Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

дари курстық жұмыс.docx

— 294.29 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні «Оңтүстік» АЭА-да ағымдағы жылғы 28 маусымда салтанатты түрде іске қосылған, екі инвестициялық  жоба іске асырылды:

     Салалық бағытталуы: 1) мақта-мата жіптерінің және иірілген жіптердің барлық түрлерін дайындау; 2) тоқыма өндірісі; 3) әрлеу-бояу өндірісі; 4) дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі; 5) киім өндірісі (трикотаж, арнайы киім және басқалары); 6) кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендердің өндірісі; 7) мақталық целлюлозаны және оның туындыларының өндірісі; 8) мақта шикізатынан жасалған жоғары сапалы қағаз өндірісі; 9) былғары бұйымдарының өндірісі.

     5. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА 2007 жылдың желтоқсанында құрылған. АЭА аумағы 3 475,9 га құрайды. Құрылу мақсаты - Қазақстанның көмірсутекті шикізатын инновациялық технологиялар негізінде терең өңдейтін мұнай-химия өндірістерін дамыту.

Салалық бағытталуы: 1) Қазақстанның көмірсутекті шикізатын инновациялық технологиялар негізінде терең  өңдейтін мұнай-химия өндірістерін дамыту; 2) мұнай-химия өндірістерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы жоғары технологиялық  инфрақұрылымды қалыптастыру.

     6. «Бурабай» АЭА 2008 жылдың қаңтарында құрылды. Құрылу мақсаты - келіп жатқан қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін өтейтін және қанағаттандыра алатын жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру. Салалық бағытталуы: 1) туристік саланы дамыту; 2) туризмнің мәдени-танымдық, сауықтыру, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлерін ұйымдастыру мен дамыту.

     7. Қарағанды қаласының Индустриялық аймағы. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркінің инфрақұрылымы салынып жатыр.

     8. «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы. «Қорғас» ХШЫО құру екі ел азаматтарының, сондай-ақ үшінші ел азаматтарының да іскерлік кездесулері, Қазақстанда, Қытайда және ТМД елдерінде шығарылған өнеркәсіптік өнімдермен танысу, сауда мәмілелерін жасау және бос уақыттарын өткізу үшін визасыз кіру аумағын қалыптастыруды болжайды.[6]

 

1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі

 

     Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан–2030  халыққа  жолдауында  елдің  экономикалық  дамуының  негізі  ретінде,  шет  ел  инвестицияларын  тарту  ұзақ  мерзімді  басымдылықтардың  бірі  деп  баса  айтқан. Елбасымыз “Аймақаралық  ірі көлік орталығы  ретіндегі біздің  бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым  бәтуәгер  режимін орнатуды  талап етеді.  Тек осылайша  ғана  біз қаржы мен білімнің  қажетті ағынын  тартып,  өз  мүмкіндіктерімізді  және  шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта  аламыз,”  -деп айтты.

     Халықаралық Қайта құру және Даму банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Қоры тәрізді ұйымдардың қайтарымсыз және төменпайызды жаңа қомақы көлемде кредиттер ұынуы және Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының толассыз ағылуы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан экономикасына сенім артатындығын көрсетеді.[7]  “Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси жедел жаңару  жолында”  атты  2005  жылы  18  ақпандағы Қазақстан Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында  “Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян ақиқат” .   

     17 жылда – 113 миллиард доллар Инвестиция тарту жағынан біздің еліміз әлемдегі алғашқы үштікке енгені белгілі. Қазір елде шетелдік капиталдың қатысуымен 20 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Шикізаттық емес бөлігінде олардың саны 7000-нан асады. Еліміздің инвестициялық тартымдылығына "Дженерал Электрик", "Арселор Миттал", "Метро", "Шеврон" сияқты алпауыттардың ұзақ жылғы жемісті жұмысы дәлел бола алады. Инвестиция – экономикаға қан жүгіртетін, жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы, маркетинг пен менеджменттің заманауи тәсілдерін әкелетін күрделі механизм.

     Ендігі кезде елдің шикізаттық емес өндірісін дамыту қажеттігі өткір мәселеге айналды.

     Осы орайда мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметіне жүгінсек, 1993 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың наурызына дейінгі аралықта еліміздің экономикасына 113 млрд доллар тартылған.

     Биылғы жылы экономиканың шикізаттық емес бөлігіне құйылған қаржы 1,25 млрд долларды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Негізгі инвестор-елдер Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Виргин аралдары, Франция және Италия. Сондай-ақ алғашқы ондықта Ресей, Оңтүстік Корея, Канада және Қытай да көрінеді. Соңғы жылдары Таяу және Қиыр Шығыс елдері тарапынан қызығушылық бар.

     Бұрын Еуропа мен АҚШ-қа ақша салуға үйренген бақуатты араб елдері, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер біздің жаққа мойын бұра бастады. Ел экономикасының қолтығынан демейтін инвестиция көлемінің өсуі мемлекеттің жүргізген саясатына байланысты екенін кез келген сарапшы мойындайды.

     Айта кету керек, түрлі инвестицияның ішінде үкімет тікелей инвестицияға көбірек мән береді. Себебі тікелей инвестиция кәсіпорынның активтеріне тікелей жетеді. Олар әлемдік ең жаңа технологияларды тартуды, басқару мен маркетингтің озық тәсілдерін енгізуге септігін тигізеді.

     Президент жарлығында  «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.

     Шетел инвестицияларын қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

     Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларынын, неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.

    Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

      Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мумкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.

     Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесін бердім.

     Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын әрі ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек. Бұл бәйгеде біздің артта қалуға хақымыз жоқ.

     Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп тузетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің ең алдымен — ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажетгігін көрсетіп отыр.

     Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру саласының, сондай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлықтай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бүл — өз құрылымдық саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл  және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия  мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды  қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.

      Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің қүлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.

      Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.

     2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді»-деп баяндады.[8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы

 

     Қазіргі таңда жергілікті жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше жақсартуды қажетсінеді. Сол себепті бұл мәселеге әрбір өңір басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлініп, істер атқарылуы тиіс.

     Ақтөбе облысының мұнайлы өңірі саналатын Темір және Мұғалжар аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда инвестицияның рөлі жоғары екендігін Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осы аудандарға 2012 жылдың тамыз айында жасалған сапары барысында нақты көрді. Облыс басшысымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов жергілікті жердегі іс барысымен танысты.

     Сапар Темір ауданынан басталды. Аудан әкімі Бауыржан Қаниев аймақ басшысының өткен сапары кезінде берілген тапсырмалардың орындалуы барысын мәлімдеді. Негізінен Кеңқияқ кентіндегі құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан Сазды-2 шағын ауданын газға қосу жайы айтылды. Қазіргі уақытта газ бөлу станциясы салынып, құбыр желісін жүргізу жүзеге асырылуда. Шұбарши көшелерінде жаңадан жолдар салынып бітті.

     Облыс басшысының жаз айындағы сапары кезінде жергілікті тұрғындар ауылдарда мектеп үйлерінің көнергенін, осы мәселеге көмектесуін сұраған еді. Санаулы мерзім ішінде Кеңқияқ кентінде 600 орындық мектеп үйін салу мәселесі шешілді. Қазір білім ордасының орны белгіленіп, құрылыстың басталатындығын білдіретін салтанатты сәт жүзеге асты.

     Кеңқияқта 2012 жылдан бастап ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған биылға 116 миллион теңге бөлінген, өткен жылы 50 миллион теңге игерілді.

Таяу уақытта ғана бұл  өңірде бірнеше әлеуметтік маңызы бар  құрылыстар салынатындығын байқап отырсыздар,—  деді Архимед Бегежанұлы,— сондықтан  да ол жерлерге жергілікті адамдарды жұмысқа тарту керек,-деп бұл мәселені жергілікті әкімдерге міндеттеді.

     Кеңқияқ тұрғындары жаңа мектеп қажет екендігі байқалған. Себебі, 1975 салынған ескі мектеп 464 орынға лайықталған болса, онда қазіргі уақытта екі ауысымда 1171 оқушы білім алады. Сондай-ақ мектепке дейінгі және мектеп алды дайындық топтары да осында ұйымдастырылған. Оған 799 бала қатысады.

     Өндірістің дамуымен байланысты бұл өңірде демографиялық өсу байқалады,— дейді Шұбарши кентінің әкімі Роза Сатанова,— сыртқа көшіп кетіп жатқан, босап қалған үйлер бізде жоқ деп айта аламыз. Салыстырмалы түрде алғанда, үй бағасы да арзан емес.

Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі