Сызықтық емес бағдарламалау есебінің графиктік интерпритациясы және оларды шығару әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған – бухгалтерлік есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттың негізгі тұтынушысы – статистикалық органдар негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................

1 Компьютердің қауіпсіздік ережесі.........................................................................

2 Негізгі бөлім.............................................................................................................
2.1 Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер............................................
2.2 Бухгалтерлік есептің объектілері................................................................
2.3 Бухгалтерлік есептің әдістері......................................................................
2.4 Құжаттау....................................................................................................
2.5 Түгендеу..................................................................................................
2.6 Бағалау....................................................................................................
2.7 Калькуляциялау.....................................................................................
2.8 Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері.........................................
2.9 Бухгалтерлік баланс..............................................................................
2.10 Шоттар мен қосарлы жазу........................................................................
2.11 Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар........................
2.12 Шаруашылық операциялардың әсерінен болған шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайындағы өзгерістер........................
2.13 Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы.................................................
2.14 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.15 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.16 Жұмыс есеп жоспарын құру.....................................................................


Қорытынды........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................

Работа состоит из  4 файла

%CC%FB%F0%E7%E0%EB%E8%E5%E2 %C1.%D1. %CA%E0%F1%E8%EF%EA%E5%F0%EB%E8%EA %EA%FB%E7%EC%E5%F2%20%E1%F3%F5%20%E5%F1%E5%EF %F3%E9%FB%EC%E4%E0%F1%F2%FB%F0%F3.pdf

— 1.01 Мб (Скачать документ)

к_ш__Штамп.docx

— 674.52 Кб (Скачать документ)

 

ПАССИВТЕР

Жолдың

коды

Кезеңнің

басына

Кезеңнің

соңына

Міндеттемелер мен акционерлік  капитал

I. Меншікті капитал

Жарғылық капитал (50)

Төленбеген капитал (51)

Алып тасталған капитал (52)

Қосымша төленген капитал (53)

Қосымша төленбеген капитал (54)

Резервтік капитал (55)

Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған залалы) (561)

Алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы

(жабылмаған залалы) (562)

I бөлім бойынша жиынтық  (400-470 жолдардың

сомасы)

 

Банктердің ұзақ мерзімді несиелері (601)

Ұзақ мерзімді кредиторлық  қарыз

Мерзімі ұзартылған салықтар

II бөлім жиынтық (500-520 жолдардың  сомасы)

 

III. Ағымдағы міндеттемелер

Қысқа мерзімді несиелер мен  овердрафт

Ұзақ мерзімді несиелердің  ағымдағы бөлігі

Кредиторлық қарыз:

Төленуге тиісті шоттар мен  вексельдер (67)

Алушылар мен тапсырысшылардан алынған

аванстар (66)

Еңбек ақы бойынша қарыз (681, 682)

Бюджеттен тыс төлемдер бойынша  қарыз (65)

Салықтар бойынша қарыз (63, 632 басқа)

Мерзімі ұзартылған салықтар бойынша қарыз

(632)

Төлеуге жататын дивидендтер (62)

Филиалдар арасындағы қарыз (641)

 

Лауазымды тұлғаларға қарыз (682)

Басқа да дебиторлық қарыздар (642,

643, 683, 684, 685, 686, 687)

Алдағы кезеңдердің табыстары (61)

Күтілмеген жағдайлар  бойынша есептелген

төлемдер

III бөлім бойынша жиынтық  (600-730 жолдардың

сомасы)

БАЛАНС (490, 590, 790 жолдардың сомасы)

 

 

400

410

420

430

440

450

460

 

470

 

490

 

 

 

500

510

520

590

 

 

600

610

 

620

630

 

640

650

660

670

 

680

690

 

700

710

720

730

790

 

800

   

 

Бұл жолдар бойынша мәліметтер валюта балансына кірмейді

 

Активтің бірінші бөлімінде  ұзақ мерзімде пайдаланатын шаруашылық құралдар көрсетіледі. Мұнда материалдық  емес активтер (бағдарламалық қамтамасыз ету, тауар белгілері, патенттер  және т.б.) кіреді. Және бұл бөлімде  ұзақ мерзімді қаржылық салымдар (мысалы, акциялар мен облигациялар бойынша  табыс алу) көрсетілген.

Одан басқа филиалдар  мен алушылар (тапсырысшылар), сондай-ақ басқа заңды тұлғалар арасындағы дебиторлық қарыздар бейнеленеді.

 Активтің екінші бөлімінде  кәсіпорынның бір өндірістік  циклі бойы ғана қолданылатын  шаруашылық құралдардың, яғни  айналымдағы құралдардың жағдайы  бейнеленеді. Бұлар: тауар-материалдық  қорлар, аяқталмаған өндіріс және  басқа активтер. «Дебиторлық қарыздар»  бөлімшесінде дебиторлық қарыздардың  сомалары көрсетіледі. Мысалы, біздің  кәсіпорын басқа кәсіпорынның  жұмысын орындады, ал оның төлемі  әлі жасалған жоқ. Бұл жағдайда  балансты құрастыру кезінде №301 «Алуға тиіс шоттар» шоты бойынша  біз дебиторлық қарыз деп көрсетеміз.

Баланстың пассивінің бірінші  бөлімінде меншікті құралдардың  көздері келтіріледі. Бұлар: жарғылық, алып тасталған, қосымша төленген мен  төленбеген және резервтік капитал. Оларға қоса есепті жыл мен алдыңғы  жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы) да бар.

Екінші бөлімде ұзақ мерзімді (мерзімі 1 жылдан асатын) және қысқа  мерзімді қарыз қаржылары көрсетілген.

Үшінші бөлімде есептелген, бірақ әлі бюджетке, әлеуметтікқамсыздандыру  органдарына төленбеген сомалар  көрсетілген. Мысалы, біздің кәсіпорын, қаржылар оған тиесілі болмаса да (төлегенге дейін), оларды өзінің айналымында  уақытша пайдаланады. Баланста баптар бойынша берілген сомаларды біз шоттарды ашу мен оларды күнделікті есеп жүргізу үшін пайдаланамыз.

 

2.10 Шоттар мен қосарлы жазу

Қосарлы жазу. Қосарлы жазу үшін арнайы бухгалтерлік шоттар қолданылады. Оларды дүкенде тауарларды сату кезінде жазылатын шоттармен шатастыруға болмайды.

Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлер болып саналады. Оларда шаруашылық операциялар жазылады. Құралдар мен олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке шот қарастырылған.

Өзінің тәсілі бойынша  – бұл сол жағы «дебет» деп, ал оң жағы «кредит» деп аталатын кесте түрінде көрсетіледі.

Сызба түрінде оны төмендегінше көрсету қалыптасқан:

Баланстан (тиісті бап бойынша) шотқа біз жазатын сома айдың  басындағы «қалдық» немесе «сальдо» деп аталады. Одан соң ай бойы шотта  біз шаруашылық операцияларды жазамыз, айдың соңында дебет пен кредит бойынша айналымдарды есептейміз және жаңа калдық шығарамыз. Оны біз келесі айдың (кезеңнің) басына баланс құрастыруда  пайдалануымыз мүмкін.

Шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті шоттар – бұл  кәсіпорынның құралдары мен дебиторлық қарыздарының есебі жүргізілетін шоттар.

Пассивті шоттарда сол  құралдардың көздері мен кредиторлық  қарыздың есебі жүргізілетін шоттар.

Активті шоттарда кәсіпорынға  құралдардың келуі дебет бойынша, ал шығыс етілуі кредит бойынша бейнеленеді (жазылады).

Пассивті шоттарда, керісінше, құралдар көзінің (немесе шаруашылық құралдары  үшін алынған қарыздың) көбеюі кредит бойынша, ал кемеюі дебет бойынша  бейнеленеді.

Шатасып қалмау және есеп айырысулардың  мерзімдерін өткізіп жібермеу үшін әрбір дебитор мен кредитор бойынша  қосымша есеп ұйымдастыру қажет.

Шоттарда шаруашылық операцияларды  бейнелеуден алдын, оларды ашу қажет. Ол үшін шоттардың дебетіне немесе кредитіне баланстан алынған  бастапқы қалдықтар жазылады. Активті  шоттарда бастапқы қалдық (бастапқы сальдо) дебетке, ал пассивті шоттарда кредитке жазылады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының кеңестік дәуірдегі жоспарында (егер онымен таныс болсаңыз) активті-пассивті шоттар болған. Олардың дебеттік жағында  дебиторлық қарыз немесе шығыстардың, ал кредиттік жағында есептеу  бойынша айналымдардың көбеюі есепке алынатын еді.

Мысалы, №46 «Өткізу» шотын  алайық. Оның дебеттік жағында шығындар, ал кредиттік жағында табыстардың  есептелуі бейнеленген. №80 «Пайдалар  мен залалдар» шотының дебеттік жағында пайданы қолдану, ал кредиттік  жағында оның есептелуі бейнеленген. №76 «Әр түрлі дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысулар» шотының дебеттік жағында кәсіпорынның дебиторлық қарыздары, ал кредиттік жағында кредиторлық  қарызы бейнеленген.

Шоттардың Бас жоспары, ал одан соң Типтік жоспардың негізгі  ерекшеліктерінің бірі; ол тапсырыс берушілер  мен мердігерлердің арасындағы нақты  қатынастарына негізделген.

Сондықтан бұл шоттар өзінің маңызы бойынша активті және пассивті болып бөлінеді. Мысалы, өнім, жұмыс  немесе қызмет өткізу фактісі төмендегінше:

- табыстар табу бойынша  VII бөлімнің шоттарында;

- нақты шығыстар бойынша  VIII бөлімнің шоттарында бейнеленеді.

Кәсіпорынның дебиторлық пен кредиторлық қарыздар да екі  шотта:

- дебиторлық қарыздар 33 «Басқа  да дебиторлық қарыздар» бөлімшесінің  шоттарында;

- кредиторлық қарыз 68 «Басқа да кредиторлық қарыздар»  бөлімшесінің шоттарында бейнеленеді.

Жалғыз ерекшелік бұл  №571 «Жиынтық табыс (залал)» шоты болып  табылады. Бірақ ол қалдықсыз сипатқа  ие болып жылдың соңында бір рет  ғана жабылады. Оның дебеттік жағында  жұмсалған шығыстар мен жиынтық  табыстың пайдаланылуы, ал кредиттік  жағында оның есептелуі бейнеленеді.

Қосарлы жазу – бұл әрбір  шаруашылық операциясының екіден кем  емес өзара байланысты шоттарда, біреуінің  дебеті бойынша және екіншісінің  кредиті бойынша бір сомада бейнеленуі. Мысалы, 1000 теңге мөлшерде есеп айырысу  шотынан кассаға қолма-қол ақша алу операциясы №451 «Кассада қома-қол  ақша» шотының дебеті бойынша  және №441 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар» шотының кредиті бойынша  бірдей сомада жазылады. Қосарлы жазу баланспен қоса бухгалтерлік есептегі бақылаудың қорытындылаушы жүйесінің  басты элементтері болып табылады.

Келесі шаруашылық операцияны шоттарда бейнелейік. Қоймада 20000 теңге  сомада әлі ақысы төленбеген материалдар  бар. Одан басқа 30000 теңгеге материалдар  келіп түсті, бірақ жеткізушілердің  қойылған шоттары төленген жоқ.

С әріпімен 20000 теңге сомадағы материалдардың бастапқы сальдосын белгілеп, №201 «Материалдар» шотын ашамыз. Бұл шоттың дебетінде кәсіпорынға келген материалдардың сомасын жазамыз:

 

Материалдарды біз алып қойдық, бірақ олардың ақысы жөнінен  әлі есептескен жоқпыз. Кәсіпорынның бұл пайда болған қарызын көрсетуіміз  қажет, бірақ ол енді №671 «Төленуге  тиісті шоттар» шотында бейнеленеді.

Бұл пассивті шот, сондықтан  бастапқы сальдо (20000 теңге сомадағы жеткізушілерге қарыз) кредит бойынша  көрсетілуі қажет.

Бұл шоттың кредитіне бірінші  операцияның нәтижесін де жазуға тиістіміз, өйткені жеткізушілерден  материалдарды ала отырып, біз  оларға қарызымызды және 30000 теңгеге  көбейтеміз. Біз №671 «Төленуге тиісті шоттар» шотын ашып және бірінші  операцияны жазғаннан соң, ол төмендегінше көрсетіледі:

 

Біз байқағандай, бірінші  операция екі шотта – №201 шоттың дебеті бойынша және №671 шоттың кредиті  бойынша бірден бейнеленеді.

Айдың соңына қалдықтардың есебін мысалдарда көрейік.

Активті шотта қалдықты есептеп  шығару

 

 

Бір ай ішінде 20000 теңгеге  материалдар алдық (2), ал өндірістік мұқтаждықтарға 60000 теңгеге материалдар  босаттық (3) делік. Айналымдарды есептейміз. Дебет бойынша: 30000 + 20000 = 50000, кредит бойынша: 60000.

Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 + 50000 – 60000 = 10000 теңге

Бұл жерде:

С.б. – бастапқы сальдо

С.с. – соңғы сальдо

Айн. – айналымдар

Пассивті шотта қалдықты есептеп шығару

 

 

Бір ай ішінде біз жеткізушілердің  қарыздары бойынша 50000 теңгеге есеп айырыстық (4), оған қоса және 20000 теңгеге  материалдар алдық (2), бірақ олар жөнінен есеп айырысқан жоқпыз. Айналымдарды есептейміз. Дебет бойынша: 50000, кредит бойынша: 30000 + 20000 =50000.

Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 +50000 – 50000 = 20000 теңге

 

2.11 Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар

Тәптіштеудің дәрежесі бойынша  шоттар синтетикалық, аналитикалық және субшоттар болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар –  бұл есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында  есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың  арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі  бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына  енгізілген болатын. Ал 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты.

Құралдар мен олардың  көздерін оданда әрі тәптіштеу үшін аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, №201 «Материалдар» синтетикалық шотында  кәсіпорында бар барлық материалдар  ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ  бұл шоттан біз алатын ақпарат  жеткіліксіз, өйткені қандай материалдар  қоймада бар екенін, дәл қандай материалдар және қанша мөлшерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.

Бұл сұрақтарға жауапты мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен  т.б. көрсеткіштерін қоса шаруашылық құралдардың (немесе олардың көздерінің) әрбір  аталуына жүргізілетін (ашылатын) аналитикалық шоттар беруге жәрдем етеді.

Мысалы, материалдың екі  түрі: кабель мен сым бар делік. Онда №201 «Материалдар» шоты бойынша  екі аналитикалық шот ашамыз:

 

КАБЕЛЬ

Өлшем бірлігі – ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы - 250 теңге

 

 

СЫМ

Өлшем бірлігі – ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы - 100 теңге

 

 

Аналитикалық шоттардың  мәліметтері синтетикалық шоттардың  мәліметтерімен салыстырылады.

1. Айдың басына сальдо: 10000 + 10000 = 20000

2. Дебет бойынша: 50000 + 0 = 50000

3. Кредит бойынша: 59500 + 500 = 60000

4. Айдың соңына сальдо: 500 + 9500 = 10000

Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларында (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді талап етпеген  жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда жүргізіледі. Сол  себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізуге  болады.

 

Контокоррентті (күнделікті) карточка

 

Синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа есепте субшоттар  да қолданылады. Субшоттар синтетикалық және аналитикалық шоттардың арасындағы аралық орынға ие болады.

мазмун_штамп.docx

— 19.68 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе Сызықтық емес бағдарламалау есебінің графиктік интерпритациясы және оларды шығару әдістері