Сызықтық емес бағдарламалау есебінің графиктік интерпритациясы және оларды шығару әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған – бухгалтерлік есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттың негізгі тұтынушысы – статистикалық органдар негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................

1 Компьютердің қауіпсіздік ережесі.........................................................................

2 Негізгі бөлім.............................................................................................................
2.1 Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер............................................
2.2 Бухгалтерлік есептің объектілері................................................................
2.3 Бухгалтерлік есептің әдістері......................................................................
2.4 Құжаттау....................................................................................................
2.5 Түгендеу..................................................................................................
2.6 Бағалау....................................................................................................
2.7 Калькуляциялау.....................................................................................
2.8 Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері.........................................
2.9 Бухгалтерлік баланс..............................................................................
2.10 Шоттар мен қосарлы жазу........................................................................
2.11 Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар........................
2.12 Шаруашылық операциялардың әсерінен болған шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайындағы өзгерістер........................
2.13 Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы.................................................
2.14 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.15 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу..............................................
2.16 Жұмыс есеп жоспарын құру.....................................................................


Қорытынды........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................

Работа состоит из  4 файла

%CC%FB%F0%E7%E0%EB%E8%E5%E2 %C1.%D1. %CA%E0%F1%E8%EF%EA%E5%F0%EB%E8%EA %EA%FB%E7%EC%E5%F2%20%E1%F3%F5%20%E5%F1%E5%EF %F3%E9%FB%EC%E4%E0%F1%F2%FB%F0%F3.pdf

— 1.01 Мб (Скачать документ)

к_ш__Штамп.docx

— 674.52 Кб (Скачать документ)

Мысалы, №639 «Бюджетпен есеп айырысу» синтетикалық шотына қосымша  №639–1 «Жеке тұлғалардың табыс  салығы», 639-2 «Қоршаған ортаны ластағаны  үшін төлемдер», 639-3 «Ауыл шаруашылығында пайдаланған су үшін төлемдер» және т.б. субшоттарды ашу жөн көріледі.

Субшоттардың түрлері  мен олардың саны туралы мәселені кәсіпорын қызметінің сипатына байланысты бухгалтердің өзі шеше алады.

 

2.12 Шаруашылық операциялардың әсерінен болған шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайындағы өзгерістер

Бухгалтер жұмысының ең жауапты  саласының бірі – шоттарда шаруашылық операцияларын бейнелеу немесе проводкалар  жазу. Ол үшін қайсы шот дебеттеледі, ал қайсы шот кредиттеледі, яғни шоттардың корреспонденциясын (үйлесімді  байланыстыруды) анықтау қажет.

Шоттардың корреспонденциясын анықтауда қателер жібермеу үшін, шаруашылық операцияларының көп  түрлілігіне қарамай оларды 4 типке (топқа) бірлестіру қажет.

Оны мысалдарда қарастырайық.

20__ж. 1 қаңтарына кіріспе бухгалтерлік баланс

 

(Теңге)

 

Шаруашылық операциялардың бірінші типі. «Активті - активті»

Баланстың мәліметтері бойынша  №451 «Кассадағы қолма-қол ақша» мен  №441 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоттарын ашып және оларда: шаруашылық мұқтаждықтарға есеп айырысу шотынан  кассаға 1000 теңге ақша келді деген (1) шаруашылық операциясын жазамыз.

441 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар» 451 «Кассадағы қолма-қол  ақша»

 

Бұл жағдайда екі активті  шот пайдаланылып, бір шоттағы  қалдық көбейеді («Кассадағы қолма-қол ақша» шотында), ал екінші шотта кемейеді («Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шотында).

Бірінші операциядан кейін  бухгалтерлік баланс төмендегінше болады:

 

Баланстың жиынтығы өзгермейді, баланстық тепе-теңдік сақталады.

Шаруашылық операциялардың екінші типі. «Пассивті – пассивті»

Баланстың мәліметтері бойынша  №681 «Еңбек ақы бойынша персоналмен  есеп айырысулар» мен №63.бөлімше  «Бюджетпен есеп айырысу» шоттарын ашып және оларда: еңбек ақысынан 1000 теңге  мөлшерде табыс салығы ұсталды (есептелді) деген (2) шаруашылық операциясын жазамыз.

681 «Еңбек ақы бойынша  63.б-ше «Бюджетпен есеп персоналмен  есеп айырысу» айырысу»

 

Бұл жағдайда екі пассивті шот пайдаланылып, бір шоттағы  қалдық көбейеді («Бюджетпен есеп айырысу» шотында), ал екінші шотта кемейеді («Еңбек ақы бойынша персоналмен  есеп айырысу» шотында).

Екінші операциядан кейін  бухгалтерлік баланс төмендегінше болады:

 

 

Баланстың жиынтығы өзгермейді, баланстық тепе-теңдік сақталады.

Шаруашылық операциялардың үшінші типі. «Активті - пассивті»

Баланстың мәліметтері бойынша  №201 «Материалдар» мен №671 «Төленуге  тиісті шоттар» есебін ашып, оларда: жеткізушілерден 30000 теңгеге материалдар келді, бірақ төлемдер жасалған жоқ деген (3) шаруашылық операциясын жазамыз.

 

Бұл жағдайда №201 «Материалдар»  активті шоты №671 «Төленуге тиісті шоттар» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойынша да қалдықтар  көбейеді. Материалдың қорлары бір  жағынан, екінші жағынан сол материалдар  үшін жеткізушілерге қарыздар да көбейеді.

 

Үшінші операциядан кейін  бухгалтерлік баланстың түрі төмендегінше болады:

 

 

Баланстың жиынтығы көбейеді, баланстық тепе-теңдік сақталады.

Шаруашылық операциялардың төртінші типі. «Пассивті - активті»

Баланстың мәліметтері бойынша  №441 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» мен №63 бөлімше «Бюджетпен есеп айырысу» шоттарын ашып, оларда: есеп айырысу  шотынан 4000 теңге бюджетке қарызы төленді  деген (4) шаруашылық операциясын жазамыз.

441 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар» 63 б-ше

«Бюджетпен есеп айырысу»

 

 

Бұл жағдайда №441 «Есеп айырысу  шотындағы ақшалар» активті шоты №63 б-ше «Бюджетпен есеп айырысулар»  пассивті шотымен байланысады. Екі  шот бойынша да қалдықтар кемейеді. Ақша қаражаттары бір жағынан, екінші жағынан бюджетке қарыздар кемейеді.

Төртінші операциядан  кейін бухгалтерлік баланстың түрі төмендегінше болады:

 

Баланстың жиынтығы кемиді, баланстық тепе-теңдік сақталады.

 

2.13 Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы

Есептің барлық объектілері  екі көзқарастан: бір жағы щаруашылық құралдар, екінші жағы олардың қалыптасу  көздері ретінде қаралады.

Бұл қатынас баланста өзінің бейнелеуін табады. Қосарлы жазу есепті жүргізу дұрыстығының үстінен бақылаудың жетік жүйесін құруға мүмкіндік  береді. Сол бақылау жүргізуді  мысалда көрейік.

 

20__жылдың қаңтар айындағы шаруашылық

операцияларының журналы

Кіріспе бухгалтерлік баланстың  мәліметтерін пйдаланып шоттарда сол  операцияларды жазамыз.

 

Айналымдарды есептеп  соңғы қалдықтарды есептеп шығарамыз.

Балансты құрастыруға  кірісуден алдын, айналым ведомосын  құрып, шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау қажет.

 

20__жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы

 

Айналым ведомостың жиынтықтары  екі-екіден тең болуы тиіс. Айдың  басына қалдықтардың жиынтықтары дебет  пен кредит бойынша тең болады, өйткені шоттарды ашу үшін активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болған (101000 = 101000) балансты пайдаланамыз.

Біз әрбір соманы екі реттен, бір шоттың дебеті бойынша және басқа  шоттың кредиті бойынша жазғандықтан (қосарлы жазу) (38000 =38000) айдың ішіндегі айналымдардың жиынтықтары дебет  пен кредит бойынша тең болады. Бұл сомалар шаруашылық операциялардың тіркеу журналының жиынтығымен сәйкес келуі тиіс. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда кей бір операция қалып кеткен немесе қате жіберілген болып шығады.

Айдың соңындағы қалдықтардың жиынтығы дебет пен кредит бойынша тең болады, өйткені олар бастапқы сальдолар мен айналымдардың негізінде алынған. Енді бұл қалдықтар келесі жаңа баланс құрастыру үшін қолданылады. Біздің мысалда бұл төртінші операциядан кейінгі баланс.

Айналым ведомостары аналитикалық шоттар бойынша жазуларды бақылау үшін толтырылады.

 

2.14 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу

Есеп беру – уақыттың белгілі кезең ішіндегі кәсіпорындардағы есепті жұмыстардың қорытынды нәтижесі. Онда кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелері, шаруашылық құралдары мен олардың көздерінің жағдайы, өндіріске жұмсалған шығындар туралы мәліметтер болады.

Кәсіпорын (шетелдік инвестициялармен жұмыс істейтін кәсіпорындардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге тапсыруы тиіс:

- құрылтай құжаттарына  сәйкес меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға);

- мемлекеттік салық инспекциясына;

- ҚР-ның заңдарына сәйкес  кәсіпорын қызметінің жекелеген жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік органдарға.

Мемлекеттік немесе муниципалды  меншікте толық немесе бөлшекті түрде болған, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелерінің толық сатып алғанға дейін кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті басқару өкілетті органдарына да тапсырады.

Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді кәсіпорынның әрбір қатысушысына (меншік иесіне) мемлекеттік салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.

Тоқсандық есеп берудің негізгі  үлгілерінің бірі кәсіпорынның Балансы (№1 үлгі) болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бойынша айналымдар есептеледі және есепті тоқсанның келесі айының соңына қалдықтар есептеп шығарылады. Баланстан басқа есепті тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы Есеп (№2 үлгі) толтырылады.

Жылдық есеп берудің алдында  материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары  мен олардың есеп айырысулары  түгенделуі керек. Оның мақсаты –  дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп жібермеу үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақтылығын анықтау және барлық есеп айырысуларды салыстыру, сондай-ақ кредиторлық қарызы бар болған кезде өсім, айып, айыппұлдар төлеуден қорғау.

Жылдық есеп беру оған барлық қосымшаларымен бірге келесі жылдың 31 наурызын қоса есептеген мерзімде (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар – есепті келесі жылдың 1 сәуірінен  кеш емес мерзімде) тапсырылады. Бухгалтерлік есеп берудің үлгілерін толтыру  мен оларға қосымша түсініктерден  басқа кәсіпорын салық және статистикалық  органдарға тиісті есепті материалдарды  тоқсан сайын тапсырады.

 

2.14 Жұмыс  есеп жоспарын құру

1996 жылы қараша айының 18 жұлдызында бекітілген субъектілердің  қаржы-шаруашылық қызметі есеп  шоттарының Бас жоспары сыртқы  экономикалық қызметтің дамуы,  халықаралық капиталды тарту  және еркін кәсіпкерлік аймақтар  құру өте қажет болғандықтан, біздің есепті халықаралық стандарттарға  жақындату үшін жасалған. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның орнын  Типтік жоспар басты.

Одан басқа, нарықтық қатынастардың  даму жағдайына байланысты бұрын  сәйкес шоттар қарастырылмаған есептің  объектілері пайда болды. Мысалы, материалдық емес активтер, акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар. Меншіктің мемлекеттік  емес түрлерінің пайда болуымен бухгалтерлік есепте қолданылған бұрыңғы әдістердің көбісі қолайсыз болып қалды. Мысалы, акционерлік қоғамда «Капитал»  шоттарындағы сомаларды негізгі  құралдардың тозуына азайту қисынсыз болады. Өйткені бұл қолда бар  акциялар мөлшеріндегі кәсіпорынды  құрудағы қатысушылардың салымдары  болатын.

Типтік жоспарда 166 баланстық  пен 14 баланстан тыс шоттар бар. Баланстан тыс шоттарда кәсіпорынның меншігінде жоқ, жалға алынған негізгі құралдар бейнеленеді.

Шағын кәсіпорындар үшін бұл  шоттардың толық құрамын пайдаланудың қажеті жоқ. Бухгалтерлік есеп шоттарының негізінде төмендегі шоттардың қысқартылған жүйесімен өзіндік жұмыс жоспарын құру қажет.

 

2.15 Бухгалтерлік есеп беру мен есеп айырысу

Есеп беру – уақыттың белгілі кезең ішіндегі кәсіпорындардағы есепті жұмыстардың қорытынды нәтижесі. Онда кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелері, шаруашылық құралдары мен олардың көздерінің жағдайы, өндіріске жұмсалған шығындар туралы мәліметтер болады.

Кәсіпорын (шетелдік инвестициялармен жұмыс істейтін кәсіпорындардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге тапсыруы тиіс:

- құрылтай құжаттарына  сәйкес меншік иелеріне

(қатысушыларға, құрылтайшыларға);

- мемлекеттік салық инспекциясына;

- ҚР-ның заңдарына сәйкес  кәсіпорын қызметінің жекелеген жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік органдарға.

Мемлекеттік немесе муниципалды  меншікте толық немесе бөлшекті түрде болған, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелерінің толық сатып алғанға дейін кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті басқару өкілетті органдарына да тапсырады.

Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді кәсіпорынның әрбір қатысушысына (меншік иесіне) мемлекеттік салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.

Тоқсандық есеп берудің негізгі  үлгілерінің бірі кәсіпорынның Балансы (№1 үлгі) болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бойынша айналымдар есептеледі және есепті тоқсанның келесі айының соңына қалдықтар есептеп шығарылады. Баланстан басқа есепті тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы Есеп (№2 үлгі) толтырылады.

Жылдық есеп берудің алдында  материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен олардың есеп айырысулары түгенделуі керек. Оның мақсаты – дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп жібермеу үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақтылығын анықтау және барлық есеп айырысуларды салыстыру, сондай-ақ кредиторлық қарызы бар болған кезде өсім, айып, айыппұлдар төлеуден қорғау.

Жылдық есеп беру оған барлық қосымшаларымен бірге келесі жылдың 31 наурызын қоса есептеген мерзімде (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар – есепті келесі жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде) тапсырылады. Бухгалтерлік есеп берудің үлгілерін толтыру мен оларға қосымша түсініктерден басқа кәсіпорын салық және статистикалық органдарға тиісті есепті материалдарды тоқсан сайын тапсырады.

 

2.16 Жұмыс есеп жоспарын құру

1996 жылы қараша айының 18 жұлдызында бекітілген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі есеп шоттарының Бас жоспары сыртқы экономикалық қызметтің дамуы, халықаралық капиталды тарту және еркін кәсіпкерлік аймақтар құру өте қажет болғандықтан, біздің есепті халықаралық стандарттарға жақындату үшін жасалған. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның орнын Типтік жоспар басты.

мазмун_штамп.docx

— 19.68 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе Сызықтық емес бағдарламалау есебінің графиктік интерпритациясы және оларды шығару әдістері