Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

дари курстық жұмыс.docx

— 294.29 Кб (Скачать документ)

     Негізгі капиталға 385,9 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның ішінде тікелей шетел инвестициясы 32,6 миллиард теңге құрады.

Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 631,5 миллиард теңге болатын 68 инвестициялық жобасы енгізілген. Бұл жобалардың құрылыстарын жүргізу кезінде 10,6 мың жұмысшы  еңбекке тартылып, іске қосыл­ғанда 9,9 мың жаңа жұмыс орындары ашылады.

     2010 жылы индустрияландыру картасына енген жалпы сомасы 109,8 миллиард теңгенің 24 жобасы іске қосылып, 2,4 мың адам еңбекке орналасса, өткен жылы жалпы сомасы 74,0 миллиард теңге болатын 27 жаңа кәсіпорын пайда­лануға берілді, 2,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған 17 жоба 2012-2014 жылдары іске қосылмақ. Биыл жалпы сомасы 3,6 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асырып, 340 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген-ді. Алайда, қолда бар мүмкіндіктер мен Қазақстан индустрияландыру картасына ену бел­сенділігіне қарай инвес­тициялық жоба­лар­дың саны іс жүзінде екі есе көбейді. Өңір­лерде өткізіліп жүрген индустрияландыру күні кеше облыста заңды жалғасын тапты. «Қоныс» спорт сарайында он бірінші рет өткізілген «Еуропа-Азия» шекарасыз ын­тымақ­тастық» Қазақ­стан-Ресей өнеркәсіптік көрмесіне екі елдің 150-ге жуық кәсіп­орындары өз өнімдерін ұсын­ып, таныс­тырды, өзара іскерлік байланыстар орнатты. Олар тамақ, жеңіл, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі саласының өнім­дерін, қондырғылар мен арнаулы техникаларды, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарын және басқа заттар мен бұйымдар әкеліпті. Үш күнге созылған өнеркәсіп көрмесі аясында түрлі шаралар өткізілді. Ақтөбе облысымен Ресейдің Орынбор облысының арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы екі жақты келісімшартта да іскерлік байланыстарды нығайтудың жолдары қарасты­рылды. Облыста өткізілген индустрияландыру күні жаңадан ашылған және жақында ашылуға тиіс кәсіпорындар-«Ақтөбенан комбинаты» ЖШС-ның Хромтау қаласындағы макарон фабрика­сының, «БолатЛТД» ЖШС-ның «КОЛАКС-3002» сүт цехы­ның, «СКРП» Аманат» ЖШС-ның химиялық реагент шыға­ратын өндірісінің, «Ақ-теп» ЖШС-ның мал шаруашылығы кеше­нінің өндірістік мүмкіндіктері таныстырылды.

       2010 жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 15 пайызға артып, 111,2 миллиард теңгені құрады.

     «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 65 шаруашылыққа 381,1 миллион теңге несие беріліп, 2 570 ірі қара сатып алынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табуда. Үстіміздегі жылдың төрт айында 33 шаруашылыққа 242,9 миллион теңге несие беріліп, олар 1 422 ірі қара сатып алды. 2010-2011 жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында он екі инвестициялық жоба жүзеге асырылды, көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды. Солардың ішінде «Айс» ЖШС-ның 1100 сиыр ұстауға мүмкіндік беретін тауарлы – сүт фермасы, Бестамақтағы шошқа етін өндіретін кешенді бөле-жара атап өтуге болады. Бұлар ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өзіндік үлес қосуға бағыт ұстауда.

     Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 4 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жобасы кіреді. Олардың қатарында «Ақтө­бежилкомплект» ЖШС Ақтөбе қаласының маңындағы Жаңақоныс поселкесінде ет өнімдерін өңдеу цехын пайдалануға берді. 70 түрлі ет өнімдерін шығаратын цехтың жылдық қуаты 100 тонна ет өнімдерін өңдей алады. Жобаның жалпы құны 65,0 миллион теңге тұрады. 10 жұмыс орны ашылды. Іске қосылған «АқТеп» ЖШС-ның 3000 ірі қара бордақылайтын алаңы және 4,5 мың бас ірі қаралық репродукторы бар мал шаруашылығы кешенінде қазірдің өзінде 1700 ірі қара семіртілуде. Жобалық қуаты жылына 675 тонна ірі қара етін өндіреді. Қазір Канададан асыл тұқымды қашарлар әкелуге келісім жасалды. Жылына 810 тонна сүт және қаймақ өндіретін «БолатЛТД»-ның өндірісіне қондырғыларды құрастыру жүргізілуде. Жоба серіктестіктің және екінші деңгейлі банктің несиесіне жүзеге асырылуда. «СоюзАвтотрейд» ЖШС 1000 тонналық көкөніс сақтау-тоңазытқыш құры­лысын бастады. Үстіміздегі жылдың екінші жартысында іске қосу көзделуде. Қазіргі уақытта облысты өз көкөнісімен қамтамасыз етудің шаралары алынуда. Ақтөбе қаласының азық-түлік белдеуін жасау аясында үстіміздегі жылдың маусым айында жылына 500 тонна көкөніс беретін жалпы аумағы 2 гектар 50 шағын жылыжай іске қосылды. Жобаның құны 279,1 миллион теңге тұрады, 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Үстіміздегі жылы «Ақтөбе­Жылжай» ЖШС қуаты жылына 2 мың тонна көкөніс өсіретін 5 гектар жылыжай салып, пайдалануға беруді қолға алды. Жылыжай құрылысына «НУХҚазАгро» АҚ-тың 1600 миллион теңге қаржысы тартылады. «Керемет» ЖШС қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін5 гектар жылыжайды пайдалануға береді. Осылай жыл аяғына дейін жылыжайлар алаңының көлемі 17,7 гектарға жететін болады. Сөйтіп жылына 4,5 мың тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік туады. Бұл облыс халқының көкөніске деген сұранысын 49,6 пайызға қамтамасыз етеді деп күтілуде. Болашақта қуаты 6,0 мың тона көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін тағы 15 гектар жылыжай салу көзделуде.[13]

 

2.3 .Жергілікті жердің  инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

 

     Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының маңызды бөлігі жаңа өңірлік муниципалдық саясат болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және жергілікті жердегі халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

     Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар, яғни агломерациялардың (Астана мен Алматы қалалары) және елдің батысындағы (Атырау, Маңғыстау облыстары) экономикалық өсудің шикізат орталықтарының үдемелі өсуінен айқын көрінеді. 2009 жылы он алты өңірдің төртеуі (республикалық маңызы бар қалалар Алматы, Астана және Атырау және Қарағанды облыстары) елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын (47,2%) қамтамасыз етті. Дәл осы өңірлерде негізгі инвестициялар мен экономиканың басқа да ресурстары шоғырланған.

      Басқа жағынан  алғанда, жоспарлы экономикадағы  қалыптасқан орталықтардың (мысалы, моно-қалалар, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ) ыдырауы  депрессивті аумақтардың пайда  болуына алып келді және қоғамда  қиын әлеуметтік үдерістерді  (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы,  жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.

      Алайда, елдің  аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп  жатқан үдерістерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе жергілікті жерлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрыңғы тәсілдер сақталуда. Мәселен, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау, практикасы жалғасуда.

      Мемлекет  ресурстарын өңірлердегі іс жүзінде  қажетті және перспективалы жобаларға  шоғырландыру қажет. Бұл түпкі  нәтижесінде бюджет шығыстарының  жоғары тиімділігіне әкеледі.

      Осы орайда  жергілікті жерлерді тиімді дамыту, қаржыландыру мақсатында елімізде  Қазақстан Республикасында инвестицияларды  тарту, арнайы экономикалық аймақтарды  дамыту және экспортты ынталандыру  жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған  бағдарлама іске асуда.[14]

      Бағдарламаның  бағыттары қабылданған мемлекеттік  және салалық бағдарламаларда  белгіленген негізгі басымдықтарға  тікелей байланысты. Бағдарламаның  іс-шаралары мен жобалары жаңа  жұмыс орындарын құру арқылы  жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға,  экономиканың барлық салаларына  қазіргі заманғы инновациялық  технологияларды енгізуге бағытталған.  Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде жергілікті жерлерде әлеуметтік-рекреациялық сала объектілерін, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт, саябақ аймақтарын және басқаларды салу және қайта жаңғырту бойынша жобалар қарастырылады.

      Бағдарламада  жергілікті жерлерді дамытуды іске асыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1-бағыт. Тікелей шетелдік  инвестицияларды тарту:

- ТШИ тарту үшін жағдай жасау;

- Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжыту;

-  шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау;

2-бағыт. АЭА мен ИА  дамыту және құру:

АЭА мен ИА инвестициялық  тартымдылығын арттыру;

1-бағыт. Тікелей шетелдік  инвестицияларды тарту

ТШИ тарту үшін жағдай жасау.

      Инвестициялық  ресурстар үшін өткір бәсекелі  күрес жағдайында Қазақстанда  инвестициялар үшін бәсекелес  - көрші елдерге қарағанда анағұрлым  тартымды болатын инвестициялық  ахуал жасалуы тиіс.

      Осы Бағдарламаның  шеңберінде бизнес ахуалды жетілдіру  жөніндегі Үкімет өткізетін шаралардың  тиімділігін бағалау бойынша  іс-шаралар көзделетін болады. Атап  айтқанда, тұрақты негізде қажет  болған жағдайда жедел шаралар  қабылдау үшін бәсекелес елдерде  инвестициялар үшін жағдайдың  салыстырмалы мониторингі жүргізілетін  болады.

      Бұдан өзге, тікелей инвестициялардың түсімдері  бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуді Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жарты жылда бір рет берілетін ақпаратты қамтамасыз ету қажет. Тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдері бойынша индикаторлар ТШИ тарту саласындағы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, орталық атқарушы органдардың және ұлттық компаниялардың (бақыланатын салалар аясында), жергілікті атқарушы органдардың жұмысына объективті бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

      Атап айтқанда, отандық және шетелдік тікелей  инвестициялардың көлемі 2014 жылға  қарай 2009 жылдың көрсеткішіне  қарағанда кем дегенде 15%-ға  өсуі тиіс. Аталған көрсеткішке  қол жеткізу үшін 2011 – 2014 жылдары  инвестициялардың жыл сайынғы  өсу қарқыны кемінде 4% деңгейде  ұстануы тиіс.

      Қызметін  экономикалық қызметтің басым  түрлерінде жүзеге асыратын инвесторлар  үшін базалық ынталандыру пакеті.

      Ынталандырудың  осы түрі Қазақстанның, оның ішінде  шетелдің қатысуымен, өз режимі  қолданылатын арнайы экономикалық  аймақтарды қоспағанда, Қазақстан  аумағында инвестициялық қызметті  жүзеге асыратын барлық резиденттері  үшін қолданылатын болады.

      Қазіргі  уақытта базалық ынталандыру  пакеті инвесторларға арналған  мынадай кепілдіктер мен преференцияларды  қамтиды:

      1) Кеден  одағының және Қазақстан Республикасының  кедендік заңнамасына сәйкес  кедендік баж салықтарын төлеуден  босату;

      2) «Инвестициялар  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес мемлекеттік заттай  гранттар;

      3) Салық  кодексіне сәйкес салық преференциялары.

      Сонымен  бірге, бұдан әрі инвестицияларды  ынталандыру, заңнаманың тұрақтылығы  мәселелері, сондай-ақ барынша маңызды  инвестициялық жобалар үшін қосымша  шаралар (Арнайы режим) бойынша  әлемдік тәжірибені зерделеу  көзделуде.

      Әдетте, ғылыми  және технологиялық жобалар шикізатты  өндіру жобаларымен салыстырғанда  көп инвестициялық қатерлер әкеледі.  Тиісінше, осындай жобаларға инвесторлар  тарту үшін барынша қолайлы  жағдайлар жасау және инвестициялық  қатерлерді төмендету қажет.

      Осылайша, арнайы салықтық жеңілдіктер  арқылы стратегиялық жобалар  үшін өндірістердің Қазақстан  үшін жаңа түрлерін құратын  және/немесе кеңейтетін және кейінмен  жоғары қайта бөлулер үшін  технологиялық мүмкіндіктер ашатын  жобаларға салынатын инвестицияларды  ынталандыру қажет.

      Инвестициялық  стратегиялық жобалар «Инвестициялар  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес белгіленген қызметтің  басым түрлеріне сәйкес келуі  және сонымен бір мезгілде  өлшемдердің біріне сәйкес келуі  қажет:

      1) инвестициялардың  көлемі 5 миллион АЕК-тан (51 млн.  АҚШ долларына жуық) астам болуы  қажет;

      2) «Индустриялық-инновациялық  дамуды мемлекеттік қолдау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес белгіленген жоғары технологиялық  өнімдер тізбесіне сәйкес болу  тиіс.

      Инвестициялық  жобаны стратегиялық жобаға жатқызу  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  шешімімен айқындалатын болады  және инвестордың кепілдік тапсырысын, өнеркәсіптік жеңілдіктерді және  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес салықтар бойынша преференциялар  алуын көздейді.

      Кепілдікті  тапсырыспен қамтамасыз ету өнімнің  өндірісіне болжанатын өткізу  нарығына кепілдік беру жолымен  инвесторларға инвестициялық қатерлерді  төмендету үшін қажет.

      Индустрия  және жаңа технологиялар министрлігі  мемлекеттік органдармен, ұлттық  компаниялармен және ұлттық холдингтермен  кепілдік тапсырысын орналастыру  мүмкіндігі мәселесін қарастыратын  болады.

      Әлеуметтік-экономикалық  даму деңгейі төмен өңірлердегі  стратегиялық инвесторлар үшін  көрсетілген жеңілдіктерден басқа  өнеркәсіптік жеңілдіктерді беру  мүмкіндігі қарастырылатын болады. Қазақстанның 44% жуық халқы ауылдық  жерде өмір сүреді. Ауылдық жерде  жұмыспен қамту және жастардың  қалаларға ағылуы мәселесі ерекше  өткір мәселе екені белгілі.

      Экономиканың  шикізаттық емес секторына инвестициялар  тартуды өрістету мақсатында  әрбір әлеуетті ірі инвестормен  жеке келіссөздер жүргізілетін  болады.

      Тікелей  шетелдік инвестициялар тарту  бойынша жеке тәсілді іске  асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді  қамтиды:

      1) мақсатты  әлеуетті инвесторларды, ең алдымен  ТҰК арасынан іздестіру және  айқындау;

Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі