКС-ның қарқыны

       Ескерту: Зерттеу негізінде автор  құрастырған

      

     Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар, сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса, Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (1-кесте). Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан (Канада) 75%-ға (Жапония) дейін.

Информация о работе Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі