Төлем балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8

1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10

1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20

2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

айналымын талдау …………………………............................…...21-24

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….

Работа состоит из  1 файл

курстык жұмыс.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

     1)экспорт-импорт  операциялары  жататын  ағымдағы  есеп  бойынша   келісімдер:

     2)капитал   қозғалысымен  байланысты   келісімдер:

     3)ресми  резервтердің  есептері.

            Бірінші  топтағы  келісімдер тауарлар  мен қызмет  көрсетулерге,  меншік  құқын  беруге  байланысты  операцияларды тіркейді: екінші  топ-капиталға меншік  құқын  беруге  байланысты, ал  үшінші топ елдің  ұлттық  банкінен ресми резервтерді алуды тіркейді.

             Қабылданған  ережелерге  сәйкес  төлем  балансы  қосарланған  есеп  (двойной  счёт)  принципі  бойынша жасалады. Мұның   мәні мынада: әрбір   келісім  бір  уақытта  екі  есепке  қатар  жазылады: дебетте,  тауардың  немесе   қаражаттың  осы  есепке  келіп  түскенін  айғақтайды және  кредитте, тауардың  босатылғаның (берілгенің)  немесе  осы  есептен   қаражаттың  төленгенін  сипаттайды.  Жүргізілетін  әрбір  операцияның  екі  жағы  бар, мысалы,  тауардың  келіп   түсуі  және  оның  төлемі. Тауарды  алғаннан  соң, ол  үшін  төлеу   қажет. Жасалып  жатқан   балансқа  дәстүр  бойынша   дебеттік  жазбалар  “минус”(“-“)белгісімен, ал  кредиттік  жазбалар   “плюс”(”+”) белгісімен  түсіріледі.

           Нақты  келісімді  дебеттік  немесе  кредиттік  есепке  жазуды  шешу  үшін  мынаны  есте  ұстау  қажет.”+”белгісі  кредиттік   жазбалар  түпкі   нәтижесінде  елге  келіп   түсетін  ақшалар  жөніндегі  келісімдерге  қатысты: ”-”белгісі  бар  дебеттік  жазбалар  елдің  валюта   шығындарына  қатысты  келісімдерде  көрсетіледі.

     Тауарлар  мен  кызмет  көрсетулер   экспорты, капиталдардың  келуі төлем  балансының   кредиттік  есебінде «+» белгісімен   жазылады.[1-139]                 

     Тауарлар  импорты, шетелдік  инвестициялар   шетелге   кететін  займдар  мен  несиелер,  шетелдіктер  аударатын   зейнетақылар   мен  сыйлықтар  мұның  бәрі “-” белгісімен   дебеттік   есепте  көрсетіледі.

     Қазақстан  тауарын  Ресейге   экспорттау  мысалын   қарастырайық. Егер  Қазақстан  Ресей  рыногында  ақ  қаңылтыр  сатқан  болса, онда  ресейліктер  оны  төлеу  үшін  рубльді  қазақстандық  теңгеге  айырбастауы  қажет. Нәтижесінде, экспорт  халықаралық  рынокта  теңгеге  сұранысты  ұлғайтады, сондықтан  ол  “+”  белгісімен  бағаланады. Ал, Ресейден  тауарды  импорттау  кезінде  жағдай  керісінше  болады. Қазақстан  үшін  есеп  шоттарға  теңге  түсіруді  қамтамасыз  ететін  негізгі  келісімдерге  тауарлар  экспорты  мен  шетелдіктерге  қызмет  көрсету  келісімдер  жатады.

       Қазақстаның ұлттық валютасы  – теңгенің қорын  кемітетіндерге  тауарлар  мен  қызмет  көрсету   импортынан  басқа  туризмге  шығындар, Қазақстандағы  әскерлерді  шетелде  ұстап  тұруға  кететін  шығындар  жатады.

     Тауарлар  экспорты  мен  капиталдар  экспортын   келісімдердің  біртекті   түрлері  деп  қарастыруға  болмайды.Олар  өздерінің  мәні  бойынша   тіпті  қарама-қарсы, тауарлар  экспорты  шетелге  тауар  жеткізуші  мемлекетке  шетелдік  валютаны  келтіреді, сөйтіп  ол ”+”белгісімен тіркеледі. Капитал  экспорты,керісінше,ақшалай  қаражатты  кетуін  көрсетеді,сондықтан  олар  ”-”белгісімен  жазылуы  тиіс.

     Қосарланған  есеп  принцип  ендікті  немесе  нольдік  сальдоны  қарады.Мұның  өзінде  белгілі  бір  логика  бар,тауарлар  немесе  капиталдар  қозғалысы  келісімдерін  түгел  есептеудің   түпкі  нәтижесі  нөлге   тең  болуы   тиіс.

     Егер  фирманың  немесе   мемлекеттің   табысынан  шығыны  көп  болса, артық  кеткен  қаражат   алайда  қайтарылуы  тиіс.Ол  үшін  салық орны   пайдаланылады немесе  банкіден  қарыз алынады.Мұндай  жағдайда  да  табыстар  мен шығыстар  сальдосы  нөлге тең болуы қажет.

     Теріс  (пассив) немесе  оң (актив)  сальдо  төлем  балансының  мына  бөлімдеріндегі   тепе-теңдіктің   бұзылғанын  көрсетеді: а)”көз  көріп, қол  ұстайтын”сауда, ол  тауарлар  сауда-саттығымен  байланысты;б)”көзге  көрінбейтін”сауда, оған  әр  түрлі  қызмет  көрсетулер  мен  көлік  тасымалдары  жатады; в)капиталдың  бір  елден  екінші  елге  қозғалысы.[1-140]

     Бір  жағынан  ағымдағы,немесе  капиталдармен  операциялардың  есебі  бойынша  дебеттін  жалпы  сомасының  кредиттін   жалпы  сомасынан  артуынан  пайда  болатын  неттодебет  төлем  балансының  тапшылығын  (дефицитін)  сипаттайды.Бұл  тапшылықтың  орны  халықаралық  резервтерді  өзгертуімен  (ұлғайтумен)  толықтырылуы  тиіс.

     Екінші  жағынан, егер  ағымдағы  және  капиталдармен  операциялар  бойынша  кредиттін  жалпы  сомасы  дебеттін  жалпы  сомасынан  артса, мемелекет  оң  (актив)  төлем  балансына  ие  болады.Он  сальдоға  халықаралық  резерв  есебіндегі  дебеттік  балансы  кемітуі  арқылы  қол жеткізіледі.

     Төлем  балансында  қолданылатын   қосарланған  есеп  принцип  жазбаларға  сәйкес  екі  әрекеттен  (келісімнен)тұрады.Бір  әрекет  екінші  әрекетті толықтырады,немесе  екіншісінен  түпкі  нәтижесін  көрсетеді.Мысалы,сатып  алушы  қажет  тауарды  ақша  төлеп  алады.Мұндағы  ең  маңыздысы  тауар  сатып  алу  жөніндегі  шешім.Оның  салдары  сатушыға  тауар  үшін  ақша  төлеу.Тауарлар  немесе  қызмет  көрсетулер  импортында  да  алғашқысы  тауар  сатып  алу  жөніндегі  ұйғарым, екіншісі  оны  төлеу.

     Төлем  балансының  баптары  да  осыган  сәйкес  дербес  (автономный)  және  теңгермелі  (балансирующий)  болып  бөлінеді.Дербес  немесе  негізгі  баптарға  тауарлар  мен  капиталдар  қозғалысын  көрсететін  баптар  жатады.                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2 Төлем  балансына  теориялық   көзқарастар 

     Төлем  балансын  мемлекет  реттейді.Бұл  ертеден  келе  жатқан  теория.Төлем  балансы  жөніндегі  әрбір  теория мемлекетаралық  қатынастар  жүйесіне  өзіндік  түсіндірмелерін  бере  отырып,өз  көзқарастарын  бұл  қарым-қатынастарын  жекелеген  аспектілерімен(тауар,қаржы-қаражат,ақша,т.б.)  байланыстырады.

     Төлем  баланстары  теорияларының  бізге  белгілі  түрлеріне  неоклассикалық, кейсиандық   және  монетарлық   теориялар  жатады.[1-146]

     «Төлем  балансы»  терминін Шотландтық  экономист  (ХVІІ ғ) Джеймс Стюарт  ойлап  тапқан.ХХ ғасырдың   басында  төлем  балансын  құрау  әдісі  АҚШ  және  Англияда  дами  түсті.Осыған  байланысты  ХҚВ  барлық  елдер  бойынша  ортақ  төлем  балансын  құраудың  стандарттық  әдістемесін  жасаған.[2-62]

     ХІХ  ғасыр мен  ХХғ. басында   Шотландтық  Д.Юланың  стандарт  шартында  автоматты  түрде  теңестірілудің  классикалық  теориясы  өте  жоғары  деңгейде  дамыған.Бұл  теория  алтын  стандарт  шартымен  бірге  қалып  қойды.Бірақ  соңғы  он  жылдықтарда  бұл  теорияға  қызығушылық  қайта  артты.Бұрынғы  жағдайда  автоматтық  реттегіш  ретінде  «Резервтердің  қорытынды  өзгерістері»  танылса,валюта  курсының  «қалқымалы»  жағдайында  автоматты  регулятор  ретінде  ұлттық  валюта  курсы  айырбасталуының  «қалқымалы» болуы  саналады.

     Төлем  балансы  оның  құлдырауына  байланысты  төмендейді,оның  жақсаруына  байланысты  жоғарылайды.Ол  өздігінен  автоматты түрде көптеген   ағымдағы  операциялардың   өзгеруіне әкеледі. Капиталдың  қозғалуына  ықпал етеді.

     Бұдан  кейін  неоклассикалық  эластикалық   әдіс  қалыптасты.Оны  Д.Робенсон,А.Лернер,Л.Мецлер ойлап  шығарды.Эластикалық әдіс төлем балансының өзегі – сыртқы сауда болып табылады.[2-69]

     Неоклассикалық  теория  бойынша  төлем  балансының негізгі элементі осы елдің тауарлары  мен қызмет көрсетулерінің  экспорты мен импортының арақатысы.Мұның  өзі жергілікті  немесе шетелдік тауарларды таңдап алудағы жергілікті немесе шетелдік резиденттердің   алған бағыт – бағдарына байланысты.Ұлттық  немесе  шетелдік  тауарды сатып алу мәселесі  олардың  бағаларын салыстыру арқылы шешіледі.Басқаша айтқанда, классикалық  теория бойынша төлем балансының шешуші  параметрлеріне  салыстырмалы біртекті тауарлар мен валюталардың  айырбас курсы жатады.[1-147]

     Сауда  балансының   сальдосы=Pэ/Ри * K болып табылады.

     Мұнда:Рэ – экспорттық   тауарлар  бағасының  деңгейі;

                  Ри – импортты қ тауарлар   бағасының  деңгейі;

                  К – валюта  курсы.

     Осы  формуладан келесі қорытынды  шығаруға  болады:

     Төлем балансының тепе-теңдікке жеткізу құралы – валюталық курс өзгерімділігі  болып табылады.Осыған сәйкес ұлттық  валютаның девальвациясы  экспорттық  бағаларды төмендетеді,ал  ревальвация (құнын арттыру)шетелдік тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттады. Ол елде шығарылған тауарлардың бізге әкелінуін арзандатады.

     Демек, осындай жағдайларда келесі  көрсеткішті  пайдалану қажет. Ол экспорт пен  импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады.Ол жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді. Егер елге қажетті тауар импорты осы елде шығармайтын болса, онда оның жергілікті тауарлармен бәсекеге түсе алатын импорт тауарларынан айырмашылығы онша үлкен еместігін білдіреді.

     С.Александрдың еңбагі Дж. Мид және Я.Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық  тұрғыдан келіп, жалпы  алғанда, кейнсиандық  теорияға сүйенеді. Бұл тұрғыдағы  төлем балансын(атап айтқанда,сауда  балансы) жалпы ішкі өнімнің негізгі  элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен инвестициялық  сұраныстың жиынтығымен байланыстыруға тырысады. [2-70]

     Кейнсиандық теория бойынша төлем балансы  өнім  өндірумен байланыстырылады. Өнім өндіру шығындарынан  жиынтық  ішкі шығындарды шығарып тастасақ «түбінде» төлем балансы қалады дейді аталған теорияның  жақтаушылары. Валюта курсы, бәсеке мүмкіндігі тағы басқа көрсеткіштер өнім өндіруге немесе жиынтық  ішкі шығындарға тигізетін әсерлері арқылы ғана есепке алынады.

     Кейнсиандық теорияны жинақтаушылардың ең көп қолданылатын терминдерінің бірі «экспорттың өсуін ынталандыру». Бұл теорияға сәйкес төлем балансы шығындармен немесе  өндіру көлемімен тығыз байланыстырылады. Егер, дейді кейнсиандықтар өндірістің кемуі ішкі шығындардың қысқаруымен бір уақытта жүріп, өндірістің төмендеу көлемі шығындардың қысқару көлемінен салыстырмалы  кемдеу болса төлем балансының жақсаруын күтуге болады.[1-147]

     Абсорбциондық   тәсіл төлем балансы жағдайының  жақсарғанын, елдің табысының , яғни, тұтыну мен қапиталдың өскенін көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспортты  ынталандыру, ал импортты ұстау, отандық өніммен қызмет көрсетудің бәсекелесуін көтеру қажет.Бұл теориялардан басқа да көп тәсілдер қарастырылады.Соның ішінде монетаристік тәсіл.Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансының  қорытынды сальдосының ақша айналымына ықпал  қарастырылған  ақша факторына айрықша көңіл бөлінеді.

           1.3 Төлем баланстарының түрлері 

     Төлем балансы мынадай  бөлімдерден  тұрады.Бұл - ағымдағы операция балансы,капитал  айналымның балансы және арнайы халықаралық резерв есебі.Бұл бөлімдер өз алдына  жеке  статьялардан тұрады.       Енді осы аталған  бөлімдерге   жеке-жеке тоқталып кетелік.

     Ағымдағы  операциялар балансы – тауар  және қызмет  көрсету айырбас  процесін және біржақты қамтитын әртүрлі  төлемдерді қамтиды.[5-194]

     Ағымдағы  шот сондай – ақ мыналарды  қамтып көрсетеді:  қызметтер көрсетуді  – жүк,жолаушылар   тасымалы, туризм қызметі; қарыздардан алынатын табыстар; гранттар;

     [7-493]

     Ағымдағы  операция балансы сыртқы  саудада  қорытынды жасаудан басталады.

     Экспорт пен импорт тауарларын көрсететін төлем  балансының бір бөлігі сауда балансы  деп  аталады.Тауар экспортынан  импорт тауарын алатын болсақ  сауда  балансы сальдо қалады.Сонда егер импорттан экспорт арттық болса  белсенді деп аталады,керісінше  болғанда пассивті  дейді.

     Егер  экспорт елдегі тауар сұранымының  төмендегінен қысқарса,жақсы белгі  емес. Егер сауда  балансында сальдо инвестициялық  тауар импортының артуынан болатын теріс сальдо экономика  жағдайын негативті деп бағалауға  негіз болмайды.[5-195]

     Сауда  балансының  сальдосын  шығару  үшін  дүниежүзілік   статистикада  экспорт-ФОБ  бағаларымен  (оған  көліктің,қамсыздандырудың т.б.құны  кірмейді)  есептеледі. Импорт  болса  көліктің  де, қамсыздандырудың  да  шығындарын  қоса есептейтін-СИФ бағалары   бойынша анықталады.

     Қызмет  көрсетулер  саудасына  шетелге  саяхаттар, теңіз  тасымалдары т.б. жұмсалған  қаржылармен  байланысты  шығындар  кіреді. Жекелеген  елдер  үшін  төлем  балансының, ”қызмет  көрсетулер”бөлім  орасан  мол  пайданың  көзі. Мысалы, Греция  мен  Испанияда  шетелдік  туризімінен  түскен  табыс  тауар  экспорты  құны  көлемінің  60-80%-н  құрайды..

     Ағымдағы  операцияларға  ұзақ  мерзімді  аударулар  мен  төлемдерің  қоссақ, онда  базистік  баланс  шығады.Базистік  (негізгі)баланс  елдің  ең  маңызды  макроэкономикалық  көрсеткіштерін: сыртқы  және  ішкі  бағалардың  ара  қатысын, валюта  курсын,  табыс  көлемін,өсу  қарқынын т.б. қамтиды. Жалпы  қағидаға  сәйкес, базистік  баланс  болашақта  нолге  тең  болуы   тиіс, өзге  жағдайларда елдің берешегі  көбейіп кетеді.

Информация о работе Төлем балансы