Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:04, реферат

Описание

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің , оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте
мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-
әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық
жүйесі қызмет етті.

Работа состоит из  1 файл

салы_ ж_йес_.DOC

— 466.00 Кб (Скачать документ)

 

Шығыс көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2006 ж. №1.

Тіркелген кәсіпорындардың 72,6% жұмыс істеп тұрған (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың 4,6 мыңнан астамы (жұмыс істеп тұрғандардың 44,6%) белсенді жұмыс істейтін (экономикалық қызметін нақты жүзеге асырған) кәсіпорындар қатарын құрады /28/.

Облыста белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым бөлігі 29,0% -саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндеу саласына, 25,6% - ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау және 15%. өнеркәсіп  саласына,  оның ішінде басым бөлігі  (жалпы  өнеркәсіпорындары санының 84,9%о) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Салалар бойынша белсенді кәсіпорындардың арасында ең аз бөлігін 0,6% - қонақ үйлер мен мейрамханалар, 1,4% - білім беру, 1,5% - коммуналдық, әлеуметтік және басқа қызметтер көрсету, 1,5% - денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету саласы құрады.

Облыс өңірлері бойынша белсендг кәсіпорындардың басым бөлігі облыс орталығы Шымкент қаласында (50,5%), Сарыағаш (6,7%), Ордабасы (6,1%) аудандарында орналасқан (сурет 4).

2006 жылдың  1 қаңтарына облыстың қалалық әкімшіліктері мен аудандары бойынша белсенді шаруа (фермер) қожалықтарының үлесі тіркелгендер санына %-бен

 

Ескерту: Диаграмма Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы   мәліметтері негізінде жасалған.

Сурет 4.

Облыс өңірлері бойынша белсенді кәсіпорындардың арасында ең аз бөлігін 0,9% - Созақ, 1,4% - Шардара аудандары және 1,5% - Кентау қалалық әкімшілігі құрады.

Есептелген деректер бойынша 2006 жылдың 1 қаңтарына облыстық шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 51,6 мың адамды құрады, 2005 жылғы желтоқсанындағы шығарылған тауарлар (жүмыстар мен қызметтер) 3128,2 млң. теңгені құрады.

Облыста ауылшаруашылық саласында "шағын бизнес" жағдайы шаруа (фермер) қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Облыс бойынша 2006 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызына 70,9 мың шаруа қожалыгы тіркелген, оның 88,7% - белсенді шаруашылықтар қатарына енеді.

Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі — 21,1 мыңы, немесе барлық шаруашылықтың 29,8% - Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында -тиісінше - 8,5 мың, немесе 12,0% жэне Түркістан қ.ә. бойынша - 7,4 мың, немесе 10,4% тіркелген.

2006 жылдың 1 қаңтарына белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 157,0 мың адам жұмыс істеді, оның 45,3% немесе 71,2 мыңы - Мақтаарал ауданының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожылығында үш адам жұмыс істейді.

2006 жылдың 1 мамырына облыс бюджетінің табыстары 28429,0 млн. теңгені құрады, бүл 2005 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 1,7 есе (11384 млн.теңге) жоғары. Шығындар 24005,2 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңінен 1,5 есе артық Операциялық сальдо - 4423.7 млн.   теңгені   қүрады.   Бюджет   профициті   4459,5   млн.   теңге   деңгейінде анықталды/29/.

2006 жылдың 1 мамырына жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер 8618,6 млн. теңгені қүрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 36,0 % (2282,0 млн. теңгеге) артық. Салықтық емес түсімдер 64,7 млн. теңгені қүрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 7,3% (4,4 млн: теңгеге) жоғары.

2006 жылдың 1 мамырына жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер құрылымы төмендегідей диаграммаларда қарастырайық (Сурет 5,6).

2006 жылдың 1 мамырына жергілікті бюджетке түскен салықтық

түсімдер (%)

Ескерту: Диаграмма Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде жасалған.

Сурет 5.

2006 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар және басқа төлемдердің түсімдері 21814,3 млн. теңгені (2005 ж. 1 мамырына -16596,4 млн. теңгені), республикалық бюджетке - 12432,3 млн. теңгені (2005 ж. 1 мамырына - 9943,7 млн. теңгені) құрады.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер құрылымында ең жоғары үлесі ҚҚС (қосымша құн салығына) - 25,4 %, әлеуметтік салығына -16,6%, республикалық бюджетке ҚҚС - 43,2% және корпоративтік табыс салығына 24,6% тиесілі /29/.

              2006 жылдың 1 мамырына жергілікті бюджетке түскен салықтық емес түсімдер (%)

 

Ескерту:    Диаграмма    Оңтүстік    Қазақстан    облысының    статистика    басқармасы мәліметтері негізінде жасалған.

Сурет 6.

ОҚО бойынша 01.01.2006 жылға арнаулы салық режимі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен (заңды тұлғалар) түскен салық түсімдері 5874295,2 мың теңгені қүраған. Бұл жалпы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің 84,9% құрайды (Кесте 12). Кесте  12.

ОҚО бойынша шағын кесіпкерлік субъектілерінен (заңды тұлға) 01.01.2006 жылға түскен салык түсімі туралы мелімет (мың тнг.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан, қала

Түскен

салық

сомасы барлығы

Салық режимі түрлері

 

 

атаулары

заңды

Оның ішінде

 

 

 

тұлғалар бойынша

патент (ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші ЗТ)

Ондайлалған декларация

Жалпығаа бірдей режим

1

Бәйдібек

31630,1

18172,5

163,4

649,6

17359,5

2

Ордабасы

66304,1

23782,3

2706,0

940,3

20136,0

3

Мақтарал

256965,8

182429,9

1572,8

1690,3

179166,8

4

Отырар

49826,3

31817,4

9656,0

468,5

21692,9

5

Қазығұрт

178997,0

42321,8

5947,6

7128,7

29245,5

6

Төлеби

150479,1

90342,0

12281,0

3146,0

74915,0

7

Сайрам

198447,2

134631,2

935,5

6368,7

127327,0

8

Сарыағаш

235243,8

177112,9

125,3

1093,6

175894.0

9

Созақ

37177,9

14897,5

1770,0

2120,0

11007,5

10

Түлкібас

167630,4

145686,7

9167,7

5552,0

130967,0

11

Шардара

110914,2

83645,5

387,0

1007,7

82250,8

12

Арыс қ.

47854,6

32528,2

1842,0

2978.9

27707,3

13

Кентау қ.

42048,2

18459,3

22,3

1463,0

16974,0

14

Түркістан қ.

520647,6

394155,7

1442,0

2612,5

390101,2

15

Шымкент қ.

4827466,2

4484312,3

0,0

160529,3

4323783 0

Барлығы

6921632,5

5874295,2

48018,6

107749, 1

5628527,5

 

Ескерту: Кесте Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде жасалған.

01.01.2006 жылға ОҚО бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен (жеке кәсіпкерлерден) түскен салық түсімдері 1047337,3 мың теңгені құраған. Бұл жалпы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің 15,1% құрайды (Қосымша 3).

Шағын кәсіпкерліктің белсенділігін өлшеудің едәуір маңызды шарттары жергілікті ресурстарды пайдалану, қосымша жұмыс орындарының жаратылуы, нарықты түрлі тауарлар және қызметтермен толықтырылуы, бәсекелестік ортаны қалыптастыруда көрінеді.

2000-2005 жж. шағын кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі 12%-20% құрады. Мемлекет шағын бизнес белсенділігінің төмендігін ескере отырып: салықтардан жеңілдіктер беру, бірнеше алымдарды болдырмау және кейбір салық ставкаларын төмендету жолдарымен ұдайы Салық Кодексіне өзгертулермен толықтырулар енгізіп отырды. Сондықтанда, 2003 жылдың екінші жартысынан бастап шағын бизнес жоғары қарқынмен дами бастады. 2002 жылдан 2004 жылға дейін шағын кәсіпорындардың экономикалық белсенділігі 20%-30% құрады.

Жалпы қазіргі кезде шағын кәсіпкерлік секторы ОҚО-ның экономикасында аймақтық экономиканы дамытуда едәуір салмақты және қолайлы жағдай жасауда.



Информация о работе Жеке табыс салығы