Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 22:22, шпаргалка
Микроэкономика пәні, әдістемесі
Сұраныс, сұраныс заңы және бағалық емес факторлары
Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалық емес факторлары
Нарықтық тепе-теңдік
Тұтынушы және өндірушілер ұтысы
Баға бойынша сұраныс икемділігі
Бағалық икемділік және жалпы табыс
Табыс бойынша және қиылысқан икемділік
9. Ұсыныс икемділігі Ұсыныс икемділігі–бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі. Ұсыныс икемділігі:Еp(S)= (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q). Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді(Еp(S)>1), икемсіз(1>Еp(S)>0), мүлде икемді, мүлде икемсіз(Еp(S)=0) немесе бірлік икемді(Еp(S)=1). Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін. ( график Икемді және икемсіз ұсыныс)
10.
Нарықтық тепе-теңдікке
11)Икемділіктің экономикадағы рөлі Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық.(график Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік)
суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.
12.Салық салудың нормативтік талдауы.Салықтың енгізілуі тұтынушылар мен өндірушілер ұтыстарына қалай әер ететінін байқайық. Заң бойынша салық сатушыларға салынсын. А – тұтынушылар ұтысы. В -өндірушілер ұтысы, С-мемлекет ұтысы, G- салықты енгізгеннен кейінгі шығындар. Қоғамнын ұтысы қысқарады; А+В+С<А+В. Осыған ұқсатып, сатып алушыларға салық салғанда, тұтынушылардың, өндірушілердің жане қоғамның ұтыстарының өзгерілуіне талдау жасауға болады.(график мухам.50бет)
13Тұтынушы тандауы.Түтынушылар талға.мы дүрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар қүрамын анық-таулары қажет. Бүдан ең үтымды тауарлар қүрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жа-нама нүктесінде екенін білеміз. Суретте ең коп пай-далылық әперетін тауарлар күрамы, түтынушының тендестік жағдайы бейнеленген.Тендестік жағдай-ында алмастьірудың шекті нормасы МЯSХУ - пен бюджет сызығы-ның бүрыштық коэф-фиценттері тең бола-ды. Сондықтан түты-нушы өзінің теңдестік жағдайына қол жеткі-зуі үшін X және Ү тауарларының көле-мін келесі шарт орын-далатындай етіп таң-дауы қажет:МЯSХУ = МUХ/ МUУ = - PХ/ PУ. Бүл тендестік түтынушьгньің теңдесгік шарты деп аталады
14.Талғамсыздық қисықтары.Сұранысты талдаудағы ординалистік (реттік) эдістеме карди-налистік (сандық) эдістемеге қараганда осы заманғы деп айтыла-ды. Бұл жағдайда пайдалылық реттік өлшемге ие болады.Сандық эдістемеде сұранысты зерттеу үшін талғамсыздық қисықтары мен бюджет сызықтары қолданылады.Талғамсыздық қисығы -тұтынушыға бірдей пайдалылық экелетін екі тауардың түрлі тіркестерін көрсетеді.Талғамсыздық қисықтарының жиыны талғамсыздық картасын құрайды, мұндағы басқалардан гөрі жоғарырақ орналасқан қисық салыстырмалы түрдегі жоғары пайдалылық әкеледі.График Талғамсыздық қисықтары төмен қарай бағытталады жэне ойыс болады, бұл ауыстырудың шекті нормасының азаюымен түсіндіріледі. Ауыстырудың шекті нормасы (МКS)-хтауарын 1 бірлікке көбейткенде у тауарының қанша бірлігінен бас тарту керек екендігін көрсетеді жэне бұл кезде осы тауарлар жиынтығының жалпы пайдалылыгы тұракты күйде қалуы керек:MRS= - del’ta X / del’ta Y .
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:1. Талғамсыздық қисығы неғүрлым координаттар осінен алыс орналасса, солғүрлым осы қисықтың бойында жатқан жиьштьіқтар түтынушыға көп пайда өпереді. 4.2суреттен төмендегі шарттың дүрыстығы
х
көрінеді.и,<и2<и3<и4 2.Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды. Талғаусыздықтың қисық сызығы (Х,У А,В:субституция аймағы; 1 2 3 1 2 3 )
Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы (Х,У, U, U1, U2)
– тұтынушы талғаусыздығы
қисық сызықтарының толық
15.Бюджеттік шектеу.Тұтынушылар таңдау мәселелерінің басқа бір жағы- ол алтернативаларынң шектлуі. х, у тауарларының колемі х,у бағалары рх ,ру сәйкес, ал І- белгілі бір уакыт мерзіміндегі тұтынушының табысы болсын. Тұтынушының шығындарының табысына теңдңк шартына келесі түрде берілді.(график бюджетт3к шектеу\сызык)Бұл теңдеу бюджеттік сызық деп аталатын жазықтықтағы түзу сызықты анықтайды. І/px мәнінде бюджеттік сызық ОХ осінен өтеді, ал ОУ осьті –І/ру мәнінде. Бюджеттік сызықтың ылдилығын анықтау үшін уге б теңдеуді у қатысты шешуге болады, яғни У=-px/py*x+I/py.Онда k=-px/py бұрыштық коэффициент, яғни бюджеттік сызықтың ылдиы. І табысының көбеюі немесе рх, ру бағасының пропорционалды азаюы бюджеттік сызықты өзіне параллельді оңға-жоғары жылжытады. Рх бағаның өсуі бюджеттік сызықты ОУ осімен қиылысатын нүктесіне қатысты сағаттың тілі жүруіне сай бұрады. Жалпы айтқанда, бюджеттік сызық міндетті түрде түзу сызық емес. Мысалы, ол сынық сызық та болуы мүмкін...
16.Тұтынушының оңтайлы таңдауы.Бір диаграммада тұтынушылардсың бюджеттік сызығы мен оның талғаусыздық қисықтарының картасын салайық.(график Тұтынушылардың тепе-теңдігі)
Берілген нүктелердің ішінен с нүкесі ең қалаулысы, бірақ ол бюджеттік сызықтан жоғары жатқандықтан, ол анықтайтын тауарлар жиынтығына тұтынушылардың қолы жетпейді. d нүктесінде тұтынушылардың І табыстары толық пайдаланылмайды. Молықтырусыздық туралы топшылама орындалған деп есептелгендіктен, тұтынушы өзінің табыстарын толығымен пайдаланады, ал оның таңдауы бюджеттік сызықта орналасады, а нүктесінде талғаусыздық қисығы бюджеттік сызықты қиып өтеді. Бұл жағдайда бюджеттік сызықтың бойымен жоғары талғаусыздық қисығына ауысу мүмкіндігі бар. Мұнай ауыстыру бюджеттік сызықтың жане кейбір талғаусыздық қисығы мен жанасу е нүктесіне түспегенше тұтынушыларды қанағаттандыру дарежесін көтеруге мүмкіндік жасайды. Бюджеттік сызық бойынша осы нүктедегі кез-келген өзгеріс тұтынушыларды талғаусыздық қисығының төменгі дәрежесіне ауыстырады, яғни оның қанағаттандыру деңгейін төмендетеді. Демек, е жанасу нүктесі тұтынушынң тепе-теңдігі болады да оның оңтайлы таңдауын анықтайды. Жанама нүктесінде талғаусыздық қисығының ылдиы – MRS бюджеттік сызық ылдиына тең болғандықтан MRS=px/ру теңдік орындалуы керек. Бұл теңдік бюджеттік шектеумен бірге х жане у тауарларының тепе-теңдік жиынтығын анықтайды.(график Бұрыштық шешім)Суретте көрсетілген жағдайда е тепе-теңдігі Х жане У екі таурдың да нөлдік емес санын қамтитын жиынтықты береді. Бұл ішкі шешім болып табылады. Талғаусыздық қисығының картасы мен тауарлардың бағаларына байланысты бюджеттік сызықтың қандай болмасын бір талғаусыздық қисығымен жанамасы болуы мүмкін. Мысалы, тұтынушы алмадан гөрі апельсин жегенді қалайды жане апельсин бағаы да онша жоғары емес. Онда ол бар табысын апельсин алуға жұмсайды.
17.Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: 1) нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар. 2)әр қайсысының бағасы бар 3)тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.4)тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.(график Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері) (TU, Q; 0,1,2,3,4,5; MU, Q)
18.”Табыс-тұтыну”
қисығы ж/е Энгель қисығы. “Табыс-тұтыну”
қисығы (income-consumotion) табыс артқанда,ал
тауарлар бағасы қалыпты жағдайда тұтынушының
тепе-теңдік жағдайының жиынтығын көрсетеді.Ақшалай
табыстың артуы бюджеттік сызықты оңға
қарай жылжытып,тұтынушының сатып алу
қабілетін арттырады.Осыған сәйкес талғамсыздық
қисығының оңға қарай жылжуы пайдалылықтың
артуын білдіреді.Әрбір бюджеттік сызыққа
талғамсыздық қисығы сәйкес келетін тепе-теңдігін
анықтаса,белгілі бір нүктелер тізбегін
аламыз.Осы нүктелерді қосу арқылы тұтынушы
табысының ж/е таңдауының өзгерісін сипаттайтын
“табыс-тұтыну” қисығын аламыз.(график табыс тутыну) “Табыс-тұтыну“
қисығының орналасуына байланысты негізгі
үш жағдайды қарастыруға болады.1.Табыс өсуіне
байланысты екі тауарды да тұтыну артты
делік,онда олар қалыпты тауарлар ж/е табыс
бойынша икемділігі оң болады.2.Х тауарының
тұтыну көлемі артып,У тауарыныкы кемісе,онда
Х қалыпты,ал У сапасы төмен тауар болады.3.Х тауарының
сұраныс көлемі кеміп,У тауарына артса,У
қалыпты,ал Х сапасы төмен тауар болады.
19.”Баға-тұтыну”
қисығы. “Баға-тұтыну”
қисығы (price-concumotion) баға өзгерісінің
бір игілікті екіншісімен салыстырмалы
ауыстыруына әсері.Бір тауар бағасы кеміп,басқа
тауар бағасы мен табыс өзгеріссіз қалған
жағдайда тұтынушы тауар/ң тепе-теңдік
құрамының жиынтығын көрсетеді.Х тауарының
бағасы төмендеген кезде бюжеттік сызық
вертикаль осьпен қиылысу нүктесіне қарағанда
сағат тңлңне қарсы бұрылады.Тепе-теңдік
тауарлар құрамы баға өзгерісіне дейін
Е1 ж/е баға өзгерісінен кейін Е2
арқылы белгілеп,оларды қоссақ, ”баға-тұтыну”
қисығын аламыз. (график мамыров 121
бет)“Баға-тұтыну”
қисығының орналасуына байланысты үш
негізгі жағдайды қарастыруға болады:1.Тауардың тұтыну
көлемң артты,онда олар бірін-бірі толықтырушы
тауарлар,яғни тауарлардың біреуінің
бағасы төмендесе,екіншісінің сұранысы
артады ж/е сұраныстың қиылысу икемділігі
теріс болады.2.Х тауарын тұтыну
көлемі көбейеді,У тауарыныкы азайады,мұнда
бұл тауарлар бірін-бірі алмастырушы
тауарлар болады.