Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

дари курстық жұмыс.docx

— 294.29 Кб (Скачать документ)

      Шұбарши ауылындағы жаңадан салынған ғимарат әдемілігімен алыстан көз тартады. Бұл — 150 орындық клуб пен оған іргелес қоныс тепкен жергілікті әкімшілік үйі. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отырған бұл құрылыс қысқа мерзімде салыныпты.

      «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында аймақтық Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан екі жобаға облыс басшысы ерекше назар аударды. Бұның алғашқысы — ағын суды тазарту және жер қабатына айдау қондырғысы мен газ лифтілік компрессор станциясы құрылысы.  Аталған станция Кеңқияқ тұз асты кен орнында орналасқан. Жобаның құны 2 850,0 миллион теңгені құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 550,0 мың текше метр деп есептелуде. Жаңа жобаның ерекшелігі — тың технология бойынша мұнай өндіруді ұлғайту мен газ тасымалдауды жетілдіру жүйесін пайдалануында. Бұдан басқа, жобаны жүзеге асыру барысында газ құбырлары жүйесі мен қосалқы жүйелер құрылымдалатын болады.

     Кеңқияқ тұз үсті кен орнындағы ағын суларды тазалау және жер қабатына айдау қондырғысының тәуліктік қуаттылығы 5 500,0 текше метрді құрайды. Жобаның мақсаты — су ресурстарын кешенді пайдалану, ағын суларды толығымен пайдалануды жүзеге асыру, жер қабаты қысымын бірқалыпты ұстау. Жобаны жүзеге асыру барысында сорғы станциясы ғимараты, бассейндер мен резервуарлар салынады, қосымша құбыр желілері төселеді.[9]

Облыс басшысы Мұғалжар өңіріне  сапарын үшінші Жаңажол газ өңдеу  зауыты аумағынан бастады. Осында аудан  әкімі Серік Шаңғұтов аймақтағы  ахуалды қысқаша баяндап берді.

     Газ өңдейтін зауыт құрылысы жобасы еліміздің Индустрияландыру картасына енгізілген, сондықтан да оның ерекше маңызы бар.

     Жылына 6 миллиард текше метр қуаттылықпен жұмыс істейтін Жаңажол кен орнындағы бұл құрылыс газды толық пайдалану бағдарламасының негізгі жобасы болып табылады. Мұндағы жалпы күрделі салым 118,0 млрд. теңге құрайды. 2007 жылдың желтоқсан айында инвестиция құны 42,9 млрд. теңгемен бағаланатын бірінші кезек іске қосылды. Соның нәтижесінде жылына 2,0 млрд. текше метр болатын көлемдегі дайындалып, тазартылған газды «Жаңажол — КС-13» магистральді газ құбырына беру мүмкіндігі туды.

Алдағы жылы үшінші Жаңажол  газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін пайдалануға берумен  жоба толық іске асады деп күтілуде. Зауыттың толық қуатында іске қосылуы  халықаралық стандарттарға жауап  беретін дайындалып, тазартылған  газды шығаруға мүмкіндік береді.

     «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС былтырғы жылдан бастап Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында Әлібекмола және Қожасай кен орындарында газды пайдалану бойынша кешен құрылысы жобасын жүзеге асыруда.

     Бұл зауыт жылына 420 млн. текше метр ілеспе мұнай газын өңдеуді жүзеге асыратын болады. Оның 320 миллионы тауарлы құрғақ газ да, 57 мың тоннасы сығымдалған газ болады деп есептелуде.

     Жобаның жалпы құны 41700,0 миллион теңге тұрады, ал биылғы қазан айының бірінші жұлдызына дейін соның 82,9 пайызы игерілді. Құрылыс жұмысы жүріп жатқан уақытта жаңадан 1500 жұмыс орны ашылды. Ал нысан іске қосылғаннан кейін мұнда тұрақты жұмыспен 140 адам қамтылатын болады.

     Ақтөбе облысының аудандарында  әлеуметтік-экономикалық  қажеттіліктерді қамтамасыз етуде инвестицияның маңызы жоғары екендігін көреміз.[10]

2.2. Ақтөбе облысына  тартылған инвестиция тиімділігі

 

     Ақтөбе облысы — Қазақстанда инвестиция тартуға қолайлы аймақтардың бірі. Ал басқалармен тең жағдайда болуына қарамастан, бұндай аймақтардың инвестицияны көптеп тартуға мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып олар өздерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіре түсер еді, әрине, инвестицияны бірінші кезекте жоғары құн қосылатын өндірісін дамытуға бағыттауы тиіс.

 

   

           

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

1-сурет. Ақтөбе облысындағы  инвестициялық және

құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері

Ескертпе Ақтөбе облысы статистикалық агенттігі деректері бойынша

 

     Ақтөбе облысының статистикалық агенттігінің деректері бойынша облыстағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2006 жылы 187090 млн тенгені құраса 2010 жылы жылы 364496 млн теңгені құрады. Оның ішіндегі құрылыс-жөндеу жұмыстарына, мердігерлік жұмыстар көлемі, негізгі құралдарды іске қосу, тұрғын үйлерді іске қосуға, пайдалануға беруге жұмсалған инвестициялар көлемі де екі-үш есеге өскенін көреміз.[11]

     Алдағы уақыттарда да осындай темппен істер атқарылып жатса, маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз.

     

 

2-сурет. Ақтөбе  облысындағы тұрғын үйлерді пайдалануға  беру.

Ескертпе Ақтөбе облысы статистикалық агенттігі деректерінен

 

      Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшылардың бірі болып табылады.

     Қазақстанның индустрияландыру картасына облыстың жалпы сомасы 521, 4 млрд. теңге болатын 17 мыңнан астам жұмыс орындарын ашатын 63 жоба енді. Бұл бағытта облыс кәсіпкерлері үлкен белсенділік танытуда. 2012 жылы облыста жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Мұның нәтижесінде 742 жұмыс орны ашылмақ.

     Индустрияландыру картасының аясында елімізде құны 11 триллион теңге болатын 705 жоба жүзеге асырылады. 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 1,8 трлн. теңге болатын 389 жобаның, соның ішінде Ақтөбе облысында 51 жобаның тұсауы кесілді.

     Ақтөбе облысында іске қосылған 51 жобаның нәтижесінде 4,5 мың тұрақты, 47 мың уақытша жұмыс орындары ашылды. Былтырғы енгізілген жобалар 235 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Негізгі үлес «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен Ақтөбе мыс компаниясының үлесіне тиеді.

     Географиялық орналасуы тұрғысынан Ақтөбе аймағы Еуразия құрлығының Еуразиялық және Азиялық бөлігін халықаралық теміржолдар, әуе және автокөлік дәліздері арқылы байланыстырады.

     Тәуелсіз Қазақстан тарихының ең ірі көлік жобасы болып есептелетін «Батыс      Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 2 787 шақырымы Қазақстанның, 610 шақырымы Ақтөбе облысының үстінен өтеді.

Облыс әкімінің өкімімен 2011 жылы жол бойы кешендерін орналастыру  үшін жерлер белгілеу, құрылыстарды жүргізу  жөніндегі инвестициялық жобаларды  іріктеу секілді жол бойындағы  инфрақұрылымды дамытуға қатысты жұмыстарды реттеуші жұмыс комиссиясы құрылды. Жол бойы сервиісінің «В» санатындағы 12 нысанның, «А» санатындағы бір  нысанның орналасу сызбасы жасалды.

     45 кәсіпкер жол бойы сервис көрсету нысандарын салу үшін жер учаскелерін алды. «А» санатына жатқызылған Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының маңына салынатын «Грин Лэнд» демалыс базасының инженерлік инфрақұрылымы үшін  128,2 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта нысан газдандырылып, қалалық электр жүйесіне қосылды. Қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге Мәртөк ауылында Ресей шекарасынан 33 шақырым жерде «Мәртөк керуен сарайы» көпфункциялы кемпинг құрылысы басталды.

     Халықаралық дәліз Ақтөбе облысы аумағынан «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынбор қаласына қарай)», «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» және «РФ шекарасы (Самараға қарай)-Шымкент» автожолдары бойынша өтеді.

     2006 жылға дейін «Самара-Шымкент» жолының Ақтөбе-Қарабұтақ учаскесі (487шақырым) қайта жөндеуден өткізілді. 2011 жылдың аяғында Ақтөбе облысында халықаралық дәліздің 215 шақырым болатын тұңғыш қазақстандық учаскесі пайдалануға берілді.

     2010 жылы қайта жөнделе бастаған «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынбор қаласына қарай)» автокөлік жолы мен былтыр құрылысы басталған «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» 2013 жылы пайдаланылуға берілмек.

     Ақтөбе облысында өңір экономикасына инвестиция тарту жолында қарқынды жұмыстар жасалып келеді. Қазіргі уақытта «Транспорт технологиясы» ЖШС «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп рельс арқалығы зауыты құрылысы ірі жобасын жүзеге асыруда.

     Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірге жұмыс сапарымен келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминмен бірге Ақтөбенің индустриалды аймағында орналасқан болашақ зауыттың құрылыс алаңын барып көрді. Аталған жобаның қуаттылығы жылына 300 мың тонна өнім шығару (рельстер швеллерлер, арқалықтар, бұрыштамалар және т.б.) болса, жалпы құны 43,6 миллиард теңгені құрайды. Алдағы құрылыс кезеңінде 400 жұмыс орны, пайдалануға берілгеннен кейін 310 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

     Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуынан бастап 2011 жылы өндірістік өнімнің жалпы көлемі Ақтөбе облысы бойынша 8,6 %-ға артып, 1,2 трлн. теңгені құрады. Осыған сәйкес еңбек тиімділігі өңдеу өндірісінде 28%-ға артып, саладағы бір жұмысшыға санағанда 40,2 мың. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 31,4 мың. АҚШ доллары болатын. Облыста шикізаттық емес экономика секторының экспорттық бөлігі 32,7-ден 33,4 %-ға артты. Басты капиталға инвестиция тарту көлемі 4,2%-ға артып, 385,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл облыстың тұрақты және орнықты дамуына қа­тысты көрсеткіші болғандықтан, инвесторлардың қызығушылығын арттыруда.

     Қазақстанның индустрияландыру картасы жобаларының тізбесіне облыс экономикасына маңызды барлық жобалар қосылған. Бүгінгі күні индустрияландыру картасы 631,5 млрд теңгені құрайтын, құрылыс барысында 10,6 мың және іске қосу кезе­ңінде 9,9 мың жұмыс орындарымен қамтитын 68 инвестициялық жобалардан тұрады. 2010-2011 жылдар аралығында индустрияландыру картасы шеңберінде 183,7 млрд. теңгені құрайтын 51 нысан іске қосылып, 4,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

2012 жылы 9,3 млрд. теңге көлемінде  20 инвестициялық жоба жүзеге асатын  болады. Оның ішінде жалпы құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба  индус­трияландыру картасы бойынша  жүзеге асуда. Жалпы, өнеркәсіп  өнімінің құрамынан тау-кен өндірісінің  өнімі 78,8 пайызды, оның ішінде  мұнай және табиғи газдың шығарылуы  56,1 пайызды құрап отыр. Шығарылып  жатқан мұнайдың басым бөлігі, яғни 75 пайызы мұнай өндіруші  компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ-тың үлесіне тиесілі. Бұл  компания облыс экономикасына  маңызды мұнай-газ секторы бойынша жобалардың жүзеге асуына атсалысып келеді.

     Жаңа зауыттар іске қосылғаннан кейін мұнайды өндіру көлемі жылына 10,0 млн. теңгеге, газ­дың көлемі 6,0 млрд. текше метр­ге жетеді. Басты жобаларға мыналар жатады: атап айтқанда, құ­ны 118,0 млрд. теңге, қуат­тылы­ғы жылына 6,0 млрд. текше метр құрайтын Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының іске қосылуы – жоспар бойынша 2006 мен 2013 жылдар аралығы. Жобаның жүзеге асуы Қазақстанның оңтүстік аймағын «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге және жыл сайын бюджетке 1,0 млрд. теңгеге жу­ық төлемдер жасауға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ, құны 9,7 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 500,0 мың тоннаны құрайтын асфальт-битум зауытының іске қосылуы 2013 жылға жоспар­лан­ған. Және бір жоба – құны 22,5 млрд. теңге болатын 80 МВт қалалық жылу электр стансасы 2013 жылы іске қосылады.

     «ТНК «Қазхром» АҚ-тың жылына 440 мың тонна жоғары көмірсутекті феррохром шығара­тын жаңа ферроқорытпа зауыты­ның құрылысын атап өтуіміз қажет. Құрылыстың жалпы құны – 111,0 млрд. теңге, 500 жаңа жұ­мыс орны ашылады. Құры­лыс­тың аяқталуы 2013 жылға жос­парланып отыр. Бұл зауыт ал­дыңғы қатардағы қуат сақтаушы және жоғары өндіруші технологиялармен, әлемдік қауіпсіздік стандарттарымен жабдықталған, жоғары кәсіби мамандармен қам­тылған қазіргі таңдағы заманауи металлургиялық кәсіпорын болады.

     Жылына 7,2 тонна алтын мен 6,0 мың тонна мысты шығаратын алтын құрайтын рудаларды өң­дей­тін кен байыту фабрикасы құ­ры­лысының аяқталуы 2015 жыл­ға жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 200 млн. АҚШ долларын құрады. Онда 1000 жұмыс орны ашылатын болады.

Жылына 1,0 млн. тонна никель-кобальт  рудасын өңдеп, 20 мың тонна ферроникель  шы­ғара­тын никель зауытының құры­лы­сына 42,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылған. 500 жұмыс орны ашылатын жаңа зауыттың іске қосылуы 2015 жылға  жоспарланған.

      «Жиленді» калий тұздары кен­дерінің базасында минералды тыңайтқыштарды өндірудің бас­ты мақсаты – аймақта минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі өңдеу өндірісін құрып, Қазақ­станның химиялық саласын одан әрі дамыту. Зауыттың жылына 4,5 млн. тонна өнім шығару мүмкіндігі болатын бірінші ке­зеңі 2017 жылы жүзеге асатыны, ал қуаттылығы жылына 9,0 млн. тонна құрайтын екінші кезеңі 2019 жылға жоспарлануда. Жо­ба­ның жүзеге асуы 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға және жылына 28,0 млн. АҚШ доллары көлемінде салық төлемдерін жасауға алып келеді деп күтілуде.

     Бұдан басқа, қазіргі кезде «Ақ­төбе» аймақтық индустриялық технопаркі жергілікті бюджет есебінен техникалық-эконо­ми­калық негіздемесін әзірлеп, ин­дус­триялық аймақты толтыру үшін инвестициялық жобаларды сұрыптау үстінде. Осы парк аумағында «ҚазҚұрылысШыны» ЖШС шыны зауытының, ыдыстық шыны шығаратын «Ақтөбе декоративті шыны ыдыс зауы­ты­ның», композиттік материалдардан шығаратын бұйымдар өнді­ретін «БИПЭК» ЖШС зауы­ты­ның, «Глобус Фирмасы» ЖШС үй құрылысы комбинаты мен т.б. өндірістік кәсіпорындардың орналасуы көзделіп отыр.[12]

     Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті Жалпығы ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс және болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.

     Жерасты қазба байлықтарына бай өңірде үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енген жобаларды жүзеге асыру қарқынды жүргізіліп, облыстың экономикасының іл­герілеуіне серпін беруде. Отандық сапалы әрі өтімді өнімдерді өндіру көлемі жыл сайын арта түсуде. Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 триллионнан астам теңгені құрап, 2010 жылға қарағанда 277,0 миллиард теңгеге артық болды. Нақты көлем индексі 108,5 пайызға жетті. Үстіміздегі жылдың бес айындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 531,0 миллиард теңгені құрады.

Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі