Төлем балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Төлем балансының мәні және принциптері…………………….4-8

1.2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………..9-10

1.3 Төлем балансының түрлері………………………………………..11-13

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу……….14-16 2.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …..17-20

2.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

айналымын талдау …………………………............................…...21-24

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері…………………………………………………………………..25-29

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...30-31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….32

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….

Работа состоит из  1 файл

курстык жұмыс.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

                Ал  икемді  айырбас  курс  жүйесі  кезінде  орталық   банктер  валюта  құнына  шет   елдік  ақшаға  сұраным  мен   ұсынымды  теңестіруге  рұқсат  береді.

                Еркін  қалқымалы  курс  жүйесінде   орталық  банк  ақша  құнының   шет  ел  валюта  нарығында   айқындалуына  әсер  етеді   және  ол  нарыққа  ешқашан   араласпайды.Бұл  кезде  төлем   балансы  нольге  тең:айырбас  курсы  ағымдағы  және  капитал  қозғалысы  бабы  есептерінің  сомасын  ықпал  еткісі  келеді.[9-122]     Ағымдағы  операцияның  есебі  бойынша  тапшылык  немесе  дұрыс  сальдолар  капитал  мен  қаржылық  аспаптар  операцияның  есебі  бойынша  дұрсы  сальдолар мен тапшылыққа  дәлме – дәл сәйкес  келуі керек.Бірақ та  белгілі бір уақыт аралығында  еліміздің резиденттері «автономды» операциялардың  нәтижесінде түгелдей  шетел тауарларын  сатып алуға,  активтер  мен қызметтерді өздерінің тауарларын  резидент   еместермен  сатып алудан  түсетін пайдадан  гөрі  жұмсайды.Бұл кезде жалпы төлем балансы тапшылықпен келтіріледі.Және  керісінше, егер  резиденттер операциядан жұмсауына қарай резидент  еместерден  көп тапса,  онда  төлем балансының  активтік  сальдосы   туындайды.Төлем  балансының  активтік  сальдосы  немесе  тапшылығы  екі  есе  есептесу  қағидасын  қолданумен  сәйкестендіреді,  балансты  анықтаған  кезде  нөлге  тең  болса,  яғни  елдердің  барша  қарызы  төленуі  тиіс  пе?[10-641]

         Төлем  балансында  ерекшеленетін   инвестицияның  қызметтік   түрлерінің  бірі  орталық   банктің  резервтік  активтері   немесе  ресми  резервтер   болып  табылады.

          Қор  немесе  резервтік  активтер  өзіне  қосады:

  • Орталық  банктің  қарамағында  болатын  монеталық  алтындар;
  • Қағаз  ақша,  депозиттер  мен  бағалы  қағаздар  түріндегі  шетел  валютасы;
  • Арнайы  заем  беруші  құқықтар – МВФ  шығаратын  халықаралық  төлемдер  мен  қор  құралдары;
  • МВФ – да  елдердің  қор  позициясы, осы  арқылы  елдер  квотаның  25%  құрау  арқылы  автоматты  түрде  МВФ  несиелерін  ала  алады:

       Осылайша,  қор  активтеріне   орталық  банктің  қол астындағы   халықаралық масштабта  мойындалатын  қаржылық   аспаптар  бола  алады,  оларды  төлем  балансының  активті  сальдосын  пайдалануға  немесе  тапшылықты  қаржыландыру  үшін  қолдануға  болады.

       Төлем  балансын  реттестіру  үшін  қазіргі  таңда  алтын   мүлдем  қолданылмайды.Ресми   қорлардың  басты  бөлігі  жетекші  өнеркәсіптік  дамыған   елдердің  валютасына  келеді.2000  жылы  олардың  үлесі   93,0%   құрады,арнайы  заемдық  құқыққа  1,3%,  МВФ – да  қор  позициясы   3,4%  құрады,  ал  монеталық  алтынның  үлесі  әлемнің  барлық  елдерінің  қор  активтерінің  жалпы  көлемінен   2,3%   құрады.

        Қор  активтеріндегі  өзгерістер  төлем  балансында  капиталмен  қаржылық  аспаптардың  операцияларының  есебінде  көрінеді.Бірақ   қор  активтері  инвестицияның  басқа  түрлерінен  ерекшеленеді.Қор  активінің  негізгі  қызметі  (функциясы)  берілген  ел  мен  қалған  елдер  арасында  төлемдердің  теңсіздігін  реттестіру  үшін  қажетті  өтетін  бұйымдардың  көлемін  ұзарту  немесе  қысқарту  болып  табылады. Орталық  банктің  ресми  қорларын  қысқартудың  нәтижесінде  төлем  балансында «+»  белгісімен  кредитте  есептелінеді,  себебі  мұндай  жағдайда  шетел  валютасының  ұсынысы  тауарлар  мен  қызметтердің  экспорты  кезінде  көбейеді.Керісінше,  ресми  валюталық  қорлардың  өсімі  дебетте «-»  таңбасымен  көрінеді.[10-643]

          Орталық  банк валюта  нарығында шетел валютасын құрылған  макроэкономикалық жағдайға,  жеке  түрде айтатын болсақ,  ұлттық  валютаның айырбас курс  деңгейінде  әсер  ету үшін  жиі сатады  немесе  сатып алады.Орталық банкпен жүзеге  асырылатын  келісім - шарттарды  ресми  валюталық  интервенциялар  деп  атайды.

         Елде  төлем  балансының  теңсіздігі  туындаған  кезде  теңсіздікті   қайта  қалыптастырудың  оның  халықаралық  төлемдерінде  бірнеше   жолдары  бар.Ең  алдымен,  теориялық   еркін  тұрақсыздық  валюта  курсы төлем балансының  теңсіздігін үздіксіз  реттеу  процесі үшін  жеткілікті  шарт  болып табылады.Бірақ   еркін айналымдағы валюталық курсты  пайдалану экономиканың  салдары үшін  жағымсыз  болуы мүмкін,  сондықтан да  көптеген  елдер  ресми  қорлармен  төлем  балансының  жағдайын  реттейтін  шаралар  жүйесінде  маңызды  рөл  атқарады.

          Қор  активін  шығындау  салдарынан  мемлекет  төлем  балансының  тікелей  қаржыландырудың   теңсіздік  сальдосын  жеке  қаржы  нарығында  немесе  басқа  елдердің  ресми  органдарынан  шеттен  алып  пайдаланатын  таза  сомманы  қысқартуды  немесе  көбейтуді  жүзеге  асыра  алады.

          Егер  де  сырттан  алып  пайдалану   мүмкіндігі  шектелетін  болса   немесе  төлем  балансының  мәселелері  көне  сипатқа  ие  болса,  онда  мемлекет  макроэкономикалық  реттеу  шараларына (несиелі – ақшалай,салықтық – бюджеттік,  сыртқы  саудалық  және  т.б. ) төлем  балансының  жағдайын  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  қаржылық  операцияларды  резиденттермен  жүргізуді  реттестіру  үшін  түрлі  секторлар  мен  экономиканың  салаларына  ықпал  жасау  мақсатында  келуі  тиіс.

          Сонымен   қатар,  төлем  балансын  реттеу  мақсатында  мемлекет  әкімшілік  шараларды  (мысалы,капитал   қозғалысына  бақылау  секілді)  жүргізе  алады  немесе  қаржы  нарығында  ұлттық  валюта  курсына  әсер  ете  отырып  интервенцияны  жүзеге  асыра  алады.Шын  мәнінде  төлем  балансында  теңсіздік  орнаған  сәтте  мемлекет  әдетте  қандайда  бір  реттеуші  саяси  нұсқалардың  таңдауына  шектелмей  барлық  шаралар  жиынтығын  қолданады.

              Соған  қарамастан,қор  активтерінің  өзгерісі  төлем  балансының  қысқа  мерзімді  реттеу  процесінің  тұрақты  және  маңызды  элементі  болып  есептелінеді.Сондықтан   қор  көлемі  төлем  балансының  сальдосы  өзгерген  жағдайда  теңселеді.Осылайша, Орталық    банктің  қорларының  өзгеруі  өз  алдына   төлем  балансының   баланстаушы  бабы  ретінде  көрінеді.Басқа  сөзбен  айтқанда,  ағымдағы  операция  есебі  бойынша  сальдо  мен  капитал  және  қаржылық  аспаптар  операциясының  сальдосы  қор  активтерінің  көлемдерінің  өзгеруі  нөлге  теңестірілуі  керек.

             Сонымен  бірге  төлем   балансын  реттестіру  үшін  қаржы   қорларын  пайдаланудың  өзіндік   ерекшеліктері  бар  екендігін  де  ескеріп  кеткен  жөн.  Ұзақ  мерзімнің  ішінде  елдер  тапшылық пен     төлем  балансын  келтіре  алмайды,  бұндай  жағдай  төлем  балансының  дағдарысына  әкелуі  мүмкін.  Төлем  балансының  дағдарысы  елдің  сыртқы  қарыздардың  өтей  алмайтындығын  білдіреді.  [10-645]

              Төлем  балансының  дағдарысының  себептері  әр  түрлі  болып   келуі  мүмкін - әлемдік  нарықта   коньюктура  мен  тұрақсызданумен   байланысты   қысқа  мерзімді  және  ішкі  макроэкономикалық   мәселелер  мен  құрылымдық  үйлеспеушіліктің  түп негізінде ұзақ  мерзімді  болады.

               Қандай  да  бір  елде  сыртқы  нарықта  немесе  бағалардың  күрт  өзгеруі  салдарынан  бәсекелестіктің  өсуі  салдарынан  сыртқы  сауда  позициясы   нашарлайды  деп   болжайық..  Осының  нәтижесінде  ағымдағы  операция   бойынша  тапшылық  пайда   болады  және  оны  қаржыландыру  қажет.  Қандай  да  бір  уақыт  аралығында  елдер  бұл  үшін  шет   ел   зайымдарын   және  өздерінің  валюталық  қорларын  төмен  бағамен  сатуды  пайдалана  алады.  Бірақ ,  егер  де  төлем балансының  дағдарысының  себептері жойылмаса,  шетел   валютасының қорлары тез әлсірейді,   ал  жеке  және  мемлекеттік шетелдік  несие берушілер жаңа  несие беруден бас тартады.  Несиемен   ертеректе берілген   қарыздың  уақыт  мерзімі  асып  кетсе  тез  арада  өседі.  Ең  соңында  қауіп-қатерге  елдердің  халықаралық  төлем  қабілеттілігі  түседі.  Айырбас  курсымен  рәсімделетін  төлем  балансын  макроэкономикалық   реттеу  қиын  жағдайдан  шығудың  бірден-бір  амалы  болып  табылады.

                  Сондықтан,  төлем  балансының   немесе   валюталық  интервенцияның  тапшылығын   қаржыландыру  аспабы  ретіндегі   қорларға   жүгіне   отырып,  орталық  банк  әдетте  бұны  уақытша  шара  ретінде   қарастырады  да,  берілген  ел  үшін  минимальді   қол  жетімді  болып  есептелетін  деңгейге  дейін  елдердің  қорларын  қысқартуға  жол  бермейді.  Ресми  валюталық  қорлардың  көлемінің  көрсеткіші  шетел  несие  берушілердің  қарыздарын  өтеуде   елдің  мүмкіншіліктерін  бағалауға,   орталық  банк  жүргізетін  ақшалай-несие саясатына  сенімділік білдіртуге,  айырбас  курсының  жүйесі  дұрыс  таңдалғандығына  мүмкіндік  береді.[10-643]

                    Қор  активтерінің  көлемінен   халықаралық  несиелерді  алу   мүмкіншілігіне  де  тәуелді.  Осыған  орай   орталық  банктің  саяси  алғашқы  қадамдық    міндеті  ретінде  көптеген  жағдайда  қорлар  мен  толықтырулардың  теңбе-тең  деңгейін  ұстау  -  төлем  балансын   реттеу  процесі  негізінде  жұмсалған  қорлар  болып  табылады.

                    Шет  ел  банктерінің  қорындағы   және  алтын  қоры  долларға  сұраным  түскен  кезде  бұларды   нарық  жағдайында  сату  үшін  сақталынады. 

                                                            
 

                                          ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу тақырыбын  орындау барысында мына ғылыми тұжырымдамаларға қол жеткізілді.

                  Сонымен әр  мемлекетке  өздерінің   сыртқы  экономикалық  жағдайын  білуі  үшін  оларға  кезеңдік  статистикалық  мағлұматтар  керек.  Осы мағлұматтарды төлем балансынан  көруге  болады.  Ол- белгілі бір кезеңде сол елдің сыртқы  экономикалық  іс-әрекет  балансын  айқындайтын статистикалық құжат.

                Төлем  балансында  елдердің  сауда-экономикалық  операцяларының құрылымы  мен  сипаты, сандық  және сапалық масштабтары  көрінеді.Оның  әлемдік  шаруашылыққа  қатынасы  осы  елдің  басқа  елдерге  шығарған  барлық  төлемдері  сомасының  және  басқа  елдерден  түскен түсімнің   барлық  сомасының  арақатынасының  көрінісі.

               Төлем  балансының  құрылымының   негізі  болып  табылатын   принциптері:

               Бірінші  принцип – қандай  да  бір  елдің  белгілі   бір  кезеңдегі  барлық  сыртқы  экономикалық  операцияларды   түгелдей  қамту. 

              Екінші  принцип – операциялардың  екі қайтара бухгалтерлік  жазбасы нәтижесінде бір баптағы дисбаланс келесі  баппен  теңеледі.

               Төлем  балансы  үлкен   үш  бөлімнен  тұрады:

               1.Ағымдағы операциялар  балансы  – тауар  және  қызмет  көрсету процесін  және  біржақты  қамтитын  әртүрлі төлемдерді  тіркейді.

               2.Капитал  айналымының  балансы  – мұнда  капитал  қозғалысының  балансы  қамтылады.Мұнда  ұзақ  және  қысқа  мерзімге  займ  қарыз  беру  және  оны   алу  процесі  тіркеледі.

               3.Арнайы  резерв  шоты  бойынша   есеп  жасасу.Резервтер  елдің   несие  алу  мүмкіндіктеріне   кепілдік  жасайды  және  несиелер  берілген  жағдайда  олардың   тиімділігін  қамтамасыз  етіп,  ел  бюджетіне  қосымша  пайда   әкеледі.

               Төлем  балансының  ерекшелігі  сол  онда  босалқы  қорлар  мен  қорланымдар  емес,  қаражаттардың  ағыны,  олардың   кезең  ішіндегі  өзгерісі  қамтып  көрсетіледі. Түрлі   валюталарға  атауланылған  операцияларды,  соманы  аударуды  құндық  бағалау  бірыңғай  валютаға  келтіріледі.

              Төлем  балансының  негізгі   қызметі – тауарлар  мен   қызмет  көрсетуге  сұраныстың  өсуімен  валютаның  елден   кетуі  немесе  шетелдік  валютаның   келуімен  байланысты  келісімдердің   барлық  түрлерін  топтап  көрсету  болып  табылады.

            Қабылданған  ережелерге  сәйкес  төлем   балансы  қосарланған   есеп  принципі  бойынща  жасалады:дебетте,  тауардың  немесе  қаражаттың  осы  есепке  келіп  түскенін  айғақтайды,  соған  сәйкес  минус  белгісімен,   және  кредитте  тауардың  босатылғанын  немесе  осы есептен қаражаттың  төленгенін сипаттап,  кредиттік жазбалар  плюс  белгісімен  түсіріледі.

                 Төлем  балансының  баптары   да  осыған  сәйкес  дербес  және  теңгермелі  болып  бөлінеді.Дербес  немесе  негізгі  баптарға  тауарлар  мен  капиталдар  қозғалысын  көрсететін  баптар  жатады.Теңгермелі  баптарға  тауарлар  немесе  капиталдар  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  қаражаттарды  аударуды  көрсететін  баптар  жатады.

                Төлем балансының жай-күйі  ең  алдымен сауда балансының  жай-күйімен анықталады.Сондықтан сыртқы  экономикалық қызметтегі мемлекетті іс-қимылдарының  аса маңызды мақсаты – тауарлар  экспорты  мен факторлық және  факторлық емес  қызметтерді  көрсетуді  ұлғайту  есебінен  төлем  балансын  сауықтыру болып  табылады.Мұндай міндетті шешу ұлттық  шаруашылықты  тұтынушының орнына  өндіруші  тұрпатындағы  экономика  арнасына  қайта  бағдарлау  жөнінде  едәуір  күш  жұмсауды  және  шикізат  өндіруші  сектордың экспорттық  әлеуетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  өндірістің  кейінгі  технолониялық  өзгертіп  жасау  салаларының  өнімі  бойынша  да  ұлғайтуды  талап  етеді.   

Информация о работе Төлем балансы