Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:04, реферат

Описание

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің , оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте
мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-
әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық
жүйесі қызмет етті.

Работа состоит из  1 файл

салы_ ж_йес_.DOC

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      Сондай – ақ, салықтар мемілекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың  басты  міндеті, әр  қоғамның  дамуын қамтамасыз ететін өндірістік  емес  салаларды  қаржыландыру  болып  келеді.  Оған  басқару      аппараты,  әскер,  тәртіп  сақтау  бөлімдері,  мәдениет,  білім  беру,  ғылыми  мекемелер жатады.

        Салықтық реформалардың басты мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъектілерге  түсетін  салық  ауыртпалығын  жеңілдету,  қолданып  жүрген   салықтар мен төлемдерді реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негізгілерін -    пайда салығын,  қосылған құн салығын, акциздерді, мүлік салығын, табыс      салығын және бірқатар басқа да салықтардың мәнін арттыру. Ұқсас            жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады, ал           ставкалар табыс көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп          салық төлеушінің қай кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік          береді. Қазақстандағы салық ставкаларының басқа елдердегі осындай          салықтардың ставкалармен теңдес болуы да дұрыс. Бұл өте қажет, өйткені        неғұрлым жоғары ставка белгілеу шетелдік инвестициялар таратуға едергі        келтіреді және керсінше неғұрлым төмен ставкалардың әр түрлі болуынан          туындайтын салық капиталды экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне              түседі.

      Отандық тәжірибеде, салық жүйесінің мемілекеттің әлеуметтік саясатына       икемделіп келе жатқан кездері деп соңғы бес жылдықты атауға болады. 1998-        2005 жылдар   аралығында   салық   жүйесінде   болып   келе  жатқан  үлкенді - кішілі             

реформалардың арқасында бүкіл әлем назар салып, бет бұрып отырған қоғам         игілігі халықтың тұрмыс – деңгейін көтеруге, ілеуметтік жағдайдың дұрыс            жолға қойылуына салық жүйесі тарапынан аз үлес қосылып отырған жоқ.         Бағалаудың негізгі көрсеткіші бюджеттің табыстарының ЖІӨ - ге қатысту             салықтық ауыртпалықтың деңгейін бірқатар жылдар бойы қарастыратын              болсақ, соңғы жылдары бюджет кірісі ЖІӨ -нің 22-23%  құрайтынын көруге       болады    және ол салыстырмалы түрде салықтық ауыртпалықтың төмен екенінен    хабардар етеді (Сурет 3). Ресейде бұл көрсеткіш шамамен – 24%, Германияда -      40,5%, Францияда – 42,7%, Швецияда - 50,5%/22/. Бұған, әлеуметтік тұрғыда      маңызы зор өзгерістердің енгізілуі оң әсерін тигізді, мысалы соңғы жылдары            ҚҚС ставкасының төмендетілуі және салықты алу әдістемесінің                     жетілдірілгендігі, әлеуметтік салық ставкасының төмендетіліп, регрессивті      шкаламен салынуы, кәсіпкерлерге қатысты арнаулы салық  режимінің енгізілуі,      әлеуметтік және коммерциялық емес ұйымдарды корпорацилық  табыс салығынан     босатылуы үлкен әсерін тигізді.

        Баршаға бнлгілі 2001 жылы, салық жүйесіндегі әділеттілікті, оның               тұрақтылығы және анықтылығын, салық төлеушілнрдің барлық категориясына       қатысты, салық жүктемесінің балансталуын және салық жүйесінің                       экономикалық процесстерге қатысты бейтараптылығын  қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжат – Салық Кодексі пайда болды.

         Қазақстан Республикасында 2000-2004 жылдар аралығында ЖІӨ-ге

                         шаққандағы салық ауыртпалығының мөлшері,%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Сурет статистический ежегодник Казахстана 2004, Статистический ежегодник Казахстана 2005 мәліметтері негізінде жасалды.

                                                         Сурет 3.

 

       Аталған заңнаманың негізінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер      санының қысқартылуы және салық салу механизмінің оңайлатылуы, салық салу       қағидаттарының халықаралық стандарттарға көшірілуі, салық жүйесінің             нарықтық экономика талаптарына сәйкестендірілуі елдегі салық          ауыртпалығының төмендеуіне, шаруашылық субъектілерінің қызметінің             тұрақталуына және сәйкесінше мемілекеттік бюджетке түсімдердің жоғарылауына     мүмкіндік жасады.

 

     Соңғы жылдары Салық Кодексінде салық ауыртпашылығын төмендетуге     бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілген.

     Мемілекеттің реальді секторына салық ауыртпашылығын төмендетуге      мақсатталған салық саясатының бағыттары (2004 жылдың 1 қаңтарынан             бастап):

-         ҚҚС-ның ставкасы 16%-дан 15%-ға төмендетілді;

-         Әлеуметтік салық бойынша регрессивтік шкала орнатылды (20%-дан 7%-ға     дейін);

-         Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінің шеңбері      кеңейтілді;

-         Жеке табыс салығының ставкалары төмендеді (бұрын 5%, 10%, 20%,30%           2004 жылдан бастап 5%, 8%, 13%, 15%,20%);

-         Мұндай химиялық өнеркәсіп ұйымдарына корпорациялық табыс салығы        бойынша ерекше тәртібі орнатылды;

-         Қаржылық лизинг бойынша салық салу жетілдірілген (ҚҚС-тан қаржылық          лизинг мақсатында пайдаланылатын негізгі құралдардың импортталуы    босатылды );

-         ҚҚС-тан микрокредиттерді беру операциялары босатылды.

-         Корпорациялық табыс салығы бойынша инвестициялық преференцияларды         беру жолдары кеңейтілді;

-         Халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына         сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізген ұйымдар үшін корпорациялық табыс салығын есептеудің жеңілдікті тәртібі орнатылды.

Сонымен қатар 2006 жылдың 1қаңтарынан бастап келесі өзгерістер          енгізілген:

1. Амортизациялық саясат жетілдірілген.         

2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын     ұйымдарға салық салу режимі өзгертілген.

3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою шарты өзгерген. Өткізу бойынша        айналымның ең төмен деңгейі айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген             шамасын құрайды.

4.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары төмендетілген.

5.Жеке кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық      режимін пайдаланатын заңды тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ставка бойынша есептеледі.

6.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану                тәртібі кеңейтілген.

Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын      ұйымдарға салық салу режимі бойынша өзгерістері:

1. Бюджетке төленуге тиісті корпорациялық табыс салығының сомасы жүз             пайызға азайтылды;

2. Жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті қолданылады;

3. Мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына                  0 пайыз ставка қолданылады;

4. Әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға          беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық         аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы 0 ставка бойынша                салынады;

5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағын тауарлардың өткізілуі бойынша       қосылған құн салығы жалпыға бірдей тәртіппен есептелінеді.

          Оңайлатылған  декларация  негізіндегі  арнаулы  салық  режимі

Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

 

Жеке кәсіпкерлер үшін:

   • жеке кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа          тізімдік         саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса;

   • салық кезеңі ішінде шекті табысы 10000,0 мың теңге болса;

   • салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 5 пайызға дейін                  болса.

 

Заңды тұлғалар үшін:

   • қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адам          болса;

   •   салық кезеңі ішінде шекті табысы 25000,0 мың теңге болса;

   • салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 7 пайызға дейін                    болса оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін                         қолданады.

 

   Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға              тиіс (Кесте 4).

 

Кесте 4

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда

Табыс сомасының 3 пайызы

3000,0 мың теңгеден жоғары –6000,     мың теңгеге дейін қоса алғанда 

90,0 мың теңгеге +3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4                        пайыз

6000,0 теңгеден жоғары

210 мың теңгеге +6000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 5 пайыз

 

 

  Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс            (Кесте 5).

 

 

 

 

 

 

Кесте 5

   

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда

Табыс сомасының 3 пайызы

3000,0 мың теңгеден жоғары –10000,0  мың теңгеге дейін қоса алғанда

90,0 мың теңгеге +3000,0 мың      теңгеден асатын табыс сомасынан 4  пайыз

10000,0 теңгеден жоғары –18000,0           мың теңгені қоса алғанда

370,0 мың теңгеге +10000,0 теңгеден       асатын табыс сомасынан 5 пайыз

18000,0 теңгеден жоғары

770 мың теңге +18000,0 теңгеден            асатын табыс сомасынан 7 пайыз

Информация о работе Жеке табыс салығы