Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа
Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8
1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10
1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20
2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау …………………………............................…...21-24
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….
І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Төлем
балансының мәні және принциптері…………………….4-8
1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10
1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20
2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау ………………………….............
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан
Республикасындағы төлем
балансының негізгі проблемалық
мәселелері……………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………
Зерттеу тақырыбының өзектілігі - кез-келген мемлекеттің халықаралық экономикалық , саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады. Осыған байланысты төлем балансы - халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі бір түрі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,қорытынды және қосымшалардан тұрады.
Бұл курстық жұмыс Н.Қ.Мамыров,
Майдан-Әли Байгісиев, Р.Дорнбуш сияқты
отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеулеріне
сүйене отырып жазылды.
І.
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ
–ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП
АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ
ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Төлем балансының мәні және принциптері
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық шекарадан тысқары қозғалысына қарама-қарсы, төлем ақы ретінде қаржы-ақша қозғалысы пайда болады. Осы қарама-қарсы ағыстар төлем балансы баптарында қорытындылап көрсетіледі.
Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.[1-137]
Мемлекеттің төлем балансында ақша айналымының барлық операциясы көрсетіледі, мұның өзі шет ел байланысын нығайта түсуге көп ықпал жасайды.Мұнымен қоса есеп айырысу балансы да жасалады, мұнда тек нақты төленгені ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар төленбеген міндеттемелер де көрсетіледі.[5-194]
Төлем балансында елдердің сауда – экономикалық операцияларының құрылымы мен сипаты,сапалық және сандық масштабтары көрінеді.
- әлемдік шаруашылықтағы қатысы: осы елдің басқа елдерге шығарған барлық төлемдері сомасының және басқа елдерден түскен түсімнің барлық сомасының арақатынасының көрінісі.
Төлем балансы келесі құбылыстарды қамтиды:
а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметік, табыстық операциялар;
ә) меншіктегі өзгеріс және сол елдің алтын-монетарлық, арақатынастағы арнайы ақша резерві (СДР) және де басқа елдерге қарағанда , сол елдің қаржылық талаптары және міндеттемелеріндегі өзгерістер;
б)бір жақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар.Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістер бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті.[2-60]
Төлем балансы елдің төлемдер мен
кірістернің жағдайын анықтайды.
Халықаралық валюта қоры есептеуіш
елдердің барлық экономикалық келісімдерін
мерзіміне қарай төлем балансы ретінде
сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара
келісімдерді емес, мемлекетаралық
жиынтық келісімдерді қорытындылап
көрсетеді.Төлем балансы әдетте
бір календарлық жылды қамтиды.[1-137]
Уакытына қарай белгілі бір мерзімнің
және бір күндік төлем балансы болады.Бір
күндік төлем балансы статистикалық
көрсеткіш ретінде жарияланбаса да,
ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс
төлемдер мен түсімдердің арақатынасындағы
өзгерістерді көрсетеді.Белгілі бір мерзімнің
төлем балансы осы уақыт аралығындағы
төлем мен түсімдердің арақатысын көрсетіп,
мемлекеттің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін және елдің
экономикасының жағдайын білуге көмектеседі.[4-294]
Қазіргі уақытта төлем балансы елдің халықаралық тауарлар, қызметі көрсетулері және капиталдар айырбасына қатысу ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың маңызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналды.[1-138]
Төлем балансының құрамының негізі болып табылатын принциптері:
Бірінші принцип-қандай да бір елдің белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы экономикалық операцияларды түгелдей қамту (жыл, ай, тоқсан). Сыртқы экономикалық операцияларды ішкі экономикалық операциялардан айыра білу үшін ең алдымен резиденттері мен резиденттер емес арасындағы операцияларды түсіну қажет.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және валюталық бақылау заңында ”резиденттер”:
а)Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар, уақытша басқа елдерде болушылар;
ә)Қазақстан Республикасында орналасқан, оның заңдылығына сәйкес орнатылған заңды ұйымдар;
б)Қазақстан Республикасында орналаспаған және оның заңдылығына сәйкес емес орнатылған өндрістер,ұйымдар;олар заңды ұйым болып табылмайды;
в)Басқа елдерден Қазақстанға келген дипломатиялық және тағы басқа арнаулы өкілдер.
«Резиденттер емес»:
а)Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және уақытша келушілер.
ә) басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан ұйымдар.
б) шет ел заңдары бойынша құрылған ел сыртында орналасқан ұйымдар .
в)Қазақстан
Республикасындағы шетел
г)Қазақстан
Республикасындағы орналасқан ә
және б пунктерінде көрсетілген
«резидент еместердің»
”Резидент” статусы тұрақты мекен-жайға қарай берілeді. Тек, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар ғана өздерінің орналасқан елдердің резиденттері емес.[1-137]
Екінші принцип-операциялардың екі қайтара бухгалтерлік жазбасы нәтижесінде бір баптағы дисбаланс келесі баппен тенеледі. Төлем балансы төлемдік операцияларды да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі - біржақты аудармалар (яғни, қайта төленбейтін бір жақты негіздегі төлемдері);
Алтынның монетазациялануы немесе демонетазациялануы; алтынға деген әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау. Сондықтан да төлем балансы тек төлемдер емес төлем операцияларын қамтиды.[2-61]
Төлем балансының негізгі қызметі тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың өсуімен (валютаның елден кетуі) немесе шет елдік валютаның келуімен байланысты келісімдердің барлық түрлерін топтап көрсету.
Қазақстанға шетел валютасын келтіруге ықпал ететін сыртқы сауда келісімдерінің түрлеріне мыналар жатады:
1.Тауарлар экспорты. Бұган Қазақстанның кедендік шекарасынан өтіп кететін тауарлардың барлығы жатады.
2.Қызмет көрсету экспорты. Бұған елімізге келген шетел туристеріне, дипломаттарына және бизнесмендеріне қызмет көрсетудің төлем ақылары кіреді.
3.Шетелдік акцияларды иемденуші қазақстандықтарға төлейтін проценттер мен дивидендтер.
4.Бір жақты акша аударулар мен трансферттер. Бұларға зейнетақыны аудару, шетелдік мемлекеттерге көмек, эмигранттардың өз туыстарына аударатын еңбек ақылары және Қазақстанға келіп жатқан мемлекеттік немесе гуманитарлық көмектер жатады.
Келісімнің бұл түрінің бір ерекшелігі келіп түскен қаржылар қарама-қарсы ресурстар ағысын тудырмайды.
5.Қазақстандағы шетел резиденттерінің ұзақ мерзімді займдары мен инвестициялары. Бұлар қазақстандық фирмалар мен ұйымдардың шетел мемелекеттері мен компанияларынан алып жатқан займдары мен инвестицияларын қамтиды. Жеке меншік кәсіпкерлікте олардың қатарына шетелдіктердің казакстандық өнеркәсіп орындарын,құрылыстарды және басқа қозғалмайтын мүліктерді (недвижимость) сатып алуы жатады. Мұндай келісімдер кейбір жағдайларда капитал экспорты түрінде жинақталып көрсетіледі.Елдегі кәсіпорындарды, қозғалмайтын мүлікті т.б.сатудың өз капиталын экспорттаудың ерекше бір түрі емес пе?
6.Шетелдік фирмалар мен ұйымдардың Қазақстанға беретін қысқа мерзімді инвестициядары мен займдары. Бұл келісімдер жоғарыда көрсетілген келісімдерге ұқсас, бар айырмашылығы олардың мерзімінің қысқалығында.[1-138]
7.Шетелдік
резервтер. Бұлардың қатарына
шетел мемлекеттерінің
Аталған келісімдердің әрқайсысының қарама-қарсы нысандары бар. Оларға шетел тауарларының импорты, зейнетақы және басқа қаражаттарды аудару, шетелдік мемлекеттер мен жеке меншік фирмаларға несиелер есебінде шетел валюталарының Қазақстаннан кетуі жатады.
Тауарлардың экспорты мен импортын, қызмет көрсетулерді, проценттері мен дивидендтерді, бір жақты аударулар мен трансферттерді, алынған және берілген ұзақ және қысқа мерзімді займдарды, сондай-ақ мемлекеттік резервтердің келуі мен кетуін біріктірсек, онда халықаралық экономикалық әдебиетте қолданылатын ”төлем балансы”атты құжатқа ие боламыз.
Келісімдердің қарастырылған баптарын шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: