Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.[3]
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестиция рөлі
Республиканың орнықты және теңгерімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету міндетін экономиканы әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату негізінде ішкі қаржылық ресурстардың шектеулілігі жағдайында тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатын құрмай іске асыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес тәуелсіздіктің 19 жыл ішінде 1993 - 2011 жылдары Қазақстан экономикасына 108,05 млрд. АҚШ доллары тартылған. Алғашқы 12 жыл ішінде небары 34,2 млрд. АҚШ доллары, ал соңғы. 5 жыл ішінде - 73,9 млрд. АҚШ доллары (2,2 есе өсім) тартылғанын атап өту қажет.
Қазақстанның экономикасына деген шетелдік инвесторлардың қызығушылықтарының артып отырғанын соңғы үш жылдың (әлемдік қаржы дағдарысы жылдары) мәліметтері растайды, 2009 - 2011 жылдары республикаға ТШИ ағыны 56,6 млрд. АҚШ долларын, ал 1993 - 2006 жылдарда - 51,4 млрд. АҚШ долларын (10,2% өсім) құрады. Сонымен қатар Қазақстаннан 2006 - 2011 жылдар арасындағы кезеңде шетелге тікелей инвестициялардың жалпы жылыстауы 14,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Отандық капиталдың 2006 - 2011жылдар аралығындағы Нидерланды (7,2 млрд. АҚШ доллары), Ресей Федерациясы (1,4 млрд. АҚШ доллары) және Швейцария (0,8 млрд. АҚШ доллары) бағыттарында көп жылыстағаны байқалып отыр.
ТШИ-ді елге тарту серпіні және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері 1-кестеде келтірілген, кестеде көрсетілгендей 2006 - 2012 жылдар аралығында елдің ЖІӨ-ге ТШИ көлемі 11,6%-дан 17,6% дейін болды, ал соңғы 3 жылда олардың өсіп отырғаны байқалуда.
1-кесте. Инвестициялар серпіні және олардың елдің макрокөрсеткіштеріне әсері
Көрсеткіштер атауы |
Жылдар | ||||||
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл | |||
ЖНҚ теңгерімдік құны б-ша, млн. |
39 679,6 |
54 075,6 |
70806,4 |
92306,4 |
- | ||
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. $ |
18 219,3 |
22 400,8 |
27 679,5 |
35 003,1 |
30 826,6 | ||
ТШИ, млн. $ |
6 618,6 |
10 623,6 |
18 452,6 |
19755,2 |
18 428,8 | ||
ТШИ өсу қарқыны, % |
79,6 |
160,5 |
173,7 |
107,1 |
93,3 | ||
ТШИ, әлемнің барлық елдері, млрд. $ |
973,3 |
1 461,1 |
1 978,8 |
1 697,4 |
н.д. | ||
(Кестенің жалғасы) | |||||||
Көрсеткіштер атауы |
Жылдар | ||||||
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл | |||
Қазақстан ТШИ әлемнің барлық елдері ТШИ-індегі үлесі, % |
0,7 |
0,7 |
1,2 |
0,9 |
- | ||
ҚР жыл басындағы халық саны, мың адам |
15219,3 |
15396,9 |
15 571,5 |
15776,5 |
16 055,7 | ||
Жан басына шаққанда ТШИ ағыны, АҚШ доллары/адам |
434,9 |
690,0 |
1 185,0 |
1 252,2 |
1 149,2 |
Ескертпе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 - 2011 жылдардағы негізгі капиталға инвестициялар шамамен 18,2 млрд. АҚШ долларынан 30,8 млрд. АҚШ долларына дейін (1 кесте) 70%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі елдің ЖІӨ-нің 2007 жылғы 32%-дан, 2011 жылы 28%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш өндіріске инвестициялардың ықпал ету индикаторы болып табылады, өйткені кәсіпорынның негізгі капиталына резидент еместерден қаражаттың тікелей түсуі кезіндегі инвестицияларды ескереді.
ТШИ тарту көлемдерінің өсу қарқыны барлық талданып отырған кезең ішінде тұрақсыз болып қалып отыр. 2010 жылы Қазақстанға ТШИ ағынының үлесі әлемнің барлық елдеріне ТШИ ағынының 1,2%-ын ғана құрағанын атап кету керек.
Жан басына шаққанда тартылған ТШИ көлемі 2011 жылы 1 149,2 АҚШ долларын/адам құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішінен 2,5 есе көп, бірақ 2008 жылдың мәнінен 8,2% төмен. Тартылған ТШИ жинақталған көлемі (inward FDI stock) 1993 - 2009 жылдар аралығында Қазақстанда жан басына шаққанда 6 737,66 АҚШ долл./адам құрады.[4]
1993 - 2011 жылдар кезеңі ішінде экономика салалары бойынша тартылған ТШИ көлемі мен құрылымы 2-кестеде келтірілген, оған сәйкес барлық тікелей инвестициялардың 37,5%-ы «Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалдау және кәсіпорындар қызметі» экономика саласына (олардың 70%-ы геологиялық барлаулар мен іздестірулер жүргізу жөніндегі қызметке тиесілі), 35% - тау-кен өндіру өнеркәсібіне, 10% азы өңдеуші өнеркәсіпке және 6% қаржы секторына бағытталды. Бұдан өзге, шетелдік тікелей инвестициялардың аз ғана бөлігі сауданы дамыту, автомобильдерді жөндеу және тұрмыстық тұтыну бұйымдарына (5%), кәсіби ұйымдар мен қауымдастықтар қызметіне (1,8%), азаматтық құрылысқа (1,8%) және көлік пен байланысқа (1,5%) бөлінді. Қалған салалардың үлесіне барлық ТШИ-дің 1%-дан аз ғана астамы тиесілі. ТШИ-ді салалар бойынша мұндай бөлу, ең алдымен аталған экономиканың шикізаттық секторларының тиімділігінің жоғары деңгейімен байланысты.
ТШИ тартудың салалық құрылымы 2007 - 2011 жылдар кезеңінде жалпы алғанда сақталып отыр және 1993 - 2011 жылдар кезеңіндегі салалық құрылыммен сәйкес келеді, бұл инвестициялар ағыны басымдылығының салалардағы табыстылық деңгейіне сәйкес келетінін тағы да растап отыр.
2-кесте. Тартылған ТШИ-дің салалық көлемі мен құрылымы
Қызмет түрінің атауы |
| ||||
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл | |
млн. $ % |
млн. $ % |
$ % |
млн. $ % |
млн. $ % |
млн, $ |
Барлығы 6 618,6 |
100,0106236 |
100,018452,6 |
100,019755,2 |
100,018428,8 |
100,0108045,7 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар |
3 647,8 |
55,15 551,0 |
52,36982,2 |
37,88107,8 |
41,010691,4 |
Тау-кен өндіруші өнеркәсібі |
1796,6 396, |
27,1 2 |
122,6 5 |
3204,1 16,2 |
4540,6 24,6 |
Қаржы секторы |
107,9 1,6 |
452,7 4,3 |
2 962,5 |
16,11933,6 |
9,8 |
Әлеуметтік орта |
11,5 |
0,2 |
6,3 |
0,1 |
-0,9 |
Ауыл шаруашылығы |
1,2 |
0,0 |
37,3 |
0,4 |
-24,9 |
Ескертпе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша
Салалар мен аялар бойынша қалыптасатын сәйкессіздік күрделі қаржы жұмсалымын мүлде тепе-тең емес өңірлік бөлуге орай өңірлердің экономикалық даму деңгейіндегі теңсіздіктермен бекітіледі. Мәселен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Алматы, Астана, Каспий маңы және бірқатар тау-кен өндіруші өнеркәсібінің кәсіпорындары шоғырланған өңірлердің (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының) үлестеріне елдің барлық инвестициялық салымдарының шамамен 60%-ы тиесілі. Жалпы алғанда бұл өңірлерде шетелдік инвесторлардың үлестік қатысатын немесе толығымен шетелдік инвесторларға тиесілі барлық кәсіпорындардың 80%-дан астамы жұмыс істейді.
Дегенмен, әлемдік қаржы дағдарысының нәтижелерін еңсеру жағдайында БҰҰ және Дүниежүзілік банкі сарапшыларының пікірінше Қазақстан бүгінде әлемнің шетелдік инвестициялар үшін мейлінше тартымды елдерінің қатарына кіреді.[5]
Мемлекет алдына әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеті қойылды. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2009/2010 жылғы есебіне сәйкес Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 67-позицияны иеленеді.
Алайда, инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар (салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беруді, заңнамадағы өзгерістерден сақтау кепілдіктерін қоса алғанда) ауыл шаруашылығына, құрылысқа, қызмет көрсету аясы мен басқа да салаларға инвестициялардың қарқынды өсіміне ықпал ете алмады. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының дамуындағы теңсіздіктің ұлғаюы жалғасуда. Салалық теңсіздіктер Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің дамуына да кері әсерін тигізуде. Ауыл шаруашылығындағы, өңдеуші өнеркәсіптегі және экономиканың басқа салаларындағы инвестициялық белсенділікті арттыруға ықпал ету үшін инвестицияларды ынталандыру саласындағы қазақстандық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болуы ықтимал.
Қазақстан 2010 жылдан бастап ҮИИДМБ-ні іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларын жедел дамытуды көздейтін салалық бағдарламалар әзірленді. Әрбір салада кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарға жіберілетін өнімдер өндірісі үшін «тауашалар» айқындалды.
Әлемдік тәжірибе жергілікті жерлерді дамыту мақсатында АЭА мен ИА құру, халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, экономикалық ықпалдастық үдерістерін тереңдету- жедел экономикалық өсудің факторы болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Қазақстанда барлығы 6 АЭА құрылған, оларды шартты түрде мына топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіпті-өндірістік аймақтар - «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймағы бөлігінде (Астана қаласындағы ИА) «Астана - жаңа қала»; 2) сервистік - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала»; 3) техникалық-енгізу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа Астана және Қарағанды қалаларында екі ИА құрылған, бұл ретте Астана қаласындағы ИА «Астана - жаңа қала» АЭА құрамына енгізілген.
1. «Астана - жаңа қала» АЭА 2001 жылдың маусымында құрылған. Құрылу мақсаты - инвестицияларды тарту және құрылыстағы озық технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым жасау, сонымен қатар тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеру жолымен Астана қаласын жедел дамыту.
Қазіргі күнгі жағдай бойынша АЭА аумағына 976,6 млрд. теңге тартылған. Тартылған инвестициялардың құрылымы мынадай: жеке инвестициялар 556,7 млрд. теңгені құрайды, қалған 419,9 млрд. теңге мемлекет әлеуметтік-мәдени объектілер мен инфрақұрылымдар салуға инвестицияланды. Бүгінде 702,5 млрд. теңге игерілген, олардың ішінде жеке - 344,7 млрд. теңге, мемлекеттік - 357,8 млрд. теңге.
2. «Ақтау теңіз порты» АЭА 2002 жылғы сәуірде құрылған. Құрылу мақсаты - өңірдің қарқынды дамуы үшін, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне өнуін жандандыра түсу, тиімділігі, жоғары оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, жаңа өнімдер түрлерінің өндірісін игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сонымен қатар әлеуметтік проблемаларды шешу.
Салалық бағыттылығы: 1) тұрмыстық электр аспаптарының өндірісі; 2) былғары бұйымдарының өндірісі; 3) химия өнеркәсібі; 4) резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі; 5) өзге де метал емес минералды өнімдер өндірісі; 6) металлургия өнеркәсібі; 7) дайын металл бұйымдарының өндірісі; 8) машиналар мен жабдықтар өндірісі; 9) мұнай-химия өнімдері өндірісі.
3. «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен құрылды.
Құрылу мақсаты - жоғары тиімді,
оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар
саласындағы жоғары технологиялық
және экспортқа бағытталған
Салалық бағыттылығы: 1) ақпараттық технологиялар саласын дамыту; 2) жаңа ақпараттық технологиялар өндірісі; 3) ақпараттық технологиялар саласында өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру.
4. «Оңтүстік» АЭА, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен құрылды және Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата иірім жібі мен мата өндіру бойынша пилоттық кластердің жүйе құрушы компоненті болып табылады.
Құру мақсаты - тоқыма өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз ету.
Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі