Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:04, реферат

Описание

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің , оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте
мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-
әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық
жүйесі қызмет етті.

Работа состоит из  1 файл

салы_ ж_йес_.DOC

— 466.00 Кб (Скачать документ)


2        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ

             ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ( ОҚО МЫСАЛЫНДА )    

 

2.1            Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның

                                                     Ерекшеліктері

 

          Мемлекетте  алынатын  салық  түрлерінің ,  оны  құру  мен  алудың 

нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының  жиынтығы әдетте

мемлекеттік салық жүйесін құрайды.  

            1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-   

әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық

жүйесі қызмет етті. Бюджеттің  басты  кіріс  көздерінің  бірі  болған  айналым 

салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға

және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.Қазақстан егемендікке

ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес

республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

            1991 жылғы желтоқсанны 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық

жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі

туралы” заңға негізделеді.

           Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,салықтар мен алымдардың

түрлерін, олардың  бюджетке  түсу тәртібін  белгілеген алғашқы құжат еді. Осы

заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың  1- інен бастап 13  жалпы               мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

           Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   1995  жылдың   басында   салық

Реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі   мен    салық   заңнамасын    бірте  – бірте   халықаралық    салық    салу қағидаттарына   сәйкестендіру   көзделді.  Осыған   байланысты  “ Салық   және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің

24- інде  Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші  бар жарлығы шықты.  Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24- індегі заң күші

бар  жарлығы  Қазақстан  Республикасының  1999 жылғы  шілденің 16-сындағы 

№  440 - 1   заңына   сәйкес  заң  мәртебесін  алды. Осы   уақыт   аралықтарында  Президент жарлықтарымен және  Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл

заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 

           Заңға  Ел  Президенті  2001 жылдың  12 маусымында  қол  қойды. Жалпы

жаңа салық кодексін дайындау қажеттілігі, бірінішіден,салық жинаудың барлық

аспектілерін   қорғайтын   негізгі  ережелерді  жүйелеу  қажеттігінен   туындады.

Өйткені,   экономиканың   құрылымы   мен   динамикасы түбегейлі өзгерді. Бұл

қолданыстағы салық заңдылықтарды жетілдіру талабын қойды.

            Қазақстан  Республикасы  салық  жүйесінің  қалыптасуы және дамуының

Негізгі кезеңдерін төмендегі кестеден көруге болады ( Кесте 2).

            Кең   ауқымды   жаңа   салық   заңы,   жалпы   мемлекеттің  және  барлық

Шаруашылық субъектілерінің аспектілеріне әсер ететін бірден бір құжат.   

 

 

Кесте 2

      Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері

 

 

Кезеңдер

 

Салық жүйесінің

қалыптасуы және дамуы

Салықтық

қатынастарды

басқарудың

стратегиясы

және тактикасы

 

Орталық-

тандыру

дәрежесі

 

Әлеуметтік-

экономикалық

нәтижесі

 

 

  Бірінші

    кезең

1991-1994

     жж.

Салық жүйесі

жаратылды,

экономикадағы және

салық

қатынастарындағы

ретсіздік элементтері

реттелді және

мемлекеттік бюджет

табыс бөлімі бағыт

бағдары

қалыптастырылды.

 

 

 

Ағымдағы және

мерзімді

мәселелер

шешімін

бағдарлау

 

 

 

 

 

Төмен

 

 

 

Ретсіздік

элементтері мен

қайшылықтар

ескеріліп, салық

салу жүйесі

жаратылды

 

 

 

 

Екінші

кезең

1995-1998

жж.

 

 

 

Макроэкономикалық

тұрақтылық және

кәсіпорындарды

ынталандыру жолымен

бюджеттің табыс

бөлімін максималдауға

жету

 

Қысқа- орта

мерзімді

мәселелерді

шешу. Орта

мерзімді

мәселені

бағдарлау.

 

 

 

 

Орташа

Макроэкономикалық

ынталандыру

экономикалық

дамудың негізі

болып қалады.

Салық салу

базасының

қысқартылу

тиімділігі.

 

 

 

Үшінші

кезең

1999-

2001

жж.

 

 

 

Салықтық реттеу

ұйымдарының жаңа

принциптеріне өту

арқылы экономикалық

дамуға жету, әлемдік

салық тәжірибелерін

ескеру және

мемлекеттік бюджет

табысын көбейту.

Орта мерзімді

мәселелерді

шешу және ұзақ

мерзімді

бағдарлама

мақсаты,

“Қазақстан

2030” 

стратегиясын

қалыптастыру.

 

 

 

 

Жоғары

 

 

 

Экономикалық даму

басталды.

Тұрақтылық және

салық салу базасы

кеңейе басталды.

 

 

Төртінші

кезең

2002

жылдан

басталады

 

 

Әлеуметтік-экономика-лық  бағдарламаларды

қаржыландыруды

кеңейтіруінің

мақсатымен салық салу

субъектілерін

капиталдандырылған

құнын өсіруін

ынталандыру жолымен

бюджеттің табысын

максималдау

 

Орта және ұзақ

мерзімді

мәселелерді шешу. Әсіресе,

стратегиялық

мәселелерді

шешуді

бағдарлау.

 

 

 

 

 

Жоғары

 

Мемлекеттің және

салық

төлеушілердің

мүдделерін

теңестіре отырып

экономикалық

дамуды

тұрақтандыру

Ескерту:  Кестені құрастырушы автор.

Екендігімен   ерекшеленеді.  Қолданыстағы  салық  заңына  келсек,  ол  шағын

заңнан  және көптеген  нормативтік  актілерден тұрады. Яғни, мұның барлығы

салық  заңының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Ал,  жаңа  Кодекстің

қабылдануымен іс жүзінде енді бір ғана заң болды.Салық жүйесінің бір орында,өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес.Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолыда қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикасы дамыған елдердің тәжірибелерін талдап-жинақтау барысында, салық жүйесінде өзгеріп,дамып,бара-бара жақсара түсуі тиіс,

     1995 жылғы болған соңғы салық реформасынан кейін ел экономикасында көптеген өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Республикадағы салық қатынастарын реттейтін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу қажеттігін көрсетті. Мұның барлығы елге жаңа салық кодексі қажеттігін дәлелдеді. Салық кодексі кеңінен, ашық, жан-жақты талқыланған заңдық құжаттардың бірі. Жаңа салық заңының жобасын талқылау барысында көптеген конференциялардың да өткізілгенін айта кетуіміз керек. Мұндай іргелі бас қосулардың ұйымдастырылуына салық заңдылықтары саласындағы ірі халықаралық ұйымдар өкілдеріде атсалысты.

Конференциялар Астанада,  Лондонда,  Вашингтонда өткізіледі. Халықаралық сарапшылар талқылаудың барлық кезеңіне қатысты. Халықаралық өлшемдерге жақын  жаңа  салық  заңы  шетелдік  сарапшылардың  оң  ықыласына  бөленді. Мұндай іс-шаралардан  көзделген  мақсат  салық жүйесінде өткен жылдардағы

қате-кемшіліктердің қайталанбауын қамтамасыз ету.

    Қазір  біздің  мемлекетіміз  экономикасы  дамуының  жаңа  кезеңінде  тұр.

Сондықтан да келешектегі даму тенденциясын, экономиканы ұйымдастырудың

жаңа  әдістерін,  инвестициалық  нарықты   ескеру   қажет.   Сондықтанда

мемілекеттік органдар өзара қарым-қатынасында барлық құқықтық аспектілерді күшейту Салық кодексінде шешілуі қажет басым міндеттер болды.

       Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың  түрлерін, салық қатынастарын реттейтін  құқықтық  нормаларды  және салық службасының органдарын қамтиды.

    Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналардан тұрады:

      1)  Салықтар:

      1.Корпорациялық табыс салығы 

     2.Жеке табыс салығы.

     3.Қосылған құнға салынатын салық.

     4.Акциздер.

       4.1 Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

     5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

     6.Әлеуметтік салық.

     7.Жер салығы.

     8.Көлік құралдарына салынатын салық.

     9.Мүлікке салынатын салық.

   2)Алымдар:

     1.Заңды тұлғаларды мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

     2.Жеке кәсіпкерлерді мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

 

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтары және олармен жасалған мәмілелерді                                                                       мемілекеттік тіркегені үшін алым.

         3.1 Жылжымалы мүлік кепілін мемілекеттік тіркегені үшін алым.

      4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды  мемілекеттік тіркегені үшін алым.

      5.Механикалық  көлік  құралдары  мен  тіркемелерді  мемілекеттік  тіркегені үшін  алым.

      6.Теңіз, өзен кемелері мен  шағын көлемді кемелерді мемілекеттік тіркегені үшін алым.

        6.1 Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемілекеттік тіркеу үшін алым.

      7. Азаматтық әуе кемелерін мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

      8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемілекеттік тіркегені үшін алым.

      9. Автокөлік  құралдарының  Қазақстан  Республикасының  аумағы  арқылы жүру алымы.

     10. Аукциондардан алынатын алым.

     11. Жекелеген  қызмет  түрлерімен  айналысу  құқығы  үшін  лицензиялық

алым.

      12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

       3). Төлемақылар:

       1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

       2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

       3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

       4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

       5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

       6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

       7. Радиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

          7.1 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.

       8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

       9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

       4) Мемілекеттік баж:

        Мемілекеттік баж.

       5) Кеден төлемдері:

       1. Кеден бажы.

       2. Кеден алымдары.

       3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

       4. Алымдар.

       Бүгінгі республикамызда шаруашылық жүргізуші (шағын және орта бизнес) субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сұрақ көпшілікті қызықтырады. Қазіргі  кезеңде  елімізде  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері, шаруа  (фермер) қожалықтары, ауылшаруашылық  өнімдерін  өндіруші  заңды  тұлғалар,  кәсіпкерлік  қызметтің  жекелеген  түрлері  үшін салық салудың  арнайы  салық тәртібі  орнатылңан. Кәсіпкер  бұл  арада  өзінің  қызметінің  меншігіне, алатын

табысының  мөлшеріне  байланысты  аталмыш  немесе  басқа  түрін  қолдануға құқы бар/18/.

          Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін           белгілейді.

          Шаруа  (фермер)  қожалықтарына  арналған  арнаулы  салық  режимі     бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін  көздейді  және  акцизделетін  өнімдерді  өндіру,  ұқсату  және  сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметіне қолданылады/19/.

        Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың :

        1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;

        2) толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады(20).

        Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы  салық   режимі:

1) ойын бизнесі саласында;

2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;

3) боулинг (кегельбан) бойынша;

4) картинг бойынша;

5) бильярд бойынша;

6) лото  ойынын  ұйымдастыру  бойынша  қызметтер  көрсететін  жеке  кәсіпкерлердің, заңды  тұлғалардың, олардың  филиалдарының, өкілдіктерінің     және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің  қызметіне    қолданылады.

Информация о работе Жеке табыс салығы