Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа
Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8
1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10
1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20
2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау …………………………............................…...21-24
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….
Базистік балансқа “қысқа мерзімді борыш” бабын қосу бір қатар мәселелер туындатады.
Қысқа мерзімді борыш бабы елдің қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерінің бар немесе жоқ екендігін көрсетеді. Оның ұлғаюы елді қиын жағдайда қалдыру мүмкін.Ол қалыпты мөлшерден асса ел шетелден несие алуға немесе өз валютасын уақытша құнсыздандыруға мәжбүр болады.[1-143]
Базистік балансқа қысқа мерзімді капиталдың қозғалысы бабы қосылуы автономдық есептеулер балансын береді. Қысқа мерзімді капитал қозғалысы уақытша құбылыс емес.Мысалы, ірі фирмалар өзінің даму қарқының бәсендету үшін қысқа мерзімді шетелдік несие алады.
Капитал әрқашан қозғалыста болады, яғни бұл жерде инвесторлар кез-келген мемлекеттен тез арада төменгі келісім бағасымен шектеусіз сомада активтер сатып алады. Капитал қозғалыста болған кезде актив иелері көп сомадағы қаржыдан көп мөлшерде пайда табу жолдарын іздейді[9-132]
“Қателіктер және қалдырулар”бабына ерекше тоқталу қажет.Бұл бап активтер мен пассивтер арасындағы айырманы нөлге келтіру үшін қолданылады.Бұл бап бойынша сомалардың жедел артуы дағдарыс кезінде анық көрінеді. Қысқа мерзімді қарызы қалыпты мөлшерден (нормадан) асып кеткен ел шетелден қысқа мерзімді несие алуға немесе тіпті өз валютасын уақытша құнсыздандыруға (девальвациялауға) мәжбүр болады.
Капитал айналымының қозғалысы – бұл тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфельді инвестицияларды, мигранттардың( жылыстау және құйылым) трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және т.б. ) бейнелеп көрсетеді.
Ағымдағы
операциялар шоты және капиталмен жасалатын
шот өзара байланысты:
Төлем балансы қозғалысы екі түрлі жолмен жүзеге асады:оның ақшалай формадағы кірісі және шығысы.
Капитал кірісі елдегі шетел активтерінің өсімімен немесе, елдегі шетелдік активтердің қысқаруымен сипатталады:Қазақстандық резидент Ресейлік бағалы қағаздар сатып алса Ресейдің шетелдік активтері өседі, және бұл операция кредитте капитал кірісі ретінде жазылады.
Капитал шығысы елдің шетелдік активтерінің өсуін, немесе елдегі шетел активтерінің азаюын көрсетуі мүмкін.[10-638]
Төлем балансының тағы бір түріне өтімділік балансы (баланс ликвидности) жатады.Бұл баланстын дербес есептеулер балансынан айырмашылығы “қателіктер мен қалдырулар”,резидент еместердің қолындағы қысқа мерзімді міндеттемелері баптарын қосу немесе қоспау мүмкіндіктеріне байланысты.
«Халықаралық резервтер» бабын қарастырайық.Бұл баптын құрамына мемлекеттін алтын қоры,шетелдік валюталар қоры,халықаралық валюта қорының (МВФ) резервтік квоталары (үлестер) мен аталған қордың билігіндегі “қарыздардың арнаулы құқықтары”кіреді.
Мемлекеттік резервтердің рөл көп жақты.Бұған ұлттық валюта курсын қамтамасыз ету кепілдіктерін беруді,егінінің шықпай қалуымен байланысты төтенше жағдайлары, стихиялық апаттарды қамсыздандыру, азаматтық жөнсіздіктер мен әскери қимылдарды реттеу кызметтер жатады.Резервтер елдің несие алу мүмкіндіктеріне кепілдік жасайды және несиелер берілген жағдайда олардың тиімділігін қамтамасыз етіп,ел бюджетіне қосымша пайда келеді.[1-144]
Төлем балансының теріс сальдосы қалыптасқан жағдайда ұлттық валютанын курсын қолдау валюта резервтерін сатумен тікелей байланысты.Күтпеген төтенше жағдайларға байланысты елді қажет заттармен қамтамасыз ету мәселелеріндегі мемлекеттік резервтердің рөлі тіпті ерекше.
Алтын-валюта резервтернің өсуі елдің халықаралық беделіне оң әсерін тигізіп,бұл елдің экономикалық жағдайының тұрақты да,сенімді екендігіне күмән келтірмейді.
Девальвацияға ұшырағыш шетелдік валютаны жинап,резервте ұстаудың ешқандай болашағы жоқ.Ол сұранысқа ие болмайтын “ол капитал”деп аталады.
Жекелеген елдердің тәжірибесінде халықаралық инвестициялық борыш балансы пайдаланылады.Мұнда міндеттемелер мен каражаттардың артуы,немесе кему айқындалады.Бұл баланста капиталдар козғалысы бөліміндегі төлем мерзімі өтіп кеткен дебеттік және кредиттік есептердің толық сомасы көрсетіледі.Жекелеген елдердің экономикалық жағдайын талдау үшін халықаралық валюта қоры жариялайтын төлем балансы схемасы өте пайдалы.Төлем балансының соңғы бөлімі оны тепе-теңдік жағдайда ұстап тұру мәселесін шешуде әр елдің өзіне тән бағыттары бар екендігін көрсетеді.Сонымен, сыртқы экономикалық қызметтердің жан-жақтылығын көрсететін төлем балансының көптүрлілігі оның басты, маңызды элементі болып табылады.[1-145]
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
2.1 Төлем балансының шоты және оны мем- лекеттік реттеу әдістері
Белгілі бір мемлекеттің
BP=NX+KA
Егер, арнайы есеп беру шотының балансы шетел тауарларының таза сатып алымдарын, қызмет көрсетулер және активтерін көрсетсе, валюталық реттеу органдары дисбалансты орталық банкте сақталып тұрған шетел валюталарының резервтерін пайдалану арқылы қаржыландырулары керек.
NX+KA=ΔR
Өзіне арнайы резервтік активтерді кірістірген жағдайда оның жалпы сомасы нөлге тең болады.Ағымдағы есеп балансы сыртқы келісімдердің масштабтары мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, ол төлем балансының жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады.Елдің импортты экспорттан асып түскен жағдайда ағымдағы операциялар балансының дефицит көлеміне сәйкес теріс ағымдағы операциялар балансы сыртқы саудадағы борыш есебінен жабылуы тиіс.[12-147]
Сонымен операциялар шотын(
NX=ΔR-ΔKA=ΔNFA,
Бұл жерде: ΔR – таза резервтердегі шетел валютасының өзгерісі;
ΔКА – таза ликвидті міндеттемелердің сыртқы әлем алдындағы өзгерісі.(капитал кірісі мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдірсе, капитал шығысы елдің басқа мемлекеттерге ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдіреді)
ΔR және ΔKA арасындағы айырмашылық мемлекеттің таза шет елдік активтеріндегі өзгеріс көлемін көрсетеді.(ΔNFA) ΔNFA – мемлекеттің басқа елдерге ликвидті міндеттемелер көлемінің таза өсімі.
NX мемлекеттің таза сыртқы активтерінің қаншалықты өскенін көрсетеді.Егер мемлекеттің ішкі шығындары оның түсімдерінен аз болып және NX оң нәтижелі болған жағдайда мемлекеттің басқа елдерге ликвиті міндеттемелері өседі.Ағымдағы операциялар шотының оң сольдосы шетелдік валюталық резервтердің және мемлекеттің кірістер көлемінің азайғанын көрсетеді.
Егер NX оң болып және мемлекет халықаралық қаржы нарқында кредиттер берген жағдайда оның жағдайы өседі.Себебі шетелдіктер осы мемлекеттің экспортының әрбір бірлігін бүгінде өздерінің импортымен төлемей, соңында осы алынған кредиттер процент көлемінің өсуімен үлкен сомада төленеді.
Егер NX теріс болып мемлекет халықаралық қаржы нарқында борышты болған жағдайда оның жағдайы төмендейді.
Сонымен қатар NX=ΔR – ΔKA=ΔNFA теңдігінде ұзақ мерзімдік кезеңдегі ағымдағы операциялар балансының күнделікті дефицитінің нәтижесі теріс көлемде болуы мүмкін таза шет елдік активтер көлемінің қысқаруына алып келеді. Осының нәтижесінде мемлекет нетто-қарызгерге айналып мемлекет алдында қарызды қалай төлеу керек туралы проблема туындайды.
Теңдікті жағастыра отырып, мынаған ие боламыз:
(Sp-I)+(T-G)=ΔNFA
Жеке сектордағы инвестициялар және жинақтарды тең деп пайымдайық..Бұндай жағдайда мемлекеттік бюджеттің артықшылықтары мемлекеттің басқа елдерге қатысты міндетті төлемдерінің өсуін көрсетеді. Ол сыртқы қарыздың азаюымен немесе шет елдік валюталық резервтердің көбеюімен сипатталады. [12-148]
Осыған байланысты төлем балансының жағдайына ықпал етудін бірнеше негізгі әдістері бар.
Бірінші –тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық шектеулер арқылы) және кедендік т.б.жинақтар,шетелге шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардын пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу;осындай көмектін күрт қысқартылуы,қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдын шығарылуы және т.б.
Төлем балансы тапшы елдер мынадай саясаттарды қолдануы тиіс:
1.Дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады; ішкі сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады.
Ал, негізгі құралы-қаржы және ақша-несие шаралары.Бюджет тапшылығының қысқаруы орталық банктін ставкасынын өзгеру,несиенін шектелуі, ақша массасынын өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ жұмыссыздықтың өсуі және өндіріс күштерінің толық пайдаланылмауы өндірістің төмендеуіне жұмыс күшін қамсыздандыруының төмендеуіне ықпал етеді.
2.Девальвация
(құнсыздану).Бұл саясатта ұлттық
валюта курсынын төмендеуі, экспорты
ынталандыру, импорттық
3.Валюталық шектеу. Экспортерлер экспорттан түскен пайданы кенінен пайдаланы алмайды.Белгілі бір мөлшерін мемлекеттк ұлттық банкке сатуға тисті.Ал қалғанын өзі пайдалана алады.
4.Каржы
және ақша-несие саясаты.
5.Төлем
байланысына қатысты
Капитал қозғалысы баланысы – қаржылай құйылымдарын көрсетеді.
Сауда баланысы: