Төлем балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8

1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10

1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20

2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

айналымын талдау …………………………............................…...21-24

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….

Работа состоит из  1 файл

курстык жұмыс.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

                    1.Теңгенің  тұрақтылығының  нығаюы.

          2.Инфляция  деңгейінің  төмендеуіне   байланысты  Ұлттық  Банк  қайта   қаржыландыру  ставкасы.

         3.Өндіріс  құлдырауы  тежеліп, макроэкономикалық  ахуал  тұрақтанды.

         4.Экспорт  өнімдері  тұрақты   түрде  ұлғаюда.[6-37]      

            2003-ші  жылы  барлық  импорттың    42,1%-ы ТМД елдерінің еншісіне  келеді.Бұл көрсеткіш 2002-ші  жылы  46,7%  құрады.Импорт  өнімдерін негізгі жеткізушілер  болып табылатындар: Ресей-39,3, Германия-8,9%,  Қытай-6%,  АҚШ5,6%,  Украина-3,9%,  Англия3%,  Италия-2,9%,  Түркия-2,6%,  Жапония-2,4%.

     2003-ші  жылғы Қазақстан экспортының басты тауары  мұнай мен газ конденсаты  болды.Мұнай  мен  газ  конденсаты  экспортының  2003-ші  жылғы  көлемі  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  заттай  күйінде  13%-ға  өсті.Сөйтіп  экспорттың  құрамында  минералдық  өнімдердің  үлес  салмағы  65%-ға  жетті, металлдардың  үлес  салмағы  20% болды.

                      2004 жылдың  қорытындысы  бойынша   Қазақстанның  сыртқы  сауда   саласында  айтарлықтай  өсу   динамикасы  байқалған.Жоғары  баға  жағдайында  сыртқы  сауда   айналымының  көлемі  өткен   жылмен  салыстырғанда   бір   жарым  еседен  артық  шамаға  өсіп  32,9млрд.долларды  құрады.Өткен  жылы  экспорт  56%  өсіп   20,1 млрд.дслларды  құраса,  импорт  52%  өсіп, 12,8  млрд.  АҚШ  долларына  тең  болды.Сыртқы  сауда  сальдосы   7,3  млрд.  долларға  жетті.[18-209]

                      Экспорттың  жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 23%   құрады.Ал  Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар  болып табылатындар:Швецария 17,4%, Ресей 15,4%, Қытай 12,2%,  Франция 7,3%,  Италия 11,4%,  Иран 4,3%, Виген аралдары 4,1%.

                      2004  жылғы қаңтар – мамырдағы барлық  импорттық жеткізілімдердің  49,6%  ТМД елдерінің еншісінде.Өткен жылы  ол    46,6%  құрады.Импорт  өнімдерін негізгі жеткізушілер  болып табылатындар:Ресей 38,8%, Германия -  8,5%, Қытай -   6,0%, Украина -   5,9%, АҚШ -   5,0%,Жапония -   3,2%,Корея- 2,8%,Италия-  2,7%.

                     2004  жылдың  қаңтар – мамырында   ТМД  елдерімен  сыртқы  сауда   айналымы  3858 млн.доллар  құрады  және  өткен  жылмен  салыстырғанда   57%-ке  өсті  соның  ішінде  экспорт -  1621,8 млн.доллар, импорт -  2236,2 млн.доллар  құрады.Жалпы товар айналымдағы ТМД мемлекеттерінің үлесі 33%  болды.Дүниежүзінің  басқа елдермен  сыртқы  сауда айналымы  7689,7 млн.АҚШ долларын  құрап, өткен жылмен  салыстырғанда  40%-ке  өсті.Соның  ішінде  экспорт  5418,0 млн.доллар   39%-ға  өсті,  импорт   2271,7 млн.доллар 43%-ға  өсті.  

                 Оң  экономикалық  тенденциялар  және  энергоресурстарға  деген   жоғарғы  баға БҰҰ  мемлекеттеріндегі   сыртқы  сауданың  көтерілуіне  ықпал  жасады.  2005  жылдың  қаңтар – қараша  айлары  аралығында   2004  жылдың  аналогтық  мерзімімен  салыстырғанда  экспорттын  жалпы  көлемі  29%-ға , соның  ішінде  импорт    26%-ға  өсті.

      2005  жылдың  қаңтар – қараша  аралығында  сауда  балансының  оң  сальдосы  Қазақстанда, Ресейде  және  Түркіменстанда  қалыптасты.  2004  жылдың  аналогтық  мерзіммен  салыстырғанда  ол  Қазақстанда   46%-ға  өсіп,  9,4% млрд.АҚЩ долларын  құрады.Қалған  елдерде  сауда  балансының  сальдосы  теріс  нәтиже  беріп оның  неғұрлым  көп дефициті  Грузияда ,Украинада қалыптасты.[15-25]

      2005  жылдың  қаңтар-қарашасында  ТМД   мемлекеттері  арасындағы  тауар   саудасы  2004  жылдың  аналогтық   кезеңімен  салыстырғанда   өсті.Бұрынғысынша  тауарларды  экспорттайтын  және  тұтынатын  заттардың  көп  үлесі  Ресейге  тиіп  отыр.[15-31]

  2005  жылдың  қаңтар-қараша  аралығында  ТМД мемлекеттерімен сауда сальдосы  сол нәтижелі  болып отыр  осы жылдың  қаңтар-қараша  аралығындағы  ТМД мемлекеттерінің басқа  мемлекеттерге  тауар  экспорты  алдыңғы  жылдың  қаңтар-қараша  айымен  салыстырғанда  шамамен  34%-ке  жоғарылады,ал  импорт  36%-ке  жоғарылады.Басқа  елдермен  активті  сауда  байланысын  Қазақстан және  Ресей  алып  отыр.[15-32]

      Осы  уақыт  аралығында  Қазақстан  45,3 млн. тонна  шикі  мұнай  экспорттады, және   бұл 2004   жылмен  салыстырғанда  6% -ке  жоғары.Оның  ішінде  мұнай  өнімдер 3,1 млн.тонна  құрады.[15-36]

      Қазақстан  Республикасының  сыртқы  сауда  айналымы  2006  жылдың  қаңтар-ақпан  аралығында  6981,2 млн.АҚШ доллар құрап,алдыңғы жылдың  ақпан-қаңтарына қарағанда   20,8%-ға өсті.

      Қазақстандық  өнімдердің  негізгі  сатып  алушылары  болып  табылады: Швецария -20,4%,Италия - 19,1%,Ресей- 9,5%,Франция - 8,4%,Қытай - 8,2%,Нидерландия  4%,Иран  3,8%,Испания 3,7% ,Израиль- 2%,Ұлыбритания   және Румыния -  1,9%,Германия  және  Виргин  аралдары -  1,5%,Канада -  1,3%.

      БҰҰ  мемлекеттерінің  осы  есептеліп  отырған  мерзім  аралығындағы  экспорттың  жалпы  үлесі 13,4%  құрайды  және  бұл  2005  жылдың  ақпан-қаңтарында                      19,1%  көрсетті.[16-18]

      2006  жылдың  қаңтар-ақпан  аралығындағы  инвестициялық  тауарлардың   жалпы  көлемі  1097,3 млн.доллар  немесе   43,9%-ті  құрады.Ал  бұл  2005  жылдың  қаңтар-ақпанында  1012,4млн.доллар  немесе   47,6%-ін  құрады.

      2006   жылдың  қаңтар-ақпанында  ТМД   мемлекеттері  арасындағы  сыртқы  тауар  айналымы  1822,6млн.долларды  құрап,алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  9%-ке  өсті.Соның  ішінде  экспорт  602,2млн.долларды  құрап,   13,5%-ға  азайды,  ал  импорт    1220,4млн.долларды  құрап    25,1%-ға  өсті.

      Жалпы  тауар  айналымдағы  ТМД   мемлекеттерінің  үлесі  26,1%-ке  тең  болды.Ал  бұл  алдыңғы  жылы  28,9%  қамтыды.

      ТМД  мемлекеттері  минералды  өнімдердің,химиялық  және  металлургиялық  өндірістің  негізгі  жеткізушілері  болып  табылады:бұл  мемлекеттерден  минералды  ресурстар  бойынша  импорт  үлесі  2006  жылдың  қаңтар-ақпанында  -  92%,  металлургиялық  өнімдері -  57%,тұтыну  тауарлары -  53%,химиялық  тауарлар -  44%  құрайды.

      2006  жылдың  қаңтар-ақпанында  басқа   мемлекеттермен  сыртқы  тауар   айналымы  5158,6млн.АҚШ долларын  құрады,және  бұл  өткен   жылдың  аналогтық  мерзіммен   салыстырғанда  25,6%-ға  өсті,оның  ішінде  экспорт  31,3% -ға  өсіп  3878,9  млн.АҚШ  долларын  құрады, ал  импорт 1279,7млн.АҚШ  долларын  құрап   11,1%-ке  өсті.[16-19]

      Мемлекеттің  сұранымдарын  қанағаттандыруда   басқа  елдер  негізгі  тауарлармен  қамтамасыз  етуде  үлкен  рольге  ие:бұл  елдерден  машина  құрылысы  бойынша  импорт  үлесі  2006   жылдың  қаңтар-ақпанында   68%  құрады, формацевтикалық  тауарлар   85%,киім    88%,тұтыну  тауарлары   47% -ті  көрсетілген  импортта  құрады.[16-20]

            2006  жылы  Қазақстанда   экспорт  көлемі  4481,2 млн.АҚШ  долларына, ал  импорт  көлемі   2500,1 млн.АҚШ долларына тең болды.Жалпы сыртқы  сауда балансының  сальдосы    1981,1 млн.АҚШ долларын  құрап оң  көрсеткішке ие  болды.

      Ал  Ресейде  экспорт  көлемі  42455,2 млн.АҚШ долларын, импорт  көлемі  14336,6 млн.АҚШ долларын  құрады.Соның  нәтижесінде  сауда  балансының  сальдосы   28118,6 млн.АҚШ долларына  тең  болды.

      Жалпылап  қарастыратын  болсақ  2005  жылы  Ресей мен Қазақстан  арасындағы  сыртқы  сауда  балансындағы  айырмашылық 17656,8 млн.АҚШ долларына  тең  болды.

      Ал  2006  жылы  бұл  айырмашылық    26137,5  млн.АҚШ долларын  құрады.2006  жылы    2005  жылмен  салыстырғанда бұл айырмашылық 8480,7 млн.АҚШ долларына жоғарлаған.

      Сонымен  2006  жылы  импортты  экспорттың  жабу  деңгейі  ТМД  мемлекеттер  арасында    203%  құрады.Ал  бұл  көрсеткіш  алдыңғы  жылдың  қаңтар-ақпанында   199%  құрап  еді.[16-14]                   

      Осылардың  нәтижесінде  біз  елдің  сауда  балансын  құрайтын  экспорт  және  импорт  мөлшерінің  кезеңдік  қозғалысын  көре  аламыз.Өз  алдына  сауда  балансы  төлем  балансының  маңызды  тармағы  екені  белгілі  және  бұл  мемлекеттің  төлем  балансына  тікелей  түрде  ықпал  етеді  және  байланыстырылады.   Осыған  байланысты  Қазақстанның  сыртқы  экономикалық  байланыстар  саласындағы  орнын  тұрақтандырып,  ролін мейлінше  арттыру бағыттарында  қолға алатын  жұмыстар  жеткілікті.Соның бірі  Дүниежузілік  Сауда Ұйымына өтуі  оның  ең  маңызды стратегиясы болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ТӨЛЕМ  БАЛАНСЫНЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ , ОЛАРДЫ ШЕШУ  ЖӘНЕ  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

3.1.Қазақстан  Республикасындағы төлем балансының

негізгі проблемалық мәселелері

                   Кез-келген мемлекет  өзінің  сыртқы  әлеммен байланыс орнатуының  статистикалық нәтижесінде белгілі бір уақытта төлем және сауда балансының тапшылығына ұрынуы мүмкін.

   Сауда  балансындағы  салыстырмалы  бағадағы  өзгерістің  әсері  құнсыздану  сауда  балансын  нашарлатады.Сауда  балансының  теңдеуін  былайша  жазалық:

      NX=X*ePf/P*Q

      Мұндағы  Х-біздің  тауарға  деген  шетелдік  сұраным, Q  біздегі  импорт  санын  білдіреді.  Е(Рf /Р)*Q  біздің  импорттың құнын өлшейді.

      Айырбас  құнсызданды, ең  алдымен  елдегі  және  шет  елдегі  бағалар  Р  және  Рf  өзгерген  жоқ делік.  Импорттың салыстырмалы бағасы – еРf /P өсті.Бұдан екі нәтиже  туындайды.Егер  импорттың физикалық көлемі  өзгермесе, оның  елдегі  ақшамен өлшенген  құны  бағаның жоғары  болуына байланысты  өседі.Физикалық импорттың көлемі  өзгермеген  кезде Q-дің бағасы  жоғары  болуы  импорт  шығынының  көбейгені  және  сауда  балансының  айырбастың  құнсыздануына  орай  берілген  кері  жауабы  болып  табылады.  Импорттың  салыстырмалы  бағасының  өсуі  бәсекелестігімізді  арттырып, біздің  тауарға  сұраным  пайда  болады.Алмастыру  көлемінің нәтижесі  сауда балансының  жағдайын  жақсартады.

      Ендігі  сұрақ  осынау  көлем  нәтижелері  баға  нәтижесінен  артық  па  немесе  құнсыздану  таза  экспортты  өсіре  ме, әлде  төмендете  ме  дегенге  саяды.Бұл  сұрақтың  жауабы  мынадай:қысқа  мерзімді  көлем  нәтижесі  айталық, бір  жылғы  өте  төмен  деңгейдегі  баға  нәтижесінен  артық  емес.Ұзақ  мерзімді  көлем  нәтижесі, керісінше, әжептәуір  болады.Сондықтан  сауда  балансын  салыстырмалы  баға  деңгейіне  сәйкестендіре  алады.

      Мұны  іске  асыру  мынадай  жолмен  жүргізіледі.Бұл  біріншіден, төменгі  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  көлем  нәтижелерінің  тұтынушылар  мен  өндірушілердің  салыстырмалы  бағаны  реттеуіне  байланысты.Кейбір  реттеулер  жедел  жүргізіледі.  Алайда  мәселен, туризмді  алатын  болсақ, оны  реттеуге  алты  ай  немесе  бір-ақ  ай  уақыт  кетеді.Ал  өнімді  таратып, оның  халықаралық  бағасын, шығынын  реттеуге  жылдар  қажет. [9-543]

      Саудадағы  салыстырмалы  бағаны  реттеуде  артта  қалушылықтың  болуы  мүмкін.Бұл  артта  қалушылық  сауда  балансындағы  салыстырмалы  бағаға  қалай  әсер  етуі  мүмкін  деген  сұрақ  туындайды.Айталық,  тапшылықтан  бастап  импорт  бағасын  көтеретін  құнсыздану  басталды  делік.Қысқа  мерзімді  нәтиже  шамалы, сондыұтан  сауда  балансы  алғашқысында  нашарлайды.Уақыт  өте  келе  көлемі  салыстырмалы  баға  өзгерісіне  қарай  реттелгенде  экспорт  артып, импорт  көлемі  төмендей  бермек.Яғни, ұзақ  мерзімді  көлем  нәтижесі  басым  болып, сауда  балансы  жақсарады.Осыған  байланысты  үкімет  айырбас  курсына  ықпал  ету  үшін  әртүрлі  себептермен  оның  ісіне  араласады. Мұндағы  себептердің  бірі – орталық  банктер саудаға  ықпалын  жүргізу  үшін  нақты  айырбас  курсын  қозғайды. [9-546]

              Төлем  балансындағы  жалпы  тапшылық  деп  ағымдағы  есеп  пен  капитал  қозғалысы  саясатының  сомасы  ретіндегі  мемлекет  резиденттерінің  щет  елдіктерге  елеулі  төлем  жұмсап  және  өздері  де  олардан  төлем  алатынын  айтамыз.Жалпы  төлем  балансы  тапшылықта  болған  кезде  мемлекеттің  шет  елдіктерге  едәуір  шет  ел  валютасын  төлеуіне  тура  келеді.Тұрақты  курс  жүйесінде  орталық  банктер  ресми  тұрақты  айырбас  курсынан  туындайтын  төлем  балансының  тапшылығын  қаржыландырады.Баға  құнын  тұрақты  ету  үшін  шет ел  валютасын молынан жинақтай  отырып, оны қажет кезінде өз  ақшасына  алмастыруды қамтамасыз  ету керек.[9-121]

Информация о работе Төлем балансы