Төлем балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8

1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10

1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20

2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

айналымын талдау …………………………............................…...21-24

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….

Работа состоит из  1 файл

курстык жұмыс.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)
ify">     Сауда  балансының  жағдайы  анықталған  кезеңдегі  мемлекеттің  сыртқы экономикалық  жағдайын  мәлімдейді. Сондықтан  да  мемлекет  оны  үнемі  реттеп  отыруы  қажет. Ол  үшін  мемлекет  импорттық  және  экспорттық  операцияларға  тікелей  бақылау  орнатады.Салықты  реттеу, табыстарды  ауыстыруға  тыйым  салады  т.б.

     Квоталық -  тауарлардың  санын  шектеу.

     Төлем  балансына  мемлекеттік  ұлттық  валютаның  айырбас  бағамына  реттеу  арқылы әсер  етуі:

     Револьвация -  ұлттық  валюта  бағамын  жоғарлату.

     Девольвация -  ұлттық  валюта  бағамын  төмендету. 

            

      2.2  Қазақстан  Республикасындағы  төлем  балансының

жағдайы. 

     Елдің сыртқы  позициясына баға беру және  өлшеу – экономикалық саясатты  шешу процесіндегі қажетті қадамдарының бірі. Ел мен басқа әлемнің арасындағы операциялар мен қаржы ағымы, төлем балансының  жүйесіне үнемі алып келеді. Ол өздігінен кез-келген елдің сыртқы позициясына анализ жасаудың және түзетулер енгізудің қажеттілігін  көрсетеді.     

                    Қазақстанның  2004-ші  жылғы   сыртқы  сауда  айналымы-8543,1млн.  АҚШ  долларын  құрап  ал  импорт-5669,7 млн. долларын  құрап   ол  56%-ға  өсті.

                    2004-ші  жылға  байланысты  шикізат   тауарларына  бағаның  өсуі  2005-ші  жылы  өзінің  одан  әрі  дамуын  жалғастырды.2005-ші  жылдың   1ші  кварталында  ағымдағы  операциялар  бойынша  активті  сальдосы  509млн. доллар  құрады.Алдыңғы  жылдың  аналогтық  мерзіміне  қарағанда  тауарлар  экспорты 5,8 млн. долларды  құрап ал  импорт  тауарлары болса 30%-ке  өсіп, 3,5 млрд. долларды  құрады.

                     Тікелей  инвистициялар  бойынша   баланс  есеп  беру  мерзіміндегі  активті  сальдомен  1,1млрд. долларды  құрады.Тікелей  шет  елдік   инвистициялардың  ішкі  кірісі  есеп  беру  периодында  1,85 млрд. долларды  құрады.  Және  бұл  алдыңғы  жылдың  аналогтық  мерзімінен  48%-ке  жоғары.Жоғарыда  көрсетілген  сомалардың  64%-ы  капитал  кірісіне  шет  ел  компаниялары  берген  борыш  арқылы тіркеледі.Сонымен қатар тікелей шет елдік капиталдың  кірісі  жеке  сектордағы  борыштық  операциялар арқылы  көтерілді.1-ші  кварталда банктердің  қарыз алуы 1,3 млрд. доллардан жоғары  болды.Ішкі  тұтыну  қарызының өсіміне қарамастан, оның  темпі  2004-ші  жылдың  4-ші  кварталымен  салыстырғанда  төмендеді.

                        Ұлттық  банктің  есеп  беруіне   байланысты  2005-ші  жылы  ішкі  қарыздың  жалпы  көлемінде   қысқа  мерзімді  міндеттемелер  3730 млн. доллар, ұзақ  мерзімді  міндеттемелер-29645,6 млн. долларды  құрады.[13-6]

                 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің есебі бойынша  2005жылдың ІV кварталында ағымдағы есеп операциялары бойынша төлем балансында 990,7млн. АҚШ доллары шамасында теріс сальдо қалыптасты.  2004жылдың қазан-желтоқсан аралығында  ағымдағы есеп операциялары  399млн. АҚШ долларын құрады.Ағымдағы операциялар есебінің   базалық көрсеткіштері  стандартты төлем балансында көрсетіледі.

                  Қазақстанның тауар айналымы  ағымдағы есеп беру периоды   бойынша  12526,8млн.  доллар  сомасында  және бұл өткен жылдың  сәйкес  кварталының 125,3% құрады.Есеп беру  кварталы бойынша  Қазақстаннан  экспортталған  тауарлар сомасы  7525,6% млн. долларды  құрады және бұл өткен  жылмен  салыстырғанда 22,7%-ға жоғары.

      2005 жылдың   ІV кварталында   экспортталатын  тауарлардың көлемі  2004жылмен  салыстырғанда  23,1% -ке өсті.

                  2005 жылдың  ІVкварталында алыс  шетелден  импортталған  тауарлардың  жалпы сомасы  2502,8 млн. долларды  құрады, және бұл өткен жылмен  салыстырғанда  30,5%-ға  жоғары.  Ал  СНГ  елдерімен  импортталатын   тауарлар  көлемі  31,9% ға  өсті.

                  2005 жылдың  ІV  кварталында және  2004 жылдың аналогтық  кезеңінде  халықаралық қызмет  көрсету   балансындағы  дефицит Қазақстан   үлесіне  тиген жоқ  және  бұл соған  байланысты  1808,7  және  915,4млн долларды  құрады.

                   Қазақстанмен  көрсетілген  және  оған  көрсетілген  халықаралық   қызмет көрсету  көлемі  туралы  ақпараттар  төлем  балансының  стандартты  көрсетілімдерінде   келтірілген.2005 жылдың ІVкварталында  2004 жылмен  салыстырғанда  Қазақстанның  басқа елдерге  көрсеткен  қызметі  18,45%-ға  өсті, соның  ішінде  жүк тасымалдау -26,9%-ға, ал қалған  қызметтер  38,5%-ға  өсті.Сонымен  қатар  жол  қызмет  көрсетілімдері 6,0%-ға  төмендеді.

   Импортталған  қызмет  көрсетулер   көлемі 68,7%-ға  өсті, соның ішінде  жүк тасымалдау  25,4%-ға, ал қалған  қызмет  көрсетулер 94,1%-ға  өсті. Ал жол торабында қызмет  көрсетулер 12,3%-ға  төмендеді. Сонымен қатар басқа елдердің  қызмет  көрсетулері қатарынан құрылыс қызметі көп пайдаланылған  болып  табылады.[16-20]

                  Қазақстанның  инвистициядан   келетін  түсімі, 2005 жылғы  период  бойынша  202,8млн. долларды  құрады, және  бұл  2004 жылмен  салыстырғанда  41,9% жоғары. Осыған  байланысты  Қазақстан   төлемдері  1727,1млн. долларды  құрады  және  ол  салыстырып  отырған  жыл  периодынан  84,6% ға жоғары  көрсеткіш.

                   Қаржы  операциясының  есебі   ағымдағы  есеп  периоды  бойынша  1877,6млн. доллар  шамасында   оң  нәтиже  берді және  бұл   өткен  жыл  периодымен  салыстырғанда  1500,6млн. долларға  жоғары.

                    2005 жылдың  қазан  желтоқсан   айында  тікелей  шетелдік  инвистициялық  операциялар   бойынша  сальдо  887 млн. долларды  құрады.Соның  ішінде  Қазақстанның  шет  елдегі  тікелей  инвистициялары  221,1 млн. долларға  тең  болды.

                    2005 жылдың  ІV кварталында  портфельді  инвистициялармен  нетто  операциясы  3415,6 млн  доллар  шамасында   теріс  көлемге  ие  болды,  ал  бұл  2004 жылдың  аналогтық   кезеңінде  674,9 млн. долларды  құрады.

                    Төлем  балансының  бір  бабында   көрсетілетін  ‘’Басқа да  инвистициялар’’  активтердің  49,2%-ке  түсуімен  және  міндеттемелердің  1,9есе   өсуімен  3175,9 млн. доллар  шамасында   оң  сомаға  ие  болды.2004 жылдың  қазан-желтоқсан  айында  осы  көрсетілген  баланс  бабының  сальдосы  321б3 млн. доллар  шамасында  оң  көрсеткішке  ие  болды.Актив  құрылымында  салмақты  көрсеткішті  валюта  және  депозиттер[70,7%], ал  пассив  құрылымында  борыштар[92,3%] алып  отыр.

                   Қазақстанның  резервті  активтері осы периодта  1237,5млн. долларды  құрады  және  бұл негізінен шетелдік  валюталармен  операциялық есеп  жүргізуден  құралды.

                   Таза  қателермен  рұқсатнамалар   бабы  2005 жылдың  қазан-желтоқсан  айында  елдің  тауар  айналымына  проценттік  қатынасымен  7,1%-ды  құрады.Бұл  2004 жылдың  аналогтық  кезеңінде  7,7%-ды  құрап  еді.[16-21]

                    Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  Банкінің  деректері   бойынша  2006

жылғы  ІІ  тоқсанда  төлем балансының  ағымдағы  операциялар шоты  бойынша 72,1  млн. АҚШ доллары мөлшерінде  теріс сальдо  қалыптасты.2005 жылғы тиісті  кезеңде ағымдағы  операциялар шоты  бойынша оң  сальдо  қалыптасып,  202,5  млн. АҚШ долларын  құрады.Ағымдағы  шоттың  базалық  параметрлері  төлем  балансының  стандарттық  көрінісінде  келтіріледі.

                     Қазақстанның  тауар  айналымы  (ФОБ бағасымен  және  ұйымдастырылмаңан   сауданы  есепке  алғанда)  есепті  кезең  ішінде  16151,3млн.  доллар  сомасында қалыптасып,  өткен жылдың  тиісті  тоқсанында  131,3% ,  ал  импорт  көлемі                                  6024,0 млн.  доллар  болғанда  немесе   2005  жылғы ІІ  тоқсандағы  импорт  көлеміне  125,5%  құрады. Қазақстан  есепті  тоқсанда  10127,3  млн.  доллар  сомада  тауар  экспорттады,  бұл  салыстырмалы  кезеңдегіден  34,8%  жоғары.[17-49]

                   Қазақстан  теңгесінің  АҚШ-тың  1 қатысты ресми айырбастаудың орташа  бағамын талдау  кезінде 2005  жылғы ІІ  тоқсандағы   132,7  теңгеден   2006  жылдың  І  тоқсанында    123,1 теңгеге  төмендегені  байқалды.

                   Тауарлар  экспортының  көлемі  2006  жылдың  ІІ  тоқсанында  2005 жылғы  тиісті  кезеңге   қатысты   34,5%-ға,  соның ішінде  алыс  шетелдерге- 34,2%-ға  өсті,ТМД елдеріне-  36,8%-ға  өскені  байқзалады.

                    Есепті  кезең  ішінде  алыс  шетелдерден  3215,22  млн.  доллар  сомада  тауар импортталды(ҚСТ   бағасымен),  бұл  өткен  жылғы   тиісті  кезеңдегіден19,7%  артық.ТМД   елдеріненимпортталған  тауарлардың  көлемі  қарастырылып  отырған  кезеңде  28,6%-ға  өсті

                     Халықаралық  қызмет  көрсету   балансының  дефициті  2006  жылдың  ІІ  тоқсанында  және  2005  жылы   1622,48 және 1223,93млн.  доллар  құрады.

              Қазақстанның  басқа  елдерге  көрсеткен  және  олардан  алған  халықаралық  қызметтерінің  көлемі  туралы  деректер  төлем  балансының  стандарттық  көрінісінде  келтірілген. 2006  жылдың  ІІ  тоқсанында  Қазақстанның  басқа елдерге көрсеткен қызметтерінің  көлемі  2005  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда    28,5%-ға,  соның  ішінде  көлік  қызметтері   36,2%-ға  өсті,сапарлар  бойынша  қызметтері-  34,1%-ға  өсті, ал  өзге  қызметтері - 5,3%-ға  өсті.                                                         Басқа  елдерден  алынатын  қызметтердің  көлемі  31,3-ға,  соның  ішінде  көлік  қызметтері -  23,4%-ға,  сапарлар  бойынша  қызметтер -  41,2%-ға,  өзге қызметтер -  32,1%-ға  өсті.  Есепті  кезеңдегі  басқа  елдерден  алынған  қызметтердегі  ең  үлкен  үлес  салмақты  құрылыс  қызметтері  алатынын  атап  өткен  жөн.(38,3%)        Қазақстанның  инвестициялардан  және  жұмыс  істейтіндерге  өтемақыдан  алған  табысты  талдау  жүргізіліп  отырған  кезеңде  344 млн.  доллар  соманы  құрады, бұл 2005  жылғы  тиісті  кезеңдегідеңгейден  2  есеге  асып  түсті.Қазақстанның  аталған  жолдар  бойынша  төлемдері  2674 млн.  долларды  құрап,  бұл  салыстырылып  отырған  кезеңдегіден  94,2%  жоғары.      

     Қаржы  операцияларының  шоты  есепті  кезеңде  827 млн. доллар  көлемінде   оң  қалыптасты,  бұл шот 2005  жылдың  ІІ тоқсанында да  теріс қалыптасып  566 млн.  долларды  құрады.                                                                                                               

                     2006 жылдың  Іі  тоқсанында  тікелей шетелдік  инвестициялармен жасалған   операциялар бойынша сальдо1412,5  млн.  долларды  құрады.Қазақстанның  шетелдегі тікелей инвестициялары  2006 жылдың  талдау  жүргізіліп  отырған тоқсанында    282,2  млн.  долларды  құрады,    2005жылдың  тиісті  тоқсанында  шетелдегі тікелей инвестициялар теріс қалыптасып,   63,1млн.  долларды  құрады,  соның ішінде бапсқа  капитал түрінде -   359,5 және -52,1млн.  доллар  болды.[17-50]

                    2006  жылдың ІІ тоқсанында  портфельдік  инвестициялармен  жасалатын  таза  операциялар  бойынша  1412,5 млн. доллар  мөлшерінде  оң  шама  қалыптасты,ал 2005жылдың  тиісті  кезеңінде  ол  -621,8  млн.  доллар  болған.

                    Төлем  балансының  «басқа  инвестициялар»  деген  жолы  бойынша  жүргізілетін  операциялар  бойынша  таза  нәтиже  2006жылдың  ІІтоқсанында  2141,5млн.  долларсомасында  оң  қалыптасты.2005жылдың  ІІ тоқсанында  балансьың  аталған  жолы  бойынша  сальдо 189,0 млн.  доллар  сомасында  теріс қалыптасты.Активтер  мен пассивтер құрылымындағы ең  үлкен үлес  салмақты  2006жылдың  ІІ  тоқсанында  қарыздар  алып  отыр.(тиісінше,49,5%  және  83,0%)  алып  отыр.

   2006жылдың  ІІ тоқсанында баланстың «Таза қателіктер  мен ағаттықтар» жолының елдің тауар айналымына  пайыздық  қатынасы  өткен жылғы тиісті  кезеңіндегі 6,3%-ға  қарағанда 4,7% құрады.[17-51]

2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің  сыртқы сауда айналымына  талдау.

         

           Қазақстанның  егемен  ел  ретінде Біріккен  Ұлттар  Ұйымына және  басқа да халықаралық ұйымдарға мүше  болуы ел  экономикасын  халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті  жағдайлар жасады.

        Қазақстан  экономикасының  бүгінгі   жағдайын  талдап  қарасақ, онда  біз мынадай оңды  құбылыстарды  байқар  едік. [6-36]

Информация о работе Төлем балансы