Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа
Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған – бухгалтерлік есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттың негізгі тұтынушысы – статистикалық органдар негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.
Кіріспе..........................................................................................................................
1 Компьютердің қауіпсіздік ережесі.........................................................................
2 Негізгі бөлім.............................................................................................................
2.1 Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер............................................
2.2 Бухгалтерлік есептің объектілері................................................................
2.3 Бухгалтерлік есептің әдістері......................................................................
2.4 Құжаттау....................................................................................................
2.5 Түгендеу..................................................................................................
2.6 Бағалау....................................................................................................
2.7 Калькуляциялау.....................................................................................
2.8 Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері.........................................
2.9 Бухгалтерлік баланс..............................................................................
2.10 Шоттар мен қосарлы жазу........................................................................
2.11 Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар........................
2.12 Шаруашылық операциялардың әсерінен болған шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайындағы өзгерістер........................
2.13 Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы.................................................
2.14 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.15 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.16 Жұмыс есеп жоспарын құру.....................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................
мен маңызы күшейе түсті.
Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізідеді.
Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.
Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады.
Бухгалтерлік есеп материалды-жауапты
тұлғалардың қызметі үстінен
бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз
етеді, ол үшін әрбірматериалды-жауапты
тұлға бойынша материалдық
Материалды-жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың (ұсақ сауда кәсіпорындарының қызметкерлерінен басқа) табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде (дана, кг, км және т.б.) көлем бойынша есеп жүргізуді болжамдайды.
Мезгілді түрде бухгалтерлік
есептің мәліметтері
Табиғи өлшегіштерден басқа есепте еңбек өлшегіштері де қолданылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары (күн, сағат, минут) анықталады.
Алайда бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. Өйткені тек соның жәрдемімен ғана кәсіпорындардың әр түрлі мүлкінің (үйлер, құрал-жабдықтар, материалдар, мал басының саны) жалпы құнын есептеу мүмкін.
2.2 Бухгалтерлік есептің объектілері
Кәсіпорын жұмысының барысында шаруашылық құралдардың айналымы пайда болады. Бұл айналымда үш процесті атап көрсетуге болады: жабдықтау, өндіріс және өткізу.
Жабдықтау процесінде жеткізушілерден материалдардың келіп түсуі, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстарын төлеу, өндіріске материалдар босату сияқты шаруашылық операциялар есепке алынады.
Өндіріс процесінде өндірілген өнімнің (атқарылған қызметтердің) құнына тікелей немесе жанама әсер ететін шығындар есепке алынады.
Өткізу процесінде өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден келген ақшалардың есеп айырысу шотына келіп түсуі, табысты (залалды) анықтау, өндірістік өзіндік құнды шығыс ету мен оны 571 «Жиынтық табыс (залал)» шотына апару және өткізу бойынша басқа шығыстар есепке алынады. Өткізу процесі кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болғандығынан, процестің қайсысы болсын (өндіріс, коммерция, ауыл шаруашылық және т.б.) процесте оның ролі жоғары екенін атап кетуіміз қажет.
«Өткізу» термині тауарлар жөнінде сату, айырбастау, ақысыз беру немесе кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушының меншігіне беруді білдіреді. Жұмыстар немесе қызметтерді өткізу, сол жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің атқарылуын білдіреді.
Сонымен қатар өткізудің негізгі мақсаты пайда (жиынтық табыс) алу болып табылады.
«Пайда» ұғымы (жиынтық табыс)
бұдан былай «жиынтық табыс» - өткізілген
өнім, жұмыстар, қызметтер мен тауарлардың
құнының оларға жұмсалған (жіберілген)
шығындардың құнынан
Өндірістік процесте шаруашылық құралдардың бірнеше түрі пайдаланылады. Еңбек бұйымдарынан (материалдар, отын, жартылай фабрикаттар және т.б.) мен еңбек құралдарынан (үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) тұратын кәсіпорынның шаруашылық құралдарының бір бөлігі өндіріс саласында болады. Шаруашылық құралдарының басқа бөлігі айналымда жүреді. Бұлар: алушыларға жіберілген дайын өнім, есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар, есеп айырысудағы қаржылар.
Егер біздің кәсіпорын уақытша өзінің айналымында басқа кәсіпорындардың қаржыларын пайдаланса (мысалы, бұл есеп айырысу бойынша мерзімі келмеген, ал материалдарды кәсіпорын алып қойған жағдайда), онда қарыз кредиторлық деп аталады.
Ал егер, керісінше, біздің кәсіпорын басқа кәсіпорынның жұмысын орындап қойып, ал оның төлемі әлі жасалмаса, онда ол қарыз дебиторлық деп аталады.
Шаруашылық құралдары өз кезегінде айналымдағы, негізгі және дерексіз болып бөлінеді.
Айналымдағы құралдар – бір өндірістік циклде ғана пайдаланылатын құралдар (бұйымдар). Бұларға материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, қуат ресурстары жатады.
Негізгі құралдар – өндірісте бірнеше рет және бір жылдан артық мерзімде пайдаланылады. Бұл үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар, көп жылдық ағаштар және т.б.
Дерексіз қаржылар деп жиынтық табыстан бюджетке, әр түрлі қорларды ұйымдастыру, сондай-ақ әр түрлі қайырымдылық қорларға төлемдер аталады. Шаруашылық құралдардың белгілі көздері: меншікті және қарыз болып бөлінеді.
Меншікті көздер болып жарғылық капитал, жиынтық табыс саналады.
Қарыз көздеріне банктердің ссудалары мен несиелері, әр түрлі қарыздар және кредиторлық қарыз жатады.
Барлық шаруашылық құралдары
мен олардың көздері
2.3 Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау
2. Шоттардағы қосарлы жазу
3. Калькуляциялау
4. Бағалау
5. Түгендеу
6. Баланс
Түгендеу – бұл бухгалтерлік есептің құжаттарын кәсіпорындағы сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу материалды-жауапты тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың сақталуын тексеру мен есептегі қателерді айқындау үшін қажет.
Бағалау. Барлық құралдар ақша өлшегіші болатын бірыңғай өлшемде көрсетілуі тиіс. Сол үрдіс бағалау деп аталады.
Калькуляциялау – бұл үрдіс өнім, жұмыстар мен қызметтерді өндіру мен өткізудегі шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялау өнім мен қызметтерді өндірудегі шығындарды білу мен талдау, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.
2.4 Құжаттау
Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әр түрлі құжаттармен іс жүргізеді.
Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.
Кәсіпорынның бухгалтері
құжаттардың мүлтіксіз
Құжат – бұл бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрде дәлелі.
Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттар, есепті регистрлер және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыратып отыру қажет.
Бухгалтерлік есептегі барлық
жазулар бастапқы құжаттар негізінде
жүргізіледі. Сонан соң олардың
мәліметтері есеп регистрлеріне
өткізіледі, сонда олар жүйеленеді,
яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады.
Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің
мәліметтері бойынша
Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі маңыздылығына ие болады.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға: үлгінің (форманың) көзі; жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері; шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталғандардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы құжаттар операцияны
орындау кезінде немесе оны аяқтаған
соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытта
алынбаған (депонирленген) еңбек ақыны
беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер
және еңбек ақысын алатын тұлғамен
барлық қажетті реквизиттерді
Құжатты жасап және қол қойған адамдар оны өз уақытта және сапалы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистлерге жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол қойылмайды. Егер сондай бастапқы құжатта сіз қатеге жол қойсаңыз, онда ол жойылып және жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін толтыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалтырыңыз. Сонан соң келесі жаңа чекті толтырыңыз.
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, алдын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет.
Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.
Бастапқы құжаттар есеп регистлерімен бірге сақталады немесе жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.
2.5 Түгендеу
Барлық шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы қосарлы жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың ықпалына түспейтін (табиғи кемею) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы операцияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.
Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін. материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.
Түгендеу – бұл кәсіпорында сақталу орындары бойынша тауар- материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарды олардың нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу есептегі қателерді айқындау мен материалды-жауапты тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін тексеру үшін қажет.
Егер, мысалы, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі, таразыға тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу тізімі толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар болуы бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап айтқанда, материалдық құндылықтарды сақталу орындарында алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік шоттардағы жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ведомосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы
түгендеу тізімі үлгісінің шамалы өзгеруінен
басқа негізгі құралдардың
Негізгі құралдар әрбір мүлікті объект бойынша есепке алынады. Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты бар болуы мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салыстыра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі. Олар:
1. Кәсіпорынның мүлкін
жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ
меншіктің түрі өзгеру
2. Жылдық есеп беруді
дайындау алдында. Үйлер,
3. Материалды-жауапты тұлғаның
ауысу кезінде (жұмыстың
4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу Фактілері анықталған кезде.
5. Өрт немесе басқа
табиғи апаттар болған
Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айыпты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе айналым шығындары ретінде бейнеленеді.